Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УР даристер.doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
412.16 Кб
Скачать

5.4. Тиімділікті талдау нәтиежесі.

Хаустон үлгісімен тәуекелділіктен сақтау үшін кәсіпорынды сақтандыру тиімділігін қолдану шартымен мақсатты анықтаймыз.

Шарттың математикалық көрсеткішін келесі түрде жазамаыз:

Si>Sr.

Бұл қаржы кезеңінің аяғында кәсіпорын құны сақтандыру кезінде жоғары болуы керектігін айтады.Бұдан келіп келесі формуланы шығарамыз:

r-i

P<Lcp+F-------

1+r,

P- сақтандыру сыйақысы;

Lcp- келтірілген орташа күтілетін шығындар;

F- өзін өзі сақтандыруды жүзеге асырған жағдайдағы тәуекелділік қорының мөлшері;

r- жұмыс істейтін активтің орташа табыстылығы;

i- тәуекелділік қорының активінің орташа табыстылығы.

Теңсіздікті талдау негізінде кәсіпорынды сақтандыруды тиімді қолдануға әсер ететін әртүрлі жағдайлардың әсер етуі туралы келесідей қорытындылар істеуге болады:

  1. кәсіпорын құратын тәуекелділік қорының мөлшері көп болған сайын өзін өзі сақтандыру тиімдірек болады.

  2. Өзін өзі сақтандыру тиімділігі кәсіпорынның қызметінің табысы өскен асйын түседі және жоғары сенімді инвестиция табысы өскен сайын өседі.

Бұл ереже мынадай экономикалық пікір тудырады: кәсіпорынның қызметінің табысы көбейген сайын қаржысын өндіріске салған табыстырақ болады.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Әділбеков М.Т. Кәсіпкерлік негіздері, Семей. 2002

2.Лапуста М.Т, Шаршукова Л.Г. Риски в предпринимательской деятельности.- М: ИНФРА-М, 1998.

3.Цай Т.Н, Грабовый П.Г, Марашда Бассам Сайел. Конкуренция и управление рисками на предприятиях в условиях рынка.- М, 1994

4.Чернов В.А, Анализ коммерческого риска.-М, 1998

5. Малохимина А.В Риск – менеджмент, М. 2004

Өзін өзі бақылау сұрақтары:

  1. Тәуекелділікті басқару тиімділігін бағалау тәсілдері.

  2. Тәуекелділікті басқару тәсілдерін қолдану тиімділігін бағалау критерийлері.

  3. Тәуекелділікті басқару бойынша шаралар және оның кәсіпорын құнына әсер етуі.

  4. Сақтандыру тиімділігін салыстырмалы бағалау алгоритмі және Хаустонның тәсілі көмегімен өзін өзі сақтандыру.

Тақырып 6. Инвестициялық тәуекелділікті басқару

6.1. Инвестициялық тәуекелділікті бағалау тәсілдері.

Инвестициялық жобаларды басқару заңдылықтары: жобаның инвестициялау алдындағы сатысы, инвестициялық жобаны бағалау критериилері, жобаның экономикалық тиімділігін бағалау, жобаның экономикалық тиімділігін бағалау үшін дисконты тәсілін қолдану, жобаның тәуекелділігін бағалау үшін дисконты тәсілді қолдану. Инвестициялық тәуекелділікті бағалау тәсілдері: дисконт мөлшерлемесін бағалау тәсәлі, актив капиталын бағалау моделі, дисконт мөлшерлемесін кумулятивті құру тәсілі. Инвестициялық жобаларды сақтандыру практикасы: саяси тәуекелділіктен сақтандыру, қаржылық және коммерциялық тәуекелділіктен сақтандыру.

Инвестициялық тәуекелділікті бағалау маңызы жобаға қатысу туралы шешімді шешу кезінде жоғары. Егер тәуекелділік жоғары болса, онда ол жобаның коммерциялық тартымдылығын төмендететді. Дисконт ставкасы инвестициялық жоба тартымдылығына әсер ететін әртүрлі тәуекелділік факторларын есепке алу үшін жалпы көрсеткіш қызметін атқарады.

Халықаралық стандарттарға сәйкес дисконт ставкасы деп төлеуге жататын және ағымдағы құны бойынша болашақта алуға болатын ақша сомасын қайта есептеу үшін қолданылатын табыс ставкасы.

Инвестициялық жобаларды бағалауда дисконттық ставка инвестор ағымдағы бағамен құралдарды жобаға салу туралы шешімді қабылдағаннан кейін болашақ табыс сомасын анықтауда қолданылады. Дисконттық ставка түрін таңдау ақша ағымдарының қандай түрін таңдауына тәуелді. Кесте 2.1. ақша ағымдарының және оларға сәйкес келетін дисконттық ставканың 2 түрі берілген.

Кесте 2.1.

Дисконттық ставка түрлері

Ақша ағымдарының түрлері

Дисконттық ставка түрлері

Қарызсыз ақша ағымдары

Капиталдың орташа өлшенген құны

Жек капитал үшін ақшалай ағым

Өнімнің өзіндік құны

Қарызсыз ақша ағымдары салықты төлеу, тозу мен басқа баланс баптарын санағаннан кейінгі таза табыс сомасы. Осы сомадан негізгі және айналым капиталына салымдар срмасы да алынады.

Жеке капитал үшін ақшалай ағымға кредит және басқа қарызды заттар бойынша төленетін проценттер жатпайды.

Екі жағдайда да есеп нақты және номиналды бағаларда жүргізіледі. Жеке капитал үшін дисконт ставкасын анықтауда қолданылатын 2 әдіс бар.

Актив капиталын бағалу моделі инвестор үшін әрбір қосымша тәуекелділік инвестициялық жобадан күтілетін табыстылық деңгейінің өсуіне әкелмегеніне негізделген.

Жүйелік емес тәуекелділік берілген компанияның қаржылық және шаруашылық қызметтеріне байланысты. Оған келесілер жатады:

  • Компанияның менеджментімен, бәсеке қабілеттілігі, шығындарды басқарумен байланысты кәсіпкерлік тәуекелділік;

  • Активтердің ликвидтілік деңгейімен, ішкі және сыртқы қарыздар көрсеткішімен, құралдардың айналымымен байланысты қаржылық тәуекелділік;

  • Сатуларды және шикізаттарды әкелумен байланысты коммерциялық тәуекелділік.

Жеке капитал үшін дисконт ставкасын есептеу алгоритмі:

1-саты: тәуекелділіксіз табыс ставкаларының міндеттерін анықтау;

2-саты: коэфицетінің міндеттрін анықтау;

3-саты: нарықтық сыйлықтың міндетін есептеу;

4-саты: жүйелік емес тәуекелділік факторларын есепке алу;

5-саты: САМР модивикациялық теңдеуіне сәйкес дисконт ставканы есептеу.

Дисконт мөлшерлемесін кумулятивті құру тәсілі тәуекелділік факторларын сараптамалық бағалуға негізделген. Кумулятивті тәсілге сәйкес дисконт ставкасын есептеу 2 сатыдан жүреді:

1-саты: тәуекелділіксіз ставканың міндетін анықтау;

2-саты: тәуекелділік үшін қосымша сыйлық көлемін бағалау.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Әділбеков М.Т. Кәсіпкерлік негіздері, Семей. 2002

2.Лапуста М.Т, Шаршукова Л.Г. Риски в предпринимательской деятельности.- М: ИНФРА-М, 1998.

3.Цай Т.Н, Грабовый П.Г, Марашда Бассам Сайел. Конкуренция и управление рисками на предприятиях в условиях рынка.- М, 1994

4.Чернов В.А, Анализ коммерческого риска.-М, 1998

5. Малохимина А.В Риск – менеджмент, М. 2004

Өзін өзі бақылау сұрақтары:

  1. Инвестициялық жобаларды басқару заңдылықтары:

-жобаның инвестициялау алдындағы сатысы;

- инвестициялық жобаны бағалау критериилері;

- жобаның экономикалық тиімділігін бағалау;

- жобаның экономикалық тиімділігін бағалау үшін дисконты тәсілін қолдану;

- жобаның тәуекелділігін бағалау үшін дисконты тәсілді қолдану.

2.Инвестициялық тәуекелділікті бағалау тәсілдері:

- дисконт мөлшерлемесін бағалау тәсілі;

- актив капиталын бағалау моделі;

- дисконт мөлшерлемесін кумулятивті құру тәсілі.

3.Инвестициялық жобаларды сақтандыру практикасы:

-саяси тәуекелділіктен сақтандыру;

-қаржылық және коммерциялық тәуекелділіктен сақтандыру.

Тақырып 7. Басқарушылық шешімдегі тәуекелділік

1. Басқарушылық шешімде тәуекел ету түрлері. Кешенді тәуекелділікті бағалау. Тәуекелділікті бөлу. Тәуекелділікті бөлуді математикалық үлгімен есептеу. Тәуекелділікті сақтандыру: несиелеу кезінде тәуекелділікті ішкі банктік сақтандыру. Кәсіпорынды несиелік талдау. Жеке тұлғаны несиелік талдау. Тәуекелділікті төмендетудің тәртібі

Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау ең түйіді мәселе. Шешім қабылдау басқару процесінің міндетті, қажетті бөлігі. Басшының кез келген әректі іс жүзінде белгілі бір шешім қабылдаудан басталады.

Кәсіпорынның және ондағы бөлімшелер қызметінің нәтижесі басшының дер кезінде шешімді дұрыс қабылдау қабілетіне, әрі оны жүзеге асыра білуіне, ал оның жеделдігі мен дұрыстығы басшының тәжірибесі мен біліміне байланысты. Егер ол өндірісті, технологияны және адамдарды жақсы білетін болса, жұмыс тәжірибесі мол болса, онда оған шешім қабылдау қиынға түспейді.

Басшы сонымен қоса жете ойластыруы, жоқ деректерді болжалдай білуі, дұрыс қорытынды жасай білуі және соның негізінде жағдайға сәйкес келетін шешім қабылдауы тиіс. Басшы кез келген жағдайда шешім қабылдаудан бас тартпауы тиіс.

Қабылданған шешім бүкіл ұжымның экономикалық және әлеуметтік нәтижелеріне, әрбір жұмыскерге қолайлы немесе қолайсыз әсер етуі мүмкін. Сондықтанда шешім қабылдаған адам өзіне үлкен жауапкершілік жүктейді.

«Басқару шешімі» термині екі негізгі мәнде қолданылады. Бірінші жағдайда ол белгіленген басқару актісін, қабылдаған іс-әрекет жоспарын, қаулы-қарарларды т.б., екінші жағдайда – проблемалар мен міндеттер шешімін қабылдаудың және жүзеге асырудың ең қолайлы вариантын білдіреді.

Басқару шешімнің ең маңызды белгісі объекті: өндіріс немесе басқару жүйесінің өзі болып саналады.

Шешім туындаған проблема болған жағдайда қабылданады. Проблема дегеніміз, жүйенің қажетті (үміт еткен) және қолданылып жүрген қалпының арасындағы сипатталатын жағдай. Жалпы әрекеттесетін жүйелерде (басқарушы және басқарылатын) шешім қабылдамаса да болады. Алайда іс жүзінде бұлай болуы мүмкін емес, өйткені өндірісте көптеген ауытқу, теріс ықпал ету жағдайлары (ауа райы жағдайы, техникалық ақаулар, еңбек тәртібінің нашарлығы т.б.) кездесетіндіктен, оны түзету үшін шешім қабылдауға тура келеді.

Басқару шешімін қабылдауға жүйелік тұрғыдан қараудың, пайда болған проблемаларды шешудің жүйелілігін сақтаудың зор маңызы бар. Әрбір жаңа шешім алдыңғы шешімдерді өрістету үшін қабылдануы, сөйтіп бірыңғай өндірістік міндеттерді кезең-кезеңімен орындауды қамтамасыз етуі тиіс.

Басқару шешімінің маңызды талабы оның сонылылығы. Күрделі өндірістік жағдайда, әсіресе жұмыстың қауырт кезінде, егер барлық факторларды ескеруге көп уақыт кететін болса, онда шешім қабылдауды кешіктіріп, жұмыстың орындалуына кедергі жасағаннан гөрі, ең дұрысы тәуекел еткен жөн. Мұның тек жедел шешімге ғана емес, басқа да шешімдерге қатысы бар. Керженцев былай деп атап көрсетеді: «Тектен тек қол қусырып отырғанша, онша негізделмеген болса да, шешім қабылдаған жөн, өйткені шешімнің шала тұстарын кейіннен жетілдіруге болады».

Басқару шешімінің маңызды талаптарының бірі – мақсаткерлік. Шешім ұжымның мақсатын, басты міндеттерін білдіреді, кез келген жұмысты тікелей орындаушыларға берілетін тапсырмаларды айқындайды. Ірі шаруашылық шешімдері бірнеше мақсатты айқындайды.

Кез келген шаруашылық шешімі әділ болуы, яғни шешімді қабылдаған кезде істің нақты жағдайы ескерілуі тиіс. Сонымен қоса кез келген шаруашылық шешімі дәйекті болғаны жөн. Практикалық тәжірибе ғылым жетістіктеріне сүйенсін, яғни кез келген шаруашылық шешімі ғылыми негізделсін. Басқару шешімі жан-жақты болуы, яғни шаруашылық мәселелерімен қоса әлеуметтік әлеуметтік сипаттағы мәселелер де шешілсін.

Кез келген шешім, ол ауызша, мейлі жазбаша түрде қабылданса да, дәл нақты, айқын, дәлелді болуы толық қамтылуы, әрі кімге арналғаны дәл көрсетілуі тиіс. Шешімде тапсырманың мәні, оның көлемі, мерзімі, жүзеге асыру әдісі, сондай-ақ орындауға жауаптылар көрсетілсін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]