Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Таяз іргетастарды есептеу.docx
Скачиваний:
53
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
528.33 Кб
Скачать

4 Қадалы іргетастарды жобалау және конструкциялау

Негізгі есептік ережелер. Қадалы іргетастар мен олардың негіздері екі шекті күйлер тобы бойнша есептеледі:

  • бірінші тобы бойынша – қадалы іргетастардың негізін көтергіштік қабілетін есептеу; қадаларды материалдар бойынша беріктігін есептеу;

  • екінші тобы бойынша – қадалы іргетастардың шөгуін есептеу.

Топырақ негізінің көтергіштік қабілеті бойынша есеп мына формуламен табылады:

N≤Fdк (13)

мұнда N – қадаға түсетін тік жүтеме (күш), кН; Fd – қаданың көтергіштік қабілеті; (2),(5),(12) формулаларда анықталған; γк – сенімділік коэффициенті (γк = 1,2 ; 1,4).

Қадалы іргетастарды екінші тобы бойынша есептеу мына шартнен анықталады:

S≤Su , (14)

мұнда S – қадалы іргетастың есептік шөгуі; Su – қадалы іргетастың шектік шөгуі, ҚНжЕ бойынша анықталады.

Қадалардың және ростверктердің беріктігін есептеу олардың материалдарына (темірбетон, бетон, ағаш, металл) байланысты ҚНжЕ бойынша жасалады.

Қадалы іргетастарды жобалау реттілігі:

  1. Қадалы іргетастың конструкциясын қабыл ету, таңдау.

  2. Ростверктің (қадалардың үстундегі плита) орнатылатын тереңдігін анықтау.

  3. Жеке қаданың көтергіштік қабілетін анықтау.

  4. Қадалы іргетастағы қадалардың санын анықтау, оларды белгілеп планда орналастыру.

  5. Қадалы іргетасты көтергіштік қабілеті бойынша есептеу.

  6. Қадалы іргетастың шөгуін есептеу.

Қадалы іргетастарды жобалауда керекті формулаларды келтірейік. Қадалардың есептік кедергісі Ғα, кН (2), (5) формулалармен анықталады.

ҚНжЕ бойынша қаданың есептік жүктемесі Рқ, кН, мына формуламен табылады:

Fdk , (15)

мұнда Fα - жеке қаданың котергіштік қабілеті; - сенімділік коэффициенті (=1,4).

Қадалы іргетастағы қадалардың саны келесі формуламен есептеледі:

, (16)

мұнда N0 – ғимараттан, имараттан іргетасқа түсетін тік есептік жүктеме (куш), кН; Np - ростверктін салмағы, кН; - коэффициент (=1.1-1.2 )

Қадалардың саның ( nk ) анықталған сон оларды ростверкте орналастыру керек.

Қадалардын тобын ростверктін планында (сызба-жоспарда) орналасуы 10 суретте көрсетілген

10-сурет. Қадалардың планда орналасуы.

Әрбір қадаға түсетін фактілік жүктеме мына формуламен анықталады:

. (17)

ҚНжЕ бойынша шартты қадалы іргетастың құрамында ростверк, қадалар оның арасындағы топырақтар болады. Шартты қадалы іргетастын контуры былай анықталады. АБ жазықтығы астында, ол қадалардын астынғы болігінен өтеді (Сурет 11). Қырынан вертикальді АВ мен ГБ жазықтықтары h-tgφорт /4 аралығында өтеді. Мұнда: h- ростверктін табанымен шартты қадалы іргетастын астынғы жазықтықтын аралығы, м: φорт - қадалы іргетастын аралығындағы топырақтын ішкі үйкеліс бұрышының орталық мәні, град.

11-сурет.

111111111 1

х

12-сурет. Қадалардың планда орналасуы: 1-қадалар; 2-ростверктің планы

Центрден тыс жүктелген қадалы іргетастарды жобалағанда жеке қадаға түсетін есептік жүктеме, кН, (Сурет 12) мына формуламен анықталады:

, (18)

мұнда N-қадалы іргетасқа (қадалардың үстінгі жазықтығына) түсетін қосынды тік есептік жүктеме (куш), кН; nқ -қадалар саны; Mx, My -басты центрлік шотерге (x,y) қатысты моменттер, кH⁄м x,y-басты остермен есептейтін қаданын осіне қатысты аралығы, м; хі, уі - басты остермен әр қаданын осіне қатысты аралығы, м .

Максималдык жүктеме (Nmax) 12 шартқа қанағаттану керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]