Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ff.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
14.04.2019
Размер:
207.36 Кб
Скачать

5.Социологияның атқаратын функциялары.

6.Социологияның басқа ғылымдармен арақатынасы.

7.О.Конттың социологиялық көзқарасы.

Ол социологияның негізін қалаушы болып саналатын (ол социология терминін ғылымға енгізген) Огюст Конт(1798-1857)

Позитивті философия курсы» еңбегі

Конт ұсынған адамзат тарихының үш кезеңін адамзат рұхы өтуі тиіс: -теологиялық немесе жалған (теологиялық кезеңінде адамзат ақылы әлемді немесе жан-жақта болып жатқан құбылыстарды тура немесе үнемі тылсым күштердің әрекетімен түсіндіреді); метафизикалық немесе абстрактілі (метафизикалық кезеңінде антропоморфты кереметтер абстрактлы күштермен алмастрылады.Олар әлемнің түрлі жаратылыстарына негізделеген сан алуан абстракциялар болуы мүмкін.); - ғылыми немесе позитивті(позитивті кезеңін Конт оны былайша сипаттайды: «адамзат ақылы- абсалютті білімді ала алмайтынын мойындап, құбылыстардың пайда болуының ішкі сұрақтарына жауап іздеуден бас тартады.Енді ол тек «пайымдаулардың бірлігімен және бұл құбылыстардың шынайы бақылауларының басқалай айтқанда реттілістіктің өзгермес қарым-қатынасымен өзара ұқсастықтарының көмегімен ғана жаңалық ашумен айналысады».) кезеңдер.

Француз ғалымы Огюст Конт социологияны жеке дербес қоғам туралы ғылым ретінде негіздеуші – қоғамда тұтас бір әлеуметтік ағза ретінде қолданылуының мәселесін шешкен.

О. Конт тарихқа позитивизмнің негізін қалаушы ретінде енді.Позитивті философия қиял мен болжамдарға емес, ғылымның өзіне негізделеді. Конттың ойына сәйкес қоғамның дамуына адам санасының интелектуалды эмоциясы әсер етеді.Ғылым интелектуалды эволоюцияның жоғарғы көрінісі.

8.Э.Дюркгеймнің социологиялық көзқарасы.

Дау жан-жалдық бағыттағылар қоғамның даму негізінде ішкі қарама-қарсылықтар және солардың иелері топтар, таптар арасындағы күрес жатады деген тұжырым жасайды.

«Әлеуметтік факт» бағытын қолдаушы Э.Дюркгеймнің (1858-1917) ұғымынша қоғам жеке индивидтердің ынытазарлығы арқылы өмірге келіп, өмір сүреді. Әлеуметтік фактілер адамдардың бірігүін, қоғамның тұтастығын сақтап тұрады. Олар әлеуметтік нормалар, қоғамдық моралдің қарапайым ақиқаты, отбасы өмірінің үлгісі, діни ритуалдар мен ырымдар, әдет-ғұрыптар.

9.К.Маркстің социологиялық көзқарасы.

Жан-жалдастық бағытты қалаушыладың бірі немістің саяси қайраткері, философ, социолог, тарихшы, экономист К.Маркс. Ол адамзат тарихын материалистік көзқарас тұрғысынан қарайтын теория жасап шығарды және де сол теорияны іске асыру үшін әлемдік деңгейде үлкен революциялық қозғалыстар жүрді. Соның нәтижесінде социалистік мемлекеттер, социалистік жүйе қалыптасқан еді. Сондай мемлекеттердің бірі КСРО болатын. Қоғамның даму негізінде таптардың күресі жатады және де ол күрестің негізгі мақсаты тапсыз қоғам орынату. Капиталистік қоғамдағы негізгі таптар болып буржуазия мен жұмысшы табы саналады, сондықтан негізгі күрес осылардың арасында жүреді. Жұмысшы табы міндетті түрде жеңіске жетеді, бірақ та олардың мақсаты билікті өздерінде мәңгілік сақтап қалу емес , керісінше таптық қоғамды жойып тапсыз, әлеуметтік біртекті әділетті қоғам орынату. Бірақта бұл теория іс жүзінде өміршең болмай небары 70 жылдай өмір сүрүге ғана жарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]