Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мидтерм 2.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
14.04.2019
Размер:
75.82 Кб
Скачать

64.Қазақтардың урбанизация процесіне енуінің өзекті әлеуметтік мәселелері.

Қазiр қазақтың қалаға көшу процесi стихиялы түрде жүрiп жатыр. Бiрақ урбанизация дәстүрi қазiргi деңгейде қандай да бiр қарсылықтарсыз жүзеге аса алмайтынын уақыттың өзi көрсетуде. Шағын елдi-мекендердiң «болашағы жоқ» деген себеппен, ауылдарды қолдан жою, сөйтiп iрiлендiру саясатының болжамсыз жүргiзiлуi iрi қалаларға өз салқынын қатты тигiздi. Үкiмет бұл тұрғыда қажеттi заң тетiктерiн қабылдамаса да, бұл «процестi қоғамның өзi сұрап отыр» деген пiкiрдi қалыптастыруы әлеуметтi әбден шатастырып жiбердi. Екiншiден, қазiр iшкi көшi-қон мен сыртқы көшi-қонның көзге көрiнбейтiн iшкi араласу процесi стихиялы түрде өрiс алды.

65.Ауыл мен қала арасындағы қайшылықтардың әлеуметтік мәні.

Біріншісі,  қазақ тілінің жағдайы бір күні жақсарады деген сенім. Қазірдің өзінде біраз жақсарды ғой. Екіншісі, «тілдің жағдайы қанша жақсарғанымен, ауыл мен қала арасындағы қайшылық, қазақ жастарының жоғары білім алып, жұмысқа орналасуы, олардың қызмет сатысымен өсуі сияқты әлеуметтік мәселе шешілмейінше, қоғамымыздың төрт құбыласы түгел болуы қиын-ау»  деген қамкөңіл. 

Әрине, ауыл мен қаланың арасындағы қайшылықтарды жою үшін тек бір жақты шаралар аздық етеді, ол үшін кешенді бағдарламалар қажет. Себебі ауылдан келген мигранттардың қала тіршілігіне бірден үйренісіп, өз орындарын таба алмаса, олар қаланың криминалдық жағдайын ауырлатуы мүмкін еді. Бірақ бұл әлеуметтік айқындық қалаға ұмтылған жастар легін бәсендетпегені сөзсіз, тек енді олар қалаға көшкеннен гөрі, қалада тек жұмыс істеп, ауылға күнделікті қайтып отыру мүмкіндіктерін пайдаланды. Егер Алматы және қала маңайы арасындағы маятниктік байланыстарды талдайтын болсақ, онда даму дәрежесі және бағдарлау сипатына қатысты территориялардың арасында анықталған шектеулер жүргізуге ықтимал.

66.Қазақтардың мобилділігінің каналдары.

Әлеуметтік мобилділіктің екі түрі болады: тікелей және тең мобилділік. Неғұрлым қоғам ашық, дамыған болса соғұрлым тікелей мобилділік дамыйды. Мобилділіктің құралы, механизмі болып оның әлеуметтік лифтерін айтады. Олар: мектеп, әскер, жұмыс орны, білім, дін, қызмет және т.б.

67.Білім социологиясы.

Білім беру жүйесі өте күрделі және ауқымды әлеуметтік институт. Оның негізгі мақсаты адамның, қоғамның, мемкеттің мүддесіне сай мақсатқа бағытталған оқыту мен тәрбиелеу және де мемлекеттің белгіленген біліми деңгейін игерген азаматқа арнайы құжаттар беру. Білім жүйесі келесі компоненттерден тұрады: білім беру жүйесін басқару; білім мекемелер жүйесі (мектептер, колледждер, гимназиялар, лицейлер, университетер, академиялар және т.б.); творчесталық одақтар; ғылым мен білім мекемелдірінің инфрақұрылымы; білім беру бағдарламалары мен мемлекттік білім беру стандарттары; оқулықтар менен оқу-әдістемелік құралдары; периодикалық баслымдар. Білім беруге байланысты адамдардың қарымқатынасын регламенттеу мен ұйымдастыру нормаларының жиынтығы білімді әлеуметтік институттарға жатқызуға негіз береді. Білім берудің функциялары: бір буыннан екіншіге білімді жеткізу және мәдениетті тарату; қоғамның мәдениетін сақтау және оны жасау; тұлғаны әлеуметтендіру; тұлғаның мәртебесін анықтау; әлеуметтік іріктеу; қоғамды дифференциалау; жастарды кәсіби мамандыққа даярлау; үзілмейтін білім берудің жүйесін жасау; әлеуметтік мәдени иновациялар; жаңа идеялар ашу; әлеуметтік бақылау; тұлғаның мүмкіндіктерін ашу