Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга профилактика.doc
Скачиваний:
330
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
3.47 Mб
Скачать

5.5. Тіс жегісін алдын-алуда тістердің шұңқырлары мен фиссураларының герметизациясы

Тіс жегісінің дамуы үшін зоналар ретінде эмаль тереңделулерінің ерекшеліктері

Фиссуралар мен шұңқырлар деп молярлар, премолярлар және күрек тістер эмалінің қатпарларын атайды. Эмаль беткейіндегі бұл тереңделулер тіс жегісі жиі дамитын зоналар ретінде белгілі. Робертсон 1835 ж. «тіс жегісінің даму қаупі тісте фиссуралар мен шұңқырлардың мөлшеріне және олардың тереңдігіне тікелей пропорциональды» деп жазған. Блэк шайнау беткейлері дентальды тек 12% құрғанмен тұрақты тістесуде олардың үлесіне тіс жегісінің 45% келеді. Қазіргі кезде балаларда окклюзионды беткейлер тіс жегісінің үлесі 80%-ға дейін өсті. Молярлар жарып шыққаннан кейін бұзылады: бірінші тұрақты молярлардың тіс жегісі 5 жастағы балалардың 15%, 6 жастағы балалардың 21-86% және 11 жастағы балалардың 80-100%-да анықталады. Соңғы жылдары фиссуралардың тіс жегісі ересек адамдарда да дамиды. Окклюзионды беткейлердің тіс жегісін ерте анықтау және адекватты емдеу қиын, оның нәтижесі тұрақты тістердің жұлудың өкінішті статистикасы болып табылады: оқушыларда тіс қатары ақауларының 80% бірінші тұрақты молярлардың болмауымен байланысты.

Молярлардың одонтоглификасы. Шұңқырлар мен фиссуралардың сипаттамасы

Эмальдағы клиникалық маңызды тереңделулер негізінен молярлар мен премолярлардың окклюзионды беткейлерінде орналасады, жиі жоғарғы жақ молярлардың таңдайлық беткейінде және төменгі жақ молярлардың вестибулярлы беткейінде айқын, сирек – күрек тістердің оральды беткейінде.

Молярлардың шайнау беткейінің одонтоглификасы күрделі. Европеоидтар үшін төменгі жақтың бес төмпешікті молярлары және жоғарғы жақтың төрт төмпешікті молярлары тән, басқа да нұсқалары кездеседі. Фиссуралар мен шұңқырлар деп тістің медиальды, дистальды, оральды және вестибулярлы беткейлеріне қатысты олардың топографиясына сәйкес атайды. Олардың таң қаларлық түрі болуы мүмкін. Жиі эмальдың айқын тереңделулер аймағындағы тіндер зақымдалады: жоғарғы жақтың типтік молярларында – орталық шұңқыр мен дистальды жүлге аймақтары, төменгі жақ молярларында – мезиальды және дистальды жүлгелер, орталық шұңқыр.

Фиссуралар өзегі 0,005-тен 1,5мм-ге дейін диаметрі болуы мүмкін, оның тереңдігі 0,1-ден 3,0 мм-ге дейін болуы мүмкін, түбінің диаметрі – 0,1-ден 1,2 мм-ге дейін. Осыған байланысты фиссуралардың морфологиялық нұсқаларын ажыратады (табл. 5.24). Форма белгілері бойынша бөледі:

а) тұрақты диаметрі бар фиссуралар;

б) кең кіреберісі мен тар түбі бар;

в) тар кіреберісі мен кең түбі бар;

Тереңдік белгілері бойынша бөледі:

а) терең емес фиссуралар (эмальдің 1/3 қалыңдығына дейін);

б) орташа тереңдікте (эмальдың ½ қалыңдығына дейін);

в) терең (100 мкм эмаль-дентин шекарасына дейін жетпейтіндер);

г) толық (дентинге жететіндер).

Тіс жегісі жиі жіңішке және жабық фиссураларда дамиды; ең көп қолайсыз морфологиялық вариант жіңішке кіреберісі мен кең түбі бар терең фиссуралар болып табылады. Терең жабық фиссуралар – бұл жеке адам иммунитетінің төмендігі мен көмірсулардың жоғары қажеттілігімен, сілекей және тіс ұрығының төмен минерализациясының дамуымен байланысты тістер қалыптасуының ақауы. Фторидтің жетіспеушілігі кезінде ашық терең емес фиссуралар үлесі көбейеді.

Таблица 5.24