Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2102172 / tvn_rgr_kaz.docx
Скачиваний:
40
Добавлен:
21.02.2017
Размер:
36.45 Кб
Скачать

Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

 АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

 Электр станциялары, тораптары мен жүйелері кафедрасы

 

 

 

Жоғары кернеулер техникасы. Асқын кернеу және оқшаулама

5В0718 – Электроэнергетика мамандығының күндізгі бөлім студенттері үшін есептеу – графикалық жұмыстарды орындауға арналған тапсырмалар және әдістемелік нұсқау

                                              

 

 

Алматы 2010

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: В.Н. Борисов, Ж.К. Оржанова, А.А. Дусимов. Жоғары кернеулер техникасы. Асқын кернеу және оқшаулама. 5В0718 – Электроэнергетика мамандығының күндізгі бөлім студенттері үшін есептеу – графикалық  жұмыстарды орындауға арналған тапсырмалар және әдістемелік нұсқау – Алматы: АЭжБИ, 2010.-10б.  

          «Жоғары кернеулер техникасы. Асқын кернеу және оқшаулама» пәні мына негізгі бөлімдерден тұрады: газдардағы электрлік разрядтар, жоғары кернеу қондырғыларының оқшауламасы, жоғары кернеулі зертханалардағы жабдықтар, жоғары кернеуде өлшеу, найзағайлы асқын кернеу және электр қондыларындағы электр жабдықтарын қорғау, жоғары кернеу электр қондыларындағы жерлендіру, ішкі асқын кернеудің жалпы сипаттамасы, асқын кернеуден қорғау апараттары және құрылғылары.

          Әдістемелік нұсқау ЕГЖ орындауға арналған және мыналардан құралады: жұмыстың мақсаты және міндеті, көлемі және мазмұны.

 

Кіріспе 

«Жоғары кернеулер техникасы. Асқын кернеу және оқшаулама» курсын оқытудың мәні электр болып қондырғылары мен электр беріліс желілерінің сенімді және экономикалық тиімді оқшауламаларын жасап шығару сұрақтары табылады.

Оқшауламалық құрылымдардың жұмыс шарттары әсер етуші кернеудің шамасымен анықталады. Қалыпты жұмыс режімінің бұзылуы кезінде немесе коммутациялық режимде, ЭӨЖ-де кернеу күрт өсуі мүмкін және ол оқшауламаның электрлік беріктігінен асып түсіп, оның тесілуіне алып келеді.  Асқын кернеу мынадай ұнамсыз құбылыстармен қоса жүреді: тәж, жылжымалы разряд, бірең-сараң разряд, (б.р.) және т.б.. Бұл оқшауламаның ескеру процестері, оның жұмысын тоқтатуына алып келеді. Сондықтан, сенімді жоғары кернеу оқшауламасын жасау электр беріліс жүйелерінде пайда болатын асқын кернеу параметрлерін бағалау және түрлерін анықтау, оқшауламаның оптималды деңгейін және асқын кернеуден негізгі қорғау жүйесін таңдау сұрақтары ең маңызды болып табылады.

 

1 Жұмыстың мақсаты мен міндеттері

 

Есептеу – графикалық  жұмыстың мақсаты болып, курстың негізгі бөлімдері бойынша берілген тапсырмаларды өз бетімен шешуге дағдылану, қойылған сұрақтарға жауап бере білу, сонымен қатар техникалық әдебиеттермен жұмыс істеуге дағдылану табылады.

Есептеу - графикалық жұмыстар тәжірибелік шешуге арналған үш тапсырмадан және негізгі курс бойынша сұрақтардан тұрады.

Есептеу - графикалық жұмыстар төменде берілген нұсқалар бойынша орындалады.

 

2 Жұмыстың мазмұны және көлемі

 

2.1 Бастапқы мәліметтер

 

Жұмысты орындау үшін бастапқы мәліметтер нұсқаға сәйкес алынады, онда мыналар берілген:

- қосалқы станса типі;

- қандай электр беріліс желісінен қоректенеді;

- шыққан электр беріліс желілер типі

- өтпелі оқшаулама сипаттамасы;

- қосалқы стансалардағы разрядтауыштардың типі.

 

2.2 Есептеу – графикалық жұмыстың мазмұны

 

Есептеу – графикалық жұмысқа, ЭБЖ өткізгіштерімен жерлендірілген бөліктері, электр беріліс желілерінің потенциалдық нүктелері аралықтарындағы әуе кеңістіктерінің оқшауламалық қасиетін анықтау бойынша техникалық шешімдер және есептеулер сұрақтары кіреді.

Атмосфералық және ішкі асқын кернеуден қорғауға, ЭБЖ бағаналары және кабелдері оқшауламаларына, беттік және тәждік разрядтарға байланысты сұрақтар қарастырылады.

Электр беріліс желілерінің найзағайға төзімділігіне, күштік трансформаторлар оқшауламаларындағы кернеуге, 10 кВ ЭБЖ тораптарындағы нейтралдың ығысу кернеуіне есептеулер жүргізіледі.

 

Соседние файлы в папке 2102172