Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekologia_shpor_406.docx
Скачиваний:
110
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
85.36 Кб
Скачать

5.Табиғатты пайдалану құқығы дегеніміз не және оның қандай түрлері бар? Табиғатты пайдалану құқығының субъектілірі мен объектілеріне талдау жасаңыз.

Табиғатты пайдалану құқығы 2 мағынада түсіндіріледі: - объективті мағынада- табиғи ресурстарды тұрмыстық, шаруашылық, мәдени және өзге де қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында пайдалы қасиеттерін алумен байланысты туындайтын қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығы. – субъективті мағынада- әрекет және құқық қабілеттілігі бар тұлғаның табиғи ресурстарды иелену, пайдалану бойынша құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы. Табиғатты пайдалану құқығының түрлері: - жалпы: тегін түрде жүзеге асырылады, халықтың өмірлік қажеттілігін қанағаттандыру үшін жүзеге асырылады, қоршаған ортаға кері әсерін тигізбейді, арнайы құзыретті органдардың рұқсатын талап етпейді, табиғи ресурстардың қоршаған ортадан бөліп алуды қарастырмайды; - арнайы: ақылы түрде, арнайы құзыретті органнан лицензия алу талап етеді, табиғи ресурстарды пайдалану үшін қоршаған ортадан бөлініп алынады, шаруашылық қызметінің көрінісі болып табылады; - уақытша: пайдаланудың алдын- ала мерзімі белгіленеді және заңда тікелей көрініс табады, қысқа мерзімді- 5 жыл, ұзақ- 5-49 жыл; - тұрақты: табиғат пайдалану құқығының алдын- ала мерзімі белгіленбестен белгісіз уақытқа берілетін табиғат пайдалану түрі; - өтеулі: табиғат пайдалану құқығы ақылы түрде алынады, ҚР заңнамасында көзделген төлем төленуге тиіс; - өтеусіз: төлемақы төленбейді, тегін түрде жүзеге асырылады. Табиғат объектілеріне байланысты табиғат пайдалану құқығы: жер пайдалану, жер қойнауын пайдалану, суды пайдалану, орманды пайдалану, жануарлар дүниесін пайдалану, өсімдіктер дүниесін пайдалану, қоршаған ортаға эмиссиялар. Субъектілеріне байланысты табиғат пайдалану түрлері: тұрақты және уақытша; ұлттық және шетелдік, мемлекеттік және мемлекеттік емес, жеке және заңды тұлғалар, бастапқы және кейінгі табиғат пайдаланушылар. Қ.Р Қ.Р

6.Қазақстан Республикасы Жер кодексіне жалпы сипаттама беріңіз. Жердің құқықтық режимі және оны қорғау қалай жүзеге асырылады? Жер туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту және оның жүзеге асырылуы.

ҚР Жер Кодексі 2003 жылы 20 маусымда қабылданды. 5 бөлім, 21 тараудан тұрады. Мазмұны: негізгі ережелер; жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және жерге өзге де заттық құқықтар; жер санаттары; жерді қорғау, мемлекеттік бақылау, жерге орналастыру, мониторинг және жер кадастры; жер заңдарының орындалуын қамтамасыз ету және қорытынды ережелер. Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлiнедi: 1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;2) елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi;3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;5) орман қорының жерi;6) су қорының жерi; 7) босалқы жер. Қазақстан Республикасында жер мемлекеттiк меншiкте болады. Жер учаскелерi осы Кодексте белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн. Жердi қорғау қоршаған ортаның бiр бөлiгi ретiнде жердi қорғауға, жердi ұтымды пайдалануға, жердi ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан негiзсiз алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа да iс-шаралар жүйесiн қамтиды. Жердi қорғау мақсаттары:1) өндiрiстiң экологиялық қауiпсiз технологияларын ынталандыру ж/е орман мелиорациялық, мелиорациялық ж/е басқа да iс-шараларды жүргiзу арқылы жердiң тозуы мен бүлiнуiн, шаруашылық қызметтiң басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау;2) тозған н/е бүлiнген жердi жақсарту мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ету;3) жердi оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерiн тәжiрибеге енгiзу болып табылады. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар:1) жердi құнарсызданудан ж/е шөлейттенуден, су ж/е жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивтi ж/е басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүлiну процестерiнен қорғауға;2)ауыл шаруашылығы жерiн карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк ауруларын жұқтырудан,арамшөп,бұта мен шiлiк басып кетуден, жердiң жай-күйi нашарлауының өзге де түрлерiнен қорғауға;3) бүлiнген жердi жаңғыртуға, оның құнарлылығын ж/е жердiң басқа да пайдалы қасиеттерiн қалпына келтiру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тартуға;4) жердiң бүлiнуiмен байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алуға, сақтауға және пайдалануға бағытталған iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi.Жер құқығы нормалары жерге меншік құқығын,жер пайдалану құқығын ж/е жер қорғауды реттей отырып,олардың жүзеге асырылуын құқық бұзушыларға зияндарды өтеу міндетін жүктеу, меншік құқығын, жер пайдалану құқығын қалпына келтіру, жерге қатысты заңсыз мәмілені жарамсыз деп тану, заңсыз алып қойылған жер учаскелерін қайтарып беру, топырақтың құнарлығын қалпына келтіру (жерлерді жаңғырту), ескерту және жазалау сияқты әдістер мен шаралар арқылы қамтамасыз етеді.  Құқық бұзушыларға қолданылатын шаралардың сипатына қарай жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың келесі түрлерін ажыратуға болады – жер-құқықтық, әкімшілік, мүліктік-жер-құқықтық, қылмыстық, тәртіптік, жарғылық-тәртіптік-еңбек жауаптылығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]