Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

хлор мен аммиак

.docx
Скачиваний:
24
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
21.65 Кб
Скачать

КӘУЗ ЖӘНЕ УЗ-мен,амиак пен хлормен ЗАҚЫМДАНҒАН АДАМДАРҒА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ

КӘУЗ және УЗ-дан қорғану үшін әр-түрлі противогаздарды, респираторларды, дене қорғайтын арнайы киімдерді пайдалану керек, қорғаныс ғимараттарға жасырыну немесе биіктеу төбелерді таңдап алу, зарар ауданнан кету қажет. Егер осы шараларды жасап үлгермеген адамдар зиян заттардың ықпалына түскен болса, онда оларды құтқарып, оларға көмек көрсету керек.

Бұл заттардың түрі де, қасиеттері де көп болғандықтан хабары жоқ адамдар оларды ажырата білмейді, оның үстіне, арнайы органдар "Химиялық қауіпі" дабылмен апат туралы хабарлап үлгермеуі де мүмкін. Сондықтан алдымен улы химиялық заттарға тән ерекшеліктерін, олардың қоршауымызда болу белгілерін көрсету қажет:

-біріншіден, олар газ, сұйық, аэрозоль, тамшы түрінде пайдаланылады (УЗ), немесе апат кезінде төгіліп, атылып шығады (КӘУЗ);

-екіншіден, иістері бейтаныс, күнде кездесе қоймайтын, көбінесе өткір, қышқыл, кей-кезде керісінше тәтті болып келеді;

-үшіншіден, олардың түрлі түстісі, түтінді түрлері де кездеседі, адам ауызына бір-түрлі дәм келтіреді;

-төртіншіден, тыныс алу органдарды, денені ашытып тітіркентеді; кейбір сұйық түрлері тиіп кетсе көз бен теріні күйдіру де мүмкін.

Қауіпті жерлерден аулақ жүрген жөн. Ол үшін өмір сүріп тұратын маңайдағы КӘУЗ-ды өндіретін, пайдаланатын немесе көп мөлшерде сақтайтын кәсіпорындарды есте ұстау керек. Зиян заттарды ашық түрінде байқап қалған жағдайда, ол туралы адамдарға, азаматтық қорғаныс штабына, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерге, милицияға хабарлауға міндеттісіз.

Уланып қалған кезде мынадай белгілер пайда болуы мүмкін:

-көздің ашуы, жасы ағуы, күюі, қабағы аурлауы; адам жарықтан қорқу сезімі немесе жарықты ажыратамауы, көздің ісуі;

-терінің күюі, ашуы, қышуы, ісуы, жаралануы, күлдіреуі, түсі өзгеруі (көгеру немесе қызару);

-тыныс алуы қиындау, жөтелу, ауыздан көпіршік кету, тамақ жұталмауы;

-бас айналу, ауру, жүректің айнуы, қатты соғуы, лоқсу, құсу;

жүйке жүйесі зақымданғанда қорқу сезімі пайда болуы, тынышсыздық, мас болуы, сал ауруға ұшырау, шайқалып жүру, үйқыға тарту, айнала заттар көзге қос түрінде көріну, елес пайда болуы;

-жалпы дененің температурасы қан қысымдылығы өзгеру, әлсіздену, естен тану.

Зақымданған адамға көмек көрсету сатылары:

Улы заттардың организмге сіңіуін тоқтату. Ол үшін антихимиялық пакетті қолданып адамның бетінен улы заттарды сүртіп тастау керек, противогаз кигізіп, дененің ашық жерлерің сүртіп, киімнің жағасын, жеңдерін тазалап қауіпті аймақтан алып шығу.

Тасымалдаған кезде жергілікті пәс орындарды, тоннельдерді, сай, тоғай, ми батпақты айналып өткен жөн, өйткені ауыр улы газдар осындай жерде шоғырланып тұрып қалады. Күшті әсер ететін улы заттардың буы қаланың көшелеріне, сая-бақтарына, үйшатырының астына және подъездеріне шөгуі мүмкін.

Жертөле сияқты жерлерге жасырынған адамдар противогазды шешпеу керек, себебі бұндай паналар улы заттардың сұйық тамшыларынан қорғайтынымен олардың буларынан сақтамайды.

Зақым ошағынан шыққанда арнайы қойылған көрсеткіштер арқылы немесе желге бір қырын беріп жүру керек. Сонда да ақырын аяқ басып, жүгірмей, шаң көтермей, үйлерге сүйенбей, айналадағы заттарға, бұтақтарға тимей өтуге тырысу керек. Өсімдіктердің жапырақтары мен бұталарында улағыш заттардың тамшылары болады, олармен жанасуы адамның зақымдануына әкеп соқтыруы мүмкін.

Денеге, киімге жұққан тамшыларды қағазбен, немесе қол орамалмен, шүберектермен сүртіп отыру керек. Противогаздардың әр-түрлі маркалары болатынын естен шығармау керек, кей бір улы заттарға қарсы қосымша сүзгіш қораптар беріледі.

Қауіпсіз орынға жеткізе зардап шеккеннің ауыз-мұрын, көзін шайып, өзін санитарлық өңдеуден өткізеді (мүмкіншілігі болса душ қабылдатады), киімін ауыстырады. Көзді шаю үшін суды немесе соданың 2% -тік ерітіндісін қолдануға болады, вазелин майы 1-2 тамшысын көзге тамызуға да болады. Асқазанды, ішек-қарынды тазалау үшін қолдан құсқызады, іш-өткізетін дәрілік береді. Ішек-қарынға адсорбент еңгізеді - активтендірілген көмірдің, карболеннің 3-4 үлкен ас қасығын 200 мл суға қосып ішкізеді. Іш өткізу үшін натрий сульфаттың немесе магний сульфаттың 20-30 граммын 100 мл суға ерітіп ішкізеді.

Зардап шеккен адамға жылы жағдай, таза ауа қажет, мүмкін қолдан тыныс беріп жүрегін басу немесе оттегімен ингаляциялау керек шығар. Бірақ тұншықтырғыш затты жұтқан адамға қолдан тыныс беруге болмайды. Көмек көрсету барысында жеке дәрі қобдишадан керекті антидотты пайдаланған жөн, ал антихимиялық пакеттегі сұйықтықтың көзге тимеуін қадағалауды ұмытуға болмайды.

-антидатторды уланудың алғашқы кезеңде немесе уланды деген белгілері көрінгеннен кейін бірнеше минут арасында қолдануы нәтиже береді;

-фосфорорганикалық заттар және иприт денеге тисе, оның ашық жерлерін алғашқы 5 минут арасында ішінара санитарлық өңдеуден өткізуі зақымдану ауырлығын едәуір төмендетеді;

-алғашқы жәрдем неғүрлым тезірек көрсетілуі керек, сондықтан бұл жерде зақымданғандар өзіне және өзара көмек беруге тиісті;

-әдетте қолдан тыныс беруді УЗ тараған ауада қолданбайды. Құтқарушылар химиялық зақымдау ауқымына кірер алдында УЗ-дан сақтану үшін жеке адамға арналған дәрі қобдишадан (АИ-2) антидоттың сақтандыру дозасын ішіп, қорғану киімінің, резина етігін, қолғап және противогазды киіп алуы керек. Тіпті химиялық зақымдау ауқымнан зардап шеккен адамды алып шыққаннан кейін де фосфорорганикалық заттар, иприт және басқа да кейбір УЗ-мен зақымдаушылардың алғашқы медициналық көмек көрсетушілерге едәуір қауіпті екенін естен шығармаған жөн. Зақымданушылардың киіміне, шашына және терісіне жұққан УЗ біраз уақыт сақталып, дененің жалаңаш жерлерін зақымдауы мүмкін. Сондай-ақ, әсіресе жабық үй-жайларда, автомашиналарда киімге жұққан УЗ-дың буының десорбциялануы (булануы) есебінен де зақымдануға әбден болады.

Хлор –тыныстарылтқыш өзіндік күшті иісі бар сарғыш-жасыл газ, ауадан 2,5 есе ауыр, суда, спиртте, эфирде жақсы ериді. Хлор өндірістің түрлі салаларында кеңінен қолданылады. Оны маталарды ағарту үшін пайдаланады, целлюлоза мен қағаз өндірісінде, каучук (резеңке) түрлерін жасауда, суқұбырлары стансасында залалсыздандырғыш құрал ретінде суды зарарсыздандыру үшін пайдаланады. Зақымдалған құбырлардан атмосфераға шыққан кезде түтіндейді. Буға айналу барысында және ауада су буымен қосылу барысында жер бетіне жасылтым-ақ түсті тұман ретінде төселеді, төменгі қабаттарға жер асты қоймаларына кіруі мүмкін. Хлор буы тыныс алу ағзаларына, көз бен теріге қатты әсер ететді. Хлор ағзаға негізінен тыныс алу жолдары арқылы енеді. Хлормен улану белгілері: кеуденің қатты ауыруы, құрғақ жөтел, құсу, қозғалыс координациясының бұзылуы, демікпе, көздің ашуы, жас ағу.

Жоғары концентрациямен дем алған жағдайда өлімге әкелу мүмкіндігі бар. Хлормен уланған жағдайдағы көмек. Хлормен уланған адамға «В» немесе «М» маркалы өндірістік газтұтқышын, ГП-5 азаматтық газтұтқышын кигізу қажет, жоғары концентрация жағдайында – айырғыш газтұтқышын кигізіп, жедел умен ластанбаған жерге шығарып, қысатын киімдерден босату қажет. Дем алысы нашарласа немесе тоқтаса «ауыздан ауызға» әдісімен қолдан дем алдыру қажет. Көз, ауыз, мұрынжұтқыншақты кішкене 2-5 %-дық ас сода ерітіндісі қосылған таза сумен шаю керек. Уланған адамға көп сұйық ішкізу қажет: жылы сүт, шай, кофе. Суық мерзімде оны жылыту қажет және толық тыныштықты қамтамасыз ету керек.

Хлормен зақымданғандағы алғашқы медициналық қөмек:

— көзді сумен шаю;

— газқағар немесе 2 тамақ содасы ерітіндісімен шайылан мақта – мата таңғышын кигізу;

— теріде у тамшысы болса, оны сабын ерітіндісімен шаю;

— хлор буымен зақымданушыны зембілмен алып кетеді

Аммияк – мүсәтір иісті түссіз газ, ауадан жеңілірек.Ол тоңазытқыш қондырғыларында хладогент ретінде, тыңайтқыштар және басқа химиялық өнімдерді жасауда қолданылады. Құрғақ түрі ауамен 1:3 қатынаста араласқан кезде жарылыс әкеледі. Суда жақсы ериді. Зақымданған құбырлардан шыққан кезде түтіндейді. Демге тартқан жағдайда қауіпті. Аммияк буы дем алу ағзаларын, көз бен теріні қатты тітіркендіреді. Аммиякпен улану белгілері: жүрексоғуының жиіленуі, тамыр соғуының бұзылуы, жөтел, мұрын бітелу, көздің ашуы мен жасаурауы, дем алудың қиындауы, қатты уланған жағдайда – жүрек айнып, қозғалыс координациясының бұзылуы, сандырақтау. Аммиякпен уланған жағдайдағы көмек. Аммиякпен уланған адамға «КД» немесе «М» маркалы өндірістік газтұтқышын, жоғары концентрация жағдайында – айырғыш газтұтқышын кигізіп, жедел умен ластанған жерден таза ауаға шығару қажет. Ластанбаған жерде уланған адамға су буымен дем алдырады. Дем алысы нашарласа немесе тоқтаса «ауыздан ауызға» әдісімен қолдан дем алдыру қажет. Аммияк асқазанға енген жағдайда бір стақан суға бір шай қасық сіркесуы қосылған бірнеше стақан су ішкізіп құстыру қажет. Аммияк көзді зақымдаған кезде, мол сумен шаю қажет.

Аммиакпен уланғандағы алғашқы көмек;

Зақымдану ошағында өз — өзіне және өзара көмек тәртібімен жүргізіледі;

— көзді алюминий – калийдің 0,5 ерітіндісімен немесе бор қышқылының 2 ерітіндісімен жақсылап шаю;

— газқағар немесе 5 лимон қышқылы ерітіндісімен шайылған мақта – мата таңғышын кигізу;

— тамшы теріге тиген кезде оны сумен жақсылап шаю, ТЖ және АҚ органдары нұсқауы бойынша желге қарсы бағытта зақымдану ошағынан шығу;

— аммиак бумен зақымданушыны тыныштық күйде күту керек, көңіл – күйінің қандай екндігіне қарамастан жатқызып қойып алып кеткен жөн:

Әдебиет:

1.Будагян Ф.Е. Пищевые токсикозы, токсикоинфекции и их профилактика. —М.: Медицина, 1972. —216 б.

2. Козярин И.П., Слободкин В.И. Неотложная помощь при пищевых отравлениях // Скорая и неотложная медицинская помощь. Под ред. Зозули И.С. и Чекмана И.С. —К.: Здоров'я, 2002. —С. 699—720.

3. Мельникова И.П. Оказание первой помощи при химических отравлениях. 2009 ж.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]