- •Социология
- •Пiкiр жазғандар:
- •Қазақстан социологтары ассоциациясының президенті, социология ғылымдарының докторы, профессор м.Тәжиннің алғы сөзі
- •І бөлім. Социологияның ұғымдық аппараты
- •Социологияның объектісі мен пәні
- •Социологиялық білімнің құрылымы
- •Социологияның функциялары
- •Пайдаланылған әдебитеттер тізімі
- •Социологияның категориялары мен ұғымдарын жіктеу
- •Әлеуметтік іс-әрекеттер, өзара іс-қимылдар және қарым-қатынастар
- •Қоғам құрылымындағы тұлға
- •Әлеуметтік мәртебелер және рөлдер
- •Әлеуметтік стратификация
- •Әлеуметтік топтар
- •Әлеуметтік институт
- •Қоғамның басты институттарының белгілері [40]
- •Әлеуметтік ұйымдар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Қазақстанда социологиялық көзқарастардың қалыптасу негіздері
- •Қазақстанда социология ғылымының қалыптасуы (ретроспективті шолу)
- •Қазақстанда қазіргі заманғы социология ғылымы дамуының негізгі бағыттары
- •Қазақстан Республикасының “Социология” мамандығы бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындары
- •Социология бойынша докторлық диссертациялар1
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Іі бөлім. Социология ғылымының қалыптасуы және дамуы
- •Әлеуметтік білім эволюциясы
- •Социологиялық ойдың дамуын кезеңге бөлу
- •Ежелгі Шығыс пен Ежелгі Греция мемлекеттеріндегі әлеуметтік ілімдер Ежелгі Қытайдағы әлеуметтік ілімдер
- •Ежелгі Үндістанның әлеуметтік-саяси көзқарастары
- •Ежелгі Грецияның әлеуметтік білімі
- •Орта ғасырлардағы әлеуметтік таным
- •Араб шығысының социологиялық ойы
- •Жаңа дәуірдің социологиялық ойлары
- •Қайта өрлеу дәуірі
- •Ағылшын ағартушылығы
- •Француз ағартушылығы
- •Неміс ағартушылығы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Идеялары, теориялары және өкілдері Огюст Конт
- •Джон Стюарт Милль
- •Карл Маркс
- •Герберт Спенсер
- •Вильфредо Парето
- •Фердинанд Теннис
- •Эмиль Дюркгейм
- •Гаэтано Моска
- •Георг Зиммель
- •Макс Вебер
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Жаһанданудың қазіргі теориялары
- •Рональд Робертсонның мәдени центристік теориясы
- •Энтони Гидденстің жаһандану теориясы
- •Эммануил Валлерстайнның әлем-жүйе теориясы
- •Мануэль Кастельс: ақпараттық экономика және жаһандану процесі
- •“Қайраткер - құрылым” теориялары қазіргі қоғамды зерттеудің құралы ретінде
- •Маргарет Арчердің морфогенез теориясы
- •Құрылымдық келісім
- •Мәдени-әлеуметтік өзара іс-қимыл
- •Құрылымды өңдеу (Морфогенезис) Құрылымды ұдайы өсіру (Морфостазис)
- •Энтони Гидденстің құрылымдық теориясы
- •Қызмет және құрылым: Джеффри Александердің жаңа функционализмі
- •Жаңа институционализм теориясы
- •Нил Флигстайнның жаңа институционализм теориясының сараптамасы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Ііі бөлім. Орта деңгей теориясы
- •Экономикалық социология пәні
- •Экономикалық социологияның тарихи дамуы
- •Экономикалық социологияның негізгі категориялары
- •Нарық социологиясы
- •Қазіргі заманғы капиталистік нарықтардың әлеуметтік құрылымы (жетілген типтер) [21]
- •Кәсіпкерлік социологиясы
- •Шаруашылық ұйым социологиясы
- •Еңбек нарығы және жұмыспен қамту порблемасының социологиясы
- •Пайдаланылған әдебиеттір тізімі
- •Саяси социологияның пайда болуы мен дамуы
- •Саясаттану және саяси-әлеуметтік пікір алысулардың айырмашылығы
- •Саяси социологияның зерттеу объектісі мен пәні
- •Саяси социологияның субъектісін түсіну
- •Саяси социологияның әдістері және заңдылықтары
- •Институттар - саяси социологияның орталық категориясы ретінде
- •Билікке түсінік беру
- •Саяси социологиядағы мемлекет категориясы
- •Азаматтық қоғам және оның институттары
- •Саяси социологияны анықтаудағы тұлғаның орны
- •Саяси жетекшілік
- •Қоғамдық пікірдің саяси социологиясы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Ғылым социологиясы
- •Білім беру социологиясы
- •Мәдениет социологиясы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Дін социологиясының қалыптасуы мен дамуы
- •Дін және қоғам. Діннің әлеуметтік функциялары
- •Діни ұйымдар мен діни индивид типологиясы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Этникалылықтың теориялық мәселелері
- •Этносаралық қатынастар
- •Қазақстандағы этносаралық қатынастарды социологиялық зерттеу
- •Этносоциологиялық зерттеу методологиясы
- •1. Олардың ішінде аймақтарға үлестіргенде сұралуға тиіс:
- •2.Тұрғылықты мекенжайы бойынша:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Әлеуметтік жанжал табиғаты
- •Жанжалды жіктеу
- •Саяси жанжалдың өзіне тән ерекшелігі
- •Жанжалдар динамикасы және оларды реттеу әдістері
- •Жанжал қоғам мен тұлғаның әлеуметтік әрекеттесуінің
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Іv бөлім. Социологиялық зерттеудің методологиясы мен әдістері
- •Методологиясы мен логикасы
- •Ғылыми және социологиялық зерттеудің методологиясы мен логикасы
- •Социологиялық зерттеудің кезеңдері
- •Социологиялық зерттеудің бағдарламасы
- •Социологиялық зерттеудің іріктеуін құрау. Іріктеу жиынтығы
- •Сипатты есептеу
- •Квоталық және кездейсоқ зерттеу әдістері
- •Іріктеу жиынтығы элементтерінің құрылымы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Социологиялық зерттеулерді жіктеу
- •Сандық және сапалық әдістер: бәсекелестік пен серіктестік
- •Формализмге негізделген сұрау
- •Формализмге негізделмеген сұхбат
- •Фокус-топ
- •Бақылау
- •Социологиялық және маркетингтік ақпарат жинаудың халықаралық ережелері
- •Формализмге негізделген сұрақнама
- •Қымбатты “n”-лық!
- •Қатысқаныңыз үшін алдын ала алғыс білдіреміз!
- •Өзіңіз туралы айта кетсеңіз:
- •Қатысқаныңыз үшін рахмет!
- •Фокус-топтың гайды
- •22.Ядов в.А. Стратегия социологического исследования. - м., 1998
- •10.0.5. Нұсқасындағы spss статистикалық мәліметтер жинаудың, талдаудың көпфункционалдық кешені Бағдарламамен танысу
- •Терезелер
- •Диалогтық терезелер
- •1 Сурет. Диалогтық терезенің басқару элементтері.
- •Мәліметтермен жұмыс. Мәліметтерді талдаудағы негізгі қадамдар
- •Мәліметтер редакторы
- •2 Сурет. Мәліметтер редакторының терезесі.
- •Жаңа файл жасау
- •Мәліметтерді енгізу
- •Мәліметтерді түзету
- •Файлды сақтау
- •Жұмыс файлын ашу
- •Файл туралы ақпарат
- •Нәтижелерін шығару
- •Мобилдік кесте
- •Мәліметтерді талдау кезеңдері
- •Зерттеу нәтижелерін ұсыну
- •Зерттеу нәтижелерін жұртшылыққа жеткізу
- •Мазмұны
Социологияның функциялары
Әрбір ғылымның атқаратын қызметі қоғамның күнделікті өмірімен өзара әрекеті және байланыстарының сан қырлылығын көрсетеді. Мұнда қоғамның сол ғылымның нақты танымдық немесе түрлендіруші әрекеттеріне деген сұранысы қамтылады. Социологияның қоғам өмірімен байланысының алуан түрлілігі, қоғамдық мақсаты бірінші кезекте оның ерекше әлеуметтік ғылым ретінде атқаратын қызметімен айқындалады. Социология әлеуметтік шынайылықты зерделей отырып, біріншіден, әлеуметтік шынайылық туралы білімді қалыптастырумен, әлеуметтік дамудың процестерін сипаттаумен, түсіндірумен және ұғынумен, социологияның тұжырымдамалық аппаратын, социологиялық зерттеудің әдістемесі мен әдістерін жасаумен байланысты ғылыми проблемаларды шешеді. Екіншіден, әлеуметтік шынайылықты түрлендірумен, әлеуметтік процестерге жоспарлы түрде, мақсат көздей отырып, ықпал етудің жолдары мен құралдарын талдаумен байланысты проблемаларды зерделейді. Осы екі қырын ескере отырып, неғұрлым маңызды міндет ретінде танымдық (дескриптивтік және диагностикалық міндеттер) және тәжірибелік (болжамдық, әлеуметтік жобалау мен құрастыру және басқару) міндеттерін бөліп қарауға болады.
Танымдық функция ең алдымен әлеуметтік даму заңдылықтарын зерттеумен, әр түрлі әлеуметтік құбылыстар мен процестердің өзгеру тенденциясына байланысты.
Теориялық-танымдық функцияны жүзеге асыру социологияға қоғамның мәні, оның құрылымы, заңдылықтары, негізгі бағыттары мен тенденциялары, жолдары, оның қызмет атқаруының және дамуының нысандары мен механизмдері туралы білімді кеңейтуге және нақтылауға мүмкіндік береді. Ғылыми социологиялық білім теориялық социологияның ішкі жетілуінің негізінде де, танымның объектісі - әлеуметтік шынайылықтың қарқынды дамуының нәтижесінде де байиды. Социологияның танымдық функциясы барлық деңгейде жүзеге асырылады. Адамзат қоғамының әлеуметтік дамуының заңдылықтары мен келешегін ашып көрсететін арнайы социологиялық теориялардың маңызы ерекше. Социологиялық теориялар қазіргі заманғы күрделі проблемаларға ғылыми жауаптар береді, дүниені әлеуметтік түрлендірудің шынайы жолдары мен әдістерін көрсетіп береді.
Әлеуметтік теориялармен тығыз байланыста дамитын эмпирикалық әлеуметтік зерттеулер де әлеуметтік дамудың заңдылықтарын ғылыми танып-білуге белсене атсалысады. Олар қоғам өмірінің жекелеген салаларының жаңа фактілері мен өзгеру тенденцияларын айқындау жолымен әлеуметтік шынайылық туралы жаңа эмпирикалық мәліметтердің өсуін қамтамасыз етеді, ол тұтас әлеуметтік дамуды түсінуге және түсіндіруге қажетті алғышарт болады. Бұл рөлді қоғамдық өмірдің нақты құбылыстары мен процестері туралы орасан ақпараттарды тұжырымдайтын зерттеулер атқарады. Жаңа ілімдердің өсуі де ірі ауқымдағы өзгерістер мен заңдылықтарды зерделеумен байланысты емес тар өрісті эмпирикалық зерттеулер барысындағы объективті әлеуметтік ақпарат есебінен жүзеге асады. Әдетте бұл ақпарат объективті және субъективті көрсеткіштермен баяндалады. Алғашқысы статистика мәліметтерін толықтырады және нақтылайды, ал екіншісі әр түрлі әлеуметтік топтардың емеуріндері, қызметінің себептері, мақсаттары туралы ақпаратты білдіреді. Мұндай зерттеулердің танымдық маңызы қоғамдық өмірдегі адам факторының рөлін ашып көрсететіндігінде, бұқаралық әлеуметтік процестердің субъективті жақтарына назар аударуында. Бұл осы салада дамудың объективті тенденцияларының бірдей болмайтындығының және олардың әр түрлі әлеуметтік топтардың санасындағы субъективті бейнеленуінің нәтижесін білдіретін әлеуметтік проблеманың бар екендігін белгілеуге мүмкіндік береді.
Сөйтіп, әлеуметтік процесс субъект туралы іргелі білімдерге сүйене отырып әлеуметтік құбылыстың нақты ахуалының табиғаты, оның түрленуі және сол құбылыстың дамуының шынайы нәтижелері туралы білім жинақталады. Яғни, бұл жағдайда танымдық функция дескриптивтік (сипаттаушылық) және диагностикалық рөлдерін қоса атқарады.
Тәжірибелік функция социологияның әр түрлі әлеуметтік процестерді басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі тәжірибелік ұсынымдар мен ұсыныстар жасауға атсалысуымен айқындалады.
Социологияның тәжірибелік функциясы танымдық функциясымен тығыз байланысты. Социологиялық зерттеулер қоғамның түрлі салаларының даму заңдылықтарын ашып көрсете отырып, әлеуметтік процестерге пәрменді әлеуметтік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті нақты ақпарат береді. Социологияның тәжірибелік функциялары ең алдымен қоғамның болашақ дамуына қатысты ғылыми негізделген божамдар ұсынатындығынан көрініс табады. Социология шынайылықтың сапасы мен мәнісін, сондай-ақ осы шынайылықтың қызмет атқаруы және даму заңдарын білу негізінде қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжам жасай алады. Әлеуметтік құбылыстар туралы сөз болғанда болжам жасаудың маңызы зор, өйткені ол белгілі бір өзгерістердің қажеттігін ғана емес, сол өзгерістерді жүзеге асырудың мүмкіндіктерін де көрсетіп береді. Социология бұл жағдайда бір жағынан зерделенетін қоғам дамуының жалпы негіздерін, оның жалпы келешегін білуге, екінші жағынан жеке әлеуметтік субъектінің нақты мүмкіндіктерін білуге сүйенеді.
Социологияның болжамдық функциясы қоғамның әрбір әлеуметтік бөлімшесінің ғылыми негізделген даму келешегін саналы түрде жасау және жүзеге асыру шарттарын жасауға деген сұранысының көрінісі болып табылады. Әлеуметтік болжам адамдардың санасы мен олардың қызметіне болжамның кері әсерін ескеруге тиіс, ол оның “өз-өзінен жүзеге асуына” (немесе “өз-өзінен күйреуіне”) әкеп соғуы мүмкін. Болжаудың бұл ерекшелігі ғылыми болжамды басқарушы ықпалдарды, сондай-ақ олардың сапалық өзгерістерін ескере отырып процестердің ықтимал нысандары мен көріністерін, жүзеге асырылу қарқынын сипаттайтын дамудың нұсқалары, баламалары түрінде жасауды талап етеді. Болжам жасау әлеуметтік жобалау мен құрастыруды жүзеге асыруға арналған база болып табылады.
Әлеуметтік жобалау - болашақ объектінің өлшем жүйесін немесе бар объектінің сапалық жаңа күйін ғылыми негіздеп құрастыру. Әлеуметтік жобалау жаңа әлеуметтік проблемаларды шешудің әр түрлі нұсқалары жасалынған кезде мақсатты көздей, қызмет етудің құрамдас бөліктерінің бірі ретінде пайдаланылады және басқарудың маңызды элементі ретіндегі нысаны болады. Социологияның басшылық функциясы - нақты қоғамдық проблемаларды шешу жөнінде ұсынымдар жасау.
Сонымен, социологияның қолданбалы функциясы оның әлеуметтік өмірдің: тұтас қоғам мен шағын фирмалар және отбасына дейінгі тәжірибелік проблемалары мен міндеттерін шешуге атсалысуын білдіреді. Бұған қолданбалы оқу пәндері арнайы бағытталған, бірақ бұл процеске социологиялық білімнің басқа да деңгейлері мен қабаттары жұмылдырылған. Мұндай ат салысудың бірнеше нысандары бар: қолданбалы зерттеу; социологиялық сараптама; социологиялық кеңес беру; стратегиялық социологиялық талдау. Сонымен қатар социологиялық оқулықтар, кітаптар, мақалалар, баяндамалар, дәрістер оған қызығушылық танытатын кез келген азамат үшін қажет. Ол халықтың социологиялық сауаттылығына, оның азаматтық мәдениетін көтеруге мүмкіндік туғызады.
Социологияның қоғамдық дамуға ықпалы кең және сан қырлы. Қазіргі жағдайда социология ғылымының рөлі мен маңызы артып келеді. Маңызды және шұғыл әлеуметтік-саяси өзгерістер бүгінгі таңда көптеген елдерде, соның ішінде біздің елімізде жүріп жатыр. Қоғамды реформалау жағдайында тұтас организм ретіндегі қоғамның дамуы мен қызмет атқаруының тенденциялары мен заңдылықтарын мұқият зерделеу және пайдалану ерекше өзекті, теориялық және тәжірибелік тұрғыдан маңызды, бұл ең алдымен социологиямен байланысты. Біздің қоғамның және өзге қоғамдардың дамуының қазіргі кезеңі қоғамдық өмірдің әлеуметтік факторлары мен әлеуметтік саласының рөлі мен маңызы арта түскенінің бұлтартпас дәлелі. Әлеуметтік факторлар мен реформалардың әлеуметтік салдарларының рөлі мен маңызын елемеудің немесе байыпты түрде жете бағаламаудың жалпы қоғамдағы және оның жекелеген салаларындағы реформалардың сәтті жүруіне шынайы қатер төнгізетінін өмір айқын дәлелдеп отыр. Қоғамдық өмірдің өзі, оның түрленуі социологияның алдына жаңа әлеуметтік проблемалар мен міндеттер қояды, ескі проблемаларды жаңаша түрде ұсынады және сол арқылы осы ғылымның дамуын шындап ынталандырады. Социологардың зерттеулері мен социология ғылымының жетістіктері айқын және ол қоғамның дамуына игі ықпал жасай алады.