Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2102172 / Tursunali_sots_dayyn.docx
Скачиваний:
28
Добавлен:
21.02.2017
Размер:
53.88 Кб
Скачать

Азаматтық қоғам дамуының болашағы.

Адами әлеуеттi, азаматтардың iскерлiгiн жандандыру, азаматтық қоғамды одан әрi қалыптастыру негiзiнде ғана Қазақстанды өмiр сүру сапасының стандарттары жоғары, қазiргi заманғы, серпiндi мемлекет ретiнде дамытуға болады.       Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы ел халқына Жолдауында белгiленген Демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасына және Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң қатарына кiру  стратегиясына сәйкес әзiрлендi.       Бұл Тұжырымдамада қазiргi кезеңде Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытудың негiзгi үрдiстерi талданады, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытудың алдағы жылдарға арналған жолдары мен нақты тетiктерi баяндалған.       Тұжырымдама азаматтық қоғам институттарын дамытудың негiзгi бағыттары мен азаматтық бастамаларды iске асыру мүмкiндiктерiн айқындайды. Ол азаматтық институттардың жұмыс iстеуi үшiн қолайлы жағдай жасауға бағытталған мақсатты бағдарламалар, заңнамалық және басқа нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу үшiн негiз болады.

Азаматтық қоғам мен мемлекет бірлесіп, ынтымақтасып қатар бой түзеп өмір сүреді. Бірін бірі тежеп, бір бірінің қызмет аясына араласып, іштей текетіреске де барып отырады.

Мемлекет өзін азаматтық қоғамның өзу туғызып, оны соның өзі асырап, оның іс-әрекетін бақылап отырғанын кейде ұмытып, бар билікті өзуысында ұстауға тырысады. Азаматтық қоғам өз ықпалын әлсіреткен жағдайда, мемлекет өзінің зор күшіне еніп, жыртқышқа айналады. Қоғамның бүкіл ұңғыл-шұңғылына араласып, адамды басып-жаныштайды, адам бостандығы мен құқын аяққа басуға дейін барады.

Адамның өзі дүниеге келтірген саяси күш – мемлекет бірте-бірте оның өзіне ауыз салады, экономикалық қыспаққа салады, алым-салықты үдетіп, саяси жағынан қыспаққа алады, құқықтарын шектейді, заңсыздықтарға барып, адамдарды кейде жазықсыздан-жазықсыз жазалайды, айдауға жіберіп, түрмелерге жабады. Осыған орай адам мемлекеттің зорлық зомбылығын шектеуді қажет етеді. Азаматтық қоғамға иек артып, соның мемлекетті шектеу ықпалын пайдаланып, соған арқа сүйемек болды. Азаматтық қоғамды дамытуға күш салды.

Азаматтық қоғамды қалыптастыру, оны дамытуды мемлекет атаулыны жұтып қою немесе оны қоғамнан аластау деп түсіндеу керек. Бір сөзбен айтқанда, құқытық мемлекет дегеніміз азаматтық қоғамның қалыптасуының, оның жетіліп дамуының заңды жемісі деген сөз.

Көпшілік арасында азаматтық қоғам мен ұлттық мемлекетті бір біріне қарсы қойып, оларды бірін бірі теріске шығаратын антиподтық ұғым деп түсіну кеңінен етек алып отыр. Бұл әрине дұрыс емес. Азаматтық қоғам мемлекеттің ұлттық сипатына ешқандай да қарсылық көрсетпейді, керісінше ол құқытық мемлекеттің қалыптасуына қызмет етеді.

Құқықтық мемлекет орнықпайынша, әкімшіл-әміршіл жүйе бой көрсетуден танбайды, жеке адамның заңды құқы аяққа тапталып, мүлт кеткен шалыс қадамы жазаланып отырылады. Төрт-бес күнге көршілес елге барып қайту үшін де мемлекеттен

рұқсат сұрап, әуре-сарсаңға түседі. Мемлекет өз үстемдігін толық жүргізіп, адамдардың жеке ісіне, отбасына, сенім-нанымына да қол сұғып, жөн-жосықсыз араласудан біржола

арыла алмайды. Мұны тәртіпке келтіріп, мемлекеттің шексіз билігіне шектеу жасап, оның бәрін әділ қабылданған заңдармен реттеп, заңдастырып отыру – құқықтық мемлекеттің қызметі.

Азаматтық қоғам ұлт мүддесіне қарсы әрекет етпейді. Керісінше, адам құқығын қорғауға күш салады. Алайда, азаматтық қоғам мен ұлттық мемлекет деген ұғымдар қарсы қоюшылық та осындайдан туған. Бұл екі ұғым бір-біріне қарсы болатындай емес, екеуі екі деңгейде өрбитін ұғымдар. Азаматтық қоғам мемлекеттің ұлттық сипатына емес, мемлекеттің адам құқығы  аяқ асты ететін әрекеттеріне қарсы бой көтереді, нағыз демократия үшін күреседі. Осыны ажырата білген абзал.

Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы бір бірімен өзара тығыз байланысты.

Азаматтық қоғам дегеніміз мемлекеттен өзін тәуелсіз сезінетін өндірушілер, игілікті жасаушылар, өздерін өздері басқарып отыратын кәсіпкерлер, кәсіподақтар, партиялар мен қозғалыстар, мәдени бірлестіктер, ғылыми қоғамдар, отбасы және дін ұжымдарының жиынтығы болып табылады. Ол мемлекеттің болат құрсауынан біртіндеп құтылып, жаңа әлеуметтік қауымдасуға бет алады. Азаматтық қоғамда адамның мәртебесі биіктеп, мәні арта түседі. Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін қызмет етеді. Бүкіл әлеуметтік топтар, қауымдар заң жүзінде белгіленген құқықтар мен мүмкіндіктергі ие болып, өз мүдделерін қорғауға мұрсат алады.

Азаматтық қоғам адамдар қауымдасуының жаңа сипаттағы биік белесі болып табылады. Бұл қоғамның қалыптасуы тек материалдық игіліктердің даму дәрежесімен ғана өлшенбейді, ол қоғам мүшелерінің рухани жетілу дәрежесімен, биік кескін-кейпімен сипатталады. Мұндай белес-дәреже біз үшін таяқ тастам жерде немес анау қырдың астында болмай тұрғаны белгілі. Сондықтан да азаматтық қоғам алғаш тәуелсіздік алған мемлекеттерде – алда тұрған жаңа белес.

Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы да бір жылдың ісі емес. Бұл мемлекет тұсында нендей бір таптың, партияның, топтың, билеуші бюрократияның диктатурасына жол бермейді, оның есесіне қоғам мүшелерінің барлығына мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатысуға. Лауазымды қызметтер атқаруға кең жол ашылады.

Демократиялық жағдайда қабылданған заңдар алдында мемлекет те, қоғамның әрбір мүшесі де бірдей жауапты. Заң мемлекетке де, азаматқа да бірдей қызмет етеді. Құқықтық мемлекет жағдайында заң қағидалары әрбір азаматтың бостандығын, пікір әрқилылығын, жариялылықты қорғауға тиісті. Құқықтық мемлекет беделге бас июшіліктен, шындықтан, әділдіктен жалтарудан аулақ болуға тиіс.

Азаматтық қоғам адамдардың өздерін еркін сезінуін, бас бостандығын, азаматтық қадір қасиетін, ар-ожданын қамтамасыз етеді.

Азаматтық қоғам тұсында адамдардың теңдік, қауіпсіздік құқықтары толық жүзеге асырылады.  Адамның теңдігі дегеніміз олардың заң алдында бірдей құқықпен пайдалануы деген сөз, заң әрбір адамды қорғаса да, жазаласа да әрбір адамға ол бірдей талап қояды.

Соседние файлы в папке 2102172