Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УMKd po sociologii kaz yaz (1).doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.66 Mб
Скачать

4 Тақырып.

Қоғам.

Лекцияның мақсаты – қоғамды жүйе ретінде қарастыру; жүйелік талдаудың негізгі ұғымдарымен танысу; қоғамның типтерінің эволюциясы; Қазақстан қоғамының сипаттарымен танысу.

Негізгі ұғымдар:әлеуметтік жүйе, мақсатқа жету, латентті, адаптация, институциалану, әлеуметтік құрылым, экономикалық жүйе, саяси жүйе, әлеуметтену жүйесі, қарапайым қоғам, күрделі қоғам, индустриалдылыққа дейінгі қоғам, индустриалды қоғам, постиндустриалды қоғам.

Лекцияның жоспары:

  1. Қоғам дегеніміз не? Ол туралы теориялар

  2. Қоғамның типтері

  3. Азаматтық қоғам. Қазақстандағы азаматтық қоғам құру мәселелері.

Қоғамды біртұтас жүйе ретінде қарастырудың бастауы құрылымдық функционализм бағыттарының белгілі өкілдері Т.Парсонс пен Р.Мертонның еңбектерімен байланысты. Парсонстың көзқарасынша адамдардың тұрақты қарым қатынасы жүйелік іс-әрекет деп саналады. Бұл әр ашық жүйеге тән белгілі функцияларды атқаруға арналған дәлірек айтсақ бейімделу (адаптация), мақсатқа жету, интеграция және латенттік функциялары. Бейімделу әлеуметтік жүйенің қоршаған ортаға бейімделуі және оны бақылау, тепе- теңдікті сақтау. Мақсатқа жету үшін барлық ресурстарды жұмылдыру. Интерграция болса жүйенің құрылымдық элементтерін реттеу, оның ішкі тәртібін сақтау және дезинтеграциялық процестерді болдырмау. Латенттік болса мәдени үлгілерді жандандыру. Оларды жаңалау және болашақ буынға тапсыру функциясын атқарады. Бұл көрсетілген функциялар бүкіл жүйеменен және әр жүйенің ішіндегі кішігірім жүйелермен іске асырылады. Қоғамның интеграциялық функциясын әлеуметтік жүйе атқарады. Әлеуметтік жүйенің құрамын құндылықтар, нормалар, мәртебелер мен рөльдер құрайды.

Әлеуметтік жүйенің негізгі компоненті болып институтализация процесі жатады, яғни әлеуметтік қайраткерлер арасындағы тұрақты қарым -қатынас моделін қалыптастырумен байланысты. Бұл қарым-қатынастар арнайы нормалармен реттеледі және де сол арқылы тұрақты және алдын ала болжауға болатындай жайға келеді. Институтализация процесі өмірге келуі негізінде әлеуметтік құрылым қалыптасады. Сондықтан әлеуметтік жүйені институталған рөлдер жиынтығы десек болады. Әлеуметтік жүйеге қарағанда мәдени, тұлғалық және іс-әрекеттік, жүріс-тұрыстық құрылымдар қоршаған орта болып есептеледі. Әлеуметтік жүйенің тұрақтылығы олардың бөліктер арасындағы қалыптасқан қарым -қатынасқа байланысты. Жүйенің тұрақтылығы әлеуметтену мен әлеуметтік бақылаудың элементтері: институциониализация; санкциялар; құндылықтарды сақтайтын құрылымдар; зорлау мен мәжбүрлеу. Қоғамды типтеуге байланысты түрлі бағаттар бар. Мысалы К.Маркс тарихи-табиғи бағыт қағидалары негізінде қоғам бір бағытта төменнен жоғары даму үстінде дейді. Қоғамның даму негізінге өндіріс күштері мен өндіріс қатынастардың жиынтығын келтіреді. Кейбір ғалымдар жазудың пайда болуын негізге алса, біреулері дінді, тілді негізге алады. Ф.Теннистің пікірінше қауымдастық (община) және қоғам ұғымдарының ерекшіліктеріне байланысты типология жасалады. Қауымдастық негізінде туысқандық, эмоционалдық, адамдардың саналық деңгейіне жетпеген, дәстүрлерге негізделген қатынастар жатады. Мұндай дәстүрлі және патриархалды әлеуметтік ұжым қоғамға қарағанда әлдеқайда архаикалық, яғни ежелгі. Қоғам негізінен тек индустриалды негізінде құрылады. Қоғам рационалды қатынастырдың, іс-әрекеттердің нәтижесі. Тауарлық қатынаста барлығы, туысы ма жоқ па бәрі де тең. Бұл қатынастар міндетті түрде саналы және рационалды. Егерде қауымдастық біртұтас организм секілді болса қоғам механизмді елестеді, оның барлық бөлшектерін ауыстыруға болады. Индустриалды әлеуметтік ұйым рационалды, жансыз. Адамзат қоғамының эволюциясын талдасақ онда алғашқы аңшылар мен жинаушылардың қоғамының, одан жануарлар мен өсімдіктерді игеруге байланысты бірінші революцияның болғанын, огородтық қоғам мен малшаруашылық қоғамының бөлінуін, соқаның өмірге келуіне байланысты екінші революция, аграрлы қоғамның, одан бу двигателін ашқандықтан (үшінші революцияның) индустриалды қоғамның басталуы, микрочиптерді ашуменен байланысты (төртінші революция) постиндустриалды қоғамның қалыптастау процесі жүруде. Кеінгі кездері негізгі дамыған индустриалды елдерде қоғамның жаңа типінің қалыптасып келе жатыр. Қоғамның дамуы өндіріс саласынан сервис саласына ауысып отыр. Бұл дегеніміз денсаулық сақтау, ағарту, ғылыми зерттеу, басқару, банк ісін, ақпараттық информация салаларының негізгі болуы. Бұл қоғамның негізі ақпарат. Кезіндегі индустриалды қоғамдағы заводтардағы жұмысшылардан айырмашылықтары заттық тауарлар шығармайды. Оның орнынына ақпарат арқылы өздерінің білімдерін сатады.

Бүгінгі кезде «қоғам» ұғымы бүкіл әлемдік қауымдастықты қамтиды, өйткені жаһандану процесі жершарының қандай мемлекеті болмасын басқаларымен тағыз байланыста екенінін дәлелдеп отыр. Қайсыбір елге төнген қауіпке басқа елдерде көмекке келуге тырысу тенденциясы да бет түзеп келеді. Әрине бұған қарама-қарсы бағытта да болып жатқан процестер жоқ емес. Оның көпшілігінің негізінде бұрынғы империалық амбицияның жатқаны сөзсіз. Соның бір мысалы Ресейдің қазіргі Оңтүстік Осетия мен Абхазияны әлемдіқ халықаралық шарттарға қарамыстан дербес мемлекеттер деп жариялауы.

Әлемдік қауымдастықтың орталық басқару органы болып Біріккен Ұлттар Одағы есептеледі. Бүгінгі кезде Еуропа Одағы өз қатарына 28 мемлекеттерді құрап 500 млн адамдардан тұрады. Бұқаралық ақпарат құралдары бүкіл әлемдегі жағдайды бір уақытта тарату арқылы адамдардың санасын, ой сезімін жаңа планетарлық деңгейге сай қасиеттерге тәрибелеуде. Әлемдік валюта-қаржы жүйесінің тығырыққа тиелуі әлемдік экономикалық дағдарысқа алып келді. Қазақстан посттоталитарлық қоғамға тән сипаттармен белгілі. Оның негізгі көріністері жарияланған демократиялық қағидалар, заңдар іске баяу асырылуында, мемлекет пен азаматтық қоғамның арасында мемлекеттің басымдылығы, азаматтық қоғамның әлі де кенжелеп қалыптаса алмауы, керісінше мемлекеттің, атқарушы биліктің шексіз билікке ие болуға ұмтылуында, жемқорлық, соның ішінде жоғары деңгейдегі мемлекеттік шенеүніктердің үлесінің өсүі және т.б. Қазақстан қоғамы қазіргі дәуірдің талабына сай даму үшін ең алдыменен өнім шығаратын секторларды дамытуы тиісті.