Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МПФ лекция каз.docx
Скачиваний:
76
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
135.44 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ПАТОФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

«МЕДИЦИНАЛЫҚ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

1. тақырып. ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ ПӘНІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ

Мақсаты: жоғары медициналық білім беру жүйесінде патологиялық физиология пәнінің маңызы туралы түсініктерді қалыптастыруу

Дәріс жоспары:

  1. Патологиялық физиология курсына кіріспе.

  2. Патофизиология ғылым және оқу пәні ретінде жоғары медициналық білім беру жүйесіндегі орны мен маңызы, оның басқа ғылымдармен байланыстылығы.патологиялық физиологияның негізгі міндеттері

  3. Патологиялық физиологияның әдістері. Медициналық-биологиялық тәжірибені құрудың жалпы ұстанымдары. Адам ауруларын зерттеуде жануарларда дерттік үрдістерді үлгілеу және эксперименттік емдеу мүмкіндіктері мен маңызы. Медицинада тәжірибенің және басқа да үлгілеу әдістерінің шектеулігі және оған қол жеткізу жолдары.

Дәрістің тезистері

Патофизиология (грекше Pathos – ауру, дерт, physis – табиғат, қызмет, logos - ғылым) – ауруға шалдыққан организмнің қызметі туралы ғылым.

Патофизиология аурулардың пайда болуы, дамуы және аяқталуының негізгі заңдылықтарын зерттейді.

Патофизиологияның міндеттері

  • Жалпы этиология сұрақтарын зерттеу

  • Патогенез сұрақтарын зерттеу

  • Экспериментік емдеу тәсілдерін өңдеу

  • Дәрігерлік ойлауды қалыптастыру

Патофизиологияның негізгі тәсілі – патофизиологиялық эксперимент – әртүрлі аурулардың пайда болу, даму тетіктеріің заңдылықтарын зерттеу және емдеу мен алдын алудың жаңа әдістерін өңдеу және тиімділігін анықтау, дәрілік заттарды клиникаға дейін зерттеу.

Патофизиология (от греч. Pathos - болезнь, physis – природа, функция, logos - учение) – наука о функциях больного организма.

Патофизиология изучает общие закономерности возникновения, развития и исходов болезней.

Задачи патофизиологии

  • Изучение вопросов общей этиологии

  • Изучение вопросов патогенеза

  • Разработка методов экспериментальной терапии

  • Формирование врачебного мышления

Основной метод патофизиологии – патофизиологический эксперимент - установление закономерностей возникновения различных болезней, механизмов их развития, разработка и проверка эффективности новых методов профилактики и лечения, доклиническое исследование лекарственных препаратов

Pathophysiology (Greek Pathos - disease, physis - nature, function, logos -science) – is the study of seak organism’s functions. Pathophysiology studies the general laws of the occurance, development and outcome of disease. The tasks of the pathophysiology 1. The study of etiology 2. The study of pathogenesis 3. Researching methods of experimental therapy 4. Formation of medical thinking The basic method of Pathophysiology – is pathophysiological experiment

Патофизиологиялық эксперименттің ерекшелігі: адам ауруларын жануарларда үлгілеу.

Үлгілеуге қойылатын талаптар:

  1. Ауруды тудыратын себеп пен жағдайдың сәйкестігі және оны үлгілеуде қолдану

  2. Ауру мен оның үлгісінің жүйелік, ағзалық, жасушалық және молекулалық, қызметтік және құрылымдық өзгерістерінің ұқсастығы

  3. Типтік асқынуларындағы ұқсастық

  4. Бірдей әсерлермен емдеудің тиімділігі

Тәжірибенің артықшылығы:

  • Аурудың бастапқы (әйгіленімсіз) сатысын зерттеу

  • Аурудың емделмеген түрін зерттеу

  • Аурудың кезкелген сатысында ішкі ағзалардың биохимиялық және морфологиялық өзгерістерін зерттеу

  • Емдеудің жаңа әдістерін өңдеу және дәрілік заттарды зерттеу

Тәжірибенің кемшілігі:

  • Адамның барлық ауруын жануарларда үлгілеу мүмкін емес

  • Жануар аурулары адам ауруларынан ерекшеленеді (адам ауруын жануарда толық көлемде алу мүмкін емес)

Қазіргі кезде жануарларда тәжірибе жасау төмендегі негізгі нормативті құқықтық актілермен бақыланады:

  • ҚР ДС 2007 жылғы 25 шілдедегі № 697 «Қазақстан Республикасында клиникаға дейінгі, медициналық-биологиялық тәжірибелер мен клиникалық зерттеулерді жүргізу ережелері туралы» бұйрығы.

  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің 2009 жылғы 12 қарашадағы №51 «Қазақстан Республикасында фармакологиялық және дәрілік заттарды клиникаға дейінгі зерттеу жүргізу бойынша Құрылымды бекіту туралы» бұйрығы

  • Қазақстан Республикасының «Зертханалық тәжірибе. Негізгі қағидалары» мемлекеттік стандарты. Қазақстан Республикасы сауда және индустрия Министрлігінің техникалық реттеу және метрология бойынша Комитетінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы №575 бұйрығы.

  • ҚР денсаулық сақтау Министрінің қ.а. 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 19 «Медициналық ұйымдардың қалдықтарын жою, сақтау және тасымалдау, залалсыздандыру, қолдану, жинауға санитарлық-эпидемиологиялық талаптары» № 2674 құқықтық-нормативті акті бойынша мемлекеттік регистрде тіркелген бұйрығы.

Бұл құжаттардың мақсаты клиникаға дейінгі және медициналық-биологиялық тәжірибелерді бақылау, құжаттық рәсімдеу, жүргізу, жоспарлауға, сонымен бірге зерттеу барысында алынған ақпараттардың дәлдігі мен парықтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Көрнекті материал:

1. Мультимедиялық дәрістердің электронды түрі (студент кафедрадан алады)

2. Курс лекций под ред. А.Н.Нурмухамбетова : Патофизиология в схемах и таблицах: – Алматы: Кітап, 2004. – ҚазҰМУ кітапханасында және кафедрада электронды түрі

Әдебиеттер:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 6-22.

  2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 12-17.

  3. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с.25-61

  4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 18-30.

  5. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 1-14.

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 3-11.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 25-37.

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 25-31.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

  1. Патофизиология нені зерттейді?

  2. Патофизиологияның негізгі әдісі

  3. Жануарлардағы тәжірибенің артықшылығы мен кемшілігі

ЖАЛПЫ НОЗОЛОГИЯ

Мақсаты: жалпы нозологияның негізгі түсініктерінен білім қалыптастыру

Дәріс жоспары:

  1. Жалпы нозология, жалпы нозологияның негізгі түсініктері. Денсаулық және ауру. Аурудың негізгі нышандары. Ауру алды туралы түсінік.

  2. Дерттік үрдіс, дерттік серпіліс, дерттік жағдай.

  3. аурудың сатылары, сипаттамалары.

  4. Өлім, өлу кезеңдері, сипаттамасы.

  5. Тірілтудің ұстанымдары. Тірілтілген ауру туралы түсінік.

Дәрістің тезистері

Нозология – ауру туралы жалпы ілім ( грекше nosus-ауру).

«Денсаулық– бұл аурудың немесе физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, физикалық, психикалық және әлеуметтік толық сәттілік жағдай» БДСҰ.

«Ауру – әртүрлі зақымдаушы агенттің әсерінен қоршаған ортаға бейімделуінің шектелуімен және еңбекке қабілетінің төмендеуімен организмнің қалыпты өмірінің бұзылысы» И.Петров.

Аурудың нышандары

  • Науқастың шағымы

  • Дерттің айғақты әйгіленімдері

  • Қоршаған ортаға науқас адамның икемделіп-бейімделу мүмкіншіліктерінің төмендеуі

  • Еңбекке қабілетінің төмендеуі

Ауру алды – денсаулық пен ауру арасындағы аралық жағдай.

Нозология – учение о болезни (от греч. nosus-болезнь)

«Здоровье – это состояние полного физического, духовного и социального благополучия, а не только отсутствие болезней или физических дефектов» ВОЗ.

«Болезнь – нарушение нормальной жизни организма под влиянием различных повреждающих факторов, характеризующееся ограничением приспособления к окружающей среде и снижением трудоспособности» И.Петров.

Критерии болезни

  • Жалобы больного

  • Данные объективного обследования

  • Снижение адаптации к окружающей среде

  • Снижение трудоспособности

Предболезнь – состояние между здоровьем и болезнью.

Nosology – is the study of disease in general (Greek. Nosus - disease)

“Health is a state of complete physical, psychological and social well-being, and is not just the absence of illnesses or physical defects” (WHO).

“Disease is a disturbance of a normal life under influence of the various pathogenic factors, it is characterized by restriction of the adaptation to an environment and reduction in work capacity” (I.Petrov)

Criteria of Disease:

  • Complaints of the patient

  • The data of objective inspection

  • Reduction of adaptation to an environment

  • Reduction in work capacity

Predisease – a condition between health and illness.

Ауру алдының нышандары

  • Жүктеме кезінде бейімділік мүмкіншіліктерінің шектелуі

  • Байқалған өзгерістердің қайтымдылығы

  • Жүктемелік сынамалармен анықталады (Мартине, Генче, Штанге)

Дерттік серпіліс –(re – қарсы, action - әсер, серпіліс) –

Қандай да бір әсерге организмнің қысқаша, биологиялық мәнсіз және сәйкессіз жауабы

Дерттік үрдіс – зақымдану кезінде әрі қорғану бейімделу және әрі зақымдану серпілістерінің жиынтығы

Біртектес дерттік үрдістер:

  • Адам мен әртүрлі жануарларда бірдей деңгейде өтеді,

  • Көп себепті (полиэтиологиялы),

  • әртүрлі ағзалар мен тіндерде өтеді,

  • айқындығы аз немесе жоғары қорғану-бейімделулік маңызы бар,

  • эволюцияда барысында түзілген

Дерттік жағдай –организм үшін кері биологиялық мәні бар қалыптан тыс тұрақты ауытқу.

Аурудың сатылары:

  • аурудың басталуы

  • нағыз ауру сатысы

  • аурудың аяқталуы

Жұқпалы аурулар сатысы:

  • инкубациялық кезең

  • хабаршы сатысы

  • айқындалу кезеңі

  • аурудың аяқталуы

Аурудың аяқталуы

  • сауығу (толық, шала)

  • созылмалы түрге ауысуы

  • өлім

Өлім

  • табиғи

  • Патологиялық

Өлімнің сатылары: жантәсілім алды, ақтық үзіліс, агония, клиникалық өлім, биологиялық өлім

Реанимация –организмді тірілту. Өлімнің қайтымды сатыларында жүргізуге мүмкіндік бар.

Тірілтудің ұстанымдары:

  • жүрек қызметін қалпына келтіру

  • тынысты қалпына келтіру

  • бұзылған гомеостазды қалпына келтіру

Көрнекті материал:

1. Мультимедиялық дәрістердің электронды түрі (студент кафедрадан алады)

2. Ә.Н.Нұрмұхамбетовтің редакторлығымен дәрістер курсы: Патофизиология в схемах и таблицах: – Алматы: Кітап, 2004. – ҚазҰМУ кітапханасында және кафедрада электронды түрі

Әдебиеттер:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 6-22.

  2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 12-17.

  3. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с.63-89

  4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 18-30.

  5. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 1-14.

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 11-19.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 25-37.

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 25-31.

  4. Адо А.Д. Вопросы общей нозологии. - М.: Медицина, 1982 . - 240 с.

  5. Ударцева Т.П. Гипокинезия как предболезнь //Вестник КагГМУ, 2001. - № 12, с. 56-60.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

  1. аурудың нышандары.

  2. ауру алды нышандары.

  3. жұқпалы аурулардың сатылары.

  4. өлім кезеңдері.

  5. тірілтудің ұстанымдары.

2 тақырып ЖАЛПЫ ЭТИОЛОГИЯ. ЖАЛПЫ ПАТОГЕНЕЗ

Мақсаты: Жалпы этиология мен патогенезінің негізгі түсініктерінен білім қалыптастыру.

Дәріс жоспары:

  1. Этиология, анықтамасы. Ауру туындауындағы себеп пен жағдай туралы түсінік. Ауру дамуындағы себеп пен жағдайдың маңызы.

  2. Этиологиялық жайттардың жіктелуі. Ауру дамуында организм ерекшелігі мен сыртқы орта жайттарының маңызы. Этиологияда тұқымқуалаушылықтың маңызы.

  3. Патогенез туралы түсінік. Патогенездегі себеп-салдарлық арақатынас. Біріншілік зақымдану патогенездегі алғашқы тізбек ретінде. Зақымдану деңгейлері. Патогенездің «бастапқы тізбегі» және патогенездегі «кері айналып соғу шеңбері» туралы түсінік.

  4. Ауруларды этиотропты және патогенездік алдын алу мен емдеу ұстанымдары.

Дәріс тезистері

Этиология (грекше aitia – себеп, logos-ілім) - аурулардың себептері мен себепкер жағдайлары туралы ілім.

Себеп – ауруды дамытатын және оған арнайы белгі беретін жайт.

Себепке тән:

  • Ауру дамуының алдында әсер етеді

  • Аурудың ауыртпалығы мен ауру туындатушы жайттардың қарқындылығы арасында тепе-теңдік бар

  • Ауру туындатқан жайтты аластатқанда ауру белгілері жойылады және науқастың сауығуы дамиды

  • Себепті пайдалана отырып аурудың үлгісін жануарларда алуға болады.

Жағдай – аурудың пайда болуына кедергі немесе жағдай жасайтын жайттар

Патогенез (грекше pathos – ауру, дерт, genesis - даму) – аурудың даму тетіктері, ағымы, аяқталуы туралы ілім.

Патогенез – ауру кезінде туындайтын организмнің бейімделуі мен зақымдануының өзара байланысты үрдістерінің жиынтығы.

Патогенездегі негізгі тізбек – патогенездің келесі тізбектерінің дамуына әкелетін және аурудың арнайы көріністерін беретін тізбек.

Патогенездегі кері айналып соғу шеңбері (circulus vitiosus) – патогенездің тізбектерінің арасында соңғы тізбек алдыңғысын күшейте түсетін, патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастың тұйықталуына әкелетін және салдар себептің әсерін күшейтетін оң кері байланыстың түзілуі.

Аурулардың алдын алу мен емдеудің этиотропты ұстанымы – аурудың себебін аластатуға және организмнің төзімділігін арттыруға бағытталған шаралар

Патогенездік ем – патогенездің негізгі және басқа да тізбектерін жоюға бағытталған шаралар.

Этиология (греч aitia – причина, logos-учение) - учение о причинах и условиях болезни

Причина – тот фактор, который вызывает болезнь и придает ей специфические черты

Для причины характерно:

  • предшествует развитию болезни

  • имеется параллелизм между интенсивностью болезнетворного фактора и тяжестью болезни

  • устранение болезнетворного фактора, как правило, приводит к исчезновению признаков болезни и выздоровлению организма

  • с помощью предполагаемого фактора можно воспроизвести модель болезни на экспериментальных животных.

Условия – те факторы, которые способствуют или препятствуют возникновению болезни

Патогенез (греч. pathos - болезнь, genesis - развитие) – учение о механизмах развития, течения и исходов болезни.

Патогенез - комплекс взаимосвязанных процессов повреждения и адаптации организма, возникающих при болезни.

Ведущее звено патогенеза – то звено, которое приводит к развертыванию остальных звеньев патогенеза и дает специфические проявления болезни.

Порочный круг в патогенезе (circulus vitiosus) – формирование положительной обратной связи между звеньями патогенеза, когда последующее звено патогенеза усугубляет предыдущее, когда причинно-следственные отношения в патогенезе замыкаются, и следствие усугубляет действие причины.

Этиотропный принцип профилактики и терапии болезней – мероприятия, направленные на устранение причины болезни и повышающие резистентность организма

Патогенетическая терапия – мероприятия, направленные на устранение ведущего и других звеньев патогенеза.

Etiology (from Greek words aitia – reason, cause, logos - study)

is the study about the causes and conditions of disease

The cause – is the factor which causes disease and gives it specific features.

  • the cause of disease precedes development of disease

  • there is a parallelism between intensity of the pathogenic factor and severity of illness

  • elimination of the pathogenic factor, as a rule, results in disappearance of symptoms of illness

  • with the help of the prospective cause of disease it is possible to reproduce model of the disease in experiment

Conditions – are the factors which promote or prevent disease occurrence.

The etiotropic principle of prophilaxis and therapy of illnesses means

the actions directed on elimination of the cause of diseases and improving organism’s resistance

Pathogenesis (Greek. pathos - illness, genesis - development) is the study about mechanisms of development of illness.

Pathogenesis is a complex of the interconnected processes of damage and adaptation, arising at illness.

The main (leading) part (link) of pathogenesis – is the factor which cause the development of other links (factors) of pathogenesis

The vicious circle in pathogenesis (circulus vitiosus) – is formation of a positive feedback between the links of pathogenesis when the chain of lesions becomes a circle and the following lesion makes worse the previous one.

Pathogenetic therapy

are the measures directed on elimination of the main and other pathogenetic factors

Көрнекті материал:

1. Мультимедиялық дәрістердің электронды түрі (студент кафедрадан алады)

2. Ә.Н.Нұрмұхамбетовтің редакторлығымен дәрістер курсы: Патофизиология в схемах и таблицах: – Алматы: Кітап, 2004. – ҚазҰМУ кітапханасында және кафедрада электронды түрі

Әдебиеттер:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 22 – 25, 75-80.

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 73-87

  3. Ә.Н.Нұрмұхамбетовтің редакторлығымен дәрістер курсы: Патофизиология в схемах и таблицах: – Алматы: Кітап, 2004. – С. 17-22.

  4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 30 -38.

  5. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 8-14.

Қосымша

  1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 33-37.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 19-21, 23-25.

  3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 37-45.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

    1. Этиология анықтамасы, түсінік.

    2. Патогенез анықтамасы, түсінік.

    3. Патогенездегі негізгі тізбек.

    4. Ауруларды этиотропты және патогенездік емдеу ұстанымдары.

3 тақырып. ГИПОКСИЯ

Мақсаты: Гипоксияның этиологиясының және патогенезінің негізгі сұрақтарын меңгеру

Дәріс жоспары:

  1. Гипоксия, анықтамасы, жіктелуі;

  2. Гипоксияның әрбір түрлерінің этиологиясы мен патогенезі;

  3. Гипоксия кезінде зат алмасу және физиологиялық жүйелер қызметінің бұзылыстары;

  4. Гипоксия кезіндегі теңгерілу серпілістері ( жедел және ұзақ мерзімдік);

  5. Организмнің жасқа байланысты гипоксияға сезімталдығы.

Дәріс тезистері

Гипоксия (оттегілік ашығу) - тіндердің оттегімен жеткіліксіз қамтамасыз етілмеуінен немесе оның тотығу-тотықсыздану серпілістерінде тіндермен пайдаланылуының бұзылыстарынан дамитын біртектес дерттік үрдіс.

Гипоксия – биологиялық тотығудың шынайы немесе салыстырмалы жеткіліксіздігін көрсететін жағдай.

Гипоксияның ( И.Р. Петров бойынша) жіктелуі:

1. Экзогендік:

Нормобариялық Қалыпты барометрлік қысым

Гипобариялық Төменгі барометрлік қысым

2. Эндогендік:

Тыныстық

Гемдік

Қанайналымдық

Тіндік

Аралас.

Экзогендік гипоксия

Гипобариялық Нормобариялық

(төменгі барометрлік қысым (қалыпты барометрлік қысым)

Биіктікке көтерілгендегі қысым ауасы тазартылмайтын бөлмеде болғанда көтерілгендегі төменгі қысым қалыпты қысым.

Дем алатын ауада рО2 ¯ → гипоксемия, гипокапния, газдық алкалоз.

Дем алатын ауада рО2 ¯ → гипоксемия, гиперкапния, метаболизмдік және газдық ацидоз.

Тыныстық гипоксия

  • Өкпе вентиляциясының бұзылыстары

  • Өкпе перфузиясының бұзылыстары

  • Өкпеде диффузияның бұзылыстары

Гемдік гипоксия

  • Анемиялар ( қандағы гемоглобиннің төмендеуі)

  • Гемоглобиннің әсерсізденуі. ( көміртегімен немесе метгемоглобин түзушілермен улану)

  • оксигемоглобиннің диссоциация сызығының жылжуы

Қанайналымдық гипоксия

  • жүйелік (жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары)

  • жергілікті ( шеткері қан айналымының бұзылыстары)

Тіндік гипоксия:

  • химиялық заттардың әсерінен тыныстық ферменттердің әсерсізденуі

  • ферменттердің ( гипо, - авитаминоздар) түзілуі ¯

  • тотығу мен фосфорланудың ажырауы (митохондрий мембранасы зақымдану, тіндерде Са2+, БМҚ, тироксина ­ ж.б.)

Заттық гипоксия

Себептері: Жасушадағы биологиялық тотығу заттарының тапшылығы. Клиникалық тәжірибеде глюкоза жөнінде сөз жиі қозғалады. Бұндайда оттегінің жасушаға түсуі айтарлықтай бұзылмайды. Заттық гипоксияның патогенезі биологиялық тотығу үрдісінің үдемелі тежелуімен сипатталады.

Гипоксияның зорығулық түрі

Себептері: тіндер, ағзалар немесе олардың жүйелер қызметтерінің айтарлықтай және/ немесе ұзақ мерзімділік көбеюі.

Гипоксияның әртүріндегі оттегілік тепе-теңдік көрсеткіштерінің өзгерістері.

Гипоксияның түрі

артериялық қандағы рО2

қанның оттегілік сыйымдылығы

артериялық қандағы Нb-нің оттегімен қанығуы

оттегі бойынша артерио-веноз-

дық айырмасы

Экзогендік

төмендеген

Қалыпты

Төмендеген

Тыныстық

Төмендеген

Қалыпты

Төмендеген

Қанайналымдық

Қалыпты

Қалыпты немесе жоғарылаған

Қалыпты

Көбейген

Гемдік

Төмендеген

Төмендеген

Қалыпты немесе төмендеген

Тіндік

Қалыпты

Қалыпты

Қалыпты

Күрт төмендеген