Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус азастан тарихы.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
275.46 Кб
Скачать

Студенттердің білімін, ептілігін және дағдылығын бағалау критерийлері:

«А», «А-» («өте жақсы») – егер студент бағдарламалық материалды терең және берік игерсе, оны толық, жүйелілікпен, сауатты және логикалық үйлесімді баяндаса, тапсырманың түрі өзгергенде жауап беруге қиналмаса, қойылған сұрақтарға еркін жауап берсе, монографиялық материалдарды білетіндігін көрсетсе, қабылданған шешімдерді дұрыс дәлелдей алса, практикалық жұмыстарды орындауда жан-жақты дағдылар мен әдістерді пайдалана білсе, материалды өз бетімен қатесіз тұжырымдай білетіндігін және баяндай алатындығын көрсетсе;

«В+», «В», «В-» («жақсы») – егер студент бағдарламалық материалды берік білсе, оны сауатты және мәні бойынша баяндаса, қойылған сұраққа берген жауабында елеулі дәлелсіздікке жол бермесе, теориялық ережелерді дұрыс қолдана білсе және практикалық мәселелерді шешетін қажетті дағдылары болса;

«С+», «С», «С-», «D+», «D» («қанағаттанарлық») – егер студент тек қана негізгі материалды игерсе, бірақ оны егжей-тегжейлі білмесе, дәлсіздіктерге, жеткіліксіз тұжырымдамаларға жол берсе, бағдарлама материалын баяндаудағы жүйелікті бұзса және практикалық тапсырмаларды орындауда қиыншылықтар көретін болса;

«F» («қанағаттанарлық емес») – егер студент бағдарламалық материалдың едәуір бөлігін білмейтін болса, елеулі қателерге жол берсе, практикалық жұмыстарды үлкен қиындықпен орындайтын болса.

Студенттерге қойылатын талаптар: сабақта белсенділік көрсету, практикалық (семинарлық) сабақтарға дайын болу.

Студенттердің білімдерін бағалау

Баға

Әріптік эквивалент

Рейтингтік балл

(пайызбен %)

Балмен

Өте жақсы

А

А-

95-100

90-94

4

3,67

Жақсы

В+

В

В-

85-89

80-84

75-79

3,33

3,0

2,67

Қанағаттанарлық

С+

С

С-

D+

D-

70-74

65-69

60-64

55-59

50-54

2,33

2,0

1,67

1,33

1,0

Қанағаттанарлықсыз

Ғ

0-49

0