Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2_program_A_1.doc
Скачиваний:
30
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
206.34 Кб
Скачать

8. С программалау тіліндегі мәліметтердің тіркестік (жолдық) типтері және солармен жұмыс істейтін функциялар.

Сөз тіркестері char типті бір өлшемді жиым ретінде қарастырылады, яғни сөз тіркесі – нөлдік байтпен аяқталатын char типті бір өлшемді жиым.

Нөлдік байт – барлық биттері де нөлге тең байт, ол ´ \0 ´ символдық константасымен анықталады. Сондықтан егер тіркесте k символ болса, онда жиымды сипаттауда k+1 элемент көрсетілуі тиіс.

Символдарды біртіндеп енгізу-шығару үшін printf(), scanf() функцияларының %c форматы қолданылады.

getchar() – параметрсіз функция. Пернеден сим-волдарды бір-бірлеп енгізеді. Сөз тіркесі Enter пернесі басылғанша енгізіле береді, оған дейін оны өзгертуге болады.

putchar(с) – с символын экранға шығарады.

Символдар тіркесін пернелерден енгізу үшін екі стандартты функция – scanf()немесе gets() қолданылады, ал олардың прототиптері stdio.h тақырыптық файлында болады.

scanf( ) функциясы тіркестік айнымалылар мәнін %s форматымен енгізеді, бірақ ол тіркесті тек бірінші босорын таңбасына дейін ғана енгізе алады.

Ал gets() функциясы арасында босорыны бар тіркестерді енгізеді, енгізу ENTER пернесімен аяқталады. Екі функция да тіркес соңына нөлдік байт қосып жазады.

Сөз тіркестерін шығару функциялары:

printf(), сprintf(), puts(), cputs()

printf() – экранға формат арқылы сөз тір-кесін шығарады;

сprintf() – экранға printf() сияқты формат арқылы сөз тіркесін шығарады, тек олар-дың түстерін textcolor() және textback-ground() функциялары арқылы өзгертуге мүмкіндік береді;

puts(str) – экранға сөз тіркесін шығарып, курсорды бірден келесі жолдың басына алып барады, мұндағы str – тіркестік константа немесе тіркестік айнымалы. Бұлар stdio.h тақырып файлы бойынша жұмыс істейді.

cputs(str) – экранға сөз тіркестерін шығарып, олардың түстерін textcolor() және textbackground() функциялары арқылы өзгертуге мүмкіндік береді, conio.h тақырып файлы бойынша жұмыс істейді.

Жалпы сөз тіркестерін қолдану үшін stdlib.h немесе string.h тақырыптық файлдары қолданылады.

Сөз тіркестерімен жұмыс істейтін басқа функциялар

1) strlen(str) функциясы str сөз тір-кесіндегі символдар санын (соңғы нөлді есепке алмайды), яғни жолдың ұзындығын анықтайды, оның типі int, тақырыптық файлы <string.h>

2)strcat(stroka1,stroka2) функциясы тір-кестерді біріктіру үшін қолданылады. Ол stroka1 және stroka2 тіркестерін бірік-тіріп, нәтижені stroka1 айнымалысына меншіктейді.

3) strcmp(stroka1,stroka2) функциясы екі сөз тіркесін салыстыру үшін қолданылады. Егер олар бірдей болса, функцияның мәні 0-ге тең болады, әйтпесе ол екі тіркестің айырмасын береді. Егер stroka1<stroka2 болса, нәтиже <0 болады, ал stroka1> stro-ka2 болса, нәтиже>0 болады. Көбінесе екі тіркестің бірдей еместігін анықтау үшін қолданылады.

4)strcpy(str1, str2) функциясы сөздердің көшірмесін алу үшін қажет, мұндағы str2 айнымалысындағы сөз тіркесі str1 айнымалысына көшіріледі.

5) strstr(str1,str2) функциясы 2-ші көрсетілген жолды 1-ші жолдың ішінен іздейді.

6) strset(str,ch) функциясы берілген тіркестегі барлық символдарды көрсе-тілген тіркеске (ch) ауыстырады.

7) strtod(str1,str2) функциясы беріл-ген тіркесті double типті санға ауыс-тырады.

8) strchr(str,c) функциясы берілген тіркестегі коды көрсетілген символдың позициясын анықтайды.

9) strrev(str) функциясы берілген тір-кестің барлық символдарын керісінше бейнелейді.

10) strpbrk(str1,str2) функциясы 2-ші тіркестің кез келген символын 1-ші сөзден іздейді.

Mысалы: Латын алфаыитвн ASCII-кодтарымен бірге шығару

#include<stdio.h>

#include<conio.h>

#include<string.h>

main()

{ char s[80];

int i;

clrscr();

puts (Soz tirkesin engizip ENTER basynyz);

gets(st);

i=0;

while (st[i+1])

printf("Енгізілген тіркес ұзындығы: %i\n", i-1);

puts (Soz tirkesin engizip ENTER basynyz);

gets(st);

printf("Енгізілген тіркес ұзындығы: %i\n", strlen(st));

getch(); }

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]