Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лаб-2014_-_копия.doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
4.6 Mб
Скачать

2 Тапсырма.

1. Жұмыс үстелінің бос жерінде жанама менюді шақырып Құру→ Бума (Создать → Папку) командасын орындаңыз.

2. Құрылған жаңа бумаға Топ деген ат беріңіз, яғни пернетақтадан енгізіп, <Enter> батырмасын басыңыз.

3. Құрылған буманы ашыңыз.

4. Ағымдық бумада тағы екі бума құрыңыз, оларға Жұмыс үстелі және Қосымша деген ат беріңіз.

5. Жұмыс үстелі бумасында Microsoft Word программасының құжатын құрып, оған Жауап деген ат беріңіз. Ол үшін бума терезінің бос жерінде жанама менюді шақырып, Құру→Microsoft Word құжатын (Создать→Документ Microsoft Word) командасын орындаңыз. Пернетақтадан құжаттың (файлдың) атын теріп, мысалы Жауап, <Enter> батырмасына басыңыз.

6. Жауап құжатын ашып, өз жұмыс істеп отырған компьютердің Жұмыс үстелінің элементтерінің аттарын жазып шығыңыз.

7. Құжатты сақтаңыз, ол үшін Файл →Сақтау (Файл→Сохранить) командасын орындаңыз.

8. Қосымша бумасында Сурет деген нүктелік сурет файлын құрыңыз. Ол үшін жанама менюден Құру→Нүктелік сурет (Создать → Точечный рисунок) командасын орындаңыз.

9. Пернетақтадан файлдың атын теріп (Сурет), <Enter> батырмасын басыңыз.

10. Сурет файлын ашып, оның бостығына көңіл аударыңыз, шаршының суретін салыңыз, оның ішіне үшбұрыш, шаршының сыртын шеңбермен қоршаңыз.

11. Файлдағы өзгерісті Файл → Сақтау (Файл → Сохранить) командасы арқылы сақтап қойыңыз.

3 Тапсырма.

1. Жұмыс үстеліндегі Топ бумасын жойыңыз. Ол үшін Топ бумасын белгілеп алып, жанама менюден Жою командасын орындаңыз. Ашылған сұхбат терезесінде жою әрекетіңізді растаңыз.

2. Жойылған объектіні қалпына келтіріңіз. Ол үшін Себет (Корзина) бумасын ашыңыз, қажетті объектіні белгілеп алып, жанама менюден Қалпына келтіру (Восстановите) командасын орындаңыз.

3. Жұмыс үстеліндегі Топ бумасын жойыңыз. Ол үшін Топ бумасын белгілеп алып, Delete + Shift, батырмаларын қатар басыңыз. Қалпына келтіруге әрекеттеніңіз. Қалпына келтіруге бола ма, болмаса не себептен?

Зертханалық жұмыс №2.

Тақырып: Дербес компьютердің құрамы және құрылымы. Компьютердің арифметикалық негізі. Санау жүйелері,

Жұмыстың мақсаты: ЭЕМ-де қолданылатын негізгі санау жүйелерін үйрену, сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне эквиваленттер кестесінің көмегімен ауыстыруды үйрену.

Ондық санау жүйесіндегі сандарды екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйелеріне ауыстыру

Тапсырма:

1. Санның негіздеуші дәрежесінің қосындысы түрінде жазыңыз:

  1. 42510 8. 3678,89810

  2. 25610 9. 7,2908310

  3. 85210 10. 0,003210

  4. 124310 11. 2,358910

  5. 256910 12. 48,96510

  6. 456810 13. 56,89710

  7. 1256810 14. 48,97510