Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

сын. мінездеме

.docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
12.7 Кб
Скачать

2015-2016 оқу жылы бойынша оқу жылының басында 6 «А» сыныбында 24 оқушы бар, оның 10-ы ұл бала, 14-і қыз бала. Сыныпта 2 үздік оқушы, 11 оқу екпіндісі бар. Сыныптағы оқушылардың барлығы тәртіпті, барлығы үлгереді, белсенді, жауапкершіліктері де мол, әрқашан бір-бірлеріне көмекке келуге даяр тұрады. Тапсырылған істі ыждаһаттылықпен орындайды, қорыта айтқанда сынып өте ұйымшыл. Мектептегі және қалалық сайыстарға, басқа да қоғамдық, мәдени іс-шараларға қатысады. Зияткерлік ойындар, марафондар, онлайн жүйесіндегі олимпиадаларға қатысады, шығармашылық жұмыстарға бейім оқушылар да бар. Сыныптың әлеуметтік жағдайына келетін болсақ, сыныпта 21 толық отбасы, 2 толық емес отбасы бар. 1 оқушы әкесіз отбасында, 1 бала анасыз отбасында, 5 бала көпбалалы отбасында, 3 оқушы аз қамтылған отбасында тәрбиеленуде. Бұл оқушыларға мектеп тарапынан көмек көрсетіліп отырады. Осы отбасылардың балалары мектеп асханасынан тегін тамақтанады. Ал мекен-жайлары бойынша алыста тұратын оқушыларға жолда тегін жүру билеттері берілген. Сыныптағы оқушылардың басым көпшілігі түрлі үйірмелерге қатысады. 5 оқушы бокс үйірмесіне, 1 оқушы би үйірмесіне, 1 оқушы таэквондоға, 2 оқушы қолөнер үйірмесіне, 5 оқушы «Бояулар сыры» үйірмесіне қатысады. Қорыта айтқанда сынып оқу үлгерімі жағынан да, тәртібі жағынан да жақсы деңгейде. Оқу екпінділері қатары алдағы уақытта тағы да артады деген сенімдеміз.