Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мидтерм 2.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
14.04.2019
Размер:
75.82 Кб
Скачать

75. Этнос, ұлт, диаспора.

ДИАСПОРА ― өзінің тарихи елінен басқа елдерде тұратын ұлттың бөлігі.

Этносоциология этностардың мәселелерін, этникалық мәдениеттің және дәстүрдің әлеуметтік өмірге әсерін, этника аралық карым-қатынастарды, дау жан-жалдарды, этникалық идентификацияны зерттейтін социологияның саласы. Оның зерттеуіне әр ұлттың, этностың әлеуметтік құрылымдарын, этникалық ерекшіліктердің әлеуметтік өзгерістердің динамикасына әсері кіреді. Соныменен қатар отбасындағы қатынастардағы этникалық дәстүр, этникалық мәдениеттің орны мен әсері, этникалық топтардағы тіл, этникалық сана сезімнің өсү динамикасы, этноәлеуметтік мәдени ділдің ерекшіліктерін қарастырады. Қәзіргі кезеңде аса маңызды мәселе ол дәстүрлі этникалық мәдениеттің модернизациалынған мәдениетпен арақатысын зерттеу болып отыр. Этносоциология этнографияға қарағанда этникалық мәселелерді әлеуметтік қатынастардың кең көлемінде қоғамның бөлігі ретінде қарастырады. Этносоциологияның бастаунда Э. Дюркгейм, Леви-Брюль, А. Рэдклифф-Браун, Б. Малиновскилердың алғашқы тайпалардың этникалық мәдениеттік зерттеү арқасында әлеүметтіктінің не екенін түсінүге тырысуында болатын. Қәзіргі этносоциология этностар мен этникалық топтардың әлеуметтік параметірлерін зерттеүге бағытталған. Этносоциологияның маңызды бөлігін этномәдениеттерді зерттеүлер құрайды. Модернизациялау кезіндегі қәзіргі қалалар менен ауылдардың айырмашылықтарына байланысты этноәлеуметтік мәдени өзгерістердің динамикасы, дәстүрдің индивидтер мен этникалық топқа тигізетін әсерін социологиялық тәсілдерменен зерттеу арқылы нақтылы фактлерге негізделген жаңа ақпараттар алынады.

Соныменен қатар этникалық идентификация және өзіндік идентификация процестері; этностардың арақатынасының динамикасы соның ішінде этникааралық дау жан-жалдардың шығуы мен оның дамуы; этникалық мобилділік пенен, елдер арасында және де республикасының ішкі миграция процестінің әлеуметтік мәселелері;

этникалық диаспоралардың өмірге келүі менен олардың мәселелерінің әлеуметтік жағы.

76. Этносаралық қатынастардың қазіргі кездегі өзекті әлеуметтік мәселелері және оны шешудің жолдары.

Этносоциология өз мәселелерін қарастырғанда міндетті түрде басқа да гуманитарлық ғылымдардың жетістіктерін, зерттеген материалдардың мәліметтерін қолданады. Соныменен қатар этносоциология өзінің негізгі устаннымдары деңгейінде жалпысоциологиялық теориялық методологиялық парадигмаларменен тығыз байлыныста болады. Мысалы, этносоциологияның қәзіргі кездегі қарайтын мәселелері жалпы модернизация теориямен байланысты. Көпке дейін модернизация теориясы модернизациялық процестерөді альтернативсіз жағымды процесс деп дәлелдеуге тырысты да және осы жолда айтарлықтай жетістіктергетде қол жеткізді. Бірақ та, оның жағымдылығы этникалық салт-дәстүрді, өзімдік мәдениетті қолданатын этностардың қарсылығын туғызды. Оны әлеуметтік тәжірибе де дәлелдеді. Этностың этномәдениетінен алшақтауы, жейіркенуі, дәстүрлі әлеуметтік институттарды жою және қалыптасқан өмірінің салт-дәстүрінен бас тарту прогрестің орнына хаос және қоғамның ыдрап, жоқ болуына әкеп соқты. Қәзіргі социологиялық теория бойынша дәстүр менен модернизацияны бір-біріне қарсы қоюға болмайтынын дәлелдеді. Соңдықтан қәзіргі кезде этносоциологияның әлеуметтік болмыстың дәстүрлі этникалық формаларын зерттеу, оларды қәзіргі жүріп жатқан модернизация процесімен салыстыру мәселелері актуалды бағыт болып саналады.