Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Жарылыстар

.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
48.97 Кб
Скачать

ТЕРІНІ ҚОРҒАУДЫҢ ЖЕКЕ ҚҰРАЛДАРЫ – адамның тері қабатын аэрозольдерден, будан, тамшылардан, химиялық заттардың сұйық түрінен, сондай-ақ от пен жылудан болатын сәулеленуден қорғауға арналған жеке қорғау құралдары.

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ЖЕКЕ ЖӘНЕ ҰЖЫМДЫҚ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫ – қызметкерлерге әсер ететін зиянды немесе қауіпті өндіріс факторларын жою немесе азайту үшін, сондай-ақ ластанудан қорғау үшін пайдаланылатын техникалық құралдар.

АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН ИНЖЕНЕРЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚҰРАЛДАРЫ – ТЖ аймағында авариялық-құтқару жұмыстарын механизациялау (негізгі және қосымша) құралдарының құрамдас бөлігі.

ҰЖЫМДЫҚ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫ – жеке құрам мен тұрғындарды кәдімгі қару-жарақ пен жаппай қырып-жою қаруынан топтық қорғауға арналған арнайы құрылыстар мен жабдықтар. Құрамында: фортификациялық құрылыстар (окоптар, орлар, блиндаждар, баспаналар, жасыру орындары және т.б.); АҚ-тың қорғау құралдары; жылжымалы және тасымалданатын құралдар (брондалған машиналар, арнайы шатырлар және басқалар). Герметикалық (сүзгілі желдеткіш жабдығымен) және саңылаулы болуы мүмкін.

Өндіріс орындарындағы техника және еңбек қауіпсіздігі деген сөз бүгінде тек нақты іспен айқындалып келеді. Әрине, өркендеген, өрістеген өндіріс орындарының қай-қайсы болса да түгелдей дерлік техниканың көмегіне тәуелді. Ал, техника бар жерде тәуекел етпей еңбек ету мүмкін бе?! Иә, мүмкін екен.

Техника қауіпсіздігін мейлінше сақтай отырып, басқадай бір «төтен ерлік» немесе «көзжұмбай батырлыққа» жол беруге болмайды. Өндірістің өзегіне айналған техниканың қауіпсіз еңбекке қызмет етуі дегеніміз оқыс оқиғаларға, орны толмас өкініштерге жол бермеу болып табылады. Ал, бұған қайтсе, қалай қол жеткізуге болады? Міне, осыған «Қазақмыс» корпорациясына қарасты кәсіпорындардың бәрінде дерлік жеткілікті түрде мән берілу жаңаша тұрғыда жаңа «Өмір» жобасы бойынша қолға алынды. Бұл дегеніміз, еңбек адамының өзі-өзіне және қасындағы әріптесіне еш қолайсыздық тудырмай, қауіпті жағдай туғызбай әрекет етуі дегенге саяды. Осы тұрғыдан келгенде кеніштерде техника қауіпсіздігінің сақталуына толық жету мақсатында арнайы жиындар, тәжірибелік сынақтар тиісті лауазымды басшылардың өздерінің қатысуымен өткізіп отыру тәжірибесі де өз жемісін бере бастады. Өткен бір жолғы техника қауіпсіздігі мәселесіне арналған Солтүстік Жезқазған кенішіндегі өткен кеңесте осы кеніштің директоры, әрі қауіпсіздік жөніндегі комитеттің төрағасы Есбол Айбеков атқарылған жұмыстарды жан-жақты саралады. Тұтас корпорация бойынша қолға алынып отырған жаңа осы «Өмір» деп аталатын жобаның тиімділігіне мән берді. Өз сөзінде:

– Аты айтып тұрғандай, өмірдің қымбаттығы, баға жетпес бақыт екенін бәріміз білеміз, – деді ол. – Бұл жобаның әр еңбек адамына берері мол. Кімде-кім өзі еңбек ететін ортаға ықтиятты, ықыласты қарайтын болса, немқұрайлыққа жол берілмейді. Сана сілкінеді. Міне, «Өмір» жобасының мәні осында жатыр. Өндіріске енді-енді ене бастаса да, бұл жоба алғашқы айлардан бастап-ақ көп нәтижелерге жол ашты – бізде жыл басынан бері оқыс оқиға, төтенше жағдайлар тіркелген жоқ. Бұған, әрине, осы жобаның жүзеге асуының әсері көп болды, – деген кеніш директоры, қауіпсіздік жөніндегі комитеттің төрағасы Есбол Айбеков мырза. Оның бұл пікірін Ақши-Спасск карьерінің аға энергетигі Рахип Иденов, осы карьердің бас инженері Бауыржан Сүлейменов және «Итауыз» карьерінің энергетигі Марғұлан Ережепов те қуаттап толықтырды. Ортаға ойларын қосқан бұл мамандардың пікірі бір түйінге тоғысты. Ал, шын мәнінде де өндірісте қауіпсіз еңбек ету әркімнің өзіне байланысты десек, еңбек адамының өз ортасына тәуекелсіз, қауіпсіз еңбектің үлгісін көрсеткеніне байланысты. Былайша айтқанда, «сақтансаң – сақтаймын» деген емес пе?! Демек, алып корпорацияның қолға алып отырған бұл жаңа бастамасы кәсіпорындарда, басқа да өндіріс салаларында кеңінен қолдау табуы – мұндағы жаңа бір игілікті істерге жол ашып отыр. Алдағы уақытта жаңа жобаны жетілдіре отырып, тың табыстарға оқыс оқиғаларсыз қол жеткізу жоба жетекшілерінің негізгі мақсатына айналған. Жан-жақты қолдау тапқан жаңа «Өмір» жобасының алдағы уақытта да өндіріске еркін еніп орнығуы, қауіпсіз еңбектің толық кепілі ретінде қаралуда. Оған, әрине, бұл жоба қолға алынып жатқан кеніштердегі жоғары табыс пен қауіпсіз еңбектің орын алуы кепіл болғандай.

Батырбек Мырзабеков.

Қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы

Осы Заң қауiптi өнеркәсiптiк объектілердi қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарды реттейдi, қауiпті өнеркәсiптiк объектiлерде авариялардың алдын алуға, олардың зардаптарын оқшаулау мен жоюға ұйымдардың дайындығын, авариялардың жеке адамдар мен заңды тұлғаларға, қоршаған орта мен мемлекетке келтiрген залалдарын кепiлдендiрiлген өтеудi қамтамасыз етуге бағытталған.

Еңбек қатынастары мен еңбектi қорғау, экологиялық және өрт қауiпсiздiгi, атом энергиясын пайдалану, химиялық және ядролық қаруды жою, оқ-дәрiлердi пайдалану мен кәдеге жарату салаларындағы құқықтық реттеу арнаулы заңдармен жүзеге асырылады.

Қауiптi өнеркәсiптiк объектiдегi авария - адамдардың қаза табуына әкеп соғуы мүмкiн немесе әкеп соққан, олардың денсаулығына, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiне зиян тигiзген, едәуiр материалдық нұқсан келтiрген және халықтың тiршiлiк жағдайларын бұзған технологиялық процестiң бұзылуы, тетiктердiң, жабдықтар мен құрылыстардың зақымдануы;

қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк (бұдан әрi - өнеркәсiптiк қауiпсiздiк) - жеке және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердегi авариялар мен аталған авариялардың зардаптарынан қорғалуының жай-күйi;

өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету - авариялардың алдын алу, қауiптi өнеркәсiптiк объектiлерде олар туындаған кезде оларға дайын болу мен жоюға бағытталған экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық және құқықтық сипаттағы бара-бар шаралардың жүйесiн әзiрлеу мен жүзеге асыру;

өнеркәсiптiк қауіпсiздiктiң ережелерi - қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердегi қызметтi ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлер;

өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң талаптары - орындалуы өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нормаларға сәйкестiк мiндеттемелерi.

өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесі (ӨҚБЖ) көпдеңгейлі сипатқа ие және қауіпті өндірістік объектілердің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға, осы объектілердегі апаттар мен жанжалдардың алдын алуға және апаттарды, жанжалдарды болдырмауға және олардың салдарларын жоюға дайындықты қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық, еңбек, материалдық және қаржы ресурстар жиынтығы болып табылады.

Өндірістік бақылауды жүзеге асырған кезде келесі міндеттер шешіледі:

заңдармен және басқа да нормативтік-құқықтық актілермен белгіленген ӨҚ талаптарын сақтауды қамтамасыз ету және тұрақты бақылау;

Өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына ықпал ететін бұзушылық жағдайлары мен себептерін айқындау;

қауіпті өндірістік объектілердегі ӨҚ жағдайын талдау;

ӨҚ жағдайын жақсартуға және үшінші тұлғаларға, қоршаған ортаға келтірілетін залалды болдырмауға бағытталған шараларды әзірлеу;

қауіпті өндірістік объектілердегі апаттардың, жанжалдардың алдын алуға және олардың салдарларын жоюға дайындықты қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды үйлестіру;

қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын техникалық құрылғыларды, энергетикалық құрал-жабдықты уақытылы сынаудан өткізуді және куәландыруды, бақылау өлшеу құралдарын жөндеуді және тексеруді бақылау;

технологиялық тәртіптің сақталуын тұрақты бақылау;

өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайын тексеруді жүргізу және қауіпті өндірістік факторларды айқындау;

өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыскерлерді даярлауды және аттестаттауды ұйымдастыру және бақылау.

Өндірістік бақылау – бұл ӨҚБЖ құрамдас бөлігі, ол қауіпті өндірістік объектілердің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, осы объектілердегі апаттар мен жанжалдардың алдын алуға, апаттар мен жанжалдарды болдырмауға және олардың салдарларын жоюға дайындықты қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу арқылы жүзеге асырылады.

ӨҚ талаптарының сақталуын тұрақты бақылау, кәсіпорынның ҚӨО тексеру жиілілігі мен жоспарлылығы өндірістік бақылаудың негізгі қағидаты болып табылады

ҚР 17.03.93 жылы өзгеріп, крсымша 28.06.2002 жылы толықтырылған Министрлер кабинетінін бұйрығымен бекітілген «Енбек кызметін орьгадаумен байланысты жұмысшылар мен кызметкерлердің денсаулығының зақымдалуы мен жеке меншігініц барлық шығынын есептеудің ұйымдык ережесіне» сөйкес зиян келтіру мөлшері 12 айда, орташа ецбек ақысы негізінде есептелінеді.

Егер жарақат алған жұмысшы, тұрғындарды өлеуметгік қорғау аймағындағы орталық орындаушы органдардыц территориялы бөлімшесінде көмек түрлерін (емдеу, косымша тамақтану, дәрі -дәрмек алу, медициналык тексеруден өту, санитарлы- курортгық емдеу, зиян шегушінің емделу орнына барып - қайтуына телем ақысын қоса алғанда), алмаса, ұйым жарақат алған жұмысшыға ецбек акысына қосымша жәрдем ақы береді жөне косымпіа шығынды төлейді.

Арнайы медициналык және тұрмыстық күтім қажет, зиян шегушіге, шығынды өрбір күтім түріне байланысты бірден кем емес есептік айлық көрсеткішінен боліп отырады.

Ұйым зиян шеккен жұмысшыға және оныц отбасы мүшелеріне және зардап шеккен жұмысшының қаза болуына байланысты шығынын төлеуге, тұрғын ауданныц төлемі бойынша жеңілдіктер жасауға, балалар мекемелеріндегі балалардын шығынын төлеуге, жалпы көлік түрлеріндегі жол ақысын төлеуге жөне басқа да көмек түрлерін көрсетуге міндетті.

Қауіпті өндірістік объектілерге

мынадай:

Тұтанғыш – қалыпты қысым және ауамен қосылу жағдайында тұтанғыш болатын және қайнау температурасы қалыпты қысым жағдайында 20 немесе одан төмен Цельсий градусын құрайтын зат;

жарылғыш - сыртқы әсердің белгілі бір түрлері кезінде жылу бөліп, газ құрап, өздігінен жылдам тарайтын химиялық өзгерістерге ұшырай алатын зат;

жанғыш – өздігінен тұтанып, сондай-ақ от алдыру көзінен от алып, оны алып тастағаннан кейін өздігінен жанатын зат;

тотықтандырғыш – жануға көмектесетін, тұтануды тудыратын және (немесе) тотықтандыру-қалпына келтірудің экзотермиялық реакциясы нәтижесінде басқа заттардың тұтануына себеп болатын зат;

Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы

өндiрiстiк бақылау

1. Өндiрiстiк бақылау қауiптi өндiрiстiк объектiлерде қауiптi өндiрiстiк факторлардың өндiрiстiк персоналға, халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсерiнiң тәуекелiн барынша азайту мақсатында жүзеге асырылады.

2. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi өндiрiстiк бақылаудың мiндеттерi қауiптi өндiрiстiк объектiлерде өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, жолсыздықтардың мән-жайлары мен себептерiн анықтау болып табылады.

3. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердi пайдаланатын барлық ұйымдарда өндiрiстiк бақылау туралы ереже әзiрленедi.

Ережеде өнеркәсiптiк қауiпсiздiк нормалары талаптарының iске асырылуын бақылайтын тұлғалардың өкiлеттiгi қамтылуға тиiс.

Бақылауды жүзеге асыратын тұлғалардың функциялары мен өкiлеттiгiн бекiту ұйым бойынша бұйрықпен ресiмделедi.

Өнеркәсiптiк қауiпсiздiкке сараптама жасау

1. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiкке сараптама жасауға:

1) қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салудың, кеңейтудiң, реконструкциялаудың, техникалық қайта жарақтандырудың, консервациялаудың және жоюдың жобалық құжаттамасы жатады.

Жобалық құжаттамаға өзгерiстер енгiзiлген жағдайда мiндеттi түрде қайта сараптама жүргiзiлуге тиiс;

2) қауiптi өндiрiстiк объектiлерде қолданылатын технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар;

3) өндiрiстiк қауiпсiздiк декларациясы;

4) ғимараттардың, құрылыстардың жай-күйi;

5) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiне қауiптi өндiрiстiк объектiлердi пайдаланатын және оларда жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымдар жатады.

2. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасын уәкiлеттi орган аттестаттаған, өтiнiш берушi ұйымға тәуелсiз ұйымдар қауiптi өндiрiстiк объект иесiнiң қаражаты есебiнен жүргiзедi.

3. Сараптамалық қорытынды өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасын жүргiзу нәтижесi болып табылады.

Тексеру материалдары

Аварияны тексеру материалдарына:

1) аварияның себептерiн тексеру үшiн комиссия тағайындау (құру) туралы бұйрық

2) аварияның себептерiн тексеру актiсi, оған:

авария болған жердi қарау хаттамасы, жоспарлар, сызбалар, фото-суреттер;

авария орнының эскизi;

комиссия төрағасының техникалық сараптама тағайындау туралы өкiмi және аварияны тексеру жөнiндегi комиссия шығарған басқа да өкiмдер;

сараптама комиссиясының аварияның себептерi туралы қорытындысы, зертханалық және басқа да зерттеулердiң, эксперименттердiң, талдаулардың нәтижелерi қоса берiледi;

3) авариялық-құтқару қызметi қызметкерлерiнiң (егер олар аварияны жою үшiн шақырылған болса) баянхаттары;

4) аварияға қатысы бар адамдарды, сондай-ақ өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын сақтауға жауапты лауазымды адамдардан жауап алу хаттамалары мен олардың түсiнiктемелерi;

5) қызмет көрсететiн персоналды өнеркәсiптiк қауiпсiздiк бойынша оқыту, олардың бiлiмiн тексеру, нұсқама алуы туралы анықтамалар;

6) аварияның мән-жайы мен себептерiн сипаттайтын басқа да материалдар кiредi.

Тексеру материалдарын техникалық ресiмдеу қауiптi өндiрiстiк объектiнiң

Техникалық қауіпсіздік