Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан Республикасында терроизм және экстрем...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
10.09.2019
Размер:
146.43 Кб
Скачать

§ 2 Орта Азия аумағындағы діни экстремизм ерекшеліктері. Оның ішкі және сыртқы таралу факторлары.

Діни экстремизм жаңа заманда жалпы экстремизмнің эволюциясы болып келеді. Діни экстремизм осыған орай тарихи ислам прецеденттерін ішкі қайшылықтарды пайдаланумен қатар іске асады. Исламдық факторға көңіл аудара отырып, біз исламның, әлемдегі барлық діндер сияқты, мейірімді және бейбіт дін екенін ұмытпауымыз керек. Саяси экстремизм бұл жағдайда діни құндылықтары мен нормаларды бұзған деп халық алдында ұсынылған билік күштерге ғана өрескелдік көрсетуге батылы жетеді. Аталған жағдайда билік күштерінің тұрақсыздандыру құралы оетінде дінді пайдалану саяси экстремизмнің мінезіне ғана қарасты. Оған қоса заман талабына сай тұрақтанған зайырлы құндылықтар діни құндылықтарға қарағанды әлдеқайда төмен және оған бәсекелестік тудыра алмайды. Қазіргі таңда ислам көбінесе нақты саяси мақсаттарға жетудегі әдіс-тәсілі ретінде қолданылады: жеке алған этникалық топтардың сепаратистік әрекеттерінің бел алуынан бастап антижүйелік көңілдерді өршітуге дейін апарады. Ондағы қорытынды мақсат – билікке жаңа саяси күштің келуі.

Жоғарыда айтылғандай жүйенің дағдарысы кезінде дәстүрлі идентификация модульдеріне бет бұру тенденциясы басталады. Сөйтіп эволюция белгілерінің бар болуы діннің алғашқы түйінін жоя алмайтындығын көрсете аламыз. Бәрімізге белгілі ислам дінінің пайғамбары – Мұһаммед Мединада интеграцияның алғашқы қағидаларын ұсынды. Бұл арқылы ол мұсылман қауымының тұрақтылық негіздерін орнатты. Ал ондағы әлеуметтік қатынастардың алғашқы түйіні ретінде исламды көрсетті. Алғашқы дінтану дәрістердер ауытқу халықтың көп бөлігін келешекте үміті жоқ дағдайдың қалыптасуына әкеліп соқтырады. Осылайша «дәни жандандыру» үшін қозғалыстарды туындырады. Істің мәні ислам идеологиясында емес – шығыс қоғамының ерекшеліктері мен спецификасында.

Мәселенің қазіргі таңда даму деңгейі – жаһандану процесі әлеуметтік қатынастар жүйесінің одан әрі терең бұзылуына әкелді. Мұндағы терроризм жаһандану процесінің маңызды бөлігі болып табылады. Ол ұлттық шекараларды, тауарлардың еркін қозғалысы үшін ашуға бағытталған ланкестік ұйымдардың желісін құрады. Көбінесе бұл тауарлар болып есірткі заттары табылады. әлем дік тәжірибенің қорытындыларына көз салатын болсақ, көптеген қақтығыстардың негізінде экономикалық мәселелер жатыр.

Көптеген зерттеушілер, әсіресе американдық, ислам факторына қатысты әлсіз жағымен әржацым оған қатысты драмалардың орын алуы исламдағы рухани және зайырлы бастамалардыі арақатынасы болып табылады деген теорияға бет бұрады. әлбетте бұл екі бастаманың арасындағы ұатынас жалпы тұрғыдан маңызды түсініспеушілікті болдырмауы тиіс. Мәселе исламды әр кім әр қалай түсунуінде және оны талқылауында. Классикалық мысалға көңіл аударатын болсақ, бұл мәселеге байланысты дәлел ретінде исламның Осман империясындағы әрекет етуі мен жаңа замандағы орын алған кейінгі эволюциясы немесе, Сауд Аравиясындағы исламның рөлі.

Бұл тенденцияның ең маңызды деген сәті болып саяси процестердегі руханияттың рөлі табылады. Яғни оның мемлекеттің саяси құрылымына өтуі немесе өтпеуі, сонымен қатар қандай да бір саяси құқықтыұқ мектептің басшылық алуы. Ең қызығы, тарихтың өзі көрсетіп отырғандай, өзіне рухани және иоральдық функцияларды ала отыра, руханияттың саяси бөлігі билік жүйесіне өткен сайын мемлекет мақсаттарын қолдап оны уағыздаушы болып келеді, және бұл жағдайда Шариат нормаларының бар болуы аса маңызды емес. Оған мысал ретінде Мысырдағы жағдайды алуға болады. Ондағы руханият елуінші жылдары «Мұсылмпн бауырлар» қозғалысының экстремистік қанаты, оның ішінде мынадай саяси ағымдар: «әл-Джиһад», «ат-Такфир уа-әл хиджра» және анағұрлым сабырлы «Хизб-ут-тах-рир»-ды ресми сынға алды.

Осыған байланысты Мысырдың Ұлы муфтиі Фарадждың «Ұмытылған қарыз» («әл-Джихад» ағымының идеологы) атты кітабі жөнінде былай деп айтты: «Бұл кітап хариджит бағытына тиесілі иретикалық болып табылады». «Такфир» оған сенімсіздік айыпталды деген айналасындағы даулар жқнінде ол былай деп талқылады: «Адам үлкен күнә жасағанымен де, оның құқықсені мділігі мызғымас болып қала береді.». Исламдағы басты шарт болып – Аллаһтың ьарына сенім болып табылады. Мұндай пікірді «Мұсылман бауырлар» партиясының теоретигі Мұхаммад әл Газали де берді. Ол да «ат-Такфир уа-әл хиджра»-ны хариджизм деп есептеді.

Әлбетте біз, исламның әсері әр мемлекетте өзінің аумақтық ерекшеліктеріне байланысты мінезі жағынан әртүрлі болатынын ұмытпауымыз қажет. Өткен ғасырдың 50-80 жылдары Мысырда антижүйелік экстремизмнің орын алуы жөнінде айтуға болады. «Мұсылман бауырлар» қозғалысының идеялық баспалдағы «шумулийя», яғни толықтылық қағидасына негізделген. Ол бойынша ислам жүйесі өзіне тек дінді ғана емес, оған қоса әлеуметтік жүріс-тұрыс нормаларын, ішкі және сырьықы саясатты жүргізу қағидаларын кіргізді. Елуінші жылдардан кейін «Бауырмашылық» радикалды қанаты «Еркін офицерлер» патриоттық ұйымымен күресу жолында, ал кейін «Кэмп-Дэвид» келісіміне қарсы бағытта билік басындағы режимге қатысты антижүйелік бағыт ретінде қалыптасты.

Туркиядағы исламның ерекшеліктері туралы сөз қоззғайтын болсақ, оның елдегі саяси жағдайына маңызды әсер ететін күшті элементтерін атап өту жөн. Мысалы, суфийлік фактордаң үлкен саясатқа өте алмайтындығымен бөлек жеке радикалды элементтердің, ланцизм саясатына қарсылығы. Ресей зерттеушісі Г.И. Старченконың байқауынша, исламистер мен лацизм жақтаушылары арасындағы күрес, жаңа аспектілерге ие бола тұра, зайырлы Түркияның саяси өміріндегі ажырамас бөлігі болып табылады.11

Әйгілі түріктанушы К. Карпаттың қызықты ойын мысал ретінде алайық. Ол Түркияныі саяси өміріндегі ұдайы тапшылықтары жөнінде тезисіндегі мемлекет тұрақсыздығын ұлттық мәдениет пен идеологиялық ұстанымдарға сәйкес емес заңдары мен сырттан келетін конституциялық жедел трансформациясының қорытындысы ретінде бағалайды.12

Суфийлік фактордың мықты әсерімен ұсынылған қоғамның гетерогендігі мен тегінің бір болмауының атап өткен жөн. Бұл жағдай сонау Түрік республикасының жаңадан қалыптасқан кезеңінде пайда болған, яғни жас Түрік республикасында завийе және текке діни қоныстаушылары бірден жабылды, шейх, дервиш, мюрид және тағы басқа діни атақтар алынып тасталды.13 Бірақ бұндай тез және радикалды шаралары кей жағдайда кері әсерін тигізді, мысалы, 1967 жылғы Сүлеймен Хильми Тухиаха негізін қалаған саидчылар мен сулейменчилер секталарының өркендеуіне әкеліп соқтырды. Ал олар өз кезегінде өзара бәсекелестер болды.14 Түркияда көптеген ресми және биресми түрлы мағынадағы партиялар мен қозғалыстар әрекет етеді: «Ұлы ислам майданы», «Благоденствие» ислам партиясы, «Ислам тәртібінің ошағы», («Ұлы бірлік» партиясының қоластында), «Рефах» партиясы («Благоденствие»), «Сұр қасқырлар», «Орта шығыс Түркі Одағы» партиялары. Ф. Бадерхап есебі бойынша Түркиядағы суфийлік ордендегі электораты шамамен бес миллион адам.

Жаңа заман Түркиядағы жағдайды сараптау барысында 3 бірдей мықты тенденцияға, яғни дамудың 3 кезеңіне көңіл бөлейік: Осман, ерте республикалық және соғыстан кейінгі. Бүгінгі күні Түркияда бір уақытта өздерінің қоғамдағы исламның рөліне қарама_қайша баға беруімен осы үш кезең орын алады.15

Ливияда 1969 жылғы революциядан кейін мемлекеттің қоғамдық және саяси климатын демократизациялауда ливиялық билік басындағылар ортоддоксальды исламның мемлекеттік- құқықтық доктринадан кері бетбұру арқылы мемлекеттік құрылым мен қоғамдық құрылыстың кейбір мәселелері бойынша жоспар жолдамаларын құрды. Жаңа заманға джамихирийлік жүйені қалыптастыруда ливиялық басшылыө мәні жағынан хараджиттердің позицияларына жақындаса түсті. Ал олар, өз кезегінде, бөлек жағдайда халифаттың, оның «қажеттігі» тезисіне қарағанда, «болу мүмкіндігі» жөнінде айтады. Ұлттық сана-сезімнің қалыптаасу процесі бұл мемлекетте ислам дінінің тектік-таптық құндылықтары негізінде жүзеге асырылады.

Ауғанстанда этникалық факторларддан басқа ішкі конфессианалдық қақтығыстар маңызды рөл атқарады. Солтүстік Альянс, негізінен, ортодоксальді емес бағытпен ұсынылған болып талибтер жүзінде оппозицияны таниды, ал талибтер консерваторлық классикалық жүйені ұстануды шақыруға бағытталған.

Ресей шығыстанушысы Л.Р. Полонская Үнді және Ауған мұсылмандары арасында тікелей байланысты қарастырады. Яғни оның айтуынша, Ауған мұсылмандарына XVIII ғасырдағы Солтүстік Үндістандағы Сеид Ахмед Барлеви қолбасшылығымен вахаббиттік қозғалыстың жандануы үлкен әсерін тигізді.

Сауд Аравиясындағы ислам радикализмі, негізінен, проамерикандық ориентацияның жоғарғы басшылар топтарында орын алуы. әсіресе мұсылман қауымының қарсылығы бұл жартыаралдағы американдық әскерлердің орналасуында болып табылады. Соған сәйкес 1994 жылы антибатыстық маргиналды топтың көшбасшылары шейх Сальман әл Ауда мен Сафар әл Хавали тұтқынға алнған болатын. Таяу шығыстық тапшылық бойынша ең қолайлы саясат пен мемлекет ішіндегі қақтығыстар дамыған ханбалиттік саяси-құқықтық жүйесімен реттеледі. Исламның жан-жақты талқылауымен көрініс табуына қарамастан, заңды болып әсер етуші екі ағым ғана бар: сыртқы және ішкі. Екеуінің әсері саяси бағыттарда ішкі және сыртқы күштердің қатысуымен исламды радикализациялау және бұл факторды пайдалану болып табылады.

Мұсылман қауымында исламның позициясы өте күшті болуына байланысты ішкі фактор ретінде, руханияттың саяси бөлігінің позициясы; қоғамды деорталықтандыру және корпоративизациялау элементі бар суфизм және халықты біріктіру мен билікті орталықтандыруды жалпы және ыңғайлы нысан саясатты қалыптастыруды жақтаушылар, яғни исламды оның классикалық тұрғыдағы нысанға қайта келтіруді қолдаушылар арасындағы қарама-қайшылықтар. Оны көптеген тарихи фактілер дәлелдейді. Осыдан біз, ішкі конфессионалдық тапшылықтың негізінде интеграция қағидалар мен нысандары арасындағы қақтығыстар және оның түбінде өз саяси билігін жүзеге асыру жатыр. Мемлекетке қарсы шығуда да, және оған бағынуда да екі нысан да ерекше және ыңғайлы болып табылады.

Сыртқы фактор болып, ең алдымен, экономикалық жағынан әртүрлі деңгейдегі мемлекеттер арасындағы қрама-қайшылықтар табылады. Солай бола тұра ислам сыртқы агрессияға қарсы тұрудағы консолидациясы түрткісі бар механизмі ретінде ыңғайлы. Дегенмен қай түрінде көрінсе де ислам өзінше ерекше. Өзінің спецификасы жағынан әрбір қалыптасқан жағдай бір-бірінен ерекшеленеді және осы әрбір жағдайында мұқият исламтанушылық зерттеулерді талап етеді.

Қазіргі таңда исламдық факторды кейбір батыс щеңберіндегі тұлғаларымен айыпталуы бізге олардың мәселенің толық қамын білмейтінін және оған қате баға беретінін көрсетеді. Себебі, олар тек мәселенің үстіңгі және сыртьқы көріністері негізінде және терроризмнің көріністеріне қате сараптама жасау негізінде қорытынды жасайды. Бұл нысанның ерекшелігі мынада болып табылады: осы ланкестік әрекеттерді жүзеге асырушылар одан геосаяси және геоэкономикалық пайданы табады. Бірақ көлеңкеде қалып, ешқандай соттық қарауына тиесілі болмайды. Белгілі-бір тұлғалар мен тараптарың кінәсі жөнінде дәлелдері жоқ болады.

1 Белашева И. «Лишний закон»// «Время новостей»//2002.-№99.-С.3.

2Койчукулов М. «Факторы религиозного экстремизма»// «Казахстан-10.Спектр»2002-№4-С.10.

3 Имомов А. Непрерывный диалог – важнейший способ решения проблемы экстремизма. // Сборник материалов международной конференции: «Религиозный экстремизм в Центральной Азии»// Душанбе, «Деваштич»-2002-С.170

4 Е. Тукумов. «Экстремизм: природа, содержание, причины»// «Мысль», 2003-№10. С.22

5 Зорин В., Паин Э. «По ту сторону свободы»// «Независимая газета», - 12.02.2003

6 Ольшанский Д. «Психология террора, Екатеринбург»// «Деловая книга», М., Академический проект, ОППЛ,-2002-С.225

7 Авдеев Ю.Я. «Терроризм как социально-политическое явление». «Современный терроризм: состояние иперспективы» под ред. Е.И. Степанова//М., Эдиториал УРСС-2000-С.40-41

8 Мирский Г. «Экстремизм, терроризм и внутренние конфликты в «третьем мире».// «Мировая экономика и международные отношения». 1988-№8-С. 68

9 Ольшанский Д. «Психология террора, Екатеринбург»// «Деловая книга», М., Академический проект, ОППЛ,-2002-С.215-216

10 Петрищев В.Е. «Заметки о терроризме»// М., Эдиториал УРСС-2001-С.11

11 Старченко Г.И. «Турция: исламский фактор в светском государстве»// «Народы Азии и Африки». М.-№2-1988-С.25.

12 Turkey Isudosteuropa-Hanbuch. B.d.4.1. HRSg/von Klaus Detlev Crothusen Cottingen, -1985.57 б.

13 Степанянц М.Т. «Историческая судьба суффизма»// Вопросы философии. М.,-№6-1980.11б.

14 К вопросу о светском характере Турецкой Республики и активизации в ней исламского фундаментализма// Очерки политического и социально-экономического развития стран Востока. Киев, -1998.-106 б.

15 Turkey Isudosteuropa-Hanbuch. B.d.4.1. HRSg/von Klaus Detlev Crothusen Cottingen, -1985.59 б.

11