Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД - тексты 11-12.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
04.05.2019
Размер:
448 Кб
Скачать

Өз өлкеңді таны

1.Мәтінді оқыңыз. Әңгімелеңіз.

Кербез Көкше

Арқаның кербез сұлу Көкшетауы. Иісі қазақтың жер жәннаты. Осынау кербез өңірдің әр тасы киелі, әр пұшпағы қымбат. Аты аңызға айналған, талай ақын таңқалған, дүлдүл жырын арнаған Оқжетпеске қиялың жетсе де, жанарың жетпес. Қараған көз қанша аймаласа да құмары қанбас, сұлу сырдың сүлейі Мағжан, кестелі сөздің зергері Сәкен айтып тауыса алмаған көріктің, міне осы.

Сол биікке көк аспан іңкәр болса, тәкәппар Оқжетпес етегіндегі Айнакөлге қарап өз көркіне өзі құмартады. Күміс көл айнала сұлулыққа әсем жарасып, сылқ-сылқ күледі. Мөлдіреген жанары, періште көңілі кіршіксіз.

Сарыарқаның сайын даласында отау тіккен Бурабай жұмақты қиялынан іздеген қазаққа туған топырағынан табылған жерұйық. Жасыл желек, саф алтын, кербез тау қам көңілдің жұбанышы, үкілі үміттің жебеушісі, сұлулыққа іңкәр жүректің сезім тербер бесігі.

"Шеш көңілімнің жұмбағын" деп қылықты назданған Жұмбақ тас көл бетінде жеңіл жүзгендей. Ғасырларды сұқтандырған, дәуірлерді тамсандырған ерекше көрініс, өз алдына құпия әлем. Сол әлемге атам қазақтың ұлы тарихы тұнған. Көкшенің көркіне, хор қызындай жасанған келбетіне қарап аршылғың келеді, көлеңке атаулыдан арылғың келеді. Судан сапырылысқан заманның аласапыранында бір сәт дамылдағың келеді. Көкшені берген, көріктіңді берген жаратқанға мың да бір алғысыңды ағыңнан жарыла айтқың келеді. Ару Көкшедей ажарлы болғың келеді.

2. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.

Кербез сұлу, жер жәннаты, әр пұшпағы қымбат, кестелі сөздің зергері, келбетіне қарау, періште көңілі кіршіксіз, ағынан жарылу, ажарлы болу.

3. Досыңызбен сұхбат құрыңыз.

- Шығыс Қазақстанда қанша көл бар?

- Шығыс Қазақстанда 75 көл бар?

- Солардың ең үлкені Зайсан көлі ғой.

Одан басқа қандай көлдер бар?

- Мен алдымен Марқакөлді атар едім.

Қазақстанда ең тұнық көл - Марқакөл. Ол теңіз деңгейінен 14,85 метр биіктікте орналасқан. Көлдің ұзындығы - 38, ені 19 шақырым. Тереңдігі - 27 метр. Марқакөлді шағын "Байкал" деп атайды. Бұл көлге 27 өзен мен бұлақ келіп құяды, бір ғана Қалжыр өзені ағып шығады. Суы тұщы, мөлдір балыққа бай.

- Балықтың қандай түрлері бар?

- Марқакөлде табан, сазан, аққайран, қаяз және т.б. мекендейді.

Көл айналасындағы тау беткейінде қарағай, самырсын т.б. орман ағашы өседі. Марқакөл - Қазақстандағы табиғаты бай, суы шипалы жер.

4.Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.

Алакөл

Алакөл - Семей, Талдықорған облыстарының аралығындағы Балқаш-Алакөл қазан шұңқырында, теңіз деңгейінен 343 м биіктікте жатқан ағынсыз, тұзды көл. Көлемі - 2650 шаршы шақырым. Ұзындығы 104 шақырым, ені 52 шақырым. Орташа тереңдігі - 22 метр. Көлдің дәл ортасында үлкен және кіші Арал төбе бар. Алакөлге Үржар, Қатынсу, Емел өзендері құяды.

Алакөлде ақ пен көк кезек-кезек алмасып жатады. Ақ жері - жылы, көгілдір тұсы - салқындау. Алакөл аталуы да осыдан. Бірақ негізінен көл жанға жайлы, жып-жылы. Жылы болғандықтан да жұп-жұмсақ.

Алакөлден сазан, көкбас, алабұға балықтары ауланады. Суы тұзды, денсаулыққа пайдасы зор. Мың да бір дертке шипа.