Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хк.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
15.07.2019
Размер:
33.85 Кб
Скачать

Қайнар көздер

Халықаралық теңiз құқығын кодификациялау тұңғыш рет 1958 ж. ғана Женевада аумақтық теңiз және жапсарлас аймақ туралы; ашық теңiз туралы; континенттiк шельф туралы; балықшылық және теңiздердегi тірі ресурстарды қорғау туралы төрт конвенция мақұлданған БҰҰ теңiз құқығы бойынша конференциясында iске асырылды. Бұл конвенциялардың қатысушы мемлекеттер үшiн бүгін де күшi бар. Халықаралық құқықтың көпшілікке танылған нормаларын ресми мәлімдейтін бұл конвенциялар ережелерін басқа мемлекеттер құрметтеуге тиiстi.

1958 ж. Теңiз құқығы бойынша Женева конвенцияларының қабылдануынан кейін 60 жж. басында тәуелсiз дамушы мемлекеттер үлкен санының пайда болуы сияқты тарихи дамудың жаңа факторлары осы мемлекеттер мүдделеріне сәйкес келетiн жаңа теңiз құқығын талап еттi. Бұл өзгерiстер аумақтық теңiздiң 12-милдiк шегiн жалпыға танылған етiп орнатқан 1982 ж. БҰҰ теңiз құқығы бойынша конвенциясынан көрініс тапты. Бұған дейін аумақтық теңiз шегi 3-тен 12 мильге дейінгі аралықта бекiтiлген болатын. Жаңа конвенция теңiз жағалауы жоқ мемлекеттердің жиекке шыға алатын мемлекеттермен қатар 200 миль көлемiндегі экономикалық аймақты пайдалану құқығын бекiттi.

Көрcетiлген конвенциялардан басқа, халықаралық теңiз құқығы мәселелері көрініс тапқан:

  • 1960 ж. теңiзде адам өмiрiн қорғау бойынша конвенциялар;

  • 1972 ж. теңiздегі кемелердің соқтығысуын ескерту бойынша халықаралық ережелер туралы конвенциялар;

  • 1954 ж. теңiздiң мұнаймен ластануын ескерту туралы халықаралық конвенциялар;

  • 1966 ж. жүк маркасы туралы конвенциялар.

Банкроттық туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы N 67 Заңы

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 1-2

МАЗМҰНЫ

Осы Заң дәрменсiз борышкердi оңалтудың арнаулы рәсiмдерiн өткiзудiң, заңды тұлғаны банкрот деп танудың және оны таратудың, сондай-ақ соттан тыс тарату рәсiмiнiң шарттары мен тәртiбiн белгiлейдi. Ескерту. Кiрiспеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 Заңымен.

1-1-бап. Банкроттық туралы заңдар

Банкроттық туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. Ескерту. 1-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 Заңымен.

2-бап. Заңның қолданылу ерекшелiктерi

1. Осы Заң қазыналық кәсiпорындар мен мекемелерден басқа, заңды тұлғалардың банкроттығы туралы iстерге қолданылады. Осы Заңда көзделген банкроттық рәсімдерін үздіксіз өндіріс циклы бар ұйымдарға, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын ұйымдарға қатысты қолдану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленуі мүмкін. Зейнетақы қорларына және басқа кейбiр заңды тұлғаларға қатысты осы Заңда көзделген банкроттық рәсiмдерiн қолдану ерекшелiктерi заң актiлерiмен белгiленуi мүмкiн. Сот банкті банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған жағдайда, оны тарату банк заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын банкрот деп тану туралы шешiм қабылдаған жағдайда оны тарату сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырылады. 2. Осы Заң Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк саласындағы заң актiлерiмен реттелмеген бөлiгiнде жеке кәсiпкерлердiң банкроттығына қолданылады. 3. Банкроттық туралы iстердi осы Заңда белгiленген ерекшелiктермен азаматтық сот iсiн жүргiзудiң жалпы ережелерi бойынша сот қарайды. 4. Табиғи монополиялар субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын, не Республиканың экономикасы үшін зор стратегиялық маңызы бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға ықпал ете алатын ұйымдар банкрот болған, сондай-ақ мемлекеттің бастамашылығымен банкрот деп танылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтар мен мемлекеттің мүдделерін қорғау мақсатында конкурстық массаны өткізудің ерекше шарттары мен тәртібін және конкурстық масса объектілерін сатып алушыларға қосымша талаптар белгілеуге құқылы. 5. Шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын заңды тұлғалар банкрот болған кезде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне сәйкес олардың қызметiне мiндеттi экологиялық аудит жүргiзiледi. Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256, 2000.12.18. N 128, 2001.03.02. N 162, 2001.07.11. N 239, 2005.07.08. N 71 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.01.09. N 213 Заңдарымен.

3-бап. Банкроттықты тану

1. Банкроттықты борышкердiң сотқа берген өтiнiшi негiзiнде сот белгiлейдi. 2. Банкроттық кредиторлардың немесе осы Заңмен уәкiлдiк берiлген өзге адамдардың сотқа берген өтiнiшi негiзiнде мәжбүр етiп белгiленедi. 3. Осы Заңда белгiленген жағдайларда борышкер өзiн банкрот деп тану туралы сотқа өтiнiш беруге мiндеттi. 4.Егер: кредитордың салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi салықтық берешегi бойынша талабы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жүз елу айлық есептiк көрсеткiштен кем болмайтын соманы құрайтын болса; өзге кредиторлардың борышкерге қоятын талабы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жүз елу айлық есептiк көрсеткiштен кем болмайтын соманы құрайтын болса, онда банкроттық туралы iстердi сот қарайды. Осы тармақтың талаптары осы Заңның 94-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды. 5. Егер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 49-бабының 1-тармағында белгiленген тәртiппен тарату туралы шешiм қабылданған заңды тұлға мүлкiнiң құны кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жеткiлiксiз болса, мұндай заңды тұлға осы Заңда белгiленген ережелер бойынша сот тәртiбiмен не соттан тыс тәртiппен таратылуға тиiс. 6. Осы Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда борышкердiң өтiнiш бермеуi борышкердiң басшысына борышкердiң кредиторлар алдындағы мiндеттемелерi бойынша субсидиялық жауапкершiлiктi қолдануға әкеп соғады. 7. Сот тәртiбiмен не соттан тыс тарату рәсiмдерiн өткiзумен борышкердi банкрот деп жариялауға оның дәрменсiздiгi негiз болып табылады. Дәрменсiздiк фактiсiн анықтау кезiнде борышкердiң орындау мерзiмi жеткен, сондай-ақ орындауға қабылданған және (немесе) орындалып жатқан мiндеттемелерi ескерiлуге тиiс. Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256, 2001.07.11. N 239, 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-бап. Банкроттық рәсiмдердi қолдану және соттан тыс тарату рәсiмiн өткiзу негiздерi

1. Кредиторлардың борышкердi банкрот деп тану туралы сотқа не соттан тыс тарату рәсiмдерiн өткiзу туралы уәкiлеттi органға арыз берiп өтiнiш жасауына борышкердiң төлем қабiлетсiздiгi негiз болып табылады. Егер борышкер мiндеттемесiн орындау мерзiмi жеткен кезден бастап үш ай iшiнде орындамаса, ол төлеуге қабiлетсiз деп есептеледi. 2. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа не соттан тыс тарату рәсiмдерiн өткiзу туралы уәкiлеттi органға арыз берiп өтiнiш жасауына оның дәрменсiздiгi негiз болып табылады. Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 Заңымен.

5-бап. Әдейi және жалған банкроттық

1. Борышкер мүлкiнiң иесi (ол уәкiлдiк берген орган), заңды тұлға-борышкердiң құрылтайшысы (қатысушысы) және/немесе лауазымды адамдары борышкердi әдейi төлем қабiлетсiздiгiне (әдейi банкроттыққа) жеткiзгенi үшiн дәрменсiз борышкер кредиторлар алдында өзiне тиесiлi мүлiкпен субсидиялық жауапқа тартылады. Банкрот болған заңды тұлғаның лауазымды адамы борышкердi төлем қабiлетсiздiгiне әдейi жеткiзгенi үшiн оның мүлкiнiң меншiк иесiне шығындарды өтейдi. 2. Егер банкроттықты тану туралы өтiнiштi борышкер сотқа кредиторлардың талаптарын толық көлемiнде қанағаттандыруға мүмкiндiгi болған кезде берсе (жалған банкроттық), кредиторлар борышкерден осы арқылы келтiрiлген шығындарды өтеуiн талап етуге құқылы. 3. Конкурстық басқарушы әдейі немесе жалған банкроттық жасау белгілерін тапқан жағдайда, ол лауазымды адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына жүгінуге міндетті. Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256, 2001.07.11. N 239, 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-бап. Мүлiктi қайтару және борышкердiң мәмiлелерiн жарамсыз деп тану

1. Борышкердiң өзiн банкрот деп танылғанға дейiн не соттан тыс тарату рәсiмiн өткiзу туралы шешiм қабылданғанға дейiн жасаған мәмiлелерi мынадай жағдайларда: 1) азаматтық заңдарда көзделген негiздер болғанда; 2) егер борышкердiң жеке кредиторлармен немесе өзге тұлғамен жасаған мәмiлесi банкроттық туралы iс қозғалғаннан не соттан тыс тарату рәсiмiн өткiзу туралы шешiм қабылдағаннан кейiн бiр кредиторлардың басқа кредиторлар алдындағы талаптарын бұрын қанағаттандыруға әкеп соқса, уәкілетті органның, кредиторлардың, оңалтуды немесе конкурсты басқарушылардың өтiнiшi бойынша; 3) заң актiлерiнде көзделген өзге негiздер болған кезде жарамсыз деп танылуға тиiс. Осы тармақтың талаптары секьюритилендіру мәмілелеріне жатпайды. 2. Конкурстық және оңалтуды басқарушылар, кредиторлардың немесе уәкілетті органның мәлімдемесі бойынша санацияға қатысушы банкроттық туралы істі қозғауға немесе соттан тыс тарату рәсімінің бастамасына дейінгі үш жыл кезең ішінде мәмілелерді жарамсыз деп тануды және борышкер берген, соның ішінде жалға немесе бұдан бұрын жасалған мәмілелер бойынша орындауын қамтамасыз етуге берген мүлікті қайтаруды бұл мүлікті өтеусіз, нарық бағаларынан едәуір төмен бағалармен не кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіріле отырып жеткілікті негіздерсіз алған адамдардан талап етуге міндетті. 3. Конкурстық және оңалтуды, басқарушылар, кредиторлардың немесе уәкілетті органның мәлімдемесі бойынша санацияға қатысушы банкроттық туралы істі қозғауға немесе соттан тыс тарату рәсімінің бастамасына дейінгі үш жылға дейінгі кезең ішінде борышкердің өздеріне берген мүлкін қайтаруды олардың алдындағы міндеттемелер басқа кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіріле отырып мерзімінен бұрын орындалған кредиторлардан талап етуге міндетті. Бұл жағдайда кредиторлардың құқықтары осы Заңның ережелерімен қамтамасыз етіледі. 4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген негiздер бойынша банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiнгi үш жыл iшiнде, не соттан тыс тарату рәсiмiн бастап, шаруашылық серiктестiгiнiң қызметшiлерiне (қызметкерлерiне), қатысушыларына дәрменсiз борышкердiң басшысына берген мүлiк талап етiлуi мүмкiн. Осы тармақта белгiленген мүлiктi талап ету туралы ережелер мүлiктi жұбайына, тiкелей өзiнен тарайтын және шыққан тегi бойынша туыстарына беру жағдайларына да қолданылады. 5. Өз өкiлеттiктерiн жүзеге асырған кезде оңалтуды немесе конкурсты басқарушы осы бапта көзделгендерден басқа, заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша борышкердiң мүлкiн үшiншi тұлғалардан талап ету туралы, борышкер жасасқан шарттарды бұзу туралы талап қоюға және азаматтық заңдарда көзделген, борышкердiң мүлкiн қайтаруға бағытталған өзге де әрекеттер жасауға құқылы. 6. Мүлiктiң жоғалуына, бүлiнуiне не оны кейiннен үшiншi тұлғалардың адал жолмен сатып алуына байланысты осы бапта көзделген жағдайларда мүлiктi талап ету мүмкiн болмаған кезде талап етiлетiн мүлiктiң бастапқы сатып алушылары борышкердiң алдында осыған байланысты туындаған зиянды жоғалған, бүлiнген не үшiншi тұлғалар адал жолмен сатып алған мүлiктiң құны шегiнде өтеу жөнiнде жауапты болады. Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256, 2001.07.11. N 239, 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.02.20. N 127 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

7-бап. Шартты орындаудан бас тарту

1. Оңалтуды басқарушы банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiн борышкер жасаған, екi жақ та толық немесе iшiнара орындамаған шарттарды орындаудан мына жағдайлардың бiреуi болған кезде: 1) шартты орындау борышкерге зиян келтiрсе; 2) салыстырмалы жағдайларда жасалатын ұқсас шарттармен салыстырғанда шартта борышкерге ауыр тиетiн жағдайлар болса; 3) шарт ұзақ (1 жылдан астам) мерзiмге жасалса не борышкердiң нәтижеге жетуi тек ұзақ мерзiмдi келешекке есептелсе; 4) борышкердiң шартты орындауы басқа кредиторлар үшiн жағымсыз жағдайларға әкеп соғады деген өзге де негiздер болса, бас тартуға құқылы. 2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда шартты орындаудан бас тартқан кезде контрагенттiң шартты бұзу арқылы келтiрiлген шығындарды нақты зиян мөлшерiнде өтеудi борышкерден сот тәртiбiмен талап етуiне не бас тарту негiзiне дау айтуына болады. Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 Заңымен.

8-бап. Банкроттық туралы iстердiң сотта қарауға жататындығы

Банкроттық туралы iстердi соттар борышкердiң заңға сәйкес белгiленетiн тұрған жерi бойынша қарайды.

9-бап. Оңалтуды және конкурсты басқарушылар

1. Оңалту рәсiмiн, конкурстық iстi (таратуды) жүргiзу не соттан тыс тарату рәсiмiн өткiзу кезеңiнде банкроттық рәсiмдерiн, оңалту рәсiмiн және соттан тыс тарату рәсiмiн жүзеге асыру мақсаттарына қол жеткiзу үшiн дәрменсiз борышкердiң барлық органдары оны басқарудан шеттетiледi және борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару мiндеттерi оңалтуды не конкурсты басқарушыға (таратушыға) берiледi. Оңалтуды және конкурсты басқарушы (таратушы) борышкердi басқарудың бiрден-бiр уәкiлеттi органы ретiнде әрекет етедi. Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-1-тармағында көзделген жағдайларда қолданылмайды. 1-1. Оңалту рәсіміне борышкердің өзі бастамашылық жасаған жағдайда борышкер мүлкінің меншік иесінің немесе ол уәкілеттік берген органның өтініші бойынша оны өткізуді уәкілетті орган кредиторлар комитетінің келісімімен борышкердің басшысына жүктеуі мүмкін. Бұл ретте ондай басшыға осы Заңмен белгіленген оңалтуды басқарушының құқықтары мен міндеттері қолданылады. 2. Оңалтуды және конкурсты басқарушыларды тағайындаудың тәртiбi мен ережелерi, олардың кандидатураларына қойылатын талаптар, олардың құқықтары мен мiндеттерi, соның iшiнде сыйақы алуға құқығы, дәрменсiз борышкердiң iстерi мен мүлкiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк көлемi осы Заңмен және уәкілетті органның келісімі бойынша кредиторлардың комитетi, олармен жасасқан келiсiммен реттеледi. 2-1. Банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті орган беретін лицензиясы бар жеке тұлға - жеке кәсіпкер оңалтуды, конкурстық басқарушылар болып тағайындалады. Осы Заңның 2-бабының 2 және 4-тармақтарында аталған ұйымдардың банкроттығы рәсімдерін жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган оңалтуды басқарушыны тиісінше тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған табиғи монополиялар субъектілері немесе нарық субъектілері болып табылатын ұйымдардың қызметін реттеуге уәкілетті органмен және тиісті орталық атқарушы органмен келісім бойынша, ал қала негізін қалаушы кәсіпорындар бойынша - тиісті облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімімен келісім бойынша тағайындайды. Банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 3. Оңалтуды, конкурсты басқарушы болып осындай қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi орган беретiн лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға тағайындалады. 4. Мыналарды оңалтуды және конкурсты басқарушылар етiп тағайындауға болмайды: 1) борышкер немесе кредиторлар әкiмшiлiгiнiң лауазымды адамы; 2) осы баптың 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша басқарудан шеттетiлген адам; 3) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешiм қабылданғанға дейiн бiр жылдан астам басқа заңды тұлғаның басшысы болған адам. Аталған шарт осындай шешiм қабылданған күннен кейiнгi бес жыл бойы қолданылады; 4) егер шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам не кооператив дәрменсіз борышкер немесе оның кредиторы болса, осындай серіктестікке қатысушылар, акционерлік қоғамдардың акционерлері,кооператив мүшелері; 5) жұбайы, тiкелей өзiнен тараған және шыққан тегi бойынша туыстары, сондай-ақ осы тармақтың 1) тармақшасында аталған адамдардың туған аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi; 6) заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам. 5. Оңалтушы және конкурстық басқарушылар лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда, борышкердің істерін және мүлкін басқаруға қандай тәртіппен тағайындалған болса, аталған функцияларды жүзеге асырудан сондай тәртіппен шеттетілуге тиіс. Лицензиясынан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады. Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.10 N 277, 1998.07.01. N 256, 2001.07.11. N 239, 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10-бап. Кредиторлар талаптарының тiзiлiмi

1. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және олардың мүдделерiн банкроттық рәсiмдерiне және борышкердi соттан тыс тарату рәсiмiне сәйкес қамтамасыз ету мақсатында кредиторлар талаптарының тiзiлiмi жасалады. 2. Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне кредиторлардың даусыз болып табылатын, сондай-ақ осы баптың 3-тармағына сәйкес негiзделген деп танылған талаптары енгiзiледi. Борышкерден ақша сомасын өндiрiп алу туралы заңды күшiне енген соттың шешiмi немесе атқару құжаттары бар талаптар даусыз болып табылады. 3. Банкроттық рәсiмдерiн немесе соттан тыс тарату рәсiмiн енгiзгеннен кейiн кредиторлардың талаптарын негiздi деп тануды тиiсiнше оңалтуды не конкурсты басқарушылар жүзеге асырады. 4. Кредиторлардың талаптарын тізілімге енгізу не олардың талаптарының сомасы туралы кредиторлар және оңалтуды немесе конкурстық басқарушылар арасында туындайтын келіспеушіліктерді тиісті кредитордың мәлімдемесі бойынша уәкілетті орган не сот қарайды. Соттың немесе уәкілетті органның шешімі талапты тізілімге енгізу үшін негіз болып табылады. Уәкілетті органның шешіміне сот тәртібімен шағым берілуі мүмкін. Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256, 2001.07.11. N 239, 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілеті орган өзінің құзыреті шегінде: 1) лицензиялау туралы заңдарға сәйкес банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия береді; 2) борышкерге оңалту рәсімдерін қолдануға келісім береді; 3) оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындайды; 4) дәрменсiз борышкердiң банкроттық рәсiмдерiнде және оны соттан тыс тарату рәсiмiнде оңалтушы және конкурстық басқарушылардың қызметiн, сондай-ақ сырттай байқау рәсiмi кезiнде сырттай байқау әкiмшiсiнiң қызметiн бақылауды жүзеге асырады; 5) кредиторлар комитетінің құрамын қалыптастырады және бекiтедi және дәрменсіз борышкерді соттан тыс таратудың рәсімінде және оңалту рәсiмiнде оның алғашқы отырысын шақырады; 6) кредиторлар комитетiнiң оңалтушы немесе конкурстық басқарушымен, сондай-ақ сырттай байқау әкiмшiсiмен жасайтын келiсiмдер жобаларының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келуiн қарайды; 6-1) дәрменсiз борышкерге қатысты оңалту рәсiмiн қолдануды келiсу тәртiбiн белгiлейдi; 6-2) оңалтушы және конкурстық басқарушылар (таратушы) ұсынған конкурстық iс жүргiзудiң, оңалту рәсiмi мен соттан тыс тарату рәсiмiнiң әкiмшiлiк шығыстары сметасының жобасын келiседi; 7) оңалтуды басқарушының оңалту рәсімін жүргізу барысы туралы ағымдағы есебін қарайды (жасалған мәмілелер туралы ақпарат сұратады); 7-1) сырттай байқау әкiмшiсiнiң сырттай байқау рәсiмiнiң жүргiзiлу барысы туралы ағымдағы есептерiн қарайды; 8) оңалтушы басқарушының қорытынды есебiн келiседi және оңалту рәсiмiн жүргiзу нәтижелерi бойынша қорытынды бередi; 8-1) оңалту рәсiмiн тоқтату туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнедi; 9) конкурстық iс жүргiзу, оңалту рәсiмi кезiнде, сондай-ақ сырттай байқау рәсiмi кезiнде кредиторлар комитетiнiң құрамын бекiтедi; 10) кредиторлар талаптарының тізілімін бекітеді; 11) тізілімге кредиторлар талаптарын енгізу туралы кредиторлар мен оңалтуды (конкурстық) басқарушылар арасындағы келіспеушіліктерді қарайды; 12) санацияға қатысушыдан растайтын құжаттар талап етуге құқылы; 13) конкурстық іс жүргізу мерзімін ұзартады; 14) конкурстық массаны сату жоспарының жобасын қарайды; 15) осы Заңда белгiленген жағдайларда оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкiмшiсiн шеттету туралы шешiм қабылдайды; 16) борышкердің конкурстық массасын конкурстық сауда-саттықта өткізу кезінде жариялылықтың, бәсекелестіктің сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 17) жалған және әдейі жасалған банкроттықтың белгілерін анықтайды; 18) оңалтушы, конкурстық басқарушылардың және сырттай байқау әкiмшiсiнiң әрекеттеріне шағымдарды қарайды; 19) осы Заңның 6-бабында көрсетілген жағдаяттар кезінде жасалған мәмілелерді анықтау жөнінде шаралар қолданады; 20) бiлiм беру ұйымдары арқылы сырттай байқау әкiмшiлерiн, оңалтушы және конкурстық басқарушыларды даярлау ережесiн бекiтедi; 21) сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау тәртiбiн бекiтедi; 22) өз құзыретi шегiнде мониторингтi жүзеге асырады; 23) конкурстық, оңалтушы басқарушылардың не сырттай байқау әкiмшiсiнiң өтiнiшi бойынша конкурстық iс жүргiзу, оңалту рәсiмiнiң және сырттай байқау рәсiмiнiң пайдасына, сондай-ақ кредиторлардың мүддесiн қорғау мақсатында сотқа жүгiне алады; 23-1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi; 24) осы Заңда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. Ескерту. 10-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239, 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.01.11. N 218 Заңдарымен.

10-2-бап. Банкроттық рәсiмдерiнiң жүргiзiлуiн және дәрменсiз борышкердiң соттан тыс таратылуын бақылау

1. Уәкiлеттi органның банкроттық рәсiмiнiң жүргiзiлуiн, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiн бақылауының нысанасы тараптардың Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын сақтауы болып табылады. 2. Бақылаудың мақсаттары осы Заңда белгiленген құқықтарды қорғау және тараптардың банкроттық рәсiмдерiнiң, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiнiң мiндеттерiн орындауын қамтамасыз ету болып табылады. 3. Осы баптың мақсаттары үшiн банкроттық рәсiмiнiң тараптары, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмi деп кредиторлар, борышкер, мүлiк иесi немесе ол уәкiлеттiк берген орган, кредиторлар комитетi, конкурстық және оңалтушы басқарушылар түсiнiледi. 4. Банкроттық рәсiмдерiнiң жүргiзiлуiн, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiн бақылау мынадай нысандарда жүзеге асырылады: 1) төлем қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкi мен iстерiн басқаруға лицензиясы бар тұлғалардың банкроттық рәсiмдерiнде тiркелу есебi; 2) төлем қабiлетi жоқ және дәрменсiз ұйымдардың мониторингi; 3) камералдық бақылау; 4) банкроттық рәсiмiнде, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiнде тараптардың Қазақстан Республикасының банкроттық саласындағы заңнамасын сақтауын бақылау; 5) оңалтушы және конкурстық басқарушылардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген банкроттық рәсiмiн, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiн сақтауын тексеру. Оңалтушы және конкурстық басқарушылардың банкроттық рәсiмiн, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiн сақтауын тексеру шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн бақылау болып табылмайды; 6) борышкердiң конкурстық массасын конкурстық сауда-саттықта сату кезiнде жариялылықтың, бәсекелестiктiң сақталуын бақылау. Ескерту. 10-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

10-3-бап. Оңалтушы және конкурстық басқарушылардың банкроттық рәсiмiн, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiн сақтауын тексеру

1. Тексеру уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық органдарының нұсқамасы негiзiнде үш ай мерзiмдiк тексерiлетiн кезеңде бiр реттен жиi жүргiзiлмейдi. 2. Тексеру жүргiзу үшiн мынадай деректемелер жазылған нұсқама негiздеме болып табылады: 1) уәкiлеттi органда тiркелген күнi мен нөмiрi; 2) нұсқаманы берген уәкiлеттi органның атауы; 3) борышкердiң толық атауы және тiркеу нөмiрi; 4) тексерушi адамдардың лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты. Нұсқамаға уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық органының бiрiншi басшысы не оны ауыстыратын адам қол қоюға және елтаңбалы мөрмен куәландыруға тиiс. 3. Бiр нұсқаманың негiзiнде бiр тексеру ғана жүргiзiле алады. 4. Оңалтушы және конкурстық басқарушылар борышкердiң аумағына немесе үй-жайына зерттеу жүргiзу үшiн тексерушi адамдарды жiберуге, сондай-ақ кез келген сұратылған ақпаратты беруге мiндеттi. 5. Уәкiлеттi органның тексерулерге басқа да мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiн тартуға құқығы бар. 6. Тексеру аяқталғаннан кейiн тексерудiң нәтижелерi туралы акт жасалады, ол нөмiрленiп, тiгiлiп және уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық органының мөрi басылып тексеру актiлерiн тiркеудiң арнайы журналында тiркеледi. 7. Тексеру актiсiнде көрсетiлген нәтижелер негiзiнде, банкроттық саласындағы құқықтық актiлердi бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкiлеттiк орган қолданыстағы Қазақстан Республикасының банкроттық саласындағы заңнамасын бұзылушылықтарды жою мерзiмiн көрсете отырып, нұсқама шығарады.