Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tarikh_otvety_bilety_2.doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
894.46 Кб
Скачать

1-билет

Ғылым ретінде Қазақстан тарихының мақсаты мен міндеттері мен және оның зерттеулерінің көкейкестілігі.Тарих (араб сөзі-зерттеу,оқиғалар жөнінде әңгіме) адамзаттың басынан өткен заманалар туралы шежіре шертеді. Тарихты білу алдымен өзің туып өскен өлкеңді, еліңді оқып-үйренуден басталды. Қазақстан тарихы дүниежүзілік тарихтың құрамдас бөлімі болып саналатындықтан, еліміздің өткенін білуді жалпы адамзаттық даму тұрғысынан қарастырамыз. Тарихтың негізгі мақсаты-ұлттың руға, тайпаға, арысқа, жүзге бөлінуі үшін емес, оның тұтастығына, туыстығына ортақ тілі, ортақ діні, ортақ ділі, ортақ Отаны, елі, жұрты барына талдау жасауға арналған.Ұлттық сананы қалыптастыру, өткеннен сабақ, ғибрат алу, болашаққа үмітпен қарау, зерделеу болады. XXI ғасырдың Қазақстан азаматы, өзін Қазақ мемлекетінің өкілімін деп санайтын адам қазақ ұлтының тарихын білуге тиіс.Тарих уақытпен байланысты ұғым. Қай ғасырда, қай жылы, қандай оқиға болды. Оның халқымыз, ұлтымыз үшін қандай мәні бар-осы бізге аса қажет. Бүгінгі таңда ұлттың тарихын білу керек дегенде, ең алдымен мемлекетіміздің, ұлтымыздың қалай қалыптасқандығын тануымыз керек. Ұлттың тарихын білу керек деген сөзді өзіме жақындатып пайдалансам- өзімді -өзім тану деген сөз. Кімде-кім өзін сол ұлттың өкілімін деп таныса, санаса, сондай сезімді қалыптастырғысы келсе, онда сол ұлттың тарихы арқылы адам өзін-өзі тану керек.Яғни, тарихтың ішінде жүрген бір бөлшегі екенін сезінуі қажет. Сонда ғана ол өзінің ұясын тапқан құс сияқты, өзінің жерінде, елінде, өзіне тән үлкен тарихы, қоғамдық ортада жүргенін сезінеді. Сонда ғана адам өзін толық қанды адаммын деп санай алады. Ал енді қай ұлттың өкілі екенін білмей, айдалада лағып жүрген, қайда барарын білмей адасып қалған адам ешуақытта ешкімге жақсылық жасамайды. Қазақстан тарихының негізгі бөлшегі тарихи деректер болып табылады. Тарихи деректер-тарихи деректану ғылымының тікелей зерттеу объектісі. Деректану- тарихи деректер туралы ғылым. Оның негізгі міндеті- тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және олардың шындыққа қатынасын зерттеу. Деректану тарихи зерттеу тәжірибесі барысында пайда болды.Алғаш жазба деректер тек нақты тарихи фактілерді тануға көмектесетін құрал ретінде пайдаланып, зерттелді. Тарихи деректер қорының кеңеюі мен ғылыми айналымға жаңа деректердің біртіндеп енуіне байланысты, бір тарихи оқиғаның, құбылыстың не процестің әр түрлі дәрежеде, тіптен кейде қарама-қайшы дәрежеде бейнеленетіні көріне бастады. Қазақстан тарихының деректану курсының проблемалары мен құрылымы оның алдында тұрған негізгі міндеттермен айқындалады. Олар:

  • ғылымның қазіргі даму дәрежесіне сай деректанудың теориялық және әдіснамалық саласынан білім беру;

  • пайда болған және сақталынған тарихи деректер кешені туралы ақпарат беру;

  • тарихи зерттеудің даму қажеттілігінен шыға отырып, олармен жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіру.

Сонымен, теориялық-әдіснамалық, ақпараттық және әдістемелік мәселелер бір-бірімен байланысты қаралады. Әдістемелік мәселелерді ашу деректерге шолу жасаумен қатар жүргізіледі, бұл жағдайда басты назар,негізінен,деректер жеткізген фактілер мазмұнына емес, әр түрлі деректердің ақпараттар беру ерекшелігін көрсетуге бөлінеді.

2. Кіші және Орта жүз қазақтарыңың Ресей протектаратын қабылдауы. Кіші жүз.Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кәшә жүз ханы Әбілхайыр (1693- 1748ж.ж.)Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды.Әбілхайыр ханның мақсаттары:1. Қалмақтар мен башқұрттардың Қазақ жерін шабуылдауын тоқтату.2. Петербург билеушілеріне арқа сүйеп .аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңу.3. Жайықтың төменгі ағысы ,Есіл,Ертіс,Ор өзендері бойындағы қазақтардың мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтау.4. Қазақ жері арқылы өтетін керуен жолдарының қауіпсіздігін қалпына келтіру.Ханның ең басты мақсаты жоңғарларға қарсы күресте Ресеймен байланыс орнату. Әбілхайыр осыған дейін,1726 жылы Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдіріп, елшілерін жіберген болатын.Бірақ елшілікке күмәнданған патша үкіметі хан ұсынысын жауапсыз қалдырған болатын.1730 жыл Кіші жүз билері Әбілхайырға Жоңғарияға қарсы күресу үшін Ресеймен әскери одақ құруды тапсырды. Алайда, хан 1730 ж. Қыркүйекте Петербургке аттандырылған елшілеріне әскери одақ құру емес,Ресейдің құрамына кіру туралы құжат тапсырды. 1731 жылғы 19 ақпан Елшілері Сейітқұл Құндағұлұлы,Құтлымбет Қоштайұлының Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысын императрица Анна Иоанновна қабылдады.1731 жылғы 10қазан Кіші жүзді 27 старшинасы Ресейдің қол астына кіруге ант берді.Жаңадан қосылған қазақ жерлеріндегі шептерін нығайту мақсатында Ресей үкіметі 1731 ж мамырда Сенаттың хатшысы И. К. Кириллов басқарған экспедиция жабдықтады:Ор өзені бойында бекініс тұрғызу.Орта Азия хандықтарымен керуен саудасын кеңейту.Қазақ өлкесіндегі табиғат байлықтарын игеру.Сырдария бойында қала тұрғызып,Өзен флотилиясын тұрғызу. Саяси жағдайдың шиеленісіп кетуіне байланысты экспедиция мақсаттары түгел іске аспады.1735 жылы Ор өзені бойында Ор бекінісінің негізі қаланды.Орынбор шекаралық комиссиясының келесі төрағасы И.И. Неплюев Орск қалашығын 1743 жылы жаңа жерге көшірді.Бұл қоныс Орынбор д.а.1735-1737 ж. Болған башқұрттардың көтерілістері кезінде Әбілхайырдың башқұрт билеушілерімен бірігіп кетуінен сескенген патша үкіметі кетуінен сескенген патша үкіметі 2 рет ант алуды көздеді.1738 жылғы тамыз Орынбор комиссиясының басшысы,тарихшы

В.Н.Татищев Орынборда қазақ сұлтандарының сьезі өткізілді.Кіші жүзден 25,Орта жүзден 27 старшина барлығы 60-қа жуық Ресейге берілгендігін қуаттап екінші рет ант берді. Әбілмәмбет пен Абылай сұлтанның ант беруі саяси жағдайдан туған айла болды,яғни Ресеймен жақындасып,Орта жүзге жасалатын жоңғар шабуылын әлсірету. 1733-1734 ж Оңт. Қ. ықпалды билері мен сұлтандары Ресей құрамына кіруге тілек білдірді.1734 ж 10 маусым императрица Анна Иоанновна Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдауға келісімі жөнінде жарлық шығарды.Бірақ бұл жоспардың кейінге ығыстырылуы себептері:Ұлы жүздің Ресейден алыстығы.Ресейлік бағыт ұстаған Жолбарыс ханның 1740 ж қайтыс болуы.Орта жүз.Абылай жоңғар шапқыншылығы кезінде елдің тыныштығын ,жердің бірлігін қамтамасыз етуді мақсат етіп,Ресейге арқа сүйеді.1740ж 28 тамыз Әбілмәмбет хан мен сұлтан Абылай Орынборға келіп Ресей билігін мойындады.Орынбор комиссиясының бастығы князь В. Урусовтың мақсаты бүкіл Орта жүзді Ресей құрамына қабылдау болды.Елді аман алып қалатын күш қазақтардың өздері болатынын Абылай сұлтан түсінді. 1742 ж Абылай аң аулап жүргенде жоңғар тұтқынына түсіп, 1743 ж бостандыққа шықты.Ол батырларды біріктіріп жоңғарларды шабуылдауды ұйымдастырды. 1745 ж қоңтайшы қазасынан кейін таққа таласушылардың бірі Әмірсана Абылайды паналап,Орта жүзге қашты.Бұл жағдай 1752 ж қалмақтардың Орта жүзге басып кіруіне себеп болды.Абылайдың мақсаты: жоңғар шапқыншылығы кезінде уақытша басып алған тарихи иелігін қайтару.1778ж 24 мамыр II Екатерина Абылайды тек Орта жүз ханы етіп бекітті.1759 ж 1қаңтар Үрімшіде Абылайдың сауда миссиясы жақсы қабылданды.Абылай хан қазақ жерінің шекарасын қалпына келтірді.Мәдениетті дамытуға үлес қосты.Оның төңірігіне белгілі жыраулар ,ақындар топтасты:Бұқар жырау,Үмбетай жырау, Тәтіқара ақын.Бұқар жырау Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына әсер еткен кеңесшісі.қазақ хандығы дербестігінің жаршысы.Абылай хан күйші ,сазгер.Домбырада шебер орындап,бірнеше күйлер шығарған.Абылай хан 1781 жылы дүние салды.Ол Түркістандағы Ахмет Йассауи кесенесінде жерленді.1781 ж мұрагері Уәли хан болып сайланды. 1782 ж Уәли Петропавл бекінісіне барып,Ресей адалдыққа ант берді.Абылай ханның бас мирасқоры Уәли сұлтанды Ресей мемлекеті Орта жүз ханы ретінде танығанымен,ол мемлеткет басқаруға қабілетсіз болды.

3. ХХ ғ 20-30жж Қаз-ғы сауатсыздыкпен курес? Билим жане гылымнын дамуы. РК(б)П-ның Х, ХІ съездері КСРО-дағы мәдени құрылыстың жүзеге асырылуына алғышарттар жасады. 1924ж. сәуір айында ҚазАКСР-інде «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы ұйымдастырылды. Ол еңбекшілердің қолдауымен ерікті мүшелік негізінде жұмыс істеді. 1921-27жж. республикада 200 мыңдай адам оқыды. 1928ж. аяғына қарай жалпы республикада сауатты адамдар 25%, қазақтар 10%-дай ғана болды. ҚАКСР басшылғы 1931ж. 15 жастан 50 жасқа дейінгі сауатсыз еңбекші халқына жалпыға бірдей мәндетті б.беруді енгізді. 1936ж. сауатсыздықты жою пункттерінде жарты миллионнан астам адам оқыды. 1939ж. республика халқының сауаттылығы 65%-ға, оның ішінде қазақтардыкі 40%-ға жетті. Алматы, Қарағанды, Орал, Әулиеата, Риддер, Шымкент қалалары мен Қарсақбай, Степняк өнеркәсіпті қоныстары жаппай сауатты аймақтарға айналды.

ЖЭС жағдайында барлық мүмкіндіктерді пайдалан отырып, кеңес үкіметі ағарту ісін дамытуға барынша күш салды. 1926 ж. мамырда республика басшылығы «ҚАКСР бірыңғай мектептерінің жарғысын» қабылдады. 1930-31 оқу жылында – отырықшы аудандарда, 1931ж. көктемінен бастап көшпелі халыө бар аудандарда жалпыға бірдей оқу енгізілді. Оқушылар үшін оқуға қажеттінің барлығын жасады (интернат, шәкіртақы, киім-кешек беру).

Мәден құрылыс үрдісін жеделдетуге ұлттық зиялылар қауымының көптеген қайраткерлері елеулі ықпал жасады. Олар ана тілінде бірегей оқулықтар мен оқу құралдарын жасауға белсене қатысты.

20-жылдарда қазақ мектепетеріне арналған оқулықтар мен оқу әдістемелік әдебиетті жасауға С.Сейфуллин, С.Садуақасов, Ғ. Мүсірепов, М. Дулатов, М. Жолдыбаев, М. Жұмабаев, Қ. Кемеңгеров және басқалар да белсене қатысты. Қазақ тіліндегі оқулықтарды әзірлец мен шығаруды ҚАКСР мем–к баспасы жанындағы құрамына А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, С. Садуақасов, Х. Болғанбаев, Ж.Аймауытов енген редакциялық алқа мүшелері ұйымдастырып отырды. Басуға ұсынылған алғашқы кітаптар қатарында Абай өлеңдері мен А. Байтұрсыновтың мысал, жұмбақтар жинақтары болды. Сол кезде Том университетінің студенті болған Қ. Сәтпаев орта мектепке арналған қазақ тіліндегі алғашқы алгебра оқулығын, Бөкейханов география оқулығын құрастырды.

Білім беру ісіне 1931-32 жж. аштық кері әсерін тигізді. Соғыс қарсаңында мұғалімдер саны 44 мыңнан асып түсті.

1928ж. Қ-нда тұңғыш педагогика институты ашылды. 1931-32 жж. Орал және Қызылорда пединституттары ашылды. 1925-32жж. ішінде педтехникумдар саны 14-тен 29-ға жетіп, оларда 4821 оқушы оқыды. 1931ж. наурызында Алматы медицина институты, 1934 ж. ҚазМУ ашылды. Оралда, Семейде, Петропавлда, Ақтөбеде, Қарағандыда, Қостанайда мұғалімдер институты ашылды. ҰОС қарасаңында Қ-нда 20 ЖОО, 118 орта арнаулы оқу орны жұмыс істеп, оларда 40 мыңдай адам оқыды. Орта оқу орындары кен, қаржы, мұнай, ауыл шаруашылық техникумдары болды. 20-30 жж. – Қ-н ғылымының қалыптасқан кезеңі. Қ-нды зерттеу қоғамы (1920ж.құрылған) өлкенің тарихын, географиясын, этнографиясын, экономикасын зерттеудің және жаратылыстану ғылымының орталығы болды. Қоғамның жұмыстарына Асфендияров, Затаевич, Диваев, Жұбанов, Байтұрсынов, Аймауытов, Жолдыбаев, Чулошников, Якубовский белсене қатысты. КСРО ҒА-ның кешенді эскпедициялары бүкіл Қ-н тер-нда статистикалық-экономикалық, топырақ-ботаникалық, геологиялық, археологиялық және т.б. көптеген зертеулер жүргізді.

2-билет

Қазақстан тас ғасырында

Қазақстан жеріндегі ежелгі адамның іздері ерте палеолит дәуіріндегі б.з.д. 800-140 мың жылдықтарға сәйкес келеді. Алғашқы адамдар Қаратау (Жамбыл, Шымкент обл.) жотасы мен Қарасу (Шымкент обл. Алғабас ауд.) тұрағында мекендеген. Ең көне тас құралдары оңт.Қаз.да табылды. 1958 ж оңт.Қаз.да тас ғасыры адамның тұрақтарын тапқан ғалым археолог ғалым Алпысбаев болатын. Ерте полеолитке Шабақты, Бөріқазған тұрақтары жатады. Алғашқы адамдардың айналысқан істері: тау үңгірлері, үңгіме қуыстар, тау шатқалдары т.б. Адамдардың табиғаттың қаталдығына қарсы тұру үшін, бірігіп аң аулап тіршілік етті, топтасып өмір сүрді. Олар пайдаланған тас құралдары мыналар: кварцит, обсидан, тақтас, шақпақтас. Орта палеолит дәуірінде ертедегі адамның одан әрі өсіп дамуымен, мәдени дамуының жаңа кезеңге көтерілуімен ерекшеленеді. Осы дәуірдің адамдары неандертальдықтар д.а. Антропологиялық келбеті: мойыны қысқа келеді, тістері ірі болады, сөйлеу қабілеті толық қалыптаспаған. Негізгі кәсібі: аң аулау, терімшілік. Аңды қауым болып топтасып аулаған. Басты ерекшеліктерінің бірі – шақпақ тастан от шығаруды үйренді. Діни наным сенім қалыптаса бастады. Тас өңдеу әдісі жетілді. Еңбек құралдары, негізінен, нуклеустан жасалды. Бұл кезеңнің археологиялық ескерткіштері оңт.Қаз.ның Топалы шатқалы мен Қызылрысбек тұрғынынан табылған. Сондай ақ, Уалиханов атындағы тұрақ жатады.

Орта палеолит дәуірінің ескерткіштері: Оң.Қ: Ш. Уәлиханов атындағы тұрақ, Тоқалы , Қызылрыспек, Үшбұла. Орт.Қ: Обалысай мұзбел, өгізтау, Үлкен ақмая. Б.Қ: өніжекк , аққыр, Қүмақаж.

Ш.Қ: Бөдене , Қызылсу.

Кейінгі палеолит ескеткіштері. О.Қ: Ащысай, Үсіктас, . Орт. Қ: Батпақ, Батпақ , Қарабас, Агренсор. Б.Қ: Аққыр , Шақпақата, Өніжек. Ш.Қ: Свинчатка, Шульбинка, пещеры, новоникольский, Қанай.

Мезолит дәуірінің ескерткіштері: Солт. Қ: Мичурин, Боголюбов, Явленко, телман, Виоградовка, Дачная, Евгенивка, Дүзбай, Селетин, Ерейментау, екібастұз. Орт.Қ:Әкімбек, Қарағанды. Неолит дәуірінің ескерткіштері:

Арал маңы: Сексеуіл, Арал тұраұтар тобы, Ақеспе.

Оңт.Қ: Қараүңгір, Қарақұдық, Бүркітті, Үшбұлақ.

Ш.Қ: Нарым, Қызылсу, сатшықсыз. Солт.Қ: Қаратомар, Иман бұлақ, дамсы, ботай. Б.Қ: Тоқсанбай, Сам, Көктүбек, Жағалбұлақ, Темір, Шандыауыл, сарықамыс. Орт. Қ: Қосқұдық, Ырғыз, Қараторғай, Батпақ. Солт.Батыс.Қазақстан: Явленко, Карлуга, Боголюбов, Виноградовка, Тельман, Мақанжар, тұздыкөл, Дүзбай, Аманкелді.

2.Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты.

Абылай хан бүкіл өмірін қазақ халқы бостандығы , егемендігі үшін арнады . Шоқан Уәлиханов «Қазақ жерінде Абылайдың даңқы аса зор. Абылай заманы оларды қазақтың ерлік заманы болып саналады деп жазған еді. Абылайдың шын аты – Әбілмансұр. 1711 жылы әкесі көркем Уәли Түркістанға сұлтан болып тұрған кезде дүниеге келген. Бүл кезен қазақ халқы ушін өте қауіпті, ауыр кезең еді. Өытай мен Ресей жоңғарларды қазақ жеріне айдап отырды. Ауыр «Ақтабан шұбырынды , алқакөл сұлама» жылдары Абылай 12 жасында жауынгерлердің қатарына қосылады да , 22де батыр, қолбасшы ретінде танылады.

Қытай мен Ресей дипломатиялық , сауда қарым қатынастарын орнатып , кезінде жоңғарлар басып алған Алтай, Тарбағатай өңіріндегі қазақ қоныстарын қайтарып алды. Қазақтар жаппай ата мекендеріне орала бастады. Жоңғарлармен күресте халықтың басын біріктіруде ерекше рөл атқарды. Абылай сұлтан өзінің шебер саясаткерлігінің арқасында Ресей мен Қытай сияқты ірі империяларды өз саясатымен санауға мәжбүр ете отырып, іс жүзінде елдің дербестігін , жерінің тұтастығын сақтап қалды.

ХVIII ғ 50 жылдары Жоңғар мемлекеті саяси дағдарысқа ұшырап , әлсіреп , ыдырай бастады. Бірақ Абылай ол елді қырып шапқан жоқ. Себебі Өытай империясымен Қазақ елінің арасында қалқан рөлін атқарған Жоңғар хандығының мүлдем жойылуы неге әкеліп соғатынын Абылай жақсы тқсінген. Сондықтан да ол қалқам халқының Қытай басқыншыларына қарсы ұлт азаттық күресін қолдады. Бірақ, қалмақтар ауыз бірліктен айырылды, соның нәтижесінде 1756-57жж Цынь империясы Жоңғар мемлекетін жойып халқын қырып тынды. ХVIIIғ орта кезінен бастап Абылай қазақ елінін ерікті, іргелі біртұтас ел болуын ата қонысына жайғасып , бейбіт еңбек етуін қалады. Ол елді отырықшылыққа көшіруді , уш жүздің басын қосуды, туңан отанын жаудан қорғауды мақсат етті. Абылай хандық құрған кезде ханның жанында кеңес болған. Оған барлық жұздердің өкілдері қатысып, маңызды мәселелерді қарайтын және де бүкілқазақтық құрылтай шақырылып, соғыс пен бітім , қоныс пен жайылым, дау мен дамай , басқа халықтармен арадағы сауда мен дипломатиялық қарым қатынас мәселелері қарастырылып отырды.

Абылай ханның алға ұстаған сачсаты , мақсаты- қазақ халқының бостандығы мен бірлігі , мемлекеттігі мен тәуелсіздігі еді. Алайда ол дуниеге салғаннан кейін қазақ мемлекеті кайта бөлшектеніп ыдырай бастады. Ресей империясы қазақ жерін отарлауды қызу қолға алды. Оны іске асыру әр түрлі жолдармен іске асты, яғни іскери шеп бекіністер салу , қазақ жерін тартып алу , хандық билікті жою, рухани отарлау және т.б

3 1928ж. Қ-нда тұңғыш педагогика институты ашылды. 1931-32 жж. Орал және Қызылорда пединституттары ашылды. 1925-32жж. ішінде педтехникумдар саны 14-тен 29-ға жетіп, оларда 4821 оқушы оқыды. 1931ж. наурызында Алматы медицина институты, 1934 ж. ҚазМУ ашылды. Оралда, Семейде, Петропавлда, Ақтөбеде, Қарағандыда, Қостанайда мұғалімдер институты ашылды. ҰОС қарасаңында Қ-нда 20 ЖОО, 118 орта арнаулы оқу орны жұмыс істеп, оларда 40 мыңдай адам оқыды. Орта оқу орындары кен, қаржы, мұнай, ауыл шаруашылық техникумдары болды.

20-30 жж. – Қ-н ғылымының қалыптасқан кезеңі. Қ-нды зерттеу қоғамы (1920ж.құрылған) өлкенің тарихын, географиясын, этнографиясын, экономикасын зерттеудің және жаратылыстану ғылымының орталығы болды. Қоғамның жұмыстарына Асфендияров, Затаевич, Диваев, Жұбанов, Байтұрсынов, Аймауытов, Жолдыбаев, Чулошников, Якубовский белсене қатысты.

КСРО ҒА-ның кешенді эскпедициялары бүкіл Қ-н тер-нда статистикалық-экономикалық, топырақ-ботаникалық, геологиялық, археологиялық және т.б. көптеген зертеулер жүргізді.

Бұл жылдардағы мәлени мұра арсында қазақ әдебиеті ерекше орын алды. Оның бастауында Сейфуллин, Байтұрсынов, Аймауытов, Дулатов, Жұмабаев, Майлин, Жансүгіров, Мұқанов, Мүсірепов тұрды.

1913ж. М.Жұмабаевтың «Шолпан» атты жинағы шықты. Мағжанның эпикалық мазмұнда жазылған «Батыр Баян», «Ертегі», «Қойлыбайдың қобызы», «Жүсіпхан» атты дастандарында халқымыздың т-хындағы белесті оқиғалар, біртуар қайраткерлер жырланды. Сейфуллиннің «Көкшетау», Мұқановтың «Сұлушаш», И.Байзақовтың «Құралай сұлу» сияқты үздік шығармалары қазақ кеңестік әдебиеіне қосылды. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романы қазақтардың 1916 ж. көтеріліске, Қазан төңкерісіне, азамат соғысына қатысуларын, осыған байланысты оқиғаларды сипаттайды. Қазақ прозасы Б.Майлиннің «Қартқожа», Аймауытовтың «Қартқожа», С. Мұқановтың «Жұмбақ жалау», С. Ерубаевтың «Менің құрдастарым», Ғ. Мұстафиннің «Өмір және өлім» сияқты көркем шығармаларымен толықты.

Қазақ драматургиясы жанрында да зор табыстарға қол жетті. Әуезовтың «Айман-Шолпан», «Түнгі сарын», Б.Майлиннің «Жалбыр», Ғ. Мүсіреповтың «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», Ж. Аймауытовтың «Мансапқорлар», «Ел қорғаны» жіне т.б. дүниеге келді.

М. Әуезов театр саласын дамытты. Затаевич 1925ж. «Қазақ халқының 1000 әні», 1931ж. «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинақтиар жариялады. 20-жылдардың ортасында Әміре Қашаубаев өзінің бұлбұл дауысымен бүкіл Еуропаны таңғалтты.

1926 ж. қаңтар айында Қызылордада тұңғыш кәсіби театр ашылды. 1933ж. Алматыда ұйғыр, 1937ж. Қызылордада корей театры ашылды.

30 жылдары «Востоккино» тресінің Аламты бөлімшесі көптеген деректі фильмдер түсіріп, 1938 ж. «Амангелдні» тсірді.

1934 ж. қазақ мем-к музыка театры ашылды. «Айман-Шолпан» алғашқы қойылым болды. 1934ж. Құрманғазы оркестрі құрылды. 1934ж. қазақ филормониясы құрылды.

Хлудов пен Қастеев қазақтың бейнелеу өнерін өрге сүйреді. Бұл кезде көптеген м-т үйлері, кітапханалар, клубтар ашылды

3-билет

Андронов мәдениеті: археологиялық ескерткіштер кезеңдері және негізгі ерекшеліктері.

Б.з.б. II мыңжылдықта Еуразияның далалық аймақтарында қола алу тәсілі шығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс жасалды. Адамзаттың алғаш игерген металы-қола (мыс пен қалайының қорытпасы). Металдан жасалған еңбек құралдары тас еңбек құралдары ығыстырған кезең-қола дәуірі (б.з.б. 2-1 мың ж.)

Қола дуірінің кезеңдері:

Ерте қола дәуірі (федоров кезеңі)- б.з.б. XVIII-XV ғасырларОрта қола дәуірі (алакөл кезеңі)- б.з.б. XV-XIII ғасырлар.Кейінгі қола дәуірі (замарев кезеңі)- б.з.б. XIII-VIII ғасырлар.Ерекшеліктері:Түсті металдар мен алтынның өндірістік жолмен игерілу(қола металургиясы).Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісі – бақташылық мал шаруашылығы мен теселі егіншілік пайда болды.Әкелік отбасылық рулық қатынас орнады.Рулық қатынстар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер құрыла бастады. Андроновтық тайпалар алғаш болып экономиялық өмірдің озық түрі-көшпелі мал шаруашылығына көшті.Бұл дәуірде Қазақстан даласын, Оңтүстік Сібірді және Орал аймағын шығу тегі жағынан ұқсас, өзіндік мәдениеті бар тайпалар мекендеді. Бұл мәдениетінің алғашқы ескерткіштері табылған Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосына байланысты бұл кезең- андронов мәдениеті деген атау болды(1914ж. археолог Б.В. Андриновтың қазба жұмысы(А.Я.Тугаринов)). 1927ж. - археолог М.П.Грязнов андронов мәдениетінің ескерткіштері Батыс Қазақстаннан тапты. Бұл мәдениетті зерттеуші қазақстандық ғапымдар – Ә.Х. Марғұлан, К.А.Ақышев, А.Г. Максимова, С.С. Черников, А.М.Оразбаев. Қола дәуірі ескерткіштері табылған аймақ: Минусиск-Орал таулары-Батыс Сібір жазығы-Памир таулары. Андронов тайпалары Қазақстанның барлық аймағын мекендеген. Негізгі қоныстанған ауданы- Орталық Қазақстан. Бұл өңірдің 30- дан астам елді мекен, 150-дей қабір (қорымдар) қазып зерттелді.Солтүстік және Батыс Қазақстанда 150-ден аса қоныс пен 200-ге жуық қорым табылды. Ең ежелгі қала- Арқайым қаласы(Қостанай мен Челябі облыстарының шекарасы).Мәдениеті: Б.з.б. 3 мың ж. соңында Қазақстанның таулы және далалы аудандарада егіншілік пайда болды.Андронов тайпаларының тіршілігінде теселі егіншілік болған. Олар негізінен бидай, қарабидай және тары өсірді. Егіншілікпен қатар мал өсіру жедел қарқынмен дамып, негізгі салаға айналды. Андроновтың тайпалар қос өркешті бактриан тайпалар қос өокешті бактриан түйелерін өсірген. Түйе бейнелері жартастарға салынған, ал Үшқатты қонысынан түйенің қыш мүсіні, Ақсу-Аюдыдан бота сүйегі, Алексеевка қонысынан түйе сүйектері табылды.Б.з.б. I мың ж. басында андроновтықтар аралас шаруашылықпен айналысып, егін егіп, мал өсірген. Олар тұңғыш рет қыста малды қолда ұстау тәжірбиесін енгізді. Үй маңындағы жайылымдар жарамсыз болып қалған кезде бақташылар жаңа жайылымдарға көшіп отыпды. Бұл-мал өсірудің жайлаулық тәсілі (жартылай көшпелі). Ерлер жайылымдарға кетіп, мекендеріне күз соңына таман оралған. Әйелдер мен балалар егіншілікпен айналысып, тұрақты мекендерде қалды.Кейінгі қола дәуірінде Қазақстанның далалық аудандарында мал өсіру шаруашылықтың жаңа түрі- көшпелі мал шаруашылығы шығы бастады. Андронов тайпаларында жеке меншіктің пайда болуына мал шаруашылығына көшу ықпал етті.Андроновтық тайпалар үй кәсіпшілінде қыш ыдыстар жасаған. Таспалық әдіс.Қплыпқа салып пішіндеу әдісі(б.з.б. XVII-XVIғ.ғ.).Андроновтықтардың баспанасы – жертөле және жартылай жер бетіндегі үйлер. Бөлмелерді жылыту үшін тастан қаланған пештер қолданылған, отын есебінде ағаш, бұта, тезек жаққан. Қоныстар 6-10 үйден, үлкендері 20 үйден құралған. Кейінгі қола дәуірінде Орталық Қазақстанда көп бөлмелі жер бетіндегі үйлерді ауыр дөңбек тастардан салатын болған. Осындай үлкен үйлер қоғамдық жиындар өткізетін, діни ғұрыптарды атқаратын және үлкен отбасы мекендейтін орын болып есептелген. Ежелгі андроновтық дөңгелек баспаналар негізінде киіз үй жобасы пайда болды. Еңбек құралдары : тесе, тас кетпен, келі, келсап, (ерте қола дәуірі), орақ, шалғы (кейінгі қола дәуірі) Кейінгі қола дәуірінде Орталық Қазақстанда пайда болған жаңа мәдениет- Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліг.Андронов дәстүрі сақталған.Жаңа элементтер енгізілген(мазарлардың айрықша типі және өзіндік өзгешілігі бар жерлеу салты – мәйітті шалқасынан жатқызу). Ошақ қасиетті орын саналған. Жаңа түскен келін ошақты айналған, ал мәйітті шығарарда ошақты айналдырылған.

2. 18ғ аяғындағы Кіші жүздегі саяси жағдай. Сырым Датұлы бастауы мен болған көтеріліс.

Көтерілістің алғышарттары:

-Кіші жүзде хандық биліктің әлсіреуі

-Ақсүйектердің бір бөлігінің патша үкіметінің саясатын қолдамауы

-Ресей үкіметінің Кіші жүзді әкімшілік басқаруда өзгерістер енгізіп, Кіші және

Орта жүздің кейбір өңірлерінің Симбирск, Уфа басқармасына бағындырылуы

-Орыс помещиктері Жайық казак әскерінің қазақтарға зомбылығының күшеюі.

1782-1783 жылдарда жұт әсерінен малдың шығын болуын казак әскерлері жергілікті халыққа қысым көрсету үшін пайдаланды.

1782 ж-ғы 27желтоқсан- патша үкіметінің 1775 жылғы 7 қарашадағы жарлығы өзгертілді. Жаңа жарлық бойынша:

-Су көздері жанынан қыста мал айдауға ол жерлерді жалға алғанда ғана рұқсат етілді.

-Казактар жерлерінің қазақтарға жалға берілуіне тыйым салынды.

-Жалға алатын жер үшін қазақтар ақы төлеумен бірге, аманат қалдыруға тиіс болды.

Көтерілістің басты қозғаушы күші – қарапайым көшпенділер. Патша үкіметінің қысымына қарсы би, старшын, батырлар да көтеріліске қатысты.Көтеріліс аумағы: Еділ - Арал теңізі.

Көтерілісшілердің басты мақсаты: Ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру. Орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату.Нұралы хан мен оның сыбайластарының озбырлығына шек қою. Көтеріліс басшысы - Байбақты руының старшыны, батыр және шешен Сырым Датұлы(1742-1802). Ол 1775 жылы Пугачевтің әскерінде қазақ жасағын басқарған. Қолбасшы А.Суворов граф Панинге жазған хатында «Сырым бастаған қарулы топтар тосыннан келіп шабуылдайды, тез арада жоқ болады. Оның артынан қуғанмен ешкім жете алмайды» деп батыр сарбаздарын жоғары бағалаған.1778 жыл- орал казактарымен қақтығыста Сырымның балалары қайтыс болды.1783 жылдың күз - батырдың Орал казак әскерімен ашық түрде кең арпалыс жолына түсуі басталды.1783 жылғы желтоқсан Сырымды оралдық казактар тұтқынға алды.Сырымның қарындасына үйленген Нұралы хан1784 жылы көктемде оны тұтқыннан босаттырды.1784 жылғы маусым Сырымның Орал казак әскерімен кескілескен күресі басталды Қазақ жасақтары төменгі Жайық шебі менОр бекінісі төңірегінде шайқасты.1784 жылғы қараша Сағыз өзені бойында Сырым тобы 1000 адамға жетті.Патша өкіметімен бірлескен Нұралы ханның көтерілісшілерге қарсылығы оның Сырыммен ара қатынасын суытты.1785 жылғы 17 ақпан көтерілісті басу үшін генерал-майор Смирновтың тобы жіберілді.(300 казак, 2000 башқұрт)Кіші жүздің далалық аймақтарына тереңдей ене алмаған жазалаушылар қазақ ауылдарын шабуылдап, 66 қазақты тұтқынға әкетті.1785 жылғы 15 наурыз көтерілісшілерге қарсы 1250 казак тобымен старшина Колпаков және Пономарев аттанды. Бұл кезде Жем өзені бойында шоғырланған көтерілісшілер саны 7 мыңға жетті. Сырым сарбаздары шөлейтті, тақыр жерлерге шегінді. Жем бойына барудан жүрексінген Колпаковтың тобы Беріш және Адай руларын ойрандап, кері қайтты. Жазалаушылар мақсаттарына жете алмады. Премьер-майор Назаровтың басқаруымен Орал казактары 1785 жылдың наурызында Табын руына шабуылдады.Сырым тобы Сахарная бекінісін алуға ұмтылып, зеңбіректерге қарсы келе алмай кейін шегінді. Сұлтан Айшуақтың өзі Орал қаласында тұтқындалды. Жазалаушылардың Нұралы ханның туыстарына қол көтеруі көтеріліс сипатын өзгертті.Нұралы ханның ашық түрде патша өкіметін жақтауы феодалдық топтар арасында жік туғызды.Нұралыны хандықтан тайдыру-көтерілісшілердің ендігі басты мақсаттарының бірі1785 жыл Кіші жүз старшындарының съезі Нұралыны хандықтан тайдыру жөнінде шешім қабылдады. 1785 ж күзде қазақ билерінің (20 ру өкілдері) мәжілісі болып патша үкіметіне Нұралы тұқымдарын хан тағына жолатпау талаптарын қойды. Жүзді үш ордаға бөлу ұсынылды: -Байұлы –Жетіру –Әлімұлы Сырым үш орданың кеңесшісі болып сайланды. Осымен Кіші жүздегі отаршылдыққа және феодалдыққа қарсы қозғалыстың бірінші кезеңі аяқталды.Нұралы 1786 ж көктемде Орал әскери шебіне қашып, паналады.1790 ж- Уфаға жер аударылып, сонда қайтыс болды.Кіші жүздегі қайшылықты бақылап отырған барон О.А Игельстром хандық билікті жойып, отарлауды тездетуді және әкімшілік билеуді іске асыруды ойластырған жоба ұсынды. Иг-м жоспары бойынша Кіші жүзде қазақтарды билеуді Шекаралық сотқа шоғырландыру ұсынылды. П.Екатерина бұл жобаны уақытша бекітті.Сырымның мақсаты- хандық билікті жойып, билердің билігін орнату. Билердің көпшілігі жалпы хандық билікті түбірінен жоюға қарсы болып, сұлтан Батырдың баласы Қайыпты Кіші жүз хандығына дайындады.1786 жыл- Орынборда шекаралық комиссия құрылды.1787 жыл- Кіші жүзде патшаның әкімшілік билігінің төменгі сатылары ұйымдастырылды.Бұл тұста Сырым па та үкіметін қолдамады. Осы кезеңде Ресейде Романовтар әулетіне қарсылық басталып, И-м реформасы уақытша тоқтатылды.Көтерілістің уақытша өрлеіне түрткі болған оқиға- Орал казактарының қазақтарға қарсы шабуылдауы.Атаман Д. Донсков 1500 казактарымен қазақ ауылдарын ойрандап, адамдарды тұтқындап, малдарын айдап кетті. 1790 ж тамызда Төртқара руының өкілдері шетелдер коллегиясының мүшесі, граф А.А.Безбородкаға атаман Донсков үстінен шағым түсірді. Императрица II Екатерина 1790 ж 21 қазанда және 5 қарашада бейбіт ауылдардың тынышын алмау туралы нұсқау шығарды. Алайда ген-губернатор А.А.Пеутлинг бұл нұсқауды өзінше түсініп, Кіші жүз даласына жазалаушылардың бірінен кейін бірін аттандырып, көтерілістің өршуін тездетті. Бейбіт ауылдарды сақтау үшін 1791 ж наурызда Сырым Табын және Кердері руларына Мұғалжар тауларына қарай көшуді ұсынды.Сырым батырдың алдында екі жол тұрды:-Патша үкіметімен күресті тоқтатып, отарлауға қарсылық көрсетпеу, Жайық бойындағы шұрайлы жерлерді казактардың қолында қалдыру.-Қазақ руларының басын біріктіріп, патша үкіметіне қарсы күресті жалғастыру.Батыр екінші жолды таңдады.Көтерілістің жаңа кезеңінің кеңеюіне 1791 ж Орск қаласының маңында Ералыны хан етіп сайлау әсер етті(1791- 1794).1792ж-Сырым ресей империясына қарсы ашық күрес жариялады.Қазақ феодалдарының бір бөлігі батыр топтарының шоғырланған ауылдарын және батырдың жоспарын Орынбор әкімдеріне хабарлап отырды. Патша үкіметінің Жем, Ойыл бойында бекіністер тұрғызуы да көтеріліске кері әсер етті. Сырымның көтеріліске Орта жүзге шекаралас аймақтағы қазақтарды тартуы іске аспады. 1791 ж маусымда Сырымның көтеріліс мәселелерін талқылау үшін старшындар съезін шақыру талабы орындалмады. Елек қонысы мен Красногорск бекінісіне шабуылы нәтижесіз болып, партизандық күрес әдісіне көшті. Күрес уақытша бәсеңдеді.1794-Ералы хан қайтыс болды.1795ж-Есім хан болып сайланды.(1795-1797).1796-97 ж-рдағы қысқы жұт, ханның салықты көбейтуі көтерілістің қайтадан ұштасуына себеп болды.1797 жылғы 17наурыз- Сырым тобының хан сарайына шабуылы кезінде Есім хан өлтірілді.Хан өліміне Сырымның жеке басының қатысы болмады. Хан отбасының Орал казак әскерінен пана сұрауы, атаман Донсковтың көтерілісті басу үшін жазалау тобын ұйымдастыруына негіз болды.1797 жылғы күз полковник Скворник тобы Сырымды қудалауды бастады. Жазалаушылар қатарында Байбақты, Алаш, Беріш, Адай т.б. руларының өкілдері, өлтірілген ханның балалары мен туыстары болды.Сырым тобы Ойыл өзені бойына кетіп, жазалаушыларға ұстатпады.Есім ханның қазасынан кейін ақсүйектер тобы патша үкіметінен жаңа ханды тағайындауды өтінді:-сұлтан, старшындардың бір бөлігі-Қаратайды(Нұралының ұлы) қалады. -Сырым тобы-хан сайлауда халық пікірін еске алуды талап етті.Барон И-м хан сайлауын тоқтатып, хандық кеңесті құруды ұсынды. Айшуақ сұлтан төрағасы болып белгіленген хан кеңесі 4 адамнан тұрды және құрамына Нұралы ханның ұрпағы енгізілмеді. Осы арқылы патша үкіметі Сырымды өзіне жақындатуға тырысты.1797ж-Төменгі Жайық бойындағы феодалдық топтар Қаратайды хан көтерді. Ол кіші жүзде патша саясатына қарсы топты басқарды.Сырым хан кеңесі арқылы старшындық топтық қызметті күшейтуді ойластырды. Орынбор әкімшлігі хандық кеңесте Сырымның ықпалының өсуінен сескеніп, 1797ж күзде Кіші жүзде хандық билікті қайтадан қалпына келтіруге бағыт алды: Айшуақ хан болып бекітілді.1797ж- Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Хиуа хандығына өтіп кетті.1802ж-Хиуада қайтыс болды.Жеңілу себептері:Қазақ феодалдары мен старшындық топтар арасындағы алауыздық.Руаралық қайшылықтар.Көтерілісшілердің нашар ұйымдасуы.Қару-жарақтардың

аздығы.Сырымның көтерілістің әр кезеңінде мақсаттарын өзгертуі.Тарихи маңызы: Еділдің шығысындағы ірі халықтық сипаттағы қозғалыс.Руаралық қайшылықтардың басты мақсатқа жетуде зор кедергі болатынын дәлелдеді.Патша үкіметінің отарлау саясатының түпкі мақсаты ең шұрайлы Жайық өңірін басып алу екендігін дәлелдеді.Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтеріліс болып, 14 жылға созылды.Көтерілістің нәтижесі:1801 ж патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуге, мал жаюға рұқсат берді.

3.Қазақстан 2дүниежүзілік соғыс жылдарында. Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан экономикасы әскери бағытқа көшірілді(милитарландырылды). Оралда жедел байланыс торабы жасалып, оның Атырау, Астрахань, Орынбор, Куйбышев желілері тартылды. Атырауда әскери теңіз базасы жасалды.Соғыстың 1-ші күнінен-ақ Қазақстан оның арсеналдарының біріне айналды. Қарағанды шахтерлері ерен еңбек етті. 4 жыл ішінде олар 34 млн. тонна көмір шығарды, бұл бассейннің өмір бойы шығарғанынан 3 млн. тонна артық еді. Орал-Ембі мұнайлы ауданының кәсіпорындары сұйық отын шығаруды 39%-ке арттырды, электр қуатын өндіру 2 есе дерлік өсті. Республика мыс(35 %), қорғасын(85%) өндірудегі жетекші орнын сақтап қалды. Шығыс Қоңырат молибден, Жезді марганец, Донск хромит кеніштері, Ақшатау молибден-вольфрам, Текелі полиметалл комбинаттары салынды. Осылардың арқасында Қазақстан молибденнің одақтық көлемінің 60%, металл висмутының 65%, полиметалл рудаларының 79% берді.1941-1945 жж. барлығы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шахта және жеке өндірістер салынды. Бұлардың қатарына көшіріп әкелінген, оның ішінде металл өңдейтін және машина жасайтын зауыттар қосылды, олар миналар, снарядтар, торпедо, радиостанциялар және басқа қарулар мен әскери техникалар шығарды. Қазақстан индустриясының жалпы өнімінде металл өңдеу мен машина жасау саласының үлесі 1940 ж. 16-дан 1945 ж. 35%-ға дейін өсті. Жалпы алғанда республикада өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37%-ке өсті, бұл соғыстың алдыңғы 4 жылдағы өсімінен 2% жоғары.Тіпті құрғақшылық болған 1943 ж. өзінде Ақтөбе обл. «Құрман» колхозының звено жетекшісі Ш.Берсиев тарының гектарынан 202 ц. өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасады. Қызылорда обл. «Авангард» колхозының звено жетекшісі Ы.Жақаев күріштің гектарынан 172 ц. өнім алып, дәл осындай табысқа жетті. Қаскелең ауданы 3 интернационал колхозының звено жетекшісі М.Мұхамедиева қызылшаның гектарынан 600 ц. өнім алды.Мал өсірушілер де күш-жігерін аяған жоқ. Жезқазған ауданы Амангелді атындағы колхоздың шопаны Ж.Мұқашев жыл сайын 100 қойдан 180-ге дейін қозы алып, аман өсіріп келді. Атырау обл. «Жаңа талап» колхозының жылқышысы Ш.Шұғаипова 1000-нан астам жылқыны шығынсыз бағып келді. Соғыс кезіндегі 1-ші қыста қары жұқа шөлейтті өңірлерде 2,1 млн. мал бағылды (24%), ал онан кейінгі жылдары 4,4 млн. мал (46%) бағылды. Қазақстан колхозшыларының малы 1940 ж-дан 1943 ж. дейін 2,5 есе өскен.Соғыс жағдайында қажетті ең аз күш пен қаржы жұмсау арқылы денсаулық сақтау, халыққа білім беру және мәдениет пен ғылым мекемелерінің жүйесі сақталып және тіпті дамытылды. Барлық типтегі мектеп жүйесі өзгерген жоқ, бірақ оқушылар саны, әсіресе, ауылдық жерлерде азайды. 118 техникумнан 92-сі сақталды, бірақ оқушылар саны 389 адамға қысқарды.Мәдениет мекемелері азырақ сақталып қалды. Көпшілік кітапханалар 2 еседен астам қысқарды, кітап қоры үштің біріндей азайды. Театрлардың саны бұрынғы күйінде қалды. Ресей және Украина өнер қайраткерлерінің арқасында, әсіресе кинематографияда елеулі сапалық өсу байқалды. Соғыс жылдары Қазақстан ғылымы қарқынды дамыды. Геолог ғалымдар жемісті жұмыс істеді, олар пайдалы қазбалардың 500-дей кенішін ашты және 150 кенішті зерттеді. 1941-1945 жж. республикада 12 ғылыми институт және олардың филиалдары ашылды, ғылыми қызметкерлердің саны 152-ден 864 адамға дейін өсті.Қазақстанның қару-жарақ жасауға өткізілген барлық соғыс заемдарының және ақшалай-заттай лотореялардың құнын есептегенде республика халқының майдае қажетіне ерікті үлесі 4700 млн. сом болды, бұл соғыстың 2 жетілік тікелей әскери шығынын өтеуге жететін еді.Республикада халықтан 2,5 млн. жылы киім, оның ішінде 11,5 мың шолақ тон, 312 мың пар киіз байпақ түсті. 1943ж. ғана Қазақстан өз ресурстарынан Ресейдің Краснодар және Ставрополь өлкелеріне, Украинаның шығыс обл-рына 2700 трактор, 123 комбайн, 880 сеялка, 2500 соқа және көп мал, азық-түлік, киім жіберді.

Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында. 1945 ж. 22-маусымда, түнгі сағат 4-тер шамасында Германия опасыздықпен КСРО-ға хабарсыз соғыс ашты. Қазақстандықтар соғыстың алғашқы минутында батыс шекарада жаумен шайқасқа қатысқандардың арасында да, Берлинде Рейхстаг үйіне шабуыл жасағандардың арасында да бар еді. Әскер қатарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір 5-ші адам майданға аттанды. Еңбек әскері құрылып, Қазақ КСР-нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941-1945 жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. КСРО-ның жау қолында қалған аудандарында соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ партизандар қозғалысы пайда болды. Оған қазақстандықтар да қатысты. Ленинград облысында 220, Смоленск жерінде 270-тен астам, Украина мен Белоруссияда 3000-дай қазақстандық болды. 300-дей қазқстандық қарсыласу қозғалысына қатысты.Республикаға И.С.Арискиннің, А.Жұмағалиевтің, К.Ғ.Омаровтың, З.У.Хұсановтың есімдері кеңінен мәлім болды. Олар жолдарды бүлдірді, басқыншылардың гарнизондарына жазалау операцияларын жүргізген кезде күтпеген жерден шабуылдап, батыл қимылдар жасады. Қазақстандық саяси қызметкерлер Г. Акмолинский, Т.Жангельдин, Ж.Саин, Б.Оразбаев және басқалар партизандар мен тұрғын халық арасында үлкен жұмыс жүргізді. Г.Ахмедьяров, Қ.Қайсенов, Н.А.Морозов, С.А.Олексенко, С.О.Төлешев, В.И.Шаруда партизан отрядтары мен құрамаларының командирлері болды.Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін 11600 адамға Кеңес Одағының батыры атағы берілді, олардың 497-і қазақстандық, соның 97-і қазақ. Қазақстандықтардың ішінен 1-ші болып, 1941 ж. 22-шілдеде Кеңес Одағының батыры атағы 19-танк дивизиясының командирі генерал-майор К.А.Семенченкоға берілді, ең соңында (1990 ж. 11-желтоқсанда) мұндай атақ панфиловшы, аға лейтенант Б.Момышұлына берілді, ол 1941 ж. Мәскеу түбіндегі ұрыстарда өз батальонымен жау қоршауын 3 рет бұзып шықты. Соғысты Б.Момышұлы полковник атағымен, 9-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. Ерекше ерлік көрсеткен 4 жауынгер: ұщқыш-штурмовиктер Т.Бигельдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов және ұшқыш-истребитель С.Д.Луганский (37 жау ұшағын құлатқан) Кеңес Одағының батыры атағын 2 рет алды. Батырлардың қатарында пулеметші М.Мәметованың, мерген Ә.Молдағұлованың, атқыштар - С.Баймағамбетовтың, С.Лұтфұллиннің, Мин Сен Юрдың, зеңбірекшілер – С.Мүткеновтың, Н.К.Новиковтың, брон бұзушы П.К. Миллердің, минеметші Қ.Сыпатаевтың, атты әскер М.Қатаевтың, сапер П.И.Гончардың, торпеда катерінің командирі Б.П.Ущевтің, атқыштар дивизиясының командирі Ғ.Б.Сафиуллиннің есімдері бар. 110 қазақстандық Даңқ орденінің 3 дәрежесіне де ие болды.1941 ж. маусымдағы шайқасқа Литваның Шауляй қаласының оңтүстігіне таман 219-атқыштар полкі қатысты, бұл полк 1919 ж. қазанда Қостанайда Қызыл Әскер қатарына өз еркімен келген шаруалардан жасақталған болатын.312-Ақтөбелік дивизия Малоярославь түбінде жаудың үш-төрт дивизиясына қарсы бір жеті бойы қасарысқан қорғаныс ұрысын жүргізді. Жаңа 53-дивизия құрылып, өз жеңісін Вена түбінде аяқтады. 102-Шымкенттік дивизия Украинаның солтүстік-шығысында қорғаныс шебін ұстап тұрды. Панфиловшы 1075-атқыштар полкі 8-ротасының саяси жетекшісі П.Б.Вихрев бастаған 14 жауынгер жаудың 5 танкісі мен 2 взвод жаяу әскерін жойды. Жалғыз қалған саяси жетекші гранатамен 2 танкіні жойып, өзін-өзі атып қаза тапты. П.Б.Вихревке Батыр атағы берілді. Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. Ленинград шайқасында ерекше ерлік көрсеткен қазақстандықтар: Балтық флотындағы «Киров» Қызыл Тулы крейсерінде 156 қазақстандық шайқасып, ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды. Партия ұйымдастырушысы Сұлтан Баймағамбетов, А.Матросовтың ерлігін қайталап (жау дзодын кеудесімен жауып), Батыр атанды. 372-атқыштар дивизиясының 1236-атқыштар полкі 5-атқыштар ротасының бөлімше командирі Қойбағаров ұрыста неміс траншеяларына 1-ші болып кіріп, ержүректілік көрсетті. Артилериялық бақылау аэростаттарының дивизион командирі С.Жылқышев батылдығымен ерекше көзге түсті. Ал 1942 жылы Арыстан Ахметов 19 жауынгермен әскери маңызы бар төбені қорғауда ерлік көрсетті. Жаралы болып, ессіз қалған Арыстанды жау әскері қолға түсіріп азапқа салды. Әскери мәлімет ала алмаған жау оның үстіне жанармай құйып өртеді.1943 жылы қаңтарда 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды.1942 ж. 17-шілдесінен Сталинград түбіндегі кескілескен ұрыстар басталды. 1942 ж-дың күзінде Сталинград шайқасының жалыны Батыс Қазақстан даласына жетті. 1943 ж. желтоқсанда белгіленген шекара бойынша Қазақстан Сталинград облысымен Каспий теңізінен Александров-Гайға дейінгі 500 шақырым бойында шектесті. Орал қаласында ірі әскери-оперативтік байланыс торабы құрылды. Осы Сталинград шайқасында 1942 ж. 19-желтоқсанда қарағандылық ұшқыш Нүркен Әбдіров Боковская-Пономаревка ауданындағы әуе шайқасында ұшағын жау танкілері шоғырына құлатып, ерлікпен қаза табады. Жамбылдың ұлы Алғадай 19-гвардиялық атты әскер полкінде пулемет расчетын басқарып жүріп, Синельниково қаласы маңында ерлікпен қаза тапты. Полковник Ғани Сафиуллин басқарған 73-гвардиялық дивизия жаудың 120 танкісі мен 800 автомашинасын жойып жіберді. Минометші Қарсыбай Сыпатаев пен капитан А.А.Бельгин қуатты жарылғыш минамен жау танкісінің астына түсіп өшпес ерлік жасап, қаза тапқаннан кейін оларға Батыр атағы берілді. Ж.Сұраншиев «Ұшқыш партизан отрядының» құрамында жүріп, Лида қаласындағы астыртын жұмысқа қатысты. Және де рейхстаг терезелеріне алғашқылардың бірі болып Жеңіс туын тіккен офицер Р.Қошқарбаев пен оның досы Г.Булатов болды. Қазақстанның мыңдаған өкілдері Украинаны, Беларусьты, Балтық республикаларын, Молдованы азат етуге қатысты. Міне осындай көптеген қазақстандық азаматтар ерлік жасап, әр түрлі ордендер мен медальдармен марапатталды. 142 қазақстандық Солдат ерлігі орденінің толық иегері атанды. Жалпы Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар саны – 96638. Ал Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандықтар – 603 мың адам болды.

4-билет

Сақтар Б.з.б. I мың жылдықтағы Қазақстан территориясын мекенднген көшпелілер – сақтар. Бұл сақтардың материалдық мәдениеті мен қоғамдық құрылысы жағынан оңтүстік Сібір тайпалары ж/е Ресейдің еуропалық бөлігінің далалық аймақтарын мекендеген скиф тайпаларымен ұқсастықтары бар.

Сақ тайпалырының атауы әр елде әртүрлі аталған: гректер – азиялық скифтер; парсылар құдіретті еркектер. ирандықтар жүйрік атты. Б.з.б. VII – IV ғасырларда сақ тайпалар одағы құрылды. Сақ қоғамының сипаты - әскери- демократиялық. 3 негізгі топқа бөлінген, әр топтың өзіндік дәстүрлі түстері болған: 1.Жауынгерлер- қызыл түс. 2.Абыздар- ақ түс. 3.Қауым мүшелері- сары ж/е көк түс. Тайпа көседерін жауынгерлер тобынан сайлаған. Мейрамдарда садақ атып сыналған садақшылардың ең мергені- тайпаны басқару құқыгын алған. Сақ тайпалар одағының билеушісі- патша. Сақ патшасы: Көктемде жерге алғашқы соқа салушы; Малшылардың үйретуші ұстазы; Құдайлардың қалаушысы, аспан мен жер арасындағы дәнекерші болып есептеледі. Қоғамдағы маңызды мәселер халық жиналысында талқыланып, оған әйелдер де қатысты. Сақ әйелдері қоғамдық өмірге белсене араласып, ерлермен бірге соғысу құқығына ие болды. Малға жеке меншік пайда болып, мүлік теңсіздігі шықты. Соғыс тұтқындары құлға айналдырылып, үй шаруашылығында жұмыс істеді. Грек тарихшысы Гередот деректерінде: б.з.б ғасырда сақ массагеттерінің патшайымы Томиристің парсы патшасы Кирмен соғысы ; б.з.б 519-518жылдардағы парсы патшасы 1 Даридің сақтармен соғысы б.з.б 4ғасырдағы Александр Македонскидің сақтармен соғысы жазылған. Сақтардың негізгі шаруашылығы-көшпелі мал шаруашылығы .Бұл дала тайпаларының өміріндегі үлкен экономикалық прогрэсс болып салынады. Сақтар мал шаруашылығының 3 түрін үйлестірді : Көшпелі мал шаруашылығы –Батыс және Орталық Қ-з Жартылай көшпелі мал шаруашылығы-Шығыс Қ-з, Жетісу,Батыспен Орталық Қ-з-ның бір бөлігі,Тянь-Шань, Алтай тауларының етегінде. Отырықшы мал шаруашылығы –Оңтүстік Қ-з, Шу,Сырдария,Келес өзендерінің бойында .Осымен бірге бұл жерлерде суармалы егін шаруашылығы басым болды. Сақтар Алтай,Сібір, Шығыс және Еуропа халықтарымен сауда байланысын жасады.Б.з.б 1 мыңжылдықта Еуразия далаларында дәстүрлі халықаралық жәрменке өткізіліп тұрған

Сарматтар — көне дәуірде Қазақстанның батыс өлкелерін, Оңт. Орал алқаптарын мекендеген, үлкен тобы Еділден батысқа қарай өтіп, Солт. Қара т. өңірлерін жайлаған тайпалардың шартты атауы. “Сарматтар”, “Сарматия” сияқты атаулар антик дәуірінің жазба деректерінен келген және көптеген тайпалар мен олардың одақтарына таңылатын жалпылама ұғым болып табылады. Грек деректерінде С. б.з.б. 4 ғ-дан, яғни олардың Бат. Қазақстан мен Оңт. Орал өлкелерінен батысқа қарай жылжуы басталған кезден бастап кездеседі. Осы кезде, яғни б.з.б. 339 ж. Қара т. скифтерінің атақты патшасы Атей өліп, бұдан соң Скифияда үлкен саяси-экон. дағдарыс қалыптасады. Ғыл. тұжырымдамалар скифтер мемлекетіндегі осы қиындықты пайдаланған С-дың шығыстан жылжыған түрлі топтары үнемі соғыса отырып скифтерді түпкілікті талқандағанын көрсетеді. Б.з.б. 2 ғ-ға қарай Қара т. скифтерінің патшалығы аумағында С. билігі орнайды. Соғыс өнерін жете меңгерген С. Риммен әскери қақтығыстар жасап отырды. Император Август тұсында жасалған Рим әлемінің картасындағы 24 облыстың 9-ыншысы “Сарматия” деп аталған.

Б.з.б. 4 ғ. басында савроматтар Доннан Ембіге дейінгі территорияны алып жатты. Осы кезде олардың екі мәдениеті қалыптасты. Олар: Батыс Болғар-Дон мәдениеті, және Шығыс-Орал мәдениеті. Сармат тайпалары (ерте -Прохоров мәдениеті) өлген адамның қабырын балшықпен сылап не таптап, өлген адамды басын түскейге қаратып, шалқасынан жатқызып қоятын болған.

Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Жылқы мен қой өсірген. Иран тілдес болған. 3-5 ғғ. «полихромдық өнер» дамыды. Тек алтын қолданылды. Полихромдық өнерге әшекейлердің түрлі техникасы тән. Жиі кездесетіндері түрлі-түсті тастармен безендіру (инкрустация), зерлев, оқа жүргізу, жалату т.б. Бұл өнер Моңғолиядан, Орта Азиядан ғұндардың келуімен байланысты Бұл әшекейлер Ертістің жоғары жағынан (Шілікті), Орталық (Жыланды), Батыс Қазақстан (Бесоба) қорғандарынан табылды

2. «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» — қазақ мемлекеттілігін жою және басқарудың жалпы империялық жүйесін құруға бағытталған құжат болып табылады. Александр I-ның 1822 ж. 22 шілдедегі Жарлығымен күшіне енген. Ол Орта жүзді жаңа әкімшілік бөлуге әкеліп соқтырды:

әкімшілік ауыл 50-70 түтін

ұлыс 10-12 ауылдан

округ 15-20 болыстықтан тұрды.

Ауылдық старшиналар 3 жылдық мерзімге сайланды, әрі ол округтік бұйрықпен бекітілді. Болыстарды басқаруға сұлтандардың құқығы өзге де сұлтандарды сайлай алатын қауымның келісімімен тікелей төменгі желі бойынша және туысқандарына жүрді. Осындай жағдайда оны облыстық басқарма бекітті. Болыстарды басқармайтын сұлтандар өзінің дәрежесін сақтап қалды, басқаруға араласпады, хандардың үкіметін жоюмен бірге патшалықтың қазақ ақсүйектерінің құқығы мен артықшылықтарын шектеуге ұмтылысы байқалды. Барлық сот істері қылмыстық, арыз және шағым бойынша басқару болып бөлінді. Біріншісіне отанын сату, кісі өлтіру, тонау, барымта, үкіметке ашықтан ашық бағынбау жатты. Осы істердің барлығы империяның заңдарымен округтік бұйрықтарда қарастырылды. Құқық бұзушылықтың қалған түрлері арыз болып табылды да оны ауылдар мен болыстарда жергілікті ғұрып бойынша билер қарастырды. Жарғыда мыналар болды: халықты нанмен қамтамасыз етуді, өнер-кәсіптің, сауда-саттық дамуы жөніндегі шараларды, кедендік және баж алымын сақтау жөніндегі шараларды белгілейтін мақалалар қамтылды. Құжатта патшалықтың отарлау саясатына бағытталған істерінің бірі — халықты орыстандыру көрсетілген. Бұл саясатта халықты шоқындыру, поптарға Құдай сөзін оқыту үшін шіркеулер ашуға кеңес беріледі, оқу, жазу, арифметика қамтылған. Сұлтандар мен старшиналардың балалары қазына есебінен ашылған әскери бөлімдеріне оқуға түсулеріне рұқсат етілді, бітірген соң олардың қалаулары бойынша қызметке тағайындалды. Әрбір отбасы өз баласын империяның ішкі жағындағы оқу орнына түсіруге құқық алды. Жарғыны қабылдау кезеңінде құлдар бұрынғы күйінше қалып қойды, жаңадан құлдар сатып алуға катаң тыйым салынды. 1822 ж. Жарғы Қазақстанды отарлау саясатына қатысты күш ала бастады. Дегенмен хан үкіметін жою, сұлтандардың құқықтарын шектеу, құлдықтан бас тарту, алға қозғалудың еркіндігі, білім берудің дамуы Қазақстанның тарихи дамуына жағдай жасады.

3. Қазақстан түкпірдегі оңтүстік-батыс тыл бола отырып, үкімет шешімдеріне сай соғыстың алғашқы күндерінен бастап өз экономикасын майдан мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге қарай бейімдеуге тиіс болды. Бұл - қорғаныс өнімдері мен стратегиялық шикізат өндірісін меңгеру мен кеңейту, өнеркәсіп құрылысын кең өрістету, еңбек және материалдық ресурстарды қайта бөлуді іске асыру, майдан шебіне жақын жерлерден әкелінген кәсіпорындарды қабылдау мен оларды жаңа жерлерде тез іске қосу деген сөз еді. Іс жүзінде материалдық және адам ресурстарын қайта бөлумен, өнеркәсіптегі майданға кеткен арнайы дайындығы бар мамандардың орнын жаңа жұмысшылармен толықтырумен қатар жүрген Қазақстан экономикасын соғыс жағдайына бейімдеп, қайта құру басталды.Қазақстан түкпірдегі оңтүстік-батыс тыл бола отырып, үкімет шешімдеріне сай соғыстың алғашқы күндерінен бастап өз экономикасын майдан мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге қарай бейімдеуге тиіс болды. Бұл - қорғаныс өнімдері мен стратегиялық шикізат өндірісін меңгеру мен кеңейту, өнеркәсіп құрылысын кең өрістету, еңбек және материалдық ресурстарды қайта бөлуді іске асыру, майдан шебіне жақын жерлерден әкелінген кәсіпорындарды қабылдау мен оларды жаңа жерлерде тез іске қосу деген сөз еді. Іс жүзінде материалдық және адам ресурстарын қайта бөлумен, өнеркәсіптегі майданға кеткен арнайы дайындығы бар мамандардың орнын жаңа жұмысшылармен толықтырумен қатар жүрген Қазақстан экономикасын соғыс жағдайына бейімдеп, қайта құру басталды.

Немістердің КСРО-ның батыс аудандарын басып алуы Сібір мен Қазақстанның ел экономикасындағы маңыздылығын күрт өсірді. Соғыстың алғашқы айларында өкімет орындарына жаудың қолына түсуі мүмкін өнеркөсіп орындарын эвакуациялаудың сәті түсті. Қазақстан аумағына қысқа мерзім ішінде 142 ірі өнеркәсіп мекемелері қажетті құрал-жабдықтарымен, шикізатымен бірге тасып әкелініп, орналастырылды. Бұлар - ауыр және орташа машина жасау зауыттары, сондай-ақ тоқыма, мақта-мата, аяк киім фабрикалары еді. Жаңа өнеркәсіп нысандарын салу жалғастырылып, тездетілді. Соғыстың алғашқы бір жарым жылының ішінде Қазақстанда 25 кеніш, шахта, түсті және қара металлургияның 11 байыту фабрикалары, 19 жаңа көмір шахталары, 4 жаңа мұнай кәсіпшілігі, Гурьевте (қазіргі Атырау ) мұнай өңдеу зауыты іске қосылды.

Актөбеде салынып жатқан ферроқорытпалар зауыты Запорожье ферроқорытпалар зауытының құрал-жабдықтарын алды, көмірлі Қарағанды өзінің техникалық кешенін донецкілік Пархоменко атындағы шахтаның жабдықтарымен толықтырды, Алматыдағы автожөндеу зауытының аяқталмаған құрылысы Луганск ауыр машина жасау зауытының цехтары орналасқан базаға айналса, республиканың оңтүстігіндегі тамақ өнеркәсібінің жаңа құрылыстары Украинаның 14 қант зауытының құрал-жабдықтарын алды. Балқаш мыс қорыту кешенінің қуаты Владимир облысындағы Кольчугин қаласының түсті прокат зауытының құрал-жабдықтарын меңгеріп, оны іске қосқан соң елеулі түрде артты. Түсті металл және отын-энергетика өнеркәсібінің жаңа кәсіпорындары салына бастады. Жалпы соғыс жылдарында Қазақстанға 300-ден астам көшіріліп әкелінген зауыттар орналастырылып, жұмыс істеді. Тасып әкелінген кәсіпорындардың кейбіреулерінің құрал-жабдықтары салынып жатқан нысандарды аяқтау үшін пайдаланылды.

Соғыстың алғашкы жылдары Қазақстанға батыс аудандардан эвакуацияланған 532,5 мың адам баспана мен жұмыс тапты, сонымен бірге 50 мың маманданған жұмысшылар, инженер-техник қызметкерлер және негізінен ауылдар мен селоларға орналастырылған 970 мыңдай күштеп көшірілген поляктар мен немістер келді. Республика жұмысшы табының қатарына Донбастың 2 мыңдай шахта құрылысшылары келіп қосылды. Өте қысқа мерзім ішінде эвакуацияланған кәсіпорындарды тиісті өндірістік алаңдармен қамтамасыз етіп, майданға қажетті өнімдер өндіруді жолға қою, адамдарды азды-көпті тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз ету қажет болды. Майданға жақын аймақтардан адамдарды амалсыз эвакуациялау көптеген қиындықтар әкелді. Олардың көпшілігі ауылдар мен селоларға орналастырыдды. Қалалардағы соғысқа дейінгі тұрғын үй проблемасы одан әрі шиеленісе түсті. Ел үшін ауыр болған осы жылдардың өзінде тұрғын үй құрылысы жалғастырыла берді. 1941-1945 жылдары жалпы көлемі 3 317 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді.

1941-1945 жылдары республика бұрынғы КСРО-дағы қорғасын (85%), мыс (35%) қорыту, полиметалл және мыс рудаларын өндіру жөніндегі жетекші орнын сақтап қалды. Барланған кен орындарының негізінде металл өндіру, байыту мен қорыту кәсіпорындары салынды (Шығыс Қоңырат молибден, Жезді марганец, Донской хромит кеніштері (рудниктері), Ақшатау молибден-вольфрам, Текелі полиметалл, Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты т. б.). Осының арқасында Қазақстан одақтағы молибден мен марганец рудаларының 60%-ын, висмуттың 65%-ын, полиметалл рудалары мен қорғасынның 80%-ға жуығын өндірді. Соғыс кезіндегі он оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілген қорғасыннан құйылды. Соғыс қызып тұрған кезде республика қара металлургиясының «тұңғышы» - Ақтөбе ферроқорытпалар зауыты іске қосылды,ал 1943 жылы Қазақ (Қарағанды) металлургиялық зауыты алғашқы 200 тонна көлеміндегі жоғары сапалы болат қорытып шығарды, бұл көрсеткіш 1945 жылы 4,6 мың тоннаға жетті.

Соғыс жылдарында республиканың қара металлургиясы ойдағыдай дамыды. Донбасты фашистер басып алғанда Қарағанды көмір кеніші соғысқа қажетті отынның 65 пайызын өндірген. Қарағанды шахтерлері төрт жыл ішінде 34 млн тонна көмір қазды. Елімізде соғыс жылдарында 19 жаңа шахта, жылдық қуаты алты миллион тонналық үш көмір разрезі салынып, пайдалануға берілді. Өлкеде көмір өндіру 1940 жылғы 6,6 млн тоннадан 1944 жылы 11,2 млн тоннаға жетті. Осы жылдары 4 жаңа мұнай кәсіпшілігі ашылды. Атырауда мұнай айыратын зауыт салынды. Соғыстың 4 жылында алдыңғы жылдармен салыстырғанда 887,9 мың тонна мұнай жөнелтілген. Ал республика жеңіл өнеркәсіп өнімдері бойынша одақта РКФСР-ден кейін екінші орынға шықты. Қызыл Армия жауынгерлерін киім-кешекпен, азық-түлікпен қамтамасыз етуде республиканың жеңіл және тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары қыруар жұмыстар атқарды. Ер-азаматтары майданға алынып, бар ауыртпалық егде адамдардың, әйелдер мен балалардың мойнына түсті. Олардың еңбегінің арқасында соғыс жылдары Қазақстан колхоздары мен совхоздары елімізге 56 млн пұт астық, 733,9 мың тонна ет, 1142 мың тонна сүт, 62,4 мың тонна жүн өткізді. Тары өсірудің шебері Шығанақ Берсиев (әр гектардан 202 центнер), атақты күрішшілер Ы. Жақаев, Ким Ман Сам, дәнді дақылдардан мол өнім алғандар М. Сатыбалдина, А. Дацкова, Н. Алпысбаевалардың ерен еңбектерін атап өтуімізге болады.

Қазақстан еңбекшілері өздерінің жеке қаражатынан майдан қорына 4,7 млн сом ақша, 2 млн дана жылы киім, 1600 вагон сыйлық жөнелтті. Қару-жарақ, көлік, киім-кешек, азық-түлікті майданға жылдам жеткізу мақсатында қысқа мерзімде Қандыағаш-Орск, Жамбыл- Шолақтау, Талдыкорған-Текелі темір жол желілері тартылды. Соның нәтижесінде шикізат көздері өнеркәсіп ошақтарымен жалғасты. 1942 жылы Алматыда құрылысы басталған вагон жөндеу зауыты соғыстың соңына таман пайдалануға берілді.

Құрылыстың қарқын алуына орай Теміртау, Текелі, Жезді, Шығыс Қоңырат, Ақшатау, Макин секілді жаңа қалалар мен жұмысшы поселкелері бой кетерді. Қазақстандағы қалалар саны 5-ке, поселкелер саны - 35-ке өсті.

Соғыстың соңғы жылдарында Қазақстан Республикасы еңбеккерлері фашизмнен зардап шеккен 48 аудан мен 12 қаланы қамқорлыққа алды.

Қазақстан мұнайының да маңызы аз болған жоқ. Жұмыс істеп тұрған «Эмбімұнай» тресіне 4 жаңа мұнай кәсіпшілігі, ондаған бұрғылау скважиналары қосылды. Гурьев мұнай өңдеу зауыты жұмыс істей бастады. Соғыс жылдары республика мұнай өндіруді 40%-ға дейін арттырды. Жұмыс істеп тұрған электрстанциялар жүйесі Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарындағы энергетиканың жаңа ірі және орташа нысандарымен толықты.

Соғыс жылдары жалпы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шахталар мен жеке өндіріс орындары, оның ішінде 300-дей эвакуацияланған кәсіпорындар салынды. Темір жол құрылысы жалғасты. 1942-1943 жылдары Мақат-Орск, Ақмола-Магнитогорск желісінің құрылысы аяқталды.

Республикада танкілер мен ұшақтар жасау үшін ақша жинау қозғалысы жүргізілді. 1941 жылы күзде БЛКЖО (Бүкілодактық Лениндік Коммунистік Жастар Одағы) атындағы танк колоннасын құруға қаржы жинау басталды. Қазақтың белгілі балуаны, әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасов жеке қаражатынан қорға 100 мың сом өткізді. Нәтижесінде 1942 жылы армия қазақстандық комсомолдардан 45 жаңа таңк алды. 1942-1943 жылдары халықтан жиналған қаржыға 10 танк колоннасы, бірнеше авиация эскадрильясы, торпедалық катерлер мен жеке ұшақтар жасалды. Соғыс жылдары Қазақстан халқы әскери техника жасауға 480,3 млн сом қаржы қосты.

Елдің корғаныс қабілеті армияны киім-кешек, азық-түлікпен жабдықтаумен де анықталды. Соғыс мұқтаждықтарын қанағаттандыруға женіл және тамақ өнеркәсібінің өндіріс орындары да бейімделді. Жеңіл өнеркәсіпте тігін, тоқыма, тері, аяқ киім салалары жылдам дамыды. 1941 жылы Алматыда тігін-тоқыма және тері-былғары фабрикалары, майдан үшін жұмыс істей бастаған фурнитура зауыты іске қосылды. 1943 жылдын басында республиканың жеңіл өнеркәсібі өнім өндіру көлемі жағынан бұрынғы КСРО-да Ресейден кейінгі екінші орынға шықты. 1945 жылы 1940 жылмен салыстырғанда шұлық бұйымдарын өндіру - 11,3 есе; мақта-мата - 7,4 есе, тоқыма бұйымдары - 4 есе, жүн мата - 2 есе, былғары аяқ киім өндіру 1,3 есе өсті. Соғыс жылдары 500-дей дивизия солдаттардың жазғы киім-кешегімен, 70 дивизия - шинельдермен, 67 дивизия — қысқы аяқ киіммен, 59 дивизия - жылы киімдермен, 25 дивизия — шолақ тондармен қамтамасыз етілді. Соғыс кезіндегі дивизиялардағы әскер саны 10000 адамға жеткенін ескерсек, тауарлардың келтірілген тізімі бойынша қандай мөлшерде өнім дайындалғанын есептеп алу қиын емес. Бүтіндей алғанда республика енеркәсібі өндірісі соғыс жылдары 37%-ға өсті. Бұл нәтижелерге үлкен қажырлы еңбектің арқасында қол жеткізілді. Республика индустриясының одан арғы дамуы, оның жаңа салаларының, әсіресе жетекші салаларының пайда болуы Қазақстанды майданның қуатты арсеналына, маңызды экономикалық аудандардың біріне айналдырды.

5-билет

Б.з.б І ғ аяғында Қазақстан далаларында сақтарды ығыстырған жаңа тайпалық одақтар п.б. Олардың бірі үйсіндер. Үйсіндер билеушісінің титулы-Гуньмо. Тілі- ежелгі түркі тілі. Тайпа көсемдері мен рубасылары -Бектер. Басты байлық-мал мен жер. Б.з.б Іғ ежелгі үйсін қоғамында жерлерді жеке меншікке иелену басалды.Жеке меншіктің болғанының тағы бір белгісі-жеке адамдарға тиесілі мүліктің ерекше таңбалармен белгіленуі. Таңбалар дүние мүлікке, үй алдарына салынды. Әскер басшылары мен жоғары лауазымды ақсүйектердің алтыннан, мыстан жасалған мөрлері болды. Лауазымы төмен үйсіндер тас және қыш саздан жасалған мөр ұстаған. Үйсін қоғамындағы әлеәметтік теңсіздік археологиялық олжалардан айқын көрінеді. Қорғандар көлемі жағынан үшке бөлінеді:1. Үлкен қорған -диаметрі80м, биіктігі 15м 2.Орташа қорған-диаметрі15м, биіктігі 4м.3. Кіші қорған –даметрі 10м, биіктігі 1м. Үйсіндер Қытаймен дипломатиялық және туыстық қатынаста болды. Олар ұйғыр тайпалары, Енисей қырғыздары, Еділ бойы халықтарымен сауда байланысын жасаған. Қаңлы, ғұндармен жайылым, сауда жолы үшін соғысқан. Үсіндер туралы Қытай тарихшысы Сыма Цян еңдектерінде жазылған, онда үйсін халқының саны 630 мың, үй саны 120мың, әскер саны 180мың болғандығы айтылады.

Үйсіндер: Архелогиялық екерткіштері, орналасуы, шаруашылығы.Археологиялық ескерткіштер. Үйсіндер оалары салынған уақытына қарай үшке бөлінді: 1) Ерте қорымдар:Қапшағай,Өтеген,Қызылеспе,Қызылауыз,Қызылқайнар.Ерекшелігі: солтүстіктеноңтүстіккеқарайтізбектеліпсалынған, әр тізбекте 5-6оба бар.2) Орта кезең қорымдары: Өтеген – Қарлақ, Қаратума, Тайғақ, Алтынемел, Талғар, Ақтас.Ерекшелігі: жүйесіз, үш обадан тізбектеліп салынған.3) Соңғы кезең қорымдары: Қапшағай, Шолақжиде,Қалқан.Ерекшелігі: тізбексіз және жүйесіз салынып, қабірлер лақатталып қазылған.Үйсіндердің алғашқы қоныстары Шу алқабында, Қырғыз Алатауының сілеміндегі құлан ауылы маңында салынған. Қаратал кезеңі: (Б.з.бІІІ -Іғ.ғ)Үйсін мәдениетінің дамуының бастапқы сатысы: Қаратал, Қарғалы, Қапшағай, Үңгірқора Қызылеспе, Бесшатыр Өтеген, Қалқан, Ақшқы, Беғаш, Сарытғай, Кеңсай, Бурака, Шелпек.Жетісу кезкңі: (І-ІІІғ.ғ)Үйсін мәдениеті эволюциясының маңызы: Талғар, Ақтас, Сарытау, Ақшоқы, Ұзынбұлақ, Алтынемел, Қызылқайнар, Күрті, Қараша, Ащысау, Шошқалы.Іле кезеңі (б.з.ІІІ-Үғ.ғ) Үйсін мәдениеті дамуының кейінгі сатысы: Ақтас, Үңгіртас, Шолақжиде.Орналасуы: Б.з.б ІІғ үйсін тайпалары орталық Азиядан Жетісуға қоныс аударды. Б.з.б. 160ж үйсіндер тиграхауда сақтарының жерін мекендеді. Үйсіндердің негізгі орналақан жері –Іле даласы. территориясы: Шу мен Талас өзендері-Қартау-Тянь Шань тауы-Балқаш көлі- Ыстықкөл. Мемлкет үшке бөлінген: Шығыс, батыс, орталы (Б.з.б 73ж бұрын)Астанасы Чегучен(Қызыл Аңғар) қаласы. (Ыстықөл жағасы).Шаруашылығы:Үйіндер аруашылығның ерешелігі- мал шаруашылығы егіншілікен ұштастырыла жүргізілді. Мал шарашылығы үсіндер өмірінде маңызды болған, әсіресе жылқ өсіруге ерекше өңіл бөлген. Бай үйсін 4-5мың жылқысы болды.Байлықты негізгі өлшемі-жылқы саны. Үйсіндердің егін шаруашлығымен айналысқандығын суару жүйелерінің болғандығы дәлелдейді. Қарапайым суару жүйелері жоңғар алтауы, Шу Іле бойындағы Шу аңғарында, Қырғыз алатауының Талас аңғарында абылды. Б.з бас кезінде үйсіндерде тырықшылқ болып, ал б.з. ІІІ -Ү ғасырында бау бақша шаруашылығы тәлімі егіншілік түріндеодан әрі дамыған. Үйсіндер мыс, қорғасын қалайы, алтын кен орындарын пайдаланған. Темірді балқытып пышақ, семсер, қаншар, жебе ұштарын жасаған.

Қаңлылар, орналасуы, шаруашылығы және археологиялық ескерткіштері.

Б.з.б. II ғ халықтардың ұлы қоныс аударуы оқиғасының нәтижесінде орталық Азияда п.б. мемлекеттік бірлестік. Орналасуы: Б.з.б Қ-ның оңтүсігіне қаңлылардың тайпалы бірлестігі құрылды. (Б.з.бІІІғ немесеІІғ соңы). Территориясы: Қаратау жасы-Сырдарияның орта ағысы. Қаңлылардың ең негізгі атамекені- Сырдария өзенінің орта ағысы. Асанасы –Битьян қаласы. Халқы-600мың, 120 үй. Билеушнің тулы-Хан. Бүкіл елді басқару ісін ханның үш уәзі атқарған. Жазба деректерге қарағанда қаңлы елі бес бөлікке бөлінген. Әр бөліктің кіші хандары болған, олар ұлы ханға бағынышты болды. Лауазымдық қызмет мұрагерлік жолмен берілді. Қаңлы туралы мәліметер б.з.б ІІ ғасырда Қытай деректерінде кездеседі. Археологиялық ескерткіштері. Археологтар қаңлылар мекендеген аудандарды қазба жұыстарын жүргізіп, көпдеген қорымдар мен қоныстарды тапты. Оларды қауыншы, отырар-Қаратау, жетіасар археологиялық мәдениттері деп бөлді. Қауыншы мәдениеті-Ташкент төңірегіндегі аймақ. Бұл мәдениеттің жақсы зерттелегн есеркіші-Сырдария жағалауындағы Шардараа таяу орналасқан Ақтөбе қонысы. Отырыр қаратау мәдениеті- Сырдария өзенінің орта ағысы тұсындағы Қаатау беткейлерінен Талас өзеніне дейінгі аралық. Бұл мәдениет ескертіштерінің маңызды орталығы-отырар алқабы. Арыс өзенінінің сол жағалауынан жиырма шақты төбе табылды: Шаштөбе, Қостөбе, Мардан, Сейітман төбе, Шлтөбе. Ең үлкені-Көкмардан. Бұл қоныстан балшытан жасалған кеспектер табылды. Онда тары, кріш, бидай, арпа, ақбұршақ сақталған. Жетіасар мәдениеті –Қуаңдария мен Жаңадария аңғарлары аралығы. Бұл б.з.б І мыңжылдығының ортасы мен б.з І мыңж.ортасы аралығындағы Арал теңізінің шығыс жағында өркендеген мәдениет. Шаруашылығы: Қаңлы тайпасының негізгі шаруашылығы-көшпелі мал шауашылығы. Асты байлығы-мал. Көбінесе жылқы мен қой өсірген. Мал жайылымы орталық Қ-н далаларына дейін жетті. Қыстаулары-негізінен Сырдария бойы. Хорезмде, Арал өңірінде, Зеравшан аңғарында, Ташкент алқабында ежелгі қоныстар мен қалалар қалыптаса бастады. Қаңллар жеріндегі металл өндірсінің орталығы-Шаш-Илақ аймағындағы қоныстар ежелгі Құлата қаласы-металл өңдеудің ірі орталығы.

Қаңлы әйелдері арасында қолөнердің жүн өңдеу кәсібі жақсы дамыды. Б.з.ІІ-Үғ қаңлылар күнделікті тұрмысына қажетті барлық өнімдерді өздері дайындған. Қаңлыларда сүйек ұқсату ісі дамыған, сүйекиен пышақ, қанжар, семсерлерге қын жасаған. Қаңлылар ұлы жібек жолының бір тармағын бақылап отырды: Сырдария-Жайық-Еділ бойы-кавказ-Қара теңіз. Отырар алқабындғы Мардан қорымдарынан Қытай теңгелері, Талас аңғарындағы Шоң-Қаңқа қорымынан кушандар мен сасанилердің теңгелері табылды.Қаңлылар Иран, Сирия, Үндістан, Қытай, Қаратеңіз жағалауындаңы елдермен сауда қатынас жасаған.

2.Орынбор қырғыздары туралы жарғы– Ресей өкіметінің Кіші жүз қазақтарын жаңаша басқару мақсатында жасаған шарасы. 1824 ж. наурызда Сыртқы істер мин-нің жанындағы Азия департаментінде бекітілді. Оның жобасын 1822 ж. Орынбор ген.-губернаторы П.К. Эссен дайындады. Бұл жоба бойынша Кіші жүзде хандық билікті жою туралы шешім қабылданды. Кіші жүз ханы Шерғазы Орынбор қ-на шақырылып, Орынбор шекара комиссиясының жұмысына кеңесші қызметіне тағайындалды. Кіші жүз жері – батыс, орта және шығыс әкімш. жүйелеріне бөлініп, оны билеуші сұлтандар басқарды. Жүздің бөлінуі рулардың орналасуына және олардың арасындағы билеуші сұлтандардың беделіне байланысты болды. Сондықтан бөліну аумағы жағынан да, халықтың саны жағынан да біркелкілік болған жоқ. Шекаралық комиссия құрамына төраға, төрт кеңесші, ауқатты қазақтардан тұратын төрт өкіл кірді. Шекаралық комиссияның міндетіне далада тәртіпті сақтау, жергілікті қазақ шенеуніктерінің тіршілігін қадағалау, салық жинау, сот істері, мед. жағын бақылауға алу кірді. Жергілікті әкімш-тің құрамына Кіші жүздің үш бөлігінің сұлтандары, дистанция басқарушылары кірді. Сұлтандарды Орынбор әскери губернаторы, ал басқа шендердің бәрін шекаралық комиссия тағайындады. Әрбір билеуші сұлтанның 100 – 200 адамнан тұратын әскери командасы болды. Олардың ордасы казак станицалары мен бекіністерінде орналасты. Бұл жарғыдан кейін сот жүйесінде де көптеген өзгерістер болды. Ірі қылмыстық істер әскери сот немесе шекаралық комиссияның қолына көшті, ал кішігірім қылмыстық істер қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрып заңдары негізінде қаралды. Патша әкімш. жергілікті билік органдарын, оның ішінде билер сотын полиц. жазалаушы органдарға айналдыруға талпынды. Оларға қамауға алуға, дүре соғуға, Сібірге жер аударуға рұқсат берілді. Дәстүрлі билік құрылымын қиратқан жаңа жүйе – Кіші жүз қазақтарын Орынбор шекара комиссиясы арқылы басқаруды күшейтіп қана қойған жоқ, әлеум.-саяси және шаруашылық өмірдің барлық жақтарын да қамтыды. Қазақтарды құнарсыз жерлерге ығыстырған орыс қоныс аударушыларын орналастыру үшін кең мүмкіндіктер ашылды.

3. Ұлы Отан соғысы басталуы сипаты. Қаз-н фашизм жоспарларында. Майдандағы ерліктер. Депортация немесе халықты зорлықпен көшіру-біздің елдің ең қайғылы беттерінің бірі болып табылады. Депортациямен байланысты оқиғалар жылы жабылды. Депортация соғыс алдында басталды. 1937 жылы Қ-н мен Орта Азияға корей халқы қоныс аударылды. Қоныс аударушылар Алматы облысы, Оңтүстік Қ-н, Ақтөбе облысы, Солтүстік Қ-н облысы, Қарағанда , Қостанай, Батыс Қ-н облысына қоныстандырылды. Бұл уақытта КСРО-ныңң оңтүстік шекараларынан Қ-нға курдтар, армяндар, түріктер жер аударылды. 1940-41 жылдары поляктар жер аударылды. Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін 1941 жылы 28 тамызда «Поволжье ауданында орналасқан немістерді қоныс аудару » туралы жарғы шықты. Жаңа жерге орналастыру үшін жер жыртуы мол аудандар, Новосібір және Омбы облыстары, Алтай өлкесі, Қ-н және басқа да республиканың жерлері бөлініп берілді. Міндетті түрде қоныстандырлыған жерде қашу үшін 20 жыл айдаудағы жұмсы берілетін болды. Немістердің қоныстану ерекшелігінің бірі мекен-жайлары ауылдық жерлер болған. Поволжьеде 1918 жылы Поволжьенің неістердің еңбек коммунасы құрылды, 1924 жылы Поволжье немістерінің автономды ССР-ге айналды. 1941 жылы ол таратылды. 1991 жылы 26 сәуірде «Қуғынға ұшыраған халықтарды ақтау туралы», 19991 жылы 18 қазанда «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заңдар қабылданған. 1944 жылы мамырда Мемлекеттік қорғаныс комитеті түбектен қырым татарларын жер аудару туралы қаулы қабылдады. Шешім бұл халықтардың фашисттік оккупанттармен қызметтестікпен мотивацияланды. 1943-44 жылдары Қ-нға Солтүстік Кавказ өкілдері жер аударылды: қалмық, балкарлықтар, чечендер, ингуш, карачай, түрік-месхетиндер. Омбы облысы, Новосібір облысы, Алтай аймағы, Красноярск аймағына қоныстандырылды. Солтүстік кавказ халықтары Сібір, Қ-н, Орта Азия, Оралдағы жұмыстарға жіберілді. Қарашайлар Оңтүстік Қ-н, Жамбыл облысына қоныстандырылды. Шешен, ингуштер Алматы, Қостанай, қарағанды, Ақмола, Солтүстік қ-н, Жамбыл, Оңтүстік қзақстан, семей облысына орналасты. Жер аударушылардың тағдыры қайғылы болды. Әйел, балалар, ақсақалдардың көп саны жолда қайтыс болды. Жаңадан қоныс аударушыларды басқа климаттық жағдай күтті.Қ-н территориясына қоныс аударғандар арнайы қоныс аударғандар статусында болды. Еңбекке бнйімді арнайы жер аударғандар қоғамдық жұмыс еңбегімен айналысуға міндетті болды.1942 жылы қаңтарда мысалы, немістер 15 жастан 55 жасқа дейін соғыс аяқталғанға дейін еңбек колонналарына біріктірілді. Арнайы қоныс аударушылар орналастырған жер ауданынан шығуға құқығы жоқ болды. Бұл қашу және қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Арнайы қоныс аударушылар 3 күн ішінде НКВД-ға отбасы құрамында болған өзгерістер туралы хабарлауы қажет болды (баланың туылуы, мүшесінің қайтыс болуы немесе қашу). Көптеген отбасылар көпке бір-бірінен ажыратылған болды.

1953 жылы 13 желтоқсанда немістердің және отбасы мүшелерінің құқықтық жағдайлары алынды, бірақ Отанға қайтуға құқығын алған жоқ. 1964 жылы 29 тамызда немістерден барлық айыптар алынды. 1972 жылы оларға басқа аудандарға орналасу және отанға қайтуға рұқсат берілді

Қ-ндықтар Мәскеу (30 қыркүйек 1941ж. – 20 сәуір 1942ж.), Ленинград (8 қыркүйек 1941ж. –

27 қаңтар 1944ж. 871 күн) үшін шайқаста

-ҰОС алғашқы кезінде Қаз-нда 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылды;

- Брест қамалын қорғаушылар ішінде қ-ндықтар болды.

- Дивизия комиисары Рыков 1941 ж. 20 қыркүйегінде 800 жауынгермен үш тәулік соғысып, қаза тапты.

- Мәскеу түбінде генерал-майор Панфиловтың 316 атқыштар дивизиясы.

- 1941 ж. қарашада 1075-атқыштар дивизиясы Дубосеково түбінде.

- Б. Момышұлы, ротаның саяси жетекшісі М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы.

Бородино түбінде неміс штабына басып кіріп, 5 неміс офицерін жойған Т. Тоқтаров КСРО Батыры атанды.

- Ленинград түбінде С. Баймағанбетов атақты Мотросовтың ерлігін қайталады.

- Қ-нда құрылған әскери бөлімдердің үштен бірі Ленинград түбінде шайқасты.

- 1941 ж. қыркүйегінде Жамбыл «Ленинградтық өрендерім».

Сталинград шайқасы (1942ж. 17 шілде – 1943ж. 2 ақпан)

- 1942 ж. жазында ұрыстар басталды.

- Осы жылы күзде Каспий өңірінде соғыс жағдайы енгізілді.

- Нұркен Әбдіров 1942 ж. 19 желтоқсанда әуе айқасында ұшағын жау шоғырына бағыттады.

- 300 фашистің тегеурініне 11 қаһарман төтеп берді. Жауынгерлер қорғаған төбе «Шығыстың 11 батырының төбесі» д.а.

- Дон мен Еділ жағасында жау топтарын қоршауға алу жөніндегі операция кезінде қ-ндық подполковник Позолотин басқарған 17-гвардиялық танк полкі ерекше көге түсті.

- Қ-ндық партизандар 3,5 мың адамнан асып түсті.

Қайсенов, Ағаділова, Воробьева, Семенова.

Жауды батысқа тықсыру. Берлин операциясы (1945ж. 16 сәуірі мен 8 мамыры).

- С. Нұрмағамбетов, Съянов, Қайдоуов,Тұрарбеков, Көбеков, Т. Бигелдинов, Еремеев, Шелихов. Р. Қошқарбаев досы Булатовпен бірге Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен. Ал Мәденов пен Қараманов 1008-атқыштар дивизиясының туын тіккен.

- Әрқайсысы 200-ден астам ұшуға шығып, әуе мен жерде 10-нан астам ұшақтарды, көптеген танкілерді, ұрыс техникасының басқа да түрлерін және жүздеген фашистерді жойған шабуылшы ұшқыштар Т.Бигельдиновке, Л.Бедаға және Иван Павловқа, жеке өзі 37 ұшақты және топтасқан ұрыстарда жаудың тағы да 6 ұшағын атып тсірген Сергей Луганскийге 2 мәрте КСРО батыры атағы берілді.

- М. Маметова, А. Молдағұлова

- 500 қ-ндық солдаттар, сержанттар, офицерлер КСРО батыры атанды.

- Қ-ндықтар Квантунь әскерлеріне қарсы соғысты.

- 1942 ж. қыркүйегінде «Қ-н комсомолы» 45 танк жасап, Сталинград майданына жіберді.

- Республикада танк колонналары мен авиция үшін 480 млн. сом жиналды.

- Рес-ка оқушылары 4 млн. сомнан астам ақшасын «Қ-н пионері» қорына аударды.

6-билет

Ғұндар, саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.

Саяси тарихы.з.б. І мыңжылдықта Орталық Азияның байтақ жерін этникалық құрамы әртүрлі тайалар мекендеген. Шаруашылықтың дамуы, тұрмыстың ортақтығы, саяси бірлік оларды өзара жақындатып, ірі тайалық бірлестіктер құрылды. Б.з.б. ІІІ ғасырдың аяғындағы қытай деректерінде «ғұн» атауы кездеседі (хунну немесе сюнну). Ал европалық жылнамашылар оларды гунни деп атаған. Б.з.б. 206 жылы ғұндардың билеушісі Мөде шаньюй (б.з.б. 228-174ж.ж.) батыста үйсіндерге шабуыл жасады. Солтүстікте Саян Алтай тайпаларын бағындырып, оңтүстікте Қытайдағы Хань әулетін жеңеді. Қытай билеушісі Мөде шаньюйге бас иіп, « Тыныштық және туыстық» туралы шартқа отырып, жыл сайын оған салық төлеп тұрды. Осы кездегі ғұн одағының территориясына Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэның орта ағысына дейінгі жерлер қосылды. Халқы – 1,5 млн. адам.Б.з.б. 55 жыл ғұн одағы екіге бөлінді:

  1. Оңтүстік бөлігі Хань империясына бағынышты болды (шаньюй Хуханье).

  2. Солтүстік ғұндар Монғолияның солт.батысындағы Қырғыз Нұр көлі маңына ордаларын орнатты (шаньюй Чжи-чжи Оңтүстік және солтүстік арасындағы өзара қырқыстан кейін, Чжи Чжи басқарған солт. ғұндар Солт. Монғолия, Шығыс Түркістанға қарай қоныс аударды.Б.з.б. 47ж солт. ғұндар Тянь Шаньнан өтіп, қаңлылармен көрші болды.

Чжи Чжи шаньюй үйсіндерге қарсы қаңлылармен әскери одақ құрды. Олар үйсіндерді жеңе алмағандықтан, өзара жанжалдасып, Чжи Чжи Талас өзенінің жоғары ағысына кетіп, екі жыл бойы сол жерде қала салдыртты (б.з.б. 37-36 ж.ж.).

Чжи Чжи өз қаласын қорғауда Марка Крас армиясының римдік жауынгерлерін пайдаланды. Ғұндардың күшеюі Қытай империясын алаңдатып, жорыққа дайындалады. Шайқастың салдары:Ғұн әскері талқандалып, қала қиратылдыЧжи Чжимен бірге 1518 адам тұтқынға түсіп, қатал жазаланды.1200 жауынгер Қытайдың қол астындағы Ферғана және үйсін билеушілеріне сыйлыққа берілді.Б.з. 93 ж ғұндардың Қазақстанға екінші рет қоныс аударуы болды. Ғұндар Сырдарияға, Арал жағасына, Орталық және Батыс Қазақстанға жетті.Б.з. IV ғасырда оңт.Орал даласына, Дунайға жетіп, «ғұндар» деген атпен Венгрияға қоныстанды.Ғұндар тарихы, әсіресе, жауынгершілік жорықтармен белгілі. Аты аңызға айналған үлкен ақыл иесі, қаһарман жауынгер, көреген қолбасшы, әккі саясаткер, айлакер дипломат Аттила (410-453) басшылығымен ғұндар еуропалық елдердің бірқатарын тізе бүктірген. Б.з. V ғасырдың ортасы Аттила әскері Шығыс Рим империясын жеңді. Оның білімін, көрегендігін мойындаған Франк, Бурнгундия билеушілері балаларын оқуға, тәрбиелеуге жіберіп отырған.Еділ патша тұсында Ғұн империясы өз дамуының жоғарғы сатысына жетті:Еуропаны Рим үстемдігінен азат етті.Құл иеленушіліктің жойылуына ықпал жасадыҒұндарды әскери демократиялық құрылыс нығайды.451 ж Аттила әскері Галлиядағы Каталаун даласында рим франк соғыс одағымен шайқасты452ж Аттила Италияны ойрандап, Падуя, Милан қалаларын алды.453 ж Еділ қайтыс болғаннан кейін ғн империясы ыдырай бастадыҚазақ ғалымдарынан Атила (Еділ) туралы алғаш рет жазып, ғылымға енгізген Шоқан Уәлиханов. «Пайғамбар» деген өлеңде «ғұн – түркілердің арғы атасы» деген тұжырым жасаушы Мағжан Жұмабаев.Ғұндардың Қазақстан жеріне енуіне байланысты тайпалардың түріктенуі басталған. Жетісу мен Оңт.Қазақстан тайпаларының антропологиялық сипаты – монғолоидтық (б.з. І мыңжылдығының бірінші жартысы).Ғұндар Қазақстанға Орталық Азиядан б.з.б. І ғасырдың соңы мен б.з. І ғасыры аралығында келді. Бұл «халықтың ұлы қоныс аударуы» атанған тарихи оқиғамен тұспа тұс кезең.ШаруашылығыҒұндар өмірінде мал шаруашылығының маңызы ерекше болды. Көшпелілер тұрмысында мал қысы жазы тебіндеп бағылған. Жылқы ерекше маңызды орынды алды.Ғұндарда сонымен қатар егіншілік пен аңшылық та дамыған. М.Қашғари (ХІ ғ.) ғұндардың отырықшылыққа көшкенін және түркілене бастағанын жазады. Баспанасы киіз үй. Ошақ тастан қаланып, оның үстіне қола қазан орнатылған. Ғұндар ошақты қадір тұтқан.

Тарих ғылымында ғұн шаруашылығының жүйесі алғашқы қауымдық немесе экстенсивті мал шаруашылығы деп сипатталады.Мәдениеті

Ғұн, үйсін мен қаңлы мәдениеті сақ тайпаларының мәдениетін жалғастырушы, одан әрі дамытушы болды. Мемлекеттердің жас уақытынан бері темірден жасалған бұйымдардың, қарапайым тігін станогының және аған өңдеудің кең өріс алуы, қолөнердің пайда болуы өркениеттің қозғаушы күші болды.

Ғұндарға жоғары дамыған материалдық мәдениет пен әскери істегі тас қамал бұзудың техникасы мәлім болды. Осылайша қаруланған олар қарсыластарын талқандап, қалаларды оңай жаулап алды.Ерте көшпелілердің негізгі тұрақтары киіз үй болып табылады, басқа бір түрі үлкен күйме арба. Оған өгіздер мен түйені жеккен. Үлкен арбаның ішіне иесінің жағдайына қарай төсеніш және киіз төселген. Түтілген жүн осы жерде өндірілсе, жібек матаны Қытайдан малға айырбастап әкелген.

Қазіргі таңдағы тарихшылардың ғұн үйсіндерді қаншалықты отырықшы мәдениет өкілдері деп сипаттағанымен, б.з.д. І мыңжылдықта ғұн үйсін этносы көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Көшпелілердің перифериясы негізінде қыстау тұрақтар ретінде, отырықшылар мен жер өңдеушілерің оазистері болды. Кейбір тұрақтар бекініс қалашықтар түрінде болды. Мысалға ғұндарда Сібір тұрақтары. Рим тарихшысы Прийск Паннониядағы Аттиланың ордасын сипаттады. Оның айтуы «алып қала», «сарайдың көлемі мен бірдей биік дуалмен қоршалды». Бұл бүкіл варвар әлемін қолында ұстаған Аттииланығң сарайы болған және жаулап алған қалаларды да бұндай сарайға айналдырғысы келді. Ерте көшпелілердің бейіттері өзеннің жағасында орналасқан. Олар көш қоныс бойында салынып, көбінде кішігірім қорғандардан тұрды. Ғұн кезеңінің «дың» типтес ең әйгілі ескерткіш кесенелері: Қозы Көрпеш Баян Сұлу, Домбауыл, Теке.

2.Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының аяқталуы империяның Қазақ өлкесіне байланысты саясатына біршама түбірлі өзгерістер әкелді. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды жаулап алғаннан кейін, патша үкіметі аймақтағы ағылшындарды ығыстырып шығарған болатын. ЬІңғайлы халықаралық жағдайды пайдаланып, Ресей империясы Қазақстанда отаршылдық төртіпті күшейтуді колға алды. Патша үкіметінің отаршылдық саясатының осылайша өзгеруітң айқын көрінісі — қазақтарды басқару туралы 1867—1868 жылдардағы әкімшілік реформасы. 1867—1868 жылдардағы патша үкіметі реформасының негізгі мақсаты — қазақ өлкесінде отаршылдық тәртіпті нығайтуға бағытталды. XIX ғасырдың екінші жартысындағы әзгерістер де бұған едәуір ықпалын тигізді. Капитализмнің кеңінен дамуы үшін де Қазақстандағы бұрынғы басқару жүйесін өзгерту қажет болды. Осы міндетті жүзеге асыру үшін XIX ғасырдың 60-жылдары басында қазақтардың саяси өкімшілік, сот ісін басқару жүйесін қайта құрудың жобасын әзірлеуге арнаулы комиссия құрылды. Комиссия Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторы қазақтарын екі түрлі басқаруды жойып, бүкіл қазақ даласын екі — Батыс және Шығыс облыстарға беліп басқаруды ұсынды. 1864 жылы 12 желтоқсанда Әскери және Ішкі істер министрлігінің бас қосқан комитеті мәжілісінде жоба мақұлданбады. Қазақтарды болашақтағы басқару құрылымы мәселесін енді үкімет Дала комиссиясына беру қажет деген шешім қабылдады. Комиссияға ішкі істер министрінің статс-кеңесшісі, полковник Гирс төрағалық етті. Бұл Дала комиссиясының құрамына аталған министрліктердің әрқайсысынан екі өкіл және Орынбор өлкесі мен Батыс Сібір өлкелері әкімшіліктерінің мүшелері енді. Комиссияға қазақ даласын аралап, жергілікті көшпенділер өмірімен танысып, болашақтағы өкімшілік басқару негіздері туралы жоба жасау міндеті жүктелді. Гирс комиссиясы 1865 жылы 27 маусымда Орынбор, Батыс Сібір және Түркістан өлкесін аралауға шықты. "Халықтың жағдайын жақсартатын, оларды сұлтандардың үстемдігінен босататын ізгілікті реформаның" жасалу барысы құпия түрде жүргізілді. Патша үкіметінің қазақ даласында әзірлеп жатқан әкімшілік-сот құрылысы реформасының үлгісін алғаш рет сынға алғандардың қатарында Шоқан Уәлиханов (1835—1865 жылдары) тұрды. Ш. Уәлиханов "Сот реформасы туралы хат" атты Омбыда жазылған әйгілі еңбегінде қазақ даласындағы сот реформасы жайлы айта келіп,'Біз қабылдағалы отырған реформа сол халықтың мүддесі, пайдасы үшін жасалынып отырғандықтан, оның материалдық мұқтаждығына шақталуы әрі сол қоғамның ұлттық мінез-құлқына сай келуі қажет. Бұл жағдайдан тыс жасалынған өзгерістің бәрі де зиянды әрі аномал (жат) құбылыс ретінде қауымды айықпас дертке шалдықтырып, тұралатып, мешеулетуі мүмкін екендігін'де ескертеді. Өкінішке орай, Шоқанның бұл демократиялық көзқарастары кезінде ескерусіз калды.Қазақстанның Ресейге қосылуы мәселесінің тарихнамасы. Қазақстанның Ресейге қосылуының себептері. Кіші жүздің империя құрамына кіруі.Қазақ халқының елдігі жолындағы тарихи күрес барысында, әсіресе, XVII ғасырдыц екінші жартысынан бастап қазақ хандары өзінің үлкен коршісі Ресей мемлекетімен байланыс жасауға көңіл бөлді. Орыс мемлекетінің қазақ хандығымен сауда және елшілік байланыстары Қазан (1552 ж.) және Астрахань (1556 ж.) хандықтарының Ресейге қосылып, оның Жайық пен Еділ аралығындағы даланы алып жатқан Ноғай Ордасыма саяси үстемдігін орнатқаннан кейінгі жерде ұлғая түсті. Еділ бойындағы халықтардың орыс мемлекетінің құрамына кіруі, оның шекарасын Қазақстан жеріне жақындата түсті. Маңғыстау мен Үстірт арқылы өтетін құрлықтағы керуен жолдары, Каспий, сондай-ақ, Еділ мен Кама арқылы отетін су жолы Ресейдің Кавказ, Орта Азия және Қазақстанмен экономикалық байланысын күшейтуде зор рөл атқарды. Қазақстан өлкесі арқылы өтетін атақты Жібек жолы барған сайын халықаралық маңыз ала бастады. Бүл жол Шығыс және Батыс Еуропа елдерін Орталық Азиямен байланыстырды, сауда-саттықты, экономикалық қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік туғызды.Орыс мемлекеті ең алдымеи қазақ даласы арқылы өтетін қатынас, сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақ хандарымен байланысын нығайтуды көздеді. Сондай-ақ, Сібір хандығыпа, Орта Азия билеушілеріне кдрсы күресте және жоцғар феодалдары тарапынан күшсйс түскен қауіпке байланысты одақтас іздеген Қазақ хандығы Орыс мемлекетімен экономикалық, саяси-елшілік байланыс орнатуға мүдделі болды. 1583 жылы Қазақ хандығына Третьяк Чебуков бастаған орыс елшілігі жіберілді. Соның нәтижесінде орыстың атақты кәсіпкерлері Строгановтар өзіне Тобыл, Ертіс және Обь бойындағы жерлердің бекітіліп берілуіне қолдарын жеткізді. Қазакстанның Ресейге қосылуы Қазақстанның Ресейге қосылуының себептері. Кіші жүздің империя құрамына кіруі. Қазақ халқының елдігі жолындағы тарихи күрес барысында, әсіресе, XVII ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ хандары өзінің үлкен коршісі Ресей мемлекетімен байланыс жасауға көңіл бөлді. Орыс мемлекетінің қазақ хандығымен сауда және елшілік байланыстары Қазан (1552 ж.) және Астрахань (1556 ж.) хандықтарының Ресейге қосылып, оның Жайық пен Еділ аралығындағы даланы алып жатқан Ноғай Ордасыма саяси үстемдігін орнатқаннан кейінгі жерде ұлғая түсті. Еділ бойындағы халықтардың орыс мемлекетінің құрамына кіруі, оның шекарасын Қазақстан жеріне жақындата түсті. Маңғыстау мен Үстірт арқылы өтетін құрлықтағы керуен жолдары, Каспий, сондай-ақ, Еділ мен Кама арқылы отетін су жолы Ресейдің Кавказ, Орта Азия және Қазақстанмен экономикалық байланысын күшейтуде зор рөл атқарды. Қазақстан өлкесі арқылы өтетін атақты Жібек жолы барған сайын халықаралық маңыз ала бастады. Бүл жол Шығыс және Батыс Еуропа елдерін Орталық Азиямен байланыстырды, сауда-саттықты, экономикалық қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік туғызды.Орыс мемлекеті ең алдымеи қазақ даласы арқылы өтетін қатынас, сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақ хандарымен байланысын нығайтуды көздеді. Сондай-ақ, Сібір хандығыпа, Орта Азия билеушілеріне кдрсы күресте және жоцғар феодалдары тарапынан күшсйс түскен қауіпке байланысты одақтас іздеген Қазақ хандығы Орыс мемлекетімен экономикалық, саяси-елшілік байланыс орнатуға мүдделі болды. 1583 жылы Қазақ хандығына Третьяк Чебуков бастаған орыс елшілігі жіберілді. Соның нәтижесінде орыстың атақты кәсіпкерлері Строгановтар өзіне Тобыл, Ертіс және Обь бойындағы жерлердің бекітіліп берілуіне қолдарын жеткізді. Сонымен қатар олар баж төлемей қазақтармен сауда жүргізуге үрықсат алды. Бүл кезде Мәскеу мемлекетінің билеушісі IV Иванмен қазақ ханы Ақназар арасындағы алғашқы саяси байланыстар Сібір ханы Көшімге қарсы бағытталды. Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығының арасындағы саяси байланыстардың дамуы Тәуекел хан жіберген елшілікпен одан әрі жалғасты. 1594 жылдың аяғында Ресеймен достық келісім жасау үшін Мәскеуге қазақ елшісі Қүлмүхамед жіберілді. Тәуекел орыс патшасымен "достық пен ынтымақ" жасауға асықты. Өйткені Бүқар ханы Абдулламен уақытша бітіэд жасап, ноғайлармен арадағы қатынас өте шиеленісіп түрған болатын. Елшіліктің алдына Мәскеуде аманат ретінде ұсталып отырған ханның жиені Оразмүхамедті босату және Борис Годуновтан "отты қару" алу еді. Орыс патшасы Тәуекел ханға жауабында оған "отты қаруы бар кеп әскер" жіберетініне және қазақтарды олардың барлық жауларынан "сақтайтынына" уә

3.Республиканың индустриялық дамуы.1946 жылға карай зауыттар мен фабрикалар қайта жандана бастады, өнеркәсіп орындары қайтадан іске қосылды. Ауылдар жанданып, қалалар қирандыдан тазартылды. 1945 жылы 23 маусымда КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясы қабылдаған демобилизация туралы Заңнан кейін миллион даған жауынгерлер бейбіт тіршілікке қайта оралды. Демобилизациямен қатар кеңес басшылығы кеңестік азаматтарды жұмысқа орналастыруға, әскери ендірісті шаруашылық мақсаттағы өнім шығаруға конверсиялау секілді күрделі жүмыстар жүргізді. Соғыс аяқталған соң басқару органдарын қайта күру басталды: халық комиссариаттарының максаттары және міндеттері өзгере бастады, милитаризмнен бас тартуға нүсқау берілді. Мемлекеттік Қорғаныс комитеті таратылды, мекемелерде 8 сағаттық жұмыс күні қайта қалпына келтірілді, уақытынан артык жұмыс істеу жойылды. Экономиканы бейбіт жолға көшіру жоспары белгіленіп, ол жүзеге асырыла бастады. Мысалы, Алматыда Киров атындағы зауыт, Алматы ауыр машина жасау зауыты бейбіт өнім шығаруға кірісті. Қазақстанға кезінде елдің еуропалық бөлігінен көшіп келген көптеген жұмысшылар жаңа Отанда қалуға ынта білдірді. 1946 жылы наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында «КСРО халық шаруашылығын қайта қалпына келтірудің және дамытудың 1946-1950 жылдарға арналған төртінші бесжылдық жоспары туралы Заң» қабылданып, онда елеулі қаржыны республиканың ауыр өнеркәсібін дамытуға, жаңа темір жол желілерін салуға, ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруға жұмсау қарастырылды. Соғыстан кейінгі құрылыстьң болашағы, жақсы өмірге деген үміт республика еңбекшілерін мемлекет жоспарын орындауға рухтандырды. Зауыттар, кәсіпорындар, өндіріс салалары арасында социалистік жарыс ұйымдастырылды. Қарағанды көмір бассейннің кеншілері еңбекте қомақты табыстарға қол жеткізді. Бұл жылдары еңбектің озық төсілдерін насихаттау, тәжірибе алмасу, ерекше көзге түскендерді марапаттау кең құлаш жайды. Жоспарды орындаудың, үлкен жетістіктерге жетудің жолдары қоғамдық жиындарда жиі-жиі талқыланды. Кез келген жаңсақтық немесе жетістіктен тиісті қорытындылар жасалып отырды. Адамдар да болашаққа, Компартияға сеніммен қарады. 1946-1951 жылдары еңбекшілердің қалың топтарының күш- жігері, қажырлы қайрат көрсетуінің аркасында республикада болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау-кен және кемір өнер- көсібіне арналған жасанды талшық өндіру жолға қойылды. Осы жылдары қара металлургия өндірісі кендяен дамыды. Теміртау металлургиялық зауытында үш прокат станы және екі мартен пеші, Ақтөбеде ферроқорытпа зауытының үшінші кезегі іске қосылды. 1947 жылы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғаш рет мырыш шығарды. Балқаш мыс қорыту зауытының қуатын арттыру жұмыстары жалғастырылды. Республикада көмір өндіру қарқынды дамыды. 1965 жылға қарай елімізде 19,5 тонна көмір шыға ратын өндірістік қуат іске қосылды. 1954 жылдан Екібастүз бассейнінің калың қабаттарынан көмір ендіріле бастады. 1965 жылы Екібастүзда 14,3 млн тонна көмір шығарылды.Соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығының жағдайы. Соғыстан кейінгі бірінші жыл ауыл шаруашылығы үшін аса қиын болды. Құрғақшылық елдің, әсіресе оның еуропалық бөлігінің ауыл шаруашылық жағдайына ете ауыр тиді. Жағдай жұмысшы күшінің жетіспеушілігінен де ушықты; ауыл шаруашылық машиналардың көп бөлігі соғыс жылдарында істен шықты, ал жаңадан алынатын машиналар саны аз болды. Басқарудың әкімшілік, күштеу тәсілдерінің, экономикалық заңдарды есепке алмаудың зардаптары ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізді. Жер өңдеу мәдениеті темен болып, қоғамдық мал шаруашылығы нашар дамыды. Ауыл шаруашылығының ауыр жағдайының себептеріне талдау жүргізген ел басшылығы шаруашылық және партия органдарын бұрынғы колхоз және совхоздарға қатысты бұра тартушылықтарды жоюға міндеттеді. 1949 жылға қарай қабылданған қаулы бойынша Қазақстанның колхоздарына түрлі ұйымдардың 214 млн сом қарызы, көп мал, техника, 540 мыңға жуық, заңсыз тартып алынған жер қайтарылып беріліп, әкімшілік-шаруашылық басқару аппараты елеулі түрде қысқарды. Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық жағынан жабдықталуын шұғыл жақсарту мақсатында мемлекет қосымша қаражат бөлді. Ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау және қайта даярлаудың жүйесі жолға қойылды. Колхоздар мен совхоздарға қызмет көрсетуге тиіс машина-трактор станцияларын (МТС) техникамен жабдықтауға үлкен көмек көрсетілді. Төртінші бесжылдықтың соңына қарай республика МТС-тары күшейіп, колхоздардың 95%-ына қызмет көрсетті, ал бұл көрсеткіш 1946 жылы 76% ғана болған еді. Соған қарамастан, үкімет қабылдаған іс-шаралар ойдағыдай нәтиже бермеді. Өндірісті арттыру үшін ұсақ колхоздар ірі колхоздарға біріктірілді. Колхоздарды қысқа мерзім ішінде ірілендіру жаппай сипат алды, нәтижесінде Қазақстандағы олардың саны 6 737- ден (1945 жыл) 2 047-ге (1952 жыл) дейін қысқарды. Қабылданған іс-шаралар ауыл шаруашылығының жағдайын біршама жақсартты. МТС техникасы неғұрлым тиімді пайдаланыла бастады. Егін, мал өнімдері бойынша белгіленген жоспарды асыра орындау үшін қосымша төлемдер енгізілді. Мал басының саны артты. Бесжылдық ішінде суарылатын жерлер ауданы 16%-ға артты.

7-билет

Түрік қағанаты (552-603ж)Түріктердің этногенезі және түркі мемлекетінің қалыптасу кезеңдері.Ұлы қоныс аудару оқиғасы (ІІ-Vғ.ғ.) Қазақстанның, Орта Азия мен Шығыс Еуропа халықтарының тарихына үлкен өзгеріс енгізді.Vғ. Түркі тілдес теле тайпасы Солт. Монғолиядан Шығыс Еуропаға дейінгі далада өмір сүрді, ал оңт-те көшіп қону жайылымдары Амударияның жоғарғы ағысына дейін жетті. 535ж түрік қолбасшысы Бұмын Алтай даласындағы түркі тілдес тайпаларды біріктіре бастады. 546ж теле тайпасы түріктерге қосылды. Үлкен күшке ие болған Бұмын 552ж 50 мың әскермен авар (жуань-жуань) мемлекетін талқандады.552ж Түрік қағанаты құрылып, Бұмын өзін қаған деп жариялады. Территориясы: Жетісу, Амудария мен Сырдария аралығы. Астанасы: Суяб.«Түрік» атауы алғаш рет 542 жылғы қытай деректерінде кездеседі. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпағы деп санаған. Алғашында «түрік» этнонимі әскери шонжарлар деген мағынаны білдірсе, кейін үстемдік етуші тайпа осылай аталды.Бұмын қағанның ізбасарлары Қара Ыссық және Мұқан қағандар тұсында мемлекет Орталық Азияда саяси үстемдікке жетті. Түріктер Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды, Солтүстік Қытай мемлекетін бағындырды. VI ғ Қазақстан жері Түрік қағанатының иелігінде болды. Түріктердің Орта Азияны алудағы басты қарсыласы - эфталиттер. Бұл – Каспий теңізінен Солт.Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейінгі жерде созылып жатқан күшті мемлекет халқы.561-563 ж түріктер эфталиттерге қарсы Иранмен әскери одақ құрды.564 ж Иран шахы Хұсрау Ануширван Тоқарыстанды жаулады.567 ж Бұхар тұбінде түріктер эфталиттерді жеңді. Орта Азиядағы жеңістерден кейін түріктер Ұлы Жібек жолын өз бақылауында ұстады.Түріктер және олардың қол астындағы соғдылықтар Византиямен сауда байланысын жасауға ұмтылды. Бұған Иран кедергі болады. Соған байланысты 568 ж соғды көпесі Маниах бастаған түрік елшілігі Константинопольге келіп, Византия императоры II Юстиниманмен сауда және әскери шарт жасасты. Түрік Византия одағы н,әтижесінде:Иран түріктерге жылына 40 мың алтын динар салық төлеуге;Сауда қатынасына бөгет болмауға міндеттенді.575ж Иран мен Византия келісімі нәтижесінде Византия өзінің Кавказдағы вассалдарын түріктерге қарсы қойды. Түріктер жауап ретін,де Киммерия Боспорын талқандап, Қырым мен Батыс Кавказға соғыс жорықтарын жасады.Түрік қағанаты он ұлысқа бөлінді. Ұлыс басқарушысы шад. Ұлыстық үс темдік белгісі ретінде он алтын жебе берілді.Естеми қаған мен оның ұлы Түріксанфа тұсында қағанат әлсіреді. Басты себептері:Ішкі тартыстарКөрші елдермен соғысОсы ауыр жағдайды пайдаланған Қытай империясы шапқыншылық бастады.нің603ж. Қағанат екіге бөлінді:Батыс және Шығыс Түрік қағанаты.Қазіргі Қазақстан территориясы Батыс Түрік қағанаты құрамына енді.

Батыс Түрік қағанаты (603-704)ндағы этномәдени процестер мен халықаралық қатынастар.

Қағанаттың орталығы Жетісу. Астанасы Суяб (Ақбешім) (Қырғызстандағы Тоқмақ қаласының маңы), жазғы ордасы Мыңбұлақ (Түркістанның төңірегі).Халқы ежелгі үйсін жерінің Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі аралықты қоныстанған 10 тайпадан тұрды (он оқ будун). Тайпа екіге бөлінеді:Дулу – Шу өзенінен шығысқа қарай орналасқан бес тайпаНушиби - Шу өзенінен батысқа қарай мекендеген бес тайпаҚоғамдық құрылымы

Қағанатты түріктің ашина (көкбөрілер) тайпасынан шыққан ақсүйектер биледі. Қаған ең жоғарғы билеуші, әскер басы және бүкіл жердің иесі.1.Қаған

  1. Шад, жабғу, елтебер (ашина руынан шыққан жоғарғы шенділер)

  2. Бек (ру, тайпа басқарушысы)

  3. Тархан, бұйрықтар (сот қызметін атқарушылар)

  4. Тұдын (салық жинаушы)

  5. Қара бұдын (қарапайым халық)

  6. таттар (құлдар)Халқы – үйсіндер, қаңлылар, қарлұқтар, түркештер, шығылдар яғмалар.Алғашқы қағаны Тардуш (Дато). Ол Шығыс Түрік қағанатын жаулап, екі қағанатты біріктіруді ойлады. Алтайдағы теле тайпасын шабуылдап, өзін Шығыс Түрік қағанатының қағаны дп жариялады. Телелердің бас көтеруінен кейін қағанаттар қайта бөлінді.

Қағанаттың күш-қуаты Жеғұй және Тон-Жабғу қағандар тұсында арта түсті. Олар Тоқарыстан мен Ауғанстанға жаңа жорықтар жасап, қағанат шекарасын солт-батыс Үндістанға дейін созды. Салық жинауға жергілікті адамдарды қойып, оларды селиф деп атады. Көрші мемлекеттерге соғыс ашудағы басты мақсаттардың бірі құл иелену. Датсу қаған көрші елдермен сауда байланыстарын жүргізіп, Қара теңіз жағалауына және Түркістанға абысты жорықтар жасады.Батыс Түрік қағандары жаулап алған аймақтардың саяси жүйесіне өзгерістер енгізбей, т ек салық жинаумен шектелді. 16 жылға созылған (640-657ж) тайпааралық соғыстардың қағанатты әлсіретуі салдарынан Таң империясы Жетісуды басып алды 659ж.Түріктердің Таң империясына қарсы күресі қағанат құрамындағы түркештердің күшеюіне әкелді.

704 ж Түркештер Жетісудағы саяси билікті жеңіп алды.

И.Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бас-н Бөкей ордасындағы отарлауға және ханға қарсы көтеріліс.(1836-1838). Еділ өзен-ң Каспийге құятын аймағын 1635 ж-дан бастап Жоңғар шап-ғы кезінде бөлініп қалған қалмақ рулары мекендеді. Оны қазақтар қалмақ қыры депті. 1771 ж. бұл жердегі қалмақтар екіге бөлініп, бір бөлігі қазақ жері арқылы Жоңғарияға кетті. Ал екіншісі батысқа ығысып, Дон даласына көшіп кетті. Осы босапан жеоге 1801 жылдан бастап патша ұрықсатымен Кіші жүздің Бөкей сұлтан басқарған 5000 қазаы қоныс аударды. Мұның өзі ішкі (Бөкей) орданың құрылуына негіз болды. 30-ж. соңында мұнда 20 мыңдай түтін мен 80 мың адам жайлады. Бірақ жер мен жайылымдар бірдей бөлінбеді. Көбісі орыс помещиктері Юсупов пен Безбородконың меншігіне өтті.Үлкен және Кіші өзен бойындағы Қамыс-Самар көлі төңірегіндегі жер казак-орыстарға кетті. Үкімет ішкі Орда мен Кіші жүзді басқаруды өздеріне бейімдеп жатты. Үкімет дистанциялар (аралық бақылау жүйесі) құрып, оның бастығы қызметін енгізді. Жайық бойындағы жерді Орал казак-орыстары иемденді. Қазақтарға Жайық өзенінен өтуге және казак-орыстардың өзен жағалауындағы белдевлеріне көшіп келуіне тиым салынды.Қазақ шаруалары орыс помещиктері мен қазақ сұлтандарынан аренда үшін уақытылы ақша төлеуге тиіс болды. Түрлі штраф, алым-салық көбейді.Батыс қазақстан жерінде Бөкейдің баласы Жәңгір 1824 ж. Хан тағына отырған соң, патша үкіметі қолдауымен ел басқаруды өзгертуге кірісті. Ол отырықшылықты, елді мекендер салуды, қырда пішен шабуды, мектеп, училище ашуды, мешіт ашуды, малды асылдандыруды, сауданы енгізуді бастады.1827 ж. Жәңгір хан нарын құмындағы Жасқұс мекенінде тұрақты хан ордасын орнатты. Елді орталықтан басқаратын болды. Сол жылы хан кеңесі құрылды. Оған 12 ата байұлы руларынан бір-бірден би кірді. Ханға оның тапсырмаларын орындайтын 12 старшын, сондай-ақ бірнеше сұлтан қызмет етті. Оның татар бөлімі және жалпы бөлімнен тұратын өз кеңсесі болды. Кеңсе жанында арнаулы тергевші штат та тұрды.Жәңгір хан 1845 жылы өлді. Бұған дейін Қаз-ң барлық бөліктерінде хандық билік жойылған еді. Өкіметтік топтар ішкі Ордада хандықты жоюды ұйғарды, хан билігі орыс шеневнігі басқарған Уақытша Кеңестің қолына көшті. Патша үкіметінің жергілікті феодалдарға сүйеніп, халықты қанауы наразылық туғызды. Наразылық жер дауынан басталды. Ішкі Ордада қазақ байлары мен орыс помещиктері ең құнарлы жерді өздеріне алды. Кедейлерге ең құнарсызы тиді. Бір ғана Жәңгір хан 400 мың десятина жерді өз иелігіне қаратты. Жәңгірдің інісі Меңдігерей Бөкейханов, би Балқы Құдайбергенов, ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанов халықты қанады.1831 ж. Ресеймен шекаралас жерлерде сұлтандар мен Орынбор Шекара комиссиясына бағынатын әкімшіліктер құрылды. Ондағы әкімдер мен старшындар жергілікті басқаруды өз қолдарына алды. Ал Жайық бойын иемденген Орал казак-орыстары қазақтарға Жайық өзенінен өтуге, оның жағасына көшіп-қонуға тиым салды.Жәңгірге наразы болған бір топ сұлтандар шаруаларды Жайықтың арғы жағына қайтадан өтуге шақырды. 1827 жылдың қысы жұт болды. Аман қалған аз малды сақтау үшін қазақтар Саратов губерниясына, ондағы Юсупов пен Безбородконың жер иеліктеріне көшпекші болды. Көктем шығысымен Байбақты руы бірінші болып Жайыққа бет алды. Оны Жантөре Қарабатыров, Нұршабай Байтурин, Өтен және Әбен Көтібаровтар, Нәдір Қашқынов, Ырсалы Көсепулин басқарды. Ресми өкімет орындары бұл көшуге қарсы болды. Мұның өзі Кіші жүз қазақтарының үкіметке наразылығын күшейтті. Көтеріліс басталды. Оны беріш руынан шыққан Исатай мен Махамбет басқарды.1812 жылы Бөкей хан Исатайды Жайық бойындағы руларға старшын етіп тағайындады. 1814 ж. соңында оны Орынбор Шекара комиссиясы бекітіп, уақытша жарлықпен оған мөр тапсырды.1836 ж. ақпанда халықтың Жәңгір ханға қарсы күресі басталды. Бұған Исатайдың хан ордасына шақыртылуы себеп болды. Ол одан бас тартты. 1836 ж. 4 сәуірде Манаш қыстауына ханның Қарауылқожа бастапан жасағы келді. Көтерілісшілер қосынына Исатай бастапан 200-ге жуық жІгіттер келді. Нәтижесі екі жақтың тарап кетуімен аяқталды. Исатайдың даңқы арта түсті. Оған шаруалар қаптап келе бастады. Исатай, Махамбеттер 1937 жылы қыркүйек, қазан айларында Қарауылқожаның, Балқы бидің, Шоқы сұлтанның ауылдарын шабады. Сол жылдың қараша айының соңында Исатайлар хан ордасын шабуға аттанады. Бұл тұста хан ордасында 41 үй бар еді. Ханға Орынбордан подполковник Гекке бастапан әскер күші көмекке келді. 700 казак-орыс, екі зеңберек, ханның 400 сарбазы Исатайдың 2000-нан астам сарбазына қатты қарсылық көрсетті. 1837 ж. 15 қарашада Тастөбе деген жерде шайқас болды. Күші басым жазалаушылар екпініне шыдай алмаған көтерілісшілер топ-топқа бөлініп кетті. Исатай да шегінді. Жәңгір Исатайдың басына 500 күміс ақша тікті. Исатайдың тобы қуғынна қашып, Жайықтан өтті. Сағызға қарай кетті. 1838 ж. қаңтарында Исатай жасағымен Үлкен Борсық құмындағы шекті руының қонысына келді.Көктемде халық қозғалысы қайта күшейді. Кенесары, хиуа жерінен шыққан Қайыпғали Есімов бастапан жасақтар пайда болды.Бұл кезде Сібір өңірінен шегінген Кенесары әскерінің бір бөлігі Орынбор өлкесіне ауысты. Олардың Исатай тобына қосылуынан қорыққан Орынбор ген-губернаторы Перовский көтерілісшілерді талқандауға кірісті. Орск бекінісі жағынан құрамында Орал полкі казактары бар Айшуақ Сұлтанұлының жасағы шықты. Орынбордан Гекке әскері шықты. Осы кезде Исатай 500 сарбазымен сұлтан Баймағанбетке соққы беру үшін Қайыпқали Есімұлынан бөлінді. Бұл кезде Айшуақұлы әскері полковник Гекке әскерімен біріккен болатын Оны Исатай тобы білмеді.1838 ж. шілде айының 12-нде Исатайдың жасағы мен полковник Геке бастапан әскерлер Ақбұлақ деген жерде кездесті. Зеңбірек оғынан шегінген көтерілісшілерге Айшуақовтың әскерлері тап берді. Тыл жақтан казак-орыс жүздіктері қоршауға алды. Исатай қаза болды. Ол өлгеннен кейін көтіліс әлсіреді. Бытыраңқы жасақтар Ойыл бойындағы Нижневральск желісі маңында қимыл жасап жүрді. Махамбетті 1846 ж. Өлтірді.

3.Республиканың партия ұйымын Ж.Шаяхметов басқарды. Ол ҚК(б)П ОК—нің 1946 жылғы 20—22 маусымдағы Пленумында сайланды. Соғыстан кейінгі кезеңде Коммунистік партия идеологиялық жұмысты күшейтуге кірісті. 1946 жылы БК(б)П ОК-нің «Звезда» және «Ленинград» журналдары туралы, «Драмалық театрлардың репертуары және оны жақсарту шаралары туралы», «Большая жизнь» кинофильмі туралы» қаулылары жарық көрді. Қазақстанда аталған қаулыларды негізге алған саяси науқан 1946 жылғы 26 қыркүйекте Алматыда өткен әдебиет пен өнер қайраткерлерінің жиналысынан бастау алды. Жазушылардың шығармашылығы саясаттан тыс, социалистік реализм принциптерінен ауытқығандығы үшін сыналды. Жазушы Ә.Тәжібаевты «Біз де қазақпыз» кітабында патшалар мен хандарды мадақтағаны үшін сынға алды. Мұндай жиналыстар республикалың барлық облыстарында өте бастады. Журналдар идеолоғиялык зиянды еңбектерді басқаны үшін кінәлі деп табылды. Театрлар буржуазиялық драматургтер пьесаларын, мысалы, Лопе де Вега, Шеридан, Бомарше, т.б. сахналағаны үшін жазғырылды. ҚКЖО (Қазақстан кеңестік Жазушылар одағы) белсенді жүргізілген саяси науқан нәтижесінде 1947 жылы қазіргі заман тақырыбына лайық шығарма тудыру жөнінде міндеттеме алуға мәжбүр болды. 1947 жылдың 21 қаңтарында ҚК(б)П ОК-нің «Қазақ КСР ҒА-ның Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы» қаулысы шықты. Көп ұзамай ҒА-да партия жиналысы өтті. Тіл және әдебиет институтының ғылыми зерттеулер жоспары қайта қаралды, революцияға дейінгі қазақ әдебиетіне байланысты тақырып алынып тасталды. М.Әуезовтің шығармашылық және ғылыми қызметі сыңға алынды. Ол орысқа қарсы, реакцияшыл, кертартпа көзқарасты насихаттаушы ретінде айыпталды. Қаулының мәнін түсіндіру үшін Алматыда ғылым, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің жиналысы шакырылды. 1948 жылы 23 ақпанда Қазақстан композиторлар одағының жалпы жиналысы өтті. Е.Брусиловский, В.Великанов сияқты сазгерлер «Орыс музыкасы классиктерінің тәжірибесін мансұқ еткені үшін» сынға алынды. 1948 жылы тамызда Қазақстанда Қазақ КСР ҒА ҚК(б)П ОК-нің келісімімен барлық биологиялық және медицина ғылымдары институттары мен секторларының ғылыми-зерттеу еңбектері жоспарын қайта қарауға бұйрық берді. 1948 жылы 21 қыркүйекте ҚК(б)П ОК-нің Бюросы республикадағы агробиология ғылымының жағдайын тексеру туралы шешім қабылдады. ҚК(б)П-ның кезекті IV съезі 1949 жылдың 25 ақпаны мен 1 наурыз аралығында Алматыда өтті. Съезде КСРО құрамындағы республиканың экономикасы мен мәдениетін одан әрі дамыта түсу жолдары анықталды, партиялық-ұйымдастырушылық және көпшілік-саяси жұмыстарды жандандыра түсу қарастырылды. 1951 жылы 10 сәуірде ҚК(б)П ОК-нің «Правда» газетінде жарияланған «Қазақстан тарихы мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан сөз ету туралы» атты мақала жөнінде қаулысы шықты. Бұл қаулы республикадағы тарих ғылымының бұдан былайғы дамуына кері әсер етті. Тарихшы Е.Бекмаханов қуғынға ұшырады. Ол партия қатарынан шығарылды, «кеңеске қарсы әрекеті үшін» қызметінен босатылып, 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол Сталиннің жеке басына табыну әшкереленген соң ғана ақталды. Республиканың Қ.Сәтбаев, А.Жұбанов, А.Н.Самойлович, Е.Исмаилов, Б.Сүлейменов, Қ.Жұмалиев, т. б. көптеген көрнекті ғалымдары құғын-сүргінге ұшырады.

8-билет

Түркеш.Арабтар жаулаушылығы басталған кезде Қазақстан және орта Азияның басым бөлігі Батыс түрік қағанаты өкіметінің билігінде болатын.Арабтарға қарсы күрес жүргізу ісінде Жетісуда өкімет басына келген түркештер бірінші орынға шықты.Түркештер Шу мен Іле өзені аралығын қоныстанған.Алғашқы қағаны-Үшелік.(704-706).Территориясы:Жетісу,Іле,Шу,Талаc алқаптары.Астанасы-Суяб,жазғы ордасы-Күнгіт қаласы.(Іле өзені бойында).Бүкіл жер 20 үлесті аймаққа(түтік) бөлінді.Әр түтікте жеті мың әскер болған.Қағанат екі қарсылас топқа бөлінді:1)Сары түркештер(шулық),ордасы-Суяб қаласы.(Шу өзені бойында).2)Қара түркештер(ілелік),ордасы-Тараз қаласы(Талас өзені бойында).Араб тарихшысы Әл-Идриси дерегі:Түркеш нағыз түрік мағынасындағы сөз.VIIIғ.басы(705ж)-Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың жорығы басталды.706ж.-түркештер соғдылармен одақтасып,Бұхар маңында арабтарды жеңді.709ж.-араб қолбасшысы Кутейбтің екі одақтастықтың арасында алауыздық туғызуының салдарынан соғды ханы Тархун көмектесуден бас тартты.Нәтижесінде арабтар Бұхарды жаулады. Үшеліктің ұлы Сақал қаған(сары түркеш)бүкіл Орта Азияны бағындырды.708ж. сары түркеш пен қара түркеш арасында шиеленіс күшейді.711ж. қара түркештер шақыруымен келген Шығыс түрік қағаны Қапаған Болучу(Жоңғария) түбінде сары түркеш әскерін жеңді.Сақал қаған тұтқынға түсіп,қағанат күйреді.Түркеш қағанаты 7 жыл өткеннен соң ғана қалпына келтіріліп,билікке Сұлу қаған(қара түркеш)келгесін қайта нығайды.Билік қара түркештерге көшіп,Орда Тараз қаласына ауыстырылды. Сұлу қаған екі майданда күрес жүргізді:Батыста-арабтармен,шығыста-Таң патшалығымен.Сұлу қаған Қытаймен одақтасып,бар күшті батысқа бағыттады.723ж.-түркештер Ферғана қарлұқтары және Шаш тұрғындарымен бірігіп,арабтарға соққы берді.Арабтар Сұлудың батылдығына байланысты оны Сүзеген деп атаған. 732ж.-арабтар түркештерді ығыстырып,Бұхарды қайтара жаулады.736ж. Сұлу қаған арабтарға қарсы жорыққа шығып,Тоқарыстанға дейін барды да,жеңіліскеұшырады.Осы кезде сары түркештер мен қара түркештер арасында күрес қайта өршіді.738ж. қолбасшы Баға-Тархан Сұлуды өлтіріп,оның ұлына қарсы соғысты бастады.Түркештер арасындағы алауыздық 738-748ж.арабтарға Оңт.Қазақстан мен Орта Азияны басып алуға жағдай жасады.Осының салдарынан түркештер 746ж. Жетісуға ұмтылған қарлұқтарға қарсылық көрсете алмайды.Түркілердің қиын жағдайын қытайлар да пайдаланып қалды.748ж.-қытайлар Суяб қаласын жаулап алып,қиратты.751ж.Атлах қаласының маңындағы қытайлар мен арабтар арасындағы ірі шайқас(Талас бойы).Бес күнге созылған шайқастың шешуші кезеңінде қарлұқтар арабтар жағына шығып,қытайлар жеңілді.Атлах шайқасының тарихи маңызы:Қытай әскері Жетісуды,Шығыс Түркістанды тастап шегінді.Арабтар Талас аңғарынан Шашқа қарай ығысты.Алайда,ішкі қақтығыстан және араб-қытай шапқыншылығынан Түркеш қағанаты әлсіреді.756ж. қағанат қарлұқтардың тегеурініне төтеп бере алмай біржолата құлады.

2.Ресей империясының қазақ даласындағы хандық билікті жою, шекаралық аймақтарда жаңа бекіністерді салып, қазақ жерлерін күштеп тартып алуды одан әрі жлғастыруы, қазақ қоғамында әлеуметтік қатынастардың шиелінісуі К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көт-ң шығуына себеп болды. Көт-ң мақсаты қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату, қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету. Көт-с бүкіл үш жүзді қамтып, ұлт-азаттық сипат алды. Көт-ң басты қозғаушы күші қазақ шаруалары болды. Сонымен қатар ірі ақсүйектер де (80-нен астам сұлтан). Көт-ке әртүрлі ұлттардың өкілдері орыс, өзбек, қырғыз т.б. қатысып, көтерілісшілер саны 20-мыңға жетті. Көт-ке Кенесары қолын басқарған атақты батырлар Иман, Жоламан, Бұғыбай, Сұраншы, інісі Наурызабай, Әбілғазы, әпкесі Бопай қатысты. 1837 ж қараша – Кенесары Петропавл қаласынан шыққан Ақтау бекінісі казактарының тобын тұңғыш рет шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді. 1838ж 26 мамыр – Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жібереді. 1841ж Кенесары қолы Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жорық тоқтатылады. Ендігі кезекте патша үкіметі көт-ке қарсы шаралар ұйымдасытыра бастады: 1842ж Орынбор ген-губ Обручев, Сібірден Сотников әскері жіберілді. 1843ж І Николай старшина Лебедевтің 300 казактан тұратын тобын жіберуге келісім берді, сұлтан Жантөреұлы, Айшуақұлы, полковник Генс, Бизанов бастаған 5 мыңдық топ ұйымдастырылды. 1843ж 1 және 7 тамызда көтерілісшілер казактардың Орынборлық тобымен шайқасты. 1843 ж 17 тамызда полковник Бизановтың тобы ешқандай нәтижеге жетпей Ор бекінісіне оралды. 1844ж шілдеде көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлының тобын қоршап, 44 сұлтанды мерт қылды. Осы жеңістің нәтижесінде Орынбор әкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мәжбүр етті. Кенесарының сонда қойған талабы, әскери бекіністер салынбаған Ақтау, Есіл, Нұра және Жайық өзеніне дейінгі өңірді Ресей билігінен босату. 1845ж сәуірде Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов және Герн келеді. Бірақ екі жақ бір-бірінің талаптарын мойындата алмағандықтан, келіссөздер тоқтатылды. 1845 ж қазан, қарашада көтерілісшілер Созақ, Жаңа жүлек, Қоған бекіністерін алады. Абылайдың баласы сұлтан сүйік Ресей билігін мойындаса, Үйсін, Жалайыр, Дулат руларының көпшілігі көтелісішілерді жақтады. 1847 ж сәуір Кенесары 10 мың әскермен қырғыз жеріне басып кіреді. әскерледің қырғыз ауылдарын тонауы көтерілісшілердің Кенесарыға қарсы өшпенділік туғызады. Қазақ сұлтаны Рүстем мен Сыпатай би топтарының Кенесарыдан бөлініп кетуі қазақ жасағының жеңілісіне әсер етеді. Сол жылы Кенесары Бишкек маңындағы Майтөбе шайқасында 32 сұлтанмен қаза табады. Тарихи маңызы; үш жүзді қамтыған тұңғыш ірі көтеріліс, ХІХ ғасырдың І жартысындағы Ресей азаттық көтерілісінің құрамдас бөлігі, Патша үкіметінің Орта Азияны отарлауын кешеуілдетті, қазақ халқының ішкі қайшылықтарының Ресей саясатымен байданыстылығын көрсетті.

3. «Хрущев жылымғы»50 жылдары «жылымық жылдарында » бірнеше ажғымды әрекеттер болды:1953 КОКП-ның съезінде Қуғын-сүргіннің ұйымдастырушысы, авантурист Л.П. Берия қамуға алынды.Комунстік партия қатарынан шығарылды.1956 жылы Н.С. Хрушщев КОКП-нің XX съезінгде «жеке басқа табыну және оның зардаптары » баяндамасы жарияланды.

Баяндама Хрущевтың өзінің әрекеттерін жасырып, Молотов, Каганович,Ворошиловиы қорғады.Баяндама халыққа жарияланбады.Тек 35 жылдан кейін «Известия » газетінде баяндаманы ң толық мәтіні жарияланды.Хрущевтың бастауымен 1953-1955 жылдары ГУЛАГ жойылып, ондағылар азат етілді.Қорғамды басқару формасы «жоғарыдан төменге » принципіне сүйенді.Ендігі жерде «халық жауы » орнына «өзгеше ойлайтындар» айыбы тағылды. Шығыс Қазқстанның қарапаиым мұғалімі М. Елікбаев Хрущевқа Қазақстанның қазіргі хал ахуалы туралы хат жазады. 1957 жылы Елікбаев партия қатарынан шығарылып,жындыханаға жатқызылады. КСРО бойынша «өзгеше ойлайтындар » саны 90000 ға жетті.50 жылдарда прогресшіл бастамалардың іске аспау себептері:

Саясатты жүзеге асырудың ғылыми негізі болмауыХрущевтан бастап Кеңес басшылығының білімі мен саяси мәдениетінің төмен болуы.Хлықтың санасының жоғарлатуына ұмтылмауы.малаудын ұмтылыстары: жетістіктері мен қайшылықтары. 60-шы ж. Бәрәншә жартысындағы қоғамдық өзгерістердің саясаттың ерекше белгісі, оның қайшылығы мен жеке адамға табынуды жою процесінің нақты жетістіктері, сондай-ақ экономикалық дамудың белгілі бір табыстары еді. Сонымен қатар, бұл кездегі қияли, утопиялық жоспарлар, ішкі партиялық қоғамдық өмірді демократияландыруға қадамдар жасау және Н.С. Хрущевтің өзінің жеке басына табынудың күрт күшеюі сияқты қайшылықтар көрініс берді. 60-шы ж. Басында өнеркәсіп пен құрылысты экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері арқылы басқару жүйесінің кемшіліктері біден-бірге айқындала түсті. Өнеркәсіпті басқаруда халық шаруашылығы кеңестерінде толып жатқан жаңа бөлімдердің құрылуы өнеркәсіп салаларының бөлшектенуіне әкелді. Өндірісті басқарудың, жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың түрлері мен әдістері елдің өндіргіш күштерінің жаңа, неғұрлым жоғарғы дәрежесіне сай келмеді, олардың дамуын тежеді. Ауыл шаруашылығын ойдағыдай дамытудың орасан зор мүмкіндіктері дұрыс пайдаланылмады. Таза жер көлемінің азайтылуы тың жердегі егіншілікті жүргізуге зиянын тигізді, осының салдарынан Қазақстанда астық өндіру төмендеп кетті. Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы ретінде пайдаланып, көптеген тың тәжірибелерді көп жүргізді.Көптеген қалалардың аттары өзгертілді мысалы Ақмола-Целиноград,ОҚО-Шымкент обл.,БҚО-Орал обл. болып өзгертілді. Қалыптасқан жағдайды түзеу және жол берілген қателіктерді жою жөнінде кезек күттірмейтін шаралар алған КОКП Орталық комитетінің Қазан1964ж. Пленумы өтті.Сонымен бірге жоспарлау мен экономикалық ынталандыру әдістеріндегі қате түзіле бастады. Осы жылдарда іске асырылған шаруашылық реформалар дәйекті жүргізілмегеннің өзінде де елдің экономикасын көтеруге ықпал жасады.1964-1965 ж. Қазақстанда халық шарушылығы кеңесі және экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері таратылып, салалық одақтық-республикалық министірліктер иен кәсіпорындар бірлестіктері құрылды. Бұл реформаның маңызды элементі ауыл шаруашылығын басқарудың әкімшілік әдістерінен демократиялық әдістерге көшудің қажеттігін, сондай-ақ шаруашылық есепті кеңінен негіздеу еді. Бұл ауыл шаруашылығын жандандырды, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсартуға игі әсерін тигізді.КОКП-ның 1965ж қыркүйек айында өткен пленумының шешімдері бойынша өнеркәсіп салаларын жетілдіру, жаңа техниканы енгізуге көңіл бөлінді.сонын нәтижесінде кәсіпорындар көрсеткіштері жоғарғы станцияларға айналды.Сөйтіп,8-ші бесжылдық Қазақстанның өндіргіш күштерінің дамыған кезеңі болды. Бесжылдықтың аяғына таман 445 ірі кәсіпорын мен цех, зауыттар мен фабрикалар жарақтандырылды. Өнеркәсіптің энергетика, түсті мен қара металлургия, мұнай өндеу, химия өнеркәсібі т.б. салалар ілгері басты.

9-билет

Қарлұқ мемлекеті(756-940ж.):этносаяси тарихы,шаруашылығы,мәдениеті.

Этносаяси тарихы: Vғ. Жазылған деректерде қарлұқтарды «бұлақтар»(болаттар) деп атаған.Олардың мекені:Алтай-Балқаш көлінің шығыс жағалауы.VIIғ.ортасы-бұлақ,шігіл,ташлық тайпалары бірігіп,қарлұқ бірлестігін құрды.Бірлестіктің билеушісі-елтебер.742ж.-қарлұқтар ұйғыр және басмыл тайпаларымен бірігіп Шығыс Түрік қағанатына қарсы күресіп,түріктерді жеңді.Шығыс Түрік қағанатының орнына Ұйғыр қағанаты (744-840ж.) құрылды. VIIIғ. Ортасы (746ж.)-қарлұқтар ұйғырлардың қысымымен Жетісуға көшті. 756ж. қарлұқ қағанаты құрылды.АстаналарыСуяб,Тараз.Территориясы:Жетісу,(Шу мен Талас өзені,Батыс Тянь-Шань,Ферғана,Сырдария маңы).766-775ж.қарлұқтар Қашқарияны жаулады.Қарлұқ қағанатының билеушісі-жабғу,840ж. бастап қаған.Қарлұқтар 791ж.ұйғырлардан,812 ж.арабтардан жеңіліп,Ұйғыр қағанатының тәуелділігін қайта мойындады.840ж.Ұйғыр қағанаты Енисей қырғыздарының соққысынан құлағаннан кейін Білге құл –Қыдырхан өзін қаған деп жариялап,қарлұқтар бостандығын мәлімдеді.Қарлұқтар жайында араб және парсы деректерінен білеміз.Араб географы Әл- Маруази(XII) қарлұқтардың құрамында 9 тайпа болғандығын дәлелдейді.Сонымен қатар соғды және оғыз тайпаларының бір бөлігі де енген.Қарлұқтар тілі-түрік тілі.Араб геогр.Ибн-Хаукаль (Xғ.) дерегінде көрсеткендей,қарлұқ жерін батыстан шығысқа қарай жүріп өту үшін отыз күн керек.Xғ.Қазақстанның үлкен бөлігі оның территориясын құрады:Жоңғар Алатауы,Сырдарияның орта ағысы,Балқаш Ыстықкөл,Іле,Шу,Исфиджаб,Отырартөңірегі.Қарлұқтардың 25 қаласы мен елді мекендері болған:Тараз,Құлан,Мерке,Атлах,Барысхан,Талғар т.б.IXғ.аяғы-саманилер Исфиджабты басып алып,Таразды қоршады.Қағанның ордасы Тараздан Қашқарға көшірілді.Тараз халқы ислам дінін қабылдады.Қарлұқтар ақсүйектерінің көпшілігі екінші астана-Баласағұнда тұрды.Саманилерге қарсы күресті Қадырханның балалары:Базар Арслан мен Оғұлшақ жүргізді.Қарлұқ тайпалары Жетісуда 200ж. билік құрды.Қағанаттың әлсіреуінің себептері:Ішкі тартыстар;Жайылым жер үшін күрес.940ж.-Қашғардың түрік билеушілері Баласағұнды жаулап алып,Қарлұқ қағанатыөмір сүруінтоқтатты.Шаруашылығы,мәдениеті:Қарлұқтардың көпшілігінің басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды.Көшпелілер маусымдық жайылымның бірінен соң біріне ауысып,ұзақ уақыт көшіп жүрді.Суы мол өзен жағалауларында,шөбі қалың жерлерде қоныстанған.Кейбір топтары қыс Жайық пен Жемнің арасын қыстап,жаз Ертіс жағасын жайлап жүрді.Орта ғасыр авторлары қарлұқтардың жылқы,қой,ешкі,сиыр,өгіз,түйе өсіргендігін айтады.Олардың шаруашылығында қой өсіру аса маңызды рөл атқарды.Көшпелі шаруашылықта жылқы өсірудің аса маңызы болды.Жылқы соғысқа,аң аулауға пайдаланылды.Ет пен сүт тамақ болған,ал жүнінен киіз,киім,кілем және басқа бұйымдар жасаған.Қарлұқтардың күнкөріс кәсіптерінің бірі аң аулау болған.Қарлұқтардың кейбір топтары,әсіресе кедейлері.

Сырдариядан,Ертістен және басқа өзенднрден балық аулаған.Кедейленген қауым мүшелері отырықшылыққа көшеді.Отырықшылар егін салды,көбінесе тары егетін болды.Қарлұқтарда үй кәсіптері мен қолөнердің ең дамыған түрі-мал өнімдері мен шикізаттарын өңдеу және қайта өңдеу болды.Малдың терісінен әр түрлі аяқ киім,ыдыс,садақтың қаптамасы,қорамсақ т.б. заттар жасалынды.Қауымның қатардағы мүшелері де өздеріне қажетті заттарды өздері жасады.Қарлұқтардың қоныстарында құмырашылық өндірісі де өркендеді.Бұған қоса олар мекендеген террит. Темір,күміс,алтын,т.б. асыл тастарды өндірді.Алтын мен күмістен сәндік бұйымдар жасалды.Қолөнердің дамуын археологиялық материалдар көрсетеді.

Оғыз мемлекеті этносаяси тарихы,шаруашылығы,мәдениеті.Этносаяси тарихы:Оғыздар ата-бабаларының қоныстанған жерлері Ыстықкөл маңы.Қазіргі кезде оның жағасында “9 Оғыз”деп аталатын демалыс үйі бар.Оғыз тайпасының өзегі жетісуда қалыптасты.8 ғасырдың ортасында оғыз тайпалары Жетісудан Шу өзеніне қарай қоныс аударды.9 ғасырдың басы-Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал өңірі далаларынқоныстанды.9 ғасырдың аяғы-Жайық пен Еділ аралығын мекендеді.IX-X ғасырлар Оғыз мемлекеті қалыптасты(Сырдарияның орта және төменгі ағысы,Арал өңірімен Батыс Қазақстан далалары).X ғасырда батыста Хазарияға дейінгі жер,солтустік Каспий маңы,орталық, оңтустік-шығыс Қарақұм және Арал маңындағы Қызылқұм аймағы «оғыз даласы»(Мафазфт-Әл-Гуз) деп аталды.IX ғасырдың аяғы11ғасырдың басыындағы оғыздардың территориясы:Сырдариямен Еділ аралығы.Астанасы-Янгикент(Жаңа Гузия).Билеушісі-жабғу.Орынбасары-күл-еркін.Әскер басы-Сюбашы.Басқарушылардың ұрпақтарыиналдар.Олардыатабектер(тәрбиешілері) жас кезінен басқару ісіне тәрбиеледі.IX-Xғасыр басында Сырдария жабғуының тұрақты тұрде салық жинау жүйесі жұмыс істеді.Оғызмемлекеті жайлы алғашқы дерек Әл-Якуби(9ғ.) жазбасында берілген.Оғыздардың тайпалары:Қалаж,жағра,жарұқ,қарлұқ,баяндұр,имур,қарабұлақ.М.Қашғаридың дерегі бойынша оғыз одағында 24 тайпа болған.Мүлік теңсіздігінің негізі-жеке меншік мал.

2. 19ғасырдың 20-жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуандария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңізіне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малдарын барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен әркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап кетіп тұрды.Осындай зорлық – зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан әділдігімен, батырлығымен елге танымал болған Жанқожаның төңірегіне топтасты. Жанқожа 17 жасында Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының жергілікті рулары сайлап алған Қылышбай ханның Хиуа бекінісіне жасаған жорығы кезінде жасаққа елеусіз еріп барып, ешкімге дес бермей тұрған қарақалпақ батыры Тықыны жекпе-жекте өлтіреді. Осы жорықта әділетсіздігі үшін Қылышбай ханның өзіне де қол жұмсайды. Бұл кездерде Жанқожа ауылы Қарақұмда жайлап; Ырғызды қыстаған. Қоқан хандығының Созақ бекінісіне орналасқан әкімдерінің жергілікті халыққа салынатын алым-салықтан тыс көрсеткен зорлықтары қазақтардың бас біріктіріп, бұл қамалға шабуыл жасауына себепкер болды. И. В. Аничковтың мәліметі бойынша, Қоқан әкімі Дәурен Созақ қаласының бектері Отыншы, Cушымен бірігіп, Сарман биді өлтіреді. Созақта тұратын, Құрман би араша түсуді өтініп, Жанқожаға арнайы хабар жібереді. Жанқожа елден қол жинап, Созаққа жорыққа аттанып, жолда Жаңақорған, Желек бекіністеріндегі қоқандықтарды қуады. 1830 жылдың күзінде Созақ бекінісін қоршауға алып, көмекке келген қоқандық Таған палуанды жекпе-жекте қолға түсіреді. Одан соң Жанқожа жасақтарымен бекіністің дарбазасын бұзып кіріп, Созақты басып алды. Қоқан бектері Отыншы мен Сушыны қолға түсіріп, баласын өлтіргенің үшін Құрман биге тапсырады. Кейбір деректерге қарағанда, Жанқожа Қоқан хандығының Шымқорған, Қосқорған, Күмісқорған тәрізді бекіністерін де талқандайды. Хиуа хандығы Аллақұл ханның тұсында 1835 жылы Қуандарияның батысындағы Құртөбе деген жерге бекініс салып, онда 200 әскер ұстайды. Жанқожаға арқа сүйеп, алым-салық төлеуден бас тартып, Хиуа бегі Бабажанның озбырлығына көнбей жүрген сырдың төменгі сағасындағы қазақтарды тәртіпке келтіру үшін түрікмен [[Аймұхамед палуанды жасақтарымен жіберді. 1836 жылы Ақирек деген жерде елге тізесі батқан осы Аймұхамед палуанды Жанқожа жекпе-жекте өлтіреді. Басшысы мерт болған палуанның жасақтары бас сауғалап қашуға мәжбүр болды. Жанқожа бұдан кейін де Сыр бойындағы қазақтарды хиуалықтардың езгісінен құтқару үшін, олардың бекіністеріне жиі-жиі шабуыл жасап отырды. Оның бұл жорықтары нәтижелі болып, Хиуа бекіністері көп шығынға ұшырады. 1845 жылды көктемінде Хиуа хандығы Сыр бойындағы қираған бекіністерін қалпына келтіру үшін 200 жасақ аттандырады. Жанқожаның жігіттері бұлармен ұрыс салып, кері қайтарады. 1847 жылы көктемде Хиуа бегі Уайыс-Нияздың әскері Атанбас, Ақирек, Қамыстыбасты жайлап отырған қазақтарға шабуыл жасап, 1400 үйді ойрандап, тонап кетеді. Осы жылдың тамыз айында Хиуа бегі Қожанияз бастап, қазақ сұлтандары Жанғазы Шерғазиев пен Елікей (Ермұхамед) Қасымов қоштаған шапқыншылар қазақ ауылдарын тағы да тонауға ұшыратады. Хиуалықтардың мұндай шапқыншылығы бір жылда бірнеше рет қайталанады. Тонауға ұшыраған елін қорғауға Жанқожа 700 сарбазымен қарсы шығады. Құрамында екі мың әскері бар хиуалықтар Жаңақала бекінісінің төңірегіне шоғырланады. Жанқожаға Ресейдің Райым бекінісінің бастығы Ерофив бастаған отряд көмекке келіп хиуалықтарды бірге талқандайды. 1847 жылы Райымға келіп, бекініс сала бастаған Ресей әскерлеріне Жанқожа қарсылық көрсетпеді. Сол кездегі Орынбор генерал-губернаторы В. Обручевпен жолығып сөйлескен Жанқожа оны мен орыс әскері жергілікті халықтың тыныштығын бұзбайтындығына және хиуалықтардың шапқыншылығынан қорғайтындығына келіседі. Бірақ кейін іс жүзінде керісінше болады. Патша шенеуіктері мен әскерлері ауық-ауық елдің тыныштығын бұзып, бұл кезде егде тартып отырған Жанқожаға да маза бермейді. Орынбор шекаралық комиссиясының Сырдария жүйесі бойынша өкілі И. Осмаловскийдің көмекшісі болып есептелінетін тілмаш Мұхамедхасан Ахмеров пара жинауға шабармандарын Жанқожа ауылына жұмсайды. Жанқожа оларды «орыс заңында мұндай салық мүлде жоқ» деп қуып жібереді. Мұндай келеңсіз құбылыстарға ашуланған Жанқожа көтеріліске шығуға мәжбүр болады. 1856 жылы желтоқсанның соңғы күндерінде көтерілісшілер Қазалыны қоршауға алды. Қаратөбе манындағы Л. Булатовтың отрядына бірнеше рет шабуыл жасады. Көтерілістің бас кезінде Жанқожаның 1500-ден аса сарбазы болса, 1857 жылы қаңтарда олардың саны 5000-ға жетті. Жағдай Орынбор генерал- губернаторы В. А. Перовскийді қатты алаңдатты. Ол генерал-майор Фитингофт бастаған 300 атты казак, 320 жаяу әскер, 1 зеңбірек, т.б. қаруларымен қоса сұлтан Елікей Қасымов бастаған бірнеше жүз казак жасағы бар жазалау отрядын аттандырады. Екі жақ Арықбалықтың тұсында кездесіп, бірнеше дүркін шайқас болды. Бақайшағына дейін қаруланған жазалаушы отрядқа көтерілісшілер қарсы тұра алмай, шегінуге мәжбүр болды. Екі күн бойы ізіне түскен жазалаушы отрядтың көзіне көрінбей, көтерілісшілер Қызылқұмға ойысып кетті. Жазалаушы отряд жолда кездескен қазақ ауылдарын шауып, тонаушылыққа ұшыратты. Фитингофт бастаған жазалаушы отряд ақпан- наурыз айларында көтерілісші халыққа қарсы тағы бірнеше рет жорыққа шығып, қазақ ауылдарына адам айтқысыз жауыздықтар жасады. 1856-1857 жылы қазақтардан тартып алынып есептелмей, талан-таражға түскенді қоспағанда, 79567 сомның малы сатылды. Көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін Жанқожаға сатқындық жасаған рубасылар мен елағаларына ренжіп, Дауқара жаққа, одан Бұхар хандығы жеріндегі Ерлер тауына жалғыз кетіп қалады. Екі жылдан соң қайта оралып, Қызылқұмда жалғыз отырған Жанқожаны Елікей Қасымов бастаған казак отряды келіп өлтіріп кетеді.

Қазақстанда1946-64жж. қаз\ң ауыл шар\ғы. Тың және тыңайған жерлерді игеру. Экологиялық , экономикалық, социалды демократиялық және мәдени , рухани салдыры.Соғыстан кейінгі алғашқы жыл - ауыл шаруашылығы үшін аса ауыр кезең . төртінші бесжылдық жылдары Қаз\ нда астықтың орташа жылдық шығымы 1913 жылғы көрсеткішке тең болған . Ауыл шар\н дамыту жолындағы қиыншылықтар : жұмыс қолының жетіспеуі , жаңа техникамен қамтамасыз етудің мардымсыздығы , басқарудың әкімшілдік күштеуі , экономикалық заңдармен есептеспеу. 1946 жылғы 16қыркүйекте ауыл шар\нда қиын жағдайды жою туралы қаулы қабылданды . Қаулының нәтижелері мынадай : 1949 жылғы республика колхоздарына әр түрлі мемл-к ұйымдардың 214 млн сом қарызы , мал. техника және заңсыз алынған 540 мың га . жер қайтарылды . Әкімшілік басқару аппараты қысқартылды . Материалдық- техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін қосымша қаражат бөлінді . Мамандар дайындау жүйесі жөнге қойылды . МТС-тер қызметі 1946 ж-76% , 1950ж -95% ға өсті . 1948 жыл – республика ауылдарын жаппай электрлендіру басталды . Өнім өндіруді арттыру мақсатымен ұсақ колхоздар біріктіріліп , ірі ұжымдық аруашылықтар құрылды . 1945жылы – 6737колхоз ,1952жылы -2047колхоз. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру жоспарын артық орындағаны үшін қосымша ақы төленді . Мал саны өсіп , суармалы жер көлемі 16%-ға артты. Осыған қарамастан , ауыл шар\ғы халықтың азық түлікке деген телабын қанағаттандыра алмады. Ауыл шар\ның артта қалу себептері :

Шаруашылықты әміршіл төрешіл жүйесі , жергілікті жағдайлармен есептеспей , жоғарыдан жоспарлап , аппарат тарапынан бұйрық беру, “әскери коммунизм ” кезеңінің азық түлік салғыртын енгізуі , еңбекшілерді өндіріс құралдарынан , еңбек өнімнің нәтижесінен шектеу . Ауыл еңбеккерлері заң жүзінде колхоздарға телініп , олардың еңбегі басыбайлық сипатта болды . 1953 жылы қыркүйекте КОКП ның ОК пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап , оның даму болашағын анықтады . Азық түлік тапшылығын шешу , астық өндіруді арттыру мақсатындва тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды .

1954 жылғы қаңтар Қ-н компартиясының VII съезінде КОКП бірінші хатшысы Ж. Шаяхметов қызметінен босатылды . Бірінші хатшылыққа П.К Пономоренко , екінші хатшылыққа Л.И брежнев отырды . 1954 жылғы қаңтар- наурыз - КОКП ОК Пленумы “Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру , тың және тыңайған жерлерді игеру туралы ” қаулы қабылдады . Тың жерлер игерілетін аймақтар : Қ-н , Сібір, Урал , Солт. Кавказ , Еділ бойы , 1954-1955 жылдары 1млрд.100 млн. – 1млрд. 200 млн. Пұт астық алу белгіленді . Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар : Қостанай , Ақмола , Солт. Қазақстан , Көкшетау , Торғай , Павлодар облыстары . Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп , оларға көптеген жеңілдіктер жасады . 1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20млрд. Сом жұмсалды . 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн. –ға жуық тыңгерлер көшіп келді. 1954 жылғы тамызда жыртылған жер көлемі : КСРО-да 13.4 млн.га , Қ-нда -6.5 млн. га .1954 жылғы 13 тамыз –“Астық өндіруді молайту үшін тың және тыңайған жерлерді одан әрі игеру туралы ” қаулы қабылданды . 1956 жылғы егістік көлемі 28-30 млн. га. ға. Жеткізу міндеті қойылды . 1955 жылы жоспардағы 7.5 млн. орнына 9.4 млн . га жер жыртылды Тың жерлерді игеруге 10 мыңдаған мамандар келді . 1954 жылы көктем Қ-н тыңында 120- дан совхоз құрылды. 1954 жыл- тың жер астықтың жалпы түсімінің 40% -дан астамын берді . Тың игеру жылдары Қ-нда 25 млн. га жер жыртылды . Алайда сырттан келушілер тым көп болып кетті . 1954-1962 жылдары -2 млн. адам келді . Қазақтар респуб. Тұрғындарының үштен бірінен де аз болып кетті . Ғалымдардың тың жерлерде осынша кең көлемде көп игеруі табиғатқа үлкен зиян келтіруі мүмкін деген болжамдары шындыққа айналды. Тың игерілген аймақтарда қазақ мектептері жабылып , қазақ халқының өз тілін ұмытуына әкеп соқтырды. Мал шығыны көбейді . Осыған байланысты 1955 жылы қаңтарда КОКП ОК Пленумы мал шаруашылығының ауыр жағдайын талдады . Сол бойынша малды бағып күтудің жаңа шаралары енгізілді . Нәтижесінде мал шаруаылығы деңгейі көтерілді . 1960 жылдары мал басы 37.4 млн-нан асты . Мал түқымы асылдандырылды . МТС тер жойылды. 1957-58 жылдары колхоз совхоздағы мал санын көбейту үшін тұрғындар меншігіндегі малды ала бастады . Бірақ бұл реформа да халықты азық түлікпен толық қамтамасыз етуді шеше алмады.

10-билет

Қараханидтер мемлекеті: оның этносаяси тарихы, әлеуметтік, экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.

Саяси тарихы Қарахандықтар мем-нің қалыптасуында жетісуды мекендеген қарлұқ бірлестігінің тайпалары басты рөл атқарады.Карахан әулетінің негізін салушы—Сарұқ Боғра хан( Білге Құл Қадыр ханның немересі,915-955жж)Ол ислам дінін қабылдаған билеуші саманилерден қолдау тауып, туысы Оғұлшақты жеңіп,Тараз бен Қашғарды бағындырады. Нәтижесінде,бірңғай бір орталыққа бағынған қарахан мемлек-ті құрылды(942 ж) қарлұқ қағанатының ыдырауына байланысты Жетісу мен Қашғар аралығы қарахан мемлекетіне қарады.

955 ж –Мұса хан билігі орнады (Сатұқ Богра ханның баласы)960 ж – Мұса хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады.

Мемлекет тереториясына қосылған аймақтар:990 ж –Тараз, Исфиджаб992 ж –Хотан ,Бұхар999 ж –Саманилер мемлекетіXI-XII ғ.ғ –Мәуренахр мен жетісудың қалған бөлігі.

Тереториясы(XI-XII ғ.ғ) Жетісу, Шығ.Түркістан(Мәуренахр-Қашхар аралығы),

Астаналары: Қашғар- Мұса хан билігінің орталығы. Баласағұн-Сүлеймен хан(Мұсаның інісі) орталығы.Қарахан мем-нің саяси тарихы екі әулеттің арасындағы өзара күреске толы:Әли Арсылан хан (Мұса ханның баласы)Хасан(Харун) Боғра хан (Сүлеймен ханның баласы)XI ғ. 30-жылдары мем-кет екіге бөлінді:Шығыс хандық.Тереториясы-Жетісу ,Шығ.Түркістан.Астанасы-Баласағұн.Билеушісі-Арсылан хан Сүлеймен.Батыс хандық . Тереториясы-Мәуренахр. Астанасы- Бұхар, кейін Самарканд. Билеушісі-Ибрахим Тамғаш Боғра хан.1089 ж-селжұқтар сұлтаны Мәлік шах Батыс қағанатты бағындырды. Нәтижесінде қарахандықтар селжұқтарға вассалдық тәуелділікке түсті.1102 ж – Баласағұн мен Тараздың билеушісі Қадыр хан Жебірейл Мәуренахрды жаулады. Нәтижесінде Амударияға дейінгі жерді өзіне қаратты. Кейін Термезге шабуыл кезінде селжұқтардан қаза тапты. Селжұқтардың сұлтаны Санжардың Мәуренахрға ықпалы артқан кезден бастап, қарахандықтардың саяси құлдырауы байқалды. Қарақытайлар шапқыншылығы басталды.1128 ж – қарақытайлар шығыс хандықты жаулап, Жетісуда үстемдік етті. Осымен бір мезгілде хорезмдіктердің Батыс хандыққа шабуылдары басталды.XII ғ. 30-жылдары Қарақытайлар Шығ. Қарахандықтың қалған иелігін түгел жаулап,Батыс хандыққа шабуылдады.1141 ж – Қарақытайлар Қарахан мемлекетін түгел бағындырды. Мемлекетті шігіл ж\е яғма тайпалары басқарды. Арсылан хан атағын- шігілдердің билеушісі; Боғра хан атағын-Яғма көсемі алды. Тамғаш хан “хандардың ханы” атанып,бүкіл мемлек-ті биледі. Билеуші титулы – хан. Ұсақ аймақтардың басшылары-илақ тегін. XIII ғ. басы- Қарахан мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.Қарахандықтар кезеңі- саяси экономикалық, әлеуметтік,мәдени өмір жоғарғы деңгейде дамыған жаңа кезең.Феодалық карым-қатынастар дамып,түркі тілдес тайпалардың бірлігі нығайды. Қарахан дәуіріндегі мәдениетҚарахандарда феодалдық қарым-қатынастар дамып,түрік тілдес тайпалардың бірлігі нығайды. Жетісу, Оңт.Қазақстан жерінде көшпелі түріктердің отырықшылық өмірге бейімделіп,қала мәдениеті жедел дамыды. Қарахан мем-нің саяси құрлымы өздерінен бұрынғы көне түрік идеялогиясы мен мәдениетіне ұқсамайтын өзгеше сипатта болды.960 ж қарахан әулеттері ислам дінін мем-тік дін деп дариялады. Осыған байланысты көне түрік руна жазуының орнына араб жазуы келді.Түркі тілінде біраз шығармалар жазылды. Олардың арасында Жүсіп Баласағұнидің “Құтадғу білік”, Махмуд Қашғаридың “Диуани лұғат ат-түрік”, Ахмед Яссауидің “Диуан-и Хикмет” сияқты еңбектері бар.Қарахан өнері- Қарахан мем-ті кезінде тұрғызылған сәулет өнерінің озық үлгілері.X-XII ғ.ғ Жетісу, Сырдария алқаптарында қала (Тараз), мавзолей (Айша бибі күмбезі, Аяққамыр, Алаша хан күмбезі, Бабаша хатун мавзолейі, Жошыхан күмбезі, Сырлытам т.б) көпір салу ісі (Талас өзен бойында) өркендеді.

Архитектуралық құрылыстарға күйдірілген қышты пайдалану ғимараттардың композициялық түр-типтерін қалыптастыруға, арқа-свод-күмбез конструкциясын кеңінен қолдануға, көркемдік әдістерінің алуан түрін іске асыруға жол ашты.Олардың сыртқы қабырғаларының күмбездері мен ішкі еңселері ғимарат құрлымымен үндес, тартымды ою-өрнектермен әсемделді.Құрылыстарда қашап, құйып жасалған 8 қырлы, жұлдыз гүлді, кілем өрнегі тәрізді нақыштар көптеп пайданылды.Осы заманғы сәулет өнерімен бірге сән ж\е қосалқы өнерінің кейбір салдары дамыды.Мысалы, бедерлеу,кесу,жапсыру әдістері арқылы жасалған бояулы қабырға өрнектері мен су құбырлары.Алматыда тараз моншасы. Ромб не шеңбер түріндегі үлкен әрі анық ою-өрнектермен әсемделген тұтыну заттары т.б. қол өнерінің мұралары Орта ғасырдағы қазақ сәулет өнерінің, сән ж\е қосалқы өнердің даму кезеңін көрсетеді.

2. Ресейдегі капитализмнің қарыштап дамуы ұлт аймақтарының, соның ішінде Қазақстанның рөлін өсірді. Қазақстан — шикізат пен арзан рынок көзіне айналды. Қазақстан өлкесінің жері мен қазба байлығын тезірек игеру үшін қазақтарды басқаруды Ресейдің әкімшілік-саяси жүйесімен жақындастыру қажет еді. Қазақстандағы буржуазиялық реформалар бағыты Ресейдің қазақ даласындағы ұстанымын нығайтуға бағытталды. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы басқару жүйесі ескіріп, жергілікті басқару шекаралық басқарумен бірігіп кеткен еді. 1867—1868 жылдары Қазақстан аумағы 3 генерал-губернаторлық пен 6 облысқа кірді. Қазақстандағы отарлаушы әкімшіліктің жоғары өкілі — генерал-губернаторлар болды. Олар өлкенің бүкіл әкімшілік-полициялық аппаратын басқарды, яғни өз қарамағындағы аумақтың тыныштығына жауап берді. Басқаша айтқанда, Ресей империясының жоғары заңдарының орындалуын қадағалады, яғни 1867—1868 жылдары реформа бойынша Батыс Сібір, Орынбор, Түркістан өлкелерінің басшыларына неғұрлым басым құқықтар берілді: әскери қолбасшы, соның ішінде казак жасағының атаманы; кең түрдегі әкімшілік функция (уезд бастығын тағайындау, т.б.); сот функциясы (уездік соттарды бекітті).

Соның ішінде Түркістан генерал-губернаторына кең құқықтар беріледі, себебі Ұлы жүз Ресей империясына ең соңында кіргендіктен, өлкенің қашықтығынан көрші елдермен дипломатиялық қатынас орнату сияқты, т.б. міндеттерді атқарды. Облысты әскери губернатор басқарды. Үш билік: әкімшілік, сот билігі ісіне бақылау, әскери билік әскери губернаторлардың қолына жинақталды. Әскери губернаторлар облыс аумағындағы (Сырдария, Торғай облыстарынан басқа) казак әскерінің атаманы болып саналды. Бұл ережелер екі жылдық сынақ мерзімі белгіленіп, уақытша статус алғандықтан, халық наразылықтарының тууына байланысты тек. 1886 жылдары Түркістанда, 1891 жылы Далалық өлкеде өз заңды күшіне енді. Міне, осы құрылған әкімшілік, әскери, полициялық аппаратты ұстап тұру үшін орасан зор қаржы керек еді. Орталық Азия мен Түркістанның Ресейге қосылуы аяқталғаннан кейін де осы бір орасан зор аумақта 50 мыңдық армия сақталып қалды. Әкімшілік аппаратты, әскерді өлкелік бюджет асырауға тиіс болды. Жергілікті тұрғындардан салық жинау жүйесі қайтадан жасалды. Бұрынғы түтін салығына земстволыы алымдар қосылды. Олардың мөлшері де жылдан-жылға өсіп отырды. Отырықшы аймақтарда жер салығы деп аталып, жер өңдеуші салықты тек ақшамен күзде төлеуге тиіс болды. Земстволық салық өкімшілікті ұстауға, көпір, жол жөндеу мен дайындауға жұмсалды. Көшпелі және жартылай көшпелі тұрғындардың негізгі салығы 1865 жылы 1,50 т болса, 1882 жылы 4 сомға жетті. Олар тағы да земстволық немесе қоғамдық салықтар (ауыл старшыны мен түземдік әкімшілікті ұстау үшін), т. б. ақшалай алымдар төлеуге тиіс болды.1867—1868 жылдары "Ереже" бойынша Сот билігінің органдарына мыналар жатты: уездік соттар, әскери-сот комиссиялары, облыстық басқарма және үкімет сенаты.

Уездік сот, әскери сот комиссиялары қылмыстық істерді қарады, ал облыстық басқармада азаматтық істер қаралды. Бұл сот мекемелерінің барлығы жалпы империялық заң негізінде жұмыс істеді. Билер соты сақталды. Сырдария облысында ол қазыларсоты деп аталды. Бірақ билерді де болыс бастықтары сияқты 3 жылға сайлайтын болды. Қазақтардың арасындағы істерді шешуге әрбір болыстан 4-тен 8-ге дейін билер сайланды. Сайланған билерді губернатор бекітті, алайда оларға жалақы төленбеді. Дегенмен әрбір шешілген істен билік деп аталған кесімнің 1/10 бөлігін алуына рұқсат етілді. Билер соты 300 сомға дейінгі істерді шеше алды, бірақ олардың шешімі 30 сомға дейінгі істер үшін ғана түпкілікті бола алды. Сырдария облысында қазылар соты 100 сомға дейінгі істі түпкілікті шешті. Құны 300 сомнан асатын істер үшін билердің болыстық және төтенше съездері шақырылды. Олар құны 500 сомға дейінгі істерді түпкілікті шеше алды. Ал 500 сомнан асатын істерді бекітуге уезд бастығы облыстық басқармаға жіберіп отырды. Облыстық басқарманың жалпы жиналысында құны 2 мың сомға дейінгі істер түпкілікті шетттілді. Облыстық басқармаға келіп түскен әр түрлі уездерге жататын болыстарға қатысты істер женінде болыстық билердің төтенше съездері шақырылды. Түркістан өлкесін басқару туралы 1886 жылғы "Ереже" бойынша қазақ даласында империялық тұрпаттағы соттар құрылды: бітістіруші судьялар; облыстық соттар; жоғарғы сот инстанциясы — Үкіметтік сенат болды.

1867 жылы Ережеден айырмашылығы — әскери соттар алынып тасталды. Халық соты (билер соты) сақталып қалды. Облыс шеңберінде облыстық соттар құрылды, ал уездерде және ірі қалаларда бітістіруші судьялар тағайындалды. Оларды Әділет министрі тағайындады. Жергілікті халық арасындағы қылмыстар мен қылмыстық әрекеттер халық сотының қарамағында қалдырылды. Әдетте, қылмыстық және азаматтық істерді қарау билердің қарауынан басталды. Әскери губернаторлар бекіткен халық соттары (қазылар соты) Қазақстандағы отаршылдық сот жүйесінің ең соңғы буыны болды (Халық соты → бітістіруші сот → облыстық сот → Сенат).

3. 1946-1970 ж республикада ғылым әдебиет,өнер саласының дамуы.1947ж қараша –«Қазақ КСР-де жоғары ж/е орта білімді бұрынғыдан әрі жетілдіру шаралары туралы Қаулы қабылданды. Нәтижесі – республикаға орталықтан мамандар жіберілді. Жергілікті жастарды орталықтардағы жоғарғы оқу орындарына түсуге көбірек жіберді.Интернат жүйесі қалыптасты.1950ж-ы білім беру жүйесінде маңызды шаралар іске асырылды. Міндетті түрде білім алуға ж/е облыс орталықтары, өнеркәсіпті қалаларда онжылдық білім алуға көшу. Кешкі ж/е сырттай оқитын мектептер ашу.1950ж 9088 мектепте 1 млн 493 мың оқушы оқыды. Кемшіліктері- оқу бөлмелері жетіспеді. Оқулықтар жеткіліксіз болды. Оқушылар саны аз болды.1947ж М. Әуезовтің «Абай» роман эпопеясы аяқталды. 1949ж Әуезовке «Абай» романы үшін 1 дәрежелі Мемлекеттік сыйлық берілді. 1947 ж 14 наурыз Қазақ-н Компартиясы ОК-ң «Тарихты,әдебиетті,өнерді,зерттеуде орын алған саяси қателіктер мен ұлтшылдық бұрмалаушылықтарға қарсы күресті өрістету тур.» Қаулы қабылданды. 1947ж 21 қаңтар «Қазақ КСР Ғылым Академиясының тіл ж/е әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер тур.» Қаулы шықты. Қаралған мәселе: Қазақ халқының революцияға дейінгі,әсіресе 19 ғ рухани мұрасын ғылыми зерттеуге тыйым салу. Қазақс-да «Бекмаханов ісі» ұйымдастырылды. Ермұхан Бекмаханов 1943ж шыққан « Қазақ ССР тарихы» еңбегінің авторларының бірі.1946ж Е.Бекмаханов КСРО Ғылым Академиясында докторлық диссертация қорғайды. 1947ж «19 ғ 20-40 ж Қаз-н» деген жеке монографиясы шықты.1946 ж маусым Қазақ КСР Ғылым Академиясы құрылды.Тұңғыш президенті-Қ.И.Сатпаев. Биология,медицина,геология саласындағы ғылымдарға «космополит» айыбы тағылып,қызмет орындарынан қуылды.1950 ж соңы Академия жүйесінде 50 ғылыми-зерттеу мекемесі,16 институт,13 сектор,2 музей,обсерватория,3 ботаникалық бақ,8 ғылыми база болды.500-ге жуық аспирант оқыды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]