Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ff.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
14.04.2019
Размер:
207.36 Кб
Скачать

19.Алаш партиясының ұлттық ұстанымдары.

19. "Алаш" партиясының ұлттық ұстанымы бес түрлi тұжырымға негiзделдi. Бiрiншi ұстаным: жер, жер және жер. Жерсiз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша: "Қазақтың байырғы жерiн қашан қазақтар өз бетiнше ғылым мен техникаға сүйенiп толық игермейiнше, жер жеке меншiкке де, қоныстанушыларға да берiлмейдi". Яғни бұл ұстаным: Жер - Отан, ал Отанды сатуға да, жеке меншiкке айналдыруға да болмайды. Сол жер үшiн әр қазақтың намысы жыртылып, ол жерге әр қазақтың терi мен қаны төгiлген - деген тұжырымға саяды. Екiншi ұстаным: жердiң астындағы, үстiндегi, аспанындағы барлық игiлiк қазақ мемлекетiне қызмет етуi керек. Ә.Бөкейхановтың айтуынша: "Оның әр бiр түйiр тасы әр қазақтың өңiрiне түйме болып қадалу керек" болатын. Яғни бұл - өз жерiнiң игiлiгiн - әуелi өз елi игiлiгiне айналдырсын, одан асса ғана жатқа салауат - деген емеуiрiндi танытады. Абай данышпанның: Өздерiңдi түзелер дей алмаймын, Өз қолыңнан кеткен соң ендi өз ырқың, - дегенiндегi "ырық" - осы ырық. Жердiң астына, үстiне, аспанына иелiк ете алмасаң - ырықтың кеткенi сол емес пе?!. Үшiншi ұстаным: Ә.Бөкейхановтың жобасы бойынша, "Қазақтың жерiнде өндiрiлген "бiр уыс жүн сол мемлекеттiң азаматтарының үстiне тоқыма болып киiлуi" керек, яғни, толықтай экономикалық тәуелсiздiк пен бiрлiкке қол жеткiзуге ұмтылуы тиiс едi. Тағы да сол Абай: "Бiрлiк - ақылға бiрлiк, малға бiрлiк емес. Малыңды берiп отырсаң: атасы басқа, дiнi басқа, күнi басқалар да жалданып тiрлiк қылады. Бiрлiк сатылса - антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бiрлiк қылса керек", - дегендегi бiрлiк - осы экономикалық бiрлiк. Ал бiздегi сатылмайтын құндылық - тек "жалданып тiрлiк құру" ғана болып қалды. Төртiншi нысана: қазақ мемлекетiнде мемлекет құрушы ұлттың тiл, дiн, дiл үстемдiгi болуы керек, яғни Х.Досмхамедовтiң пайымдауына жүгiнсек, "ұлттық мәдениет үстемдiгi сақталуы" тиiс болатын. «Келгенде Жиенқұлға шықпайды үнiм,» - деп Сара ақынның сал Бiржанға қарата айтқанындай, бұл үш мәселеге келгенде, бiздiң де үнiмiз шықпайды. Егер қоғамның дамуы осы бетiмен кете берсе, күнi ертең бiз "Құранды" да орыс тiлiнде оқитын боламыз. Бесiншi, түпкi мақсат: тәуелсiз ғылымға, ұлттық салт, дәстүрге негiзделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгiсiндегi ұлттық-демократиялық мемлекет құру едi. Яғни тағы да сол Х.Досмұхамедовтiң пайымдауына жүгiнсек: "тәуелсiз сот құрылымы болады, тең және туыстық қарым-қатынастарды қамтамасыз ететiн одақтық қағидаттар (заң) жасалады".

20.М.Мақатаев поэзиясындағы тұлғаның сипаттамасы.

21.Адам, жеке адам,кісі, тұлға ұғымдарының айырмашылықтары.

Адам жер бетіндегі эволюциялық дамудың биологиялық және әлеуметтік қатынастарда біріктірілген күрделі түрі болып табылады.

Әр жеке адам индивид, ол қайта тумайды. Индивид – адамзат ұрпағының бір өкілі деген түсінік биологиялық тұрғыда да қарастырады. Жекелік туралы сөз еткенде де осы қайталанбастығын алға тартамыз. Адамға әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, ең алдымен оны қоғам мүшесі, қоғамдық мүдделерді жеткізуші деп қарастырамыз.

Адам мен әлеуметтік орта арасындағы қарым-қатынасты зерттегенде тұлға сыртқы қозғаушы күш ретінде ғана емес, әлеуметтік субъект, өзіндік қажеттіліктері мен қызығушылықтары қалыптасқан қоғамдық өмірдің белсенді мүшесі болып табылады.

  1. Тұлға қоғамдық қатынастардың субъектісі және саналы қоғам мүшесі.

  2. Қоғамдық жүйенің тұрақты белгісі индивидті қоғамдық қауым мүшесі деп сипаттайды.

тұлға - әлеуметтік қатынасқа түскен индивид.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]