Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekonomikany_saly_1179_ty_1179_retteu.docx
Скачиваний:
35
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
99.71 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе......................................................................................................................3

1. Салықтардың ториялық негіздері.................................................................5

1.1Салықтардың пайда болу тарихы.....................................................................5

1.2Салықтың экономикалық мәні........................................................................8

1.3 Шет мемлекеттердің салық салу ерекшеліктері...........................................15

2.ҚР-ның экономикасын салықтық реттеудің қазіргі жағдайы................21

2.1Экономиканы қаржылық реттеудің қажеттілігі мен әдістері…...................21

2.2Салық-экономиканы реттеу құралы ретінде..................................................24

2.3ҚР-ның фискалдық саясатының негізгі бағыттары.......................................26

3.Қр-ның экономикасын салық арқылы реттеуді жетілдіру перспективалары.................................................................................................31

3.1Қазақстан Республикасында салықтардың атқаратын қызметтері..............31

Қорытынды..........................................................................................................44

Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................46

Кіріспе

Мемлекеттің тұрақты экономикасын құруда салықтар маңызды орын алады. Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғын, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі. Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Салық – нарықтық қатынастардың бір бөлігі, оның қызмет етуі елдегі экономикалық реформалардың нәтижелілігімен тығыз байланысты. Өз кезегінде жүргізілген салықтық реформаның тиімділігі мемлекеттің экономикалық дағдарысын, проблемаларын шешуші қызметін атқаруда. Яғни салық – бұл белгілі бір көлемде, белгілі бір мерзімде жалпы мемлекеттік қажеттіліктер үшін өкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде бюджетке төленетін заңды және жеке тұлғалардың қайтарымсыз төлемдері.

Салық мәселесімен А.Нұрымов, Б.Ермекбаева, Н.Мамыров, К.Ілиясов, Ө.Шеденов, Құлпыбаев сияқты белгілі ғалымдар айналысады.

Бүгінгі күні еліміздің салық жүйесі біршама өзгерістерге ұшырап, дамып және нығайып келеді. Мысалы, 2006 жылғы Елбасының Жолдауына зерделей үңілгенде мұндағы әр тұжырым мұқият зерттеулермен, сараптаулармен, нақты болжаулармен түйінделгенін ұғынамыз. Президент биылғы Жолдауында Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қалай қосылуы жолындағы негізгі жеті басым бағытты айқындаған екен. Сол басымдардың ішінде салық мәселесіне біршама өзгерістер енгізілді. Екінші басым бағыт Қазақстанды жаңа белеске көтеру-тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы болмақ. Яғни экономикалық саланы жаңарту және жаңғырту, қарқынды дамыту жолдарын ұстануымыз қажет деп қарастырылған. Мысалы, екінші басымдықты нақты іске асару мақсатында Президент Үкіметке мыналарды тапсырды:

  1. Валюталық операцияларды жүзеге асару тәртібін оңайлату арқылы

«Валюталық реттеу туралы»Заңға тәуелді актілерді әзірлеу жұмыстарын аяқтайтын болсын.

  1. 2007жылдан бастап қосымша құн салығының ставкасын 1% -ға , ал 2008-2009 жылдары қосымша тағы да 1-2%-ға азайту.

  2. 2008жылдан бастап әлеуметтік салық шамамен 30% -ға азайтылып, ол жұмыс берушілерді жұмысшылар жалақысын өсіруге ынталандыруы керек.

  3. 2007жылдан бастап, барлық жеке тұлғалар үшін табыс салығының 10%-дық белгіленген мөлшерлемесі енгізілсін. Еңбек ақысы аз жұмысшылар санатының табыс деңгейін сақтау мақсатында айлық есептік көрсеткіштің орнына олардың салық салынатын табысынан ең аз жалақы мөлшерін алып тастауды ұсынамын.

  4. 2007 жылдың 1 қантарынан бастап шағын бизнес субъектілері үшін салық салудың кемітілген бірыңғай мөлшерлемесі енгізілсін.

  5. Алты ай ішінде жоғарыда айтылған Салық қызметінің арнайы бөлімін құру жөнінде нақты ұсыныс әзірленсін және т.б.

Осы аталған мәселе – дипломдық жұмыстың өзектілігін көрсетеді.

Салықтар – мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі болып табылады. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Салықтар мемлекеттің егемендігінің бір көрінісі. Осынысымен салықтар мемлекет меншігі мен заемдарынан түсетін табыстан ерекшеленеді.

Курстық жұмыстың мақсаты – мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі салықтардың алатын орны мен рөліне талдау жасау болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеті – қойылған мақсатқа жету, ол үшін салықтың мәнін, мазмұнын, атқаратын қызметін, шет елдік салық салу тәжірибесін, салық салу саясатының даму жағдайын, оны жетілдіру жолдарын теориялық тұрғыда қарай отырып, оны практикамен ұштастыру, қорытынды жасау болып табылады.

Курстық жұмыста Қазақстан республикасының салық жүйесіне толық сипаттама берілген. Қазіргі кездегі салықтардың мәнін, маңызын, нарықтық экономикадағы алатын орнын, негізгі проблемаларын және жетілдіру жолдарын қарастырдық.

Салық салудың негізгі мақсаты – мемлекет қазынасын толтыру, еліміздің экономикасын дамыту, әлеуметтік жағдайды жақсарту және кәсіпорын, тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке тарту болып табылады.

Салықсыз мемлекеттің және онымен байланысты барлығының да өмір сүруі мүмкін емес. Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде – жаңа сипатқа ие болуда. Мұндай ықпал көп бағытта жүргізуде.

Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

Бірінші бөлімде салықтың мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және салық салудағы кейбір дамыған шетелдердің тәжрибесі қарастырылған.

Үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасының салық саясатының даму жағдайы, салық механизмдері және салық салуды жетілдіру жолдары талданды. Сонымен, мемлекеттің нарықтық экономикасын құруға әсер етуіне көмектесетін экономикалық тетіктердің ішіндегі салықтың мәні зор.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]