Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия шум, вибрация каз.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
186.37 Кб
Скачать

6.2. Шу, жалпы және жергілікті дірілдің ағзаға әсері

Адамның құлағы дыбысты тек жиілік пен қарқындылықтың кең диапазонында қабылдап, анализдей алады. Адам құлағымен естілетін дыбыс диапазоны 16-20Гц-тен 20кГц-ке дейін.

Естілетін дыбыстар аумағы табалдырық деп аталатын екі қисықпен шектелген: төменгі қисық – естілу табалдырығын анықтайды (әртүрлі жиілікті әлсәз естілетін дыбыстар). Жоғары қисық-ауруды сезіну табалдырығы (дыбыс мүшесінің ауру сезінуге шақыртатын дыбыс күші), дыбыс қарқындылығы 140 дБ дейін.

Шу жалпы биологиялық қоздырғыш болып табылады, біріншіден ол бас миінің құрылымдарына әсер етіп ағзаның әртүрлі қызметтік жүелерде ақауларды туындатады.

Шу әсерінен капиллярлар таралу мен артериялық қысымының өзгеру салдарынан перифериялық қанайналым жүйесінің қызметі бұзылады.

Шудың ағзаға жағымсыз әсері келесі көрсеткіштермен сипатталады: еңбек қабілетінің төмендеуі нәтижесінде шу патологиясының пайда болуына әкеледі.

Шулы жағдайда есту мүшесі екі қызмет атқарады: ағзаны сенсорлы ақпаратымен қамтамассыз етеді яғни қоршаған ортаға бейімделуге мүмкіндік береді және өзін-өзі қорғаудың қамтамассыз етеді яғни акустикалық дыбыстың зақымдау әсеріне қарсы тұрады. Шу кезінде бұл екі қызметі қарама-қайшылыққа ие болады. Бір жағынан есту мүшесі ақпаратты сигналдарға жоғары сезімталдылыққа ие болу керек, ал екінші жағынан шуға бейімделу үшін есту сезімталдылық төмендеу керек. Осыдан ағза келісімген келіп есту сезімталдылығы төмендетеді, яғни сонымен біргеесту мүшесінің «ішкі» бейімділігі бүкіл ағзананың бейімделуінің төмендеуі жүреді.

Адамда сезім мүшелері арасында тығыз өзара әрекеттестік болады. Шу есту мүшесіне әсер етіп тікелей орталық жүйке жүйесі арқылы басқа анализаторға, көру мүшесіне негізінен жарық сезгіш аппаратына әсер етеді. Шу жарық жылтылдаулар қосылуының шеткі жиілігін, нақты көру тұрақтылығын және көру моторлы реакцияның латентті периодын өзгертеді.

Шудың жүрек-тамыр жүйесіне шудың әсері жөнінде біркелкі пікір жоқ. Бір ғылымдар шудың әсеріне жауап ретінде артериыльды қысымның жоғарлауын айтса, екіншілері оның төмендеуін айтады.

Үлкен тоқымашылар тобына жүргізілген эпидемиологиялық зерттеулер шудың гипертониялық аурудың қауіп факторы болып келетінін көрсетті. Бұл аурудың даму ықтималдылығы 1,5-1,9%. Бірақ шудың жүрек-тамыр жүйесіне және негізінен гипертониялық пен ишемиялық аурулар әсер туралы нақты мәліметті алу үшін бұл бағыттағы зерттеулер жүргізу керек.

Қарқынды шумен әсер еткенде витамин алмасуының бұзылуы орны алады. Көмірсулы, аққуызды, холестеринді және су-тұз алмасуының өзгерістері туралы мәліметтер бар.

Қазіргі кезде шудың ұщақ бойы әсер етуі тең шаршауына әсер еткен күмәнсіз, ал бұл фактор өндірістік еңбек төмендеуі мен жалпы және кәсіптік аурулардың жоғарлауына әсер етеді.

У патологиялардың көптеген түзілістерінің ішінде басты клиникалық белгі болып кохмарлы неврит типі бойынша естудің баяу дамитін қажуға әкеледі.

Дірілдің белсенділігі жоғары факторларға жатады. Ағзаның әртүрлі жүйелер жағынан қызметтік жылжытулар бағытының сипаты негізінен дірілді әсердің деңгейімен спектрлі құрамымен анықталады.

Сол кезде негізгі ролді күрделі тербелетін жүйе ретінде адам ағзасының биомеханикалық қасиетіне берілетін.

Тербелістің таралу деңгейі олардың жиілігі мен амплитудасына, дірілдейтін объектпен беттесетін дене аумақтарына, тиісужеріне және діріл әсері осінің бағытталуына, резонанс түзілісіне және басқа жағдайларына тәуелді.

Төмен жиілікте діріл дене бойымен тербеліс қозғалысымен бүкіл дене мен басын қамтып аз сөнумен таралады.

Адам денесінің биодинамикасындағы резонансы анатимиялық құрылымдар, мүшелер мен жүйелер денеге беттескен сыртқы діріл әсерінен үлкен амплитудамен тербеліс алатын түзіліс ретінде анықталады.

Дене резонансына келесі факторлар әсер етеді: дене салмағы, жеке адамның бұлшықеттерінің қалпы мен ширығуының деңгейі және т.б.

Бас үшін резонанс аумағы 20-30Гц (тік ұстағанда), 1,5-2Гц (көлденен ұстағанда), көздер үшін 60-90Гц, торакоабдоминальды мүшелер үшін 3-3,5гц, дене үшін 4-6Гц.

Дірілге аза реакцияның генезінде негізгі орынды анализаторлар болады: терілік, вестибулярлы, қозғалыстық.

Дірілдің адам ағзасына әсері

Адамның дірілді қабылдау – оның физикалық параметрлеріне тәуелді күрделі физиологиялық процесс. Тер анализаторында дірілдің механикалық энергияның жүйке процессіне ауысуы әртүрлі тері қабаттарында жататын (Мейнер, Пачини денешіктері) және сіңір, фасция мен буын рецепторларында орналасқан механорецепторларда өтеді. Тактильді тітіркену туралы ақпарат сопақша м мен таламус арқылы үлкен жартышырлырдың қыртысын соматосенсорлы аумағына сезімтал нейрондарының талшықтары арқылы өткізіледі.

Мүмкін діріл ішкі мүшелер мен ұлпалардың механорецепторларымен қабылданады. Баста пайда болған тербелістер вестибулярлы анализаторлармен қабылданады. Дірілдің жағымсыз кәсіптік факторлар комплексімен қоса ұзақ әсері нәтижесінде жұмыскерлер ағзасында тұрақты патологиялық бұзылыстарына әкеледі. Бұл кәсіптік патологиялық процессінің жанжақты анализі оның діріл ауруының жеке нозологиялық форма ретінде бөлінуіне әкеледі.