Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

25 26 27

.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
92.55 Кб
Скачать

«Ауылшаруашылығы өндірісінің экономикасы» пәнінен № 25 емтихан билеті

1. Астық өндірісінің экономикалық көрсеткіштері және оларға сипаттама

2. Тұтас мал шаруашылығының экономикалық тиімділігін бағалауда қандай құндылық көрсеткіштер қолданылады

3. Жер рентасы.

  1. Астық өндірісінің экономикасы

Ауыл шаруашылығын дамытуда  шешуші орынды астық шаруашылығы алады. Астық өндірісі – бүкіл ауылшаруашылық өндірісінің негізі. Астық шаруашылығы деңгейі ауыл шаруашылығының басқа да салаларының дамуымен тығыз байланысты, яғни халықты нан өнімдерімен ғана емес,  етпен, сүтпен және басқа да ауыл шаруашылық азық-түліктермен қамтамасыз ету  осы саланың өсу қарқынына да тәуелді.  Астық бағалы азық-түлік болып табылады. Астық өнімдерін өнеркәсіптік қайта өңдеу арқылы (ұн, нан, жарма) тағамның жалпы құндылығының 40 пайызы қамтамасыз етіледі, белоктың қажеттілігінің  50 пайызы,  көмір сутегінің 60 пайызы қанағаттандырылады. Астық – тамақ өнеркәсібі,  химия, тоқыма, арақ-шарапты ашыту өнеркәсіптері үшін шикізат көзі, ал мал шаруашылығы үшін жем-азықпен қамтамасыз етудің басты көзі болып табылады. Астық шаруашылығы өсімдік шаруашылығының және барлық ауыл шаруашылығы өндірісінің негізі болып табылады. Бұл астық өндірісінің ауыл шаруашылығының басқа да салаларымен және өнеркәсіппен жан-жақты байланыстары арқылы анықталады. Нан және нан өнімдері  елдегі тұрғындардың тамақ өнімдерінің маңызды бөлігі болып табылады, ал құндылығы жағынан адамның барлық азық-түлік балансының жартысын құрайды. Республикады нан және нан өнімдерінің адам басына шаққандағы тұтынуы 2006 жылы 123 кг-ға тең болды.  Тәжірибе көрсеткендей, астық өндірісін дамытпайынша экономикалық аудандарды мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге, техникалық дақылдар өсіруге және ауыл шаруашылығының басқа да салаларын дамытуға мамандандыру мүмкін емес. Астық- халықтың тек қана азық-түлік көзі ғана емес, сонымен қатар мал және құстар үшін ауыстырылмайтын жем-азық болып табылады.  Астық сыра дайындау, спирт өнімдерін шығару және жарма өнеркәсіптері үшін шикізат көзі болып табылады. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің құнында астық 35 пайызды құрайды, егістік аудандар құрылымында олардың үлесі 80 пайызға тең.   Астық  мемлекеттегі нан ресурстарын құру және жаңартуды талап етеді және де астық  маңызды экспорттық өнім болып табылады. Астық дақылдары ішкі нарықта ғана емес сыртқы нарықта да үлкен сұранысқа ие өнімдердің бірі. Сыртқы нарықта әсіресе, Қазақстанның солтүстік облыстарында өсірілетін  жаздық бидай ерекше жоғары сұранысқа ие. Ол Қазақстанның стратегиялық қорлары ретінде қолданылады. Қазақстан негізгі экспорттық дақылы бидай өндіруден әлемде алтыншы орынды иеленеді. Қазақстанның бірегей климаты басқа елдердің бидай ұнының қасиеттерін жақсартушы ретінде әлемдік нарықта сұранысқа ие болып отырған жоғары сапалы, құрамында протейн мол астықтың қалыптасуына ықпал етеді.  Астық ауыл шаруашылығы өнімі ретінде экономикалық жағынан бірнеше артықшылықтары бар. Ол құрғақ күйінде жақсы сақталады, үлкен қашықтыққа оңай тасымалданады. Осындай астықтың ерекшеліктері  астық сақтау қоймаларын, элеваторлар салуда, сонымен қатар тасымалдауда және азық-түліктің мемлекеттік қорларын құруда ескеріледі. Қазақстан республикасында өсірілетін астық және астық бұршақтық дақылдар қолданылуы бойынша топталады: азық-түліктік және жем-азықтық . Азық-түліктік дақылдар құрамына нан өнімдері (бидай және қара бидай) және жармалар (қарақұмық, тары, күріш). Ал жем-азықтық дақылдарға арпа, сұлы, жүгері, сонымен қатар астық бұршақтық дақылдары жатады.  Бидай Қазақстандағы азық-түліктік астық дақылдарының жетекшісі болып табылады. Астықтың жалпы өнім көлемінде  бидайдың үлес салмағы 70 пайыздан асады. Бидай жоғары өнімділікті дақыл, дамыған шет мемлекеттерде оның егістік ауданының бір гектарынан 40-70 центнерге дейін өнім алады.  Ал Қазақстанда орташа астықтың өнімділігі 10-12 центнерді құрайды.   Қара бидай. ол елдің астық балансында айтарлықтай орын алады. Соңғы жылдары астық дақылдарының егістік құрылымында оның үлесі өсуде. Егер 2005 жылда елдің дақылдарының құрамында  қара бидай үлесі 6% болғанда, 2008 жылда -7,4 %, онда 2007 жылда – 7,8% алған болатын. Қысқы бидайға қарағанда, қысқы қара бидай суыққа төзімді келеді.  Ол шаруашылықтарда өсіріледі, тек қана арпаға ғана орын береді. Өнімділігі жағынан бидайдан кейінгі орынды қара бидай алады.   Арпа, жүгері, сұлы  жем- азықтық дәнді дақылдардың негізгілері болып табылады. Арпаны құс және малдарға беретін әр түрлері құрама жем құрамына қосады. Арпа сонымен қатар азықтық  мақсатта да қолданылады, яғни одан жармалар дайындалады және арақ-шарап өнеркәсібінде шикізат ретінде пайдаланылады. Елімізде арпаның орташа өнімділігі 11-13 центнерді құрайды.  Жүгері өсіруде оның  биологиялық ерекшелігіне байланысты  шектеулі болады. Оның түсімінің төмендеуі  жүгері өндіруші шаруашылықтардың сапалы тұқым материалдарымен толық қамтамасыз етілмеуінен болады.  Сұлы  астығы жылқы, құстар, асыл тұқымды малдар үшін құндылығы өте жоғары жем- азық болып табылады.  Ашық экономика және азық – түлік пен ауыл шаруашылығы өнімін сатудың әлемдік жүйесінің шарттары егіншілік мәдениетін арттыруды, өнімнің сапасын жақсартуды, экспортты жандандыруды және өндірісті әртараптандыруды талап етеді. Жоғары сапалы бидай өндіру аймақтары көбінесе өнімділіктің орташа деңгейі гектарынан 10-25 ц. шегінде қара- қоңыр және қара топырақ аймақтарымен шектелетіні мәлім. Бұлар – Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарындағы күн сәулесі өте жеткілікті мөлшерде түсетін құрғақ және қуаң дала аймақтар. Негізгі егін егетін аймақтар болып, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және  Ақмола облысы табылады, олардың астық дақылдарының ауданы республиканың астық үлесінің 70 пайызын құрайды. 2006 жылы олармен 14000 га егілді, бұл 2005 жылға қарағанда 6,2 пайызға көп. 2007 жылы ауа райының қолайлы жағдайына байланысты барлық негізгі дақылдардан жоғары өнім алу мүмкіндігі туды, яғни бұл жылы республикада 20137,8 мың тонна астық жиналып, оның орташа өнімділігі 13,3 ц/га-ны құраған. Бұл көрсеткіш 2006 жылмен салыстырғанда 3626,3 мың тоннаға немесе 21,9 пайызға артық болып отыр.

Кесте 13. 2005 - 2007 жылдардағы астық шаруашылығының негізгі көрсеткіштері

 

Жалпы өнім, мың тонна

Өнімділік, ц/га

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

Қазақстан Республикасы

13781,4

16511,5

20137,8

10,0

11,7

13,3

Ақмола облысы

2966,8

3475,9

4456,1

8,5

9,6

11,6

Ақтөбе облысы

220,7

129,3

459,2

4,7

2,9

7,8

Алматы облысы

979,2

967,3

1059,5

19,7

19,8

22,2

Атырау облысы

0,1

0,1

0,1

1,4

1,0

1,3

Батыс Қазақстан облысы

149,6

271,0

422,9

3,9

6,1

8,5

Жамбыл облысы

655,1

431,1

425,9

16,6

11,8

13,0

Қарағанды облысы

269,8

401,7

554,1

3,9

6,3

8,1

Қостанай облысы

3537,2

4733,0

5899,3

10,5

13,4

15,0

Қызылорда облысы

259,2

256,2

263,3

30,7

30,4

31,1

Павлодар облысы

286,6

354,7

514,7

5,2

6,7

8,3

Солтүстік Қазақстан облысы

3493,4

4613,0

5027,9

16,8

14,6

17,0

Оңтүстік Қазақстан облысы

400,6

361,0

342,4

11,2

14,5

15,1

Шығыс Қазақстан

561,4

516,4

711,5

10,4

9,5

11,9

Астана қаласы

0,6

0,6

0,6

13,3

13,6

14,0

Алматы қаласы

0,5

0,2

0,3

10,5

8,9

9,1

Еліміздегі жалпы экономикалы? жаѓдайдыњ жа?саруына орай ‰кімет аграрлы? саланы ?олдау жµнінде шаралар ?арастыруда. 2003 – 2005 жылдарѓа арналѓан мемлекеттік азы? – т‰лік баѓдарламасы ?абылданды. Осы баѓдарламада ауыл шаруашылыѓы µнімдерін µндіру ±?сатуѓа жасалѓан талдау сырт?ы ж?не ішкі нарықта б?секеге т‰се алатын бірден-бір Қаза?станды? µнім тек асты? пен ±н ѓана екенін кµрсетті. ?йтсе де сырт?ы нарыққа шыѓудыњ, ?сіресе ±н бойынша, м‰мкіндіктері толы? пайдаланылмай отыр. ¦н тарту к?сіпорындары белгіленгендей жылына 5 млн.тонна емес, 1,88 млн.тонна ѓана ±н шыѓарады, яѓни олардыњ ?уаты 36.6 % ѓана пайдаланылуда. Осындай жаѓдайда экспорт?а шыѓарылатын ±н 300 мыњ тоннадан аса алмай отыр. Б‰гінгі к‰ні ?аза?стан жылына жалпы сомасына 55 млрд. тењге 3,5 млн. тонна ±н шыѓара алады. Б±л м?ліметтер саланыњ, ?сіресе ±?сату µнімдері бойынша экспортты? мүмкіндігініњ зор екенін кµрсетеді. ¤њделген д?нді да?ылдар µнімніњ ішкі т±тыну ?±рылымына басты назар аударылуы ?ажет. Баѓасы мен сапасы бойынша б?секе дењгейініњ тµмендігі себепті ?±рѓа? тањертењгілік ас, ±лпалар т. б. терењ µњделген µнімдердіњ пайдаланылуы нашар. Мал саныныњ µсуіне байланысты ауыл шаруашылыѓы тауар µндірушілерініњ ?±рама жемге деген с±ранысы да артатын болады.[6] Мемлекеттік аграрлы? азы?-т‰лік баѓдарламасын іске асырудыњ н?тижелері бойынша ауыл шаруашылыѓы µнімдерін µндірудіњ кµлемін µсіру ?леуетініњ алдын-ала жасалѓан  есептеулері баѓдарламада кµзделген шараларды іске асырудыњ н?тижесінде олардыњ кµлемін 117,8 млрд. тењгеге арттыру м‰мкін екендігін кµрсетіп отыр.  Соңғы  жылдары қабылданған шаралардың  ролі  мен  мәнін бағалай  отырып,  астық  нарығына  ықпал  ететін неғұрлым  тиімді  қаржы механизмі қажет екенін мойындау  керек. Мемлекеттік қаржы көмегін жетілдіру нақты  мекен-жай бойынша мақсатты инвестициялау  жолымен жүгізілуі қажет, өйткені өндіріске тікелей қайтарымсыз жәрдем көрсету қалағандай нәтиже бермейді. Кµп жаѓдайда ж?рдем ретінде берілген материалды? – техникалы? ресурстар (жанар, жаѓар май, тыњайт?ыш, лизингтік техника) ауыл т±рѓындарына немесе делдалдар ар?ылы жетіп болѓанша баѓасы базар баѓасынан да арты? µсіп кетеді. Оныњ ‰стіне м±ндай жењілдіктерді ±са? фермерлер емес, егінді ‰лкен ал?аптарѓа егетін неѓ±рлым ірі тауар µндірушілер ретіндегі асты? компаниялары пайдаланады.  2004 жылѓы 19 наурыздаѓы “Б?секеге ?абілетті ?аза?стан ‰шін, б?секеге ?абілетті экономика ‰шін, б?секеге ?абілетті  халы? ‰шін” деген Президенттіњ ?аза?стан хал?ына жолдауында былай делінген:  «Аграрлы? азы? – т‰лік баѓдарламасын ж‰зеге асырудыњ  да алѓаш?ы жылы ая?талды. ?уантарлы? н?тижелер бар. А¤К-і мемлекеттік ?олдау кµлемі ед?уір ±лѓайды». Бµлінген ?аржы шаруаларѓа µткен жылѓы лизинг ар?ылы 806 ауыл шаруашылыѓы техникасын сатып алуѓа, 52,5 мыњ т. минералды тыњайт?ыштар, сондай-а? гербицидтер мен улы заттар, мал егуге ?ажетті препараттар алуѓа м‰мкіндік берді. ?аза?станда асты??а деген µзініњ ?ажетін ?анаѓаттандырып ?ана ?оймай, бес миллион тоннадан астам асты?ты экспорт?а да шыѓарды. Нары?ты? саясат кезінде ?аза?стан ауыл шаруашылыѓы елеулі µзгерістерді бастан кешті. Саланыњ жалпы µнімі 2002 жылы 1990 жылмен салыстырѓанда 2 еседен астамѓа тµмендеді. Жан басына ша??анда 1990 жылѓы дењгейге ?араѓанда асты? µндіру 63% болды. Ал өткен жыл ?орытындысы бойынша ауыл шаруашылыѓы µнімініњ жалпы кµлемін баѓалау бойынша ағымдаѓы баѓалармен 1121,8 млрд. тењгені ?±рады, б±л 2006 жылѓыда 8,9 %-ға арты?. Бүгінгі күні ең маңызды мәселе – Қазақстанда астық өндірісін тұрақтандыру. Оны өндірудің технологиялық аспектілерін қозғамай-ақ, астық өндіру салаласындағы нарықтық экономиканың төменгі бағыттарын баса айтуға болады. Жалпы, дүние жүзінің қай мемлекетін алып қарасаңыз да, ауыл шаруашылығы бағдарламаларында астық өндіру мәселесі бірінші болып тұрады. Сондықтан да астық өндіруде оны нарығы экономикалық қатынастарды дамытуды қажет етеді.  Жоғарыда аталған мәселелер Қазақстан Республикасының «Астық туралы» Заңында көрсетілген, осы құжатта жалпы астық туралы жүйелі шаралар, мәселен, астықтың жылжуы, оның тауарлық мониторингі, астықты сақтау, мемлекеттік қолдау және т.б. белгіленген. Бұл белгіленген шаралар мемлекеттің жалпы макроэкономикалық жағдайы тұрақтанса, халықтың сатып алу жағдайы артса, ауыл шаруашылығы секторының банкротқа ұшыраған кәсіпорындары қайта іске қосылып,  жабылған есеп шоттары ашылса ғана жүзеге асады.  Ең маңызды қағиданың тағы бірі - астық өндірушілердің астық нарығына жол табуы. Бұл мәселені шешудің ұйымдастыру нысаны жер-жерде сауда-саттық кооперативтерін құру.  Бұндай кооперативтер әр аймақта енді ғана құрылып жатыр. Оларды ұйымдастырудағы басты кедергі біріншіден - қаржы тапшылығы, екіншіден - салық заңдарының пісіп жетілмеуі. Астық нарығының ең мызғымайтын шарты оның осы заманға сай биржалық сауданың дамуы. Астық биржалық тауар, бірақ астық биржасы тек астық өндірісі ұдайы өскен кезде ғана өркендейді. Ол үшін республикада сатушы ретінде және астық нарығына дер кезінде интервенция жасай      тын ірі коммерциялық құрылымдар, ұжымдар болуы заңды нәрсе. Осыған орай қазіргі уақыттың өзінде бірегей ақпараттық-маркетингтік орталықтар құру кезек күттірмейтін шара. Сондай-ақ астық нарығын реттеу үшін республикада астық комитеті немесе астық тауар өндірушілер Одағын  құру қажет.  Қазақстан Республикасын жалпы алғанда астық шаруашылығында қазіргі таңда мынадай негізгі мәселелер бар: - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлығы төмендеп бара жатыр; - ұсынылған ауыспалы егістер сақталмауы; - көптеген шаруашылықтарда минералдық тыңайтқыштар дұрыс және мерзімді еңгізілмейді; - машина – трактор паркінің 80 пайызға тозуы; - жаңар – жағар май бағасының қымбаттауы. Астық  нарығы  -  еліміздің  азық  - түлік  нарығының ең  ірі  маңызды  буыны  болып  табылады.  Реттеу  объектісі ретіндегі   оның  мәні  астықтың  азық – түлік  қорын  қалыптастырудағы   жетекші  рөлі,  астық  және  оның  өңдеуден  кейінгі   өнімдерінің  сан түрлі   мақсатта  пайдаланылатындығы,  астық нарығына  қатысушылар  арасындағы экономикалық қатынастардың  алуан  түрлілігі   және  ерекшелігіне  байланысты  анықталады.     

3) Жер рентасы — жерден түсетін тұрақты табыс. Оның дифференциалдық және абсолюттік түрлері бар. Алғашқысы дифференциалдық І және дифференциалдық ІІ рента деп ажыратылады. Дифференциалдық І рентаның пайда болуының басты себебі — жеке жер телімдерінің құнарлылығы мен сол жердің рынокқа қатысты орналасу ерекшеліктері. Дифференциалдық ІІ рента жерге жұмсалған қосымша қаржыға тура байланысты. Шаруашылықты қарқынды жүргізу нәтижесінде қосымша қаржыдан дифференциалдық ІІ рента туындайды. Ол, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру кезіндегі қоғамдық және жеке баға айырмашылығынан да туындайды. Абсолюттік Жер Рентасы жерге деген жеке меншікке байланысты. Орташа пайдадан артық алынған қосымша құн абсолюттік рентаны алу көзі болып табылады. Ауыл шаруашылығы айналымына кірмейтін жерден де Жер рентасы алынады. Оларға:

  1. тау-кен өнеркәсібі пайдаланып отырған жерден түсетін рента;

  2. құрылыс учаскелерінен түсетін рента, т.б. жатады.[1]

Жер рентасының табиғаты жердің экономикалық ресурс ретіндегі ерекшеліктерімен және жерді пайдалану қатынастарымен байланысты. Жер — бірегей өндіріс құралы: сан жағынан ол шектелген, оны жасанды түрде ұдайы өндіру мүмкін емес; жер учаскелері құнарлығы жағынан бір-біріне ұқсамайды, яғни олардың табиғи өндіргіш күштері өзгеше болады.

Жерді пайдалану экономикалық қатынастардың әр түрлі жүйесімен реттеледі. Экономикалық ресурс ретінде жер еңбек нәтижесі емес, яғни оның өндіріс шығындары жоқ. Жер табиғаттың сыйлығы. Жердің саны шектелген, сондықтан жер практикада қайда пайдаланса да, оның ұсынысы мүлде икемді емес. Бұл жер нарығында тек сұраныс қана белсенді екенін көрсетеді. Жерге сұраныс өзгерістерінің нәтижесі шамалы болғандықтан, оны пайдаланғанда осы ресурстың иесі белгілейтін баға шешуші рөл атқарады.

Нарықтық аграрлық экономиканың субъектісіне меншік иесінің екі типі жатады — толық меншік иесі және тұтыну меншік иесі. Жердің шектелуі және оны ұдайы өндірудің мүмкін еместігі, жер монополиясының екі түрлі болуын тудырады. Толық меншік иесі жерге өзінің жеке меншік монополиясын жүргізеді: кәсіпкерге оның капиталын өз жеріне әкеліп пайдалануға рұқсат ету-етпеуге ерікті болады. Аренда туралы келісім жасалған соң жерді нақты пайдаланушы белгіленеді. Оның (арендатордың) жердің осы учаскесінде шаруашылық жүргізуге монополиялық құқы болады. Жердің меншік иесі мемлекет болса, жеке иемдену болмайды және монополияның бір түрі орнайды: — жерге тұтыну жағынан жер иесі жүргізетін, жерге шаруашылық жүргізетін объект деп монополия орнайды.

Жерге монополия — нарық субъектісінің осы ресурсқа жарлық етуіне төтенше құқының болуы, иемденушіге үстем табыс әкеледі. Осы табыс жер рентасының экономикалық нысанын алады. Жеке меншік монополиясы абсолюттік жер рентасын тудырады, жерге шаруашылық монополиясы — дифференциялық жер рентасын тудырады. Осы күнгі батыс әдебиеті «экономикалық рента» терминін қолданады, рентаны түрлерге бөліп қарамайды, бірақ олардың пайда болуының екі себебін келтіріледі.

Рента (фр. rente — табыс әкелу) — меншікке келетін табыстың бір түрі, капиталды жерге пайдалану құқы үшін меншік иесіне түсетін төлем. Оның көлемі аренда келісімінде белгіленеді. Аренда келісімі арқылы берілген жер үшін ол арендатор жердің меншік иесіне рента төлеп тұрады. Демек, жер рентасы жерге меншіктік экономикалық жағынан жүзеге асырылуының нысаны болып табылады. Рента— жерді‚ мүлікті‚ мәміледен түскен капиталды меншіктенуші алатын‚ иеленушіден қосымша шығын мен күш-жігерді талап етпейтін табыс.[2]

Жерді пайдалануға беруден алынған табыс — жер рентасы‚ берілген қарыздан алынған табыс — капиталдан алынған пайыздар‚ т.б. Мүлікті меншіктенуші бұл реттерантъе деп аталады.[3]

Жер рентасы меншікке табыс түрінде, бұдан көп ерте заманда пайда болған. Бірақ тек нарық экономикасында рентаны экономикалық тәсілдер арқылы иемдену мүмкіндігі туады. Осы жағдайда ол үстем пайда болып табылып, екіге бөлінеді: кәсіпкер — жер арендаторы ие болатын пайдаға және жерге меншік иесіне түсетін рентаға.

Дифференциялдық рента монополияланған табиғи күші бар учаскелердегі индивидуалдық өндірістік баға мен нарықтағы қалыптасқан бағаның айырмасы болып табылады. Жер меншігі артық пайдаға қатынасы жоқ, бірақ ол оның жер рентасы нысанына айналуының себебі болып табылады. Сондықтан рентаны еңбекпен келмеген табыс деп атайды.[4]

Дифференциалдық рентаның екі түрі бар: бірінші дифференциалдық рента және екінші дифференциалдық рента.

  1. Бірінші дифференциалдық рентаның болуы жердің сапасының әр түрлі болатынымен байланысты. Осы рента құнарлылығы жоғары жерлерден алынатын, құнарлылыққа байланысты рента болып және стратегиялық жағынан материалдарға, еңбекке, тұтынушыларға қолайлы орналасқан жер учаскелерінен алынатын рента болып бөлінеді.

  2. Екінші дифферендиалдық рента егіншілікті интенсивті жүргізу әдісін және капиталдың үстеме салымын яғни, жердің құнарлылығын өсіруді, прогресивтібиотехнология қолдануды, жоғары потенциалы бар тұқымдарды т.б. тілейді. Нәтижесінде өнімділік жоғарылайды, шығындар тез өтеледі. Кәсіпкер үстем пайда түсіреді.

Екінші дифференциалды рента егін шаруашылығының стимулын күшейтеді. Бұл айырмашылық келісім шарттың мерзімі өткенше арендаторға түседі. Ал аренда мерзімі біткен соң, бұл да жер иесінің қарамағына түседі. Осы жағдай нарық экономикасын аграрлық секторға енгізудің өте зор кедергісі болып табылады.

«Ауылшаруашылығы өндірісінің экономикасы» пәнінен № 26 емтихан билеті

1. Мал шаруашылығын салалық орналастыру және мамандандыру

2. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру жолдары

3. Жұмысшы күші дегеніміз не?

1) 15.2 Мал шаруашылығы саласын орналастыру мен мамандандыру

Мал шаруашылығы тікелей өсімдік шаруашылығымен байланысты Жалпы аграрлық саладағы оң өзгерістерге шолу жүргізе отырып, мал шаруашылығындағы оңтайлы бетбұрыстарды атап өтуге болады. Мәселен, 2003-2004 жылдары республика бойынша мал шаруашылығы өнімдерін сатудан рентабельділік деңгейі 6,7 пайызға тең болды, ал бұл 2001-2002 жылдары  тек 1,1 пайызды құраған. Сонымен қатар  2004 жылы 2002 жылмен салыстырғанда ет өндірісінің көлемі 9,6 пайызға, сүт өндірісі 10,9 пайызға өсті.   Қазіргі кезде өндірістің барлық салаларында нарықтық құрылымдарды дамыту қажеттілігі туып отыр. Осыған байланысты маңыздылығы мен ерекшелігі зор болып табылатын ет өндірудегі ет өнімдері нарығын дамыту қажет. Қоғамды ет және ет өнімдері нарығымен қамтамасыз ету әрқашан өзекті мәселе болып қала береді.  Мал шаруашылығы жүйесінің жекелеген элементтерінің маңызы әртүрлі  табиғи –экономикалық аймақтар үшін және жан-жануардың түр-түрі үшін бірдей емес. Азықты пайдалану әдістері және мал ұстау тәсілдері бойынша мынадай мал шаруашылығы  жүйелерін  бөліктейді: 1.Жайылымдық-ұдайы  көшпелі, отарлық-жайылымдық, тұрақты-жайылымдық, екпе-жайылымдық жүйе; 2.Қоршаулы-жайылымдық жүйе-малға көбінесе табиғи  азық беріледі, орташа өнімділік құрама жем-азыққа негізделеді, мол өнімділік негізінен егістік немесе жоғары  өнімді табиғи азықпен коректендіру арқылы болмақ. 3.Қоршаулы бағу –малды жыл он екі ай қора-қоршауда ұстап күту, қоршаулы-лагерлік жүйе. Мал шаруашылығының жайылымдық жүйесі. Қазақстанның оңтүстік, орталық, батыс облыстарындағы аудандарда кең тараған. Оның сипаты сол, мал жыл он екі ай маусымдық жайылымдарда болады. Жайылымдағы мал өнімділігі шамалы, сондықтан мал басы тығыздығы мен алаң бірлігіне есептегенде алынатын өнім онша үлкен емес. Бұл жүйе бойынша көбінесе қылшық жүнді, қаракөл мен ет-сүт бағытындағы қой шаруашылығы табындағы жылқы шаруашылығы және түйе шаруашылығы дамытылады. Бұл жүйенің бір түрі отарлық  жайылым болып табылады,  жайылымдар көктемгі-жазғы уақыттарында, олардың ең көп өнімділік көрсеткіш кезінде пайдаланылады, ал басқа уақытта жан-жануар азық қорымен, мал жаппай паналармен қамтамасыз етіледі, малшылар үшін қажетті тұрмыстық жағдайлар көздестіріледі. Екпе –жайылымдық жүйе табиғи немесе шөп және басқа дақылдар егу арқылы жақсартылған азық алқаптарында малды жыл он екі ай  жайылымда ұстауды ең жауапты кезеңдерде өндірістік үрдістерге (бағып-күтуге, азықтандыруға, өсіруге) адамның белсене араласуымен үйлестіріледі. Қыста мал шөппен, сүрлеммен, құнарлы азықпен  қосымша қоректендіріледі. Жас төлдер паналарда ұстанылады және т.б. Қосымша шығындар салыстырмалы түрде аз  жұмсалған жағдайда бұл шаралар мал өнімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Қоршаулы –жайылымдық немесе жайылымдық –қоршаулы жүйе. Мал шаруашылығының  бұл жүйесі Қазақстанның солтүстік аудандарында таралған. Мал қысқы кезеңде –негізгі жұмыстар механикаландырылған, арнайы жабдықталған орындарда, ал жазғы уақытта –қажетті қосымша жемі бар жайылымдарда ұсталады . Бұл жүйе азық алаңының 100 гектарына есептегенде мал басының жоғарғы тығыздығымен, азықтандыру мен ұстау жағдайларының жақсартылуын  жылдам сезінетін, жоғары өнімді мал тұқымын пайдаланумен, азық алаңының  гектарынан алынатын мал шаруашылық өнімін өндірудің жоғары деңгейімен  және өнім жыл бойына біркелкі алынуымен сипатталады. Қоршаулы –жайылымдық жүйенің жоғары өнімді түрі мал шаруашылығында кеңінен  қолданылады. Қоршаулы жүйе. Бұл –мал шаруашылығының ең өнімді  жүйесі. Бұл жүйе кезінде азықтандыруды қатаң нормалау, жан-жануарды іргелі қысқы қоралар мен жазғы лагерлерде ұстау, ұрықтандыру мен төлдету мерзімдерін реттеу, жыл бойы жоғары  және біркелкі өнім алу жүргізіледі. Осы жүйе  бойынша жан-жануар жылдың көп мерзімінде қораларда болады, тек әлсіздену  мен ауруға ұшырауды болдырмау үшін сыртқа серуенге шығарылады, жылдың он екі айында қоршауда ұстау кезінде қоршаулы-лагерлік деп аталатын жүйе қолданылады, яғни жан-жануар екпе жайылымдары  маңында құрылған лагерлерде жаздай ұсталады.       Мал шаруашылығы жүйесінің негізін ұдайы табын толықтыру, яғни табыннан шығып қалу үшін малдарды сол тектес, бірақ көбірек өнімді, өзге мал басы мен жүйелі түрде ауыстырып отыру керек. Ұдайы толықтыру қарапайым болады, мұнда мал басының саны және жасы пен жыныстық топтарының ара-қатынасы өзгермейді, ұдайы өндіріс кеңейтілген түрде болады, мұндай кезде мал саны көбейеді. Ұдайы табын толықтырудың екі түрі де мал мен құстың тұқымдық және өнім бергіш қасиеттерін бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жеткізіп, арттыра түсуі кездестіріледі, мұның өзі өнімді молайту мен арзандатуға және оның сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Кәсіпорында ұдайы толықтыру қарапайым және кеңейтілген түрде ұйымдастырудың қайсысы жөн екендігі сатылатын өнім көлемі мен шаруашылықтың ішкі қажеттіліктеріне қарай белгіленеді. Ұдайы табын толықтырудың сипаты мен қарқыны биологиялық және ұйымдастыру-экономикалық факторларға байланысты болады. Биологиялық факторларға:малдың өсімталдығы, жыныстық және шаруашылық кемел жасы, буаздық ұзақтығы, төлдеу маусымдылығы жатады. Ұйымдастыру-экономикалық факторлар: аналық мал басын шаруашылықта пайдалану ұзақтығын, бір жылға төл санын, ұрықтандыру мен төлдеудің күнтізбелік мерзімдерін, іске жарайтын төлдің жасын қамтиды. Мәселен, сиырларды толық бағалы азықтандыру мен жақсы ұстауды ұйымдастыру, бұзаулағаннан кейін оңтайлы мерзімде қолдан ұрықтандыру, жұқпалы аурулардың алдын- алу қысырлықты және бұзаулау аралығындағы кезеңді (13-14 айдан 11-12 айға дейін) қысқартады демек, сиырларды шаруашылыққа пайдалану кезеңдерінде бұзаулардың тууы мен сүт саууды ұлғайтады. Жеделте өсіру кезінде екі жарым жылдың орнына бір жарым жылға өгізшелердің тірідей салмағы 400 килограммға жетеді, ал 1 кг салмақ өсіміне жұмсалған азық шырындары 10-12 кг азық бірлігінен 7,5-8 бірлікке дейін қысқарады. Нәтижесінде ұдайы табын толықтыру қарқыны артады және ұқсас, теңдес азықпен өндіру 1,5 есе көбейеді. Мал басын көбейту алынатын төл санына, істен шығару мен табын жөндеу мөлшеріне тәуелді. Малдың өнімді түрде пайдалану мерзімі біткеннен кейін оларды оңалту мен бордақылауға, етке сату мен сойысқа жіберу істен шығару деп аталады.      Табын жөндеу -табындағы малдың табиғи келуін қайтадан толтыру мен кеңейтілген ұдайы толықтыру шараларының жүйесі. Табын жөндеуге тұқым-тегінің өнімді қасиеттері және сыртқы мүсіні бойынша ең жақсы төл таңдап алынады да, олар оңтайлы мерзімде негізгі табынға қосылады.     Ұдайы табын толықтыруға жарамсыз төл табыны жөндеуден тыс саналып бордақылаудан соң сойысқа жіберіледі.  Табын құрылымы, табын айналымы. Кез-келген шаруашылық табынында малдардың әртүрлі жастағы және жыныстық топтары болады. Мысалы, ірі қара мал табынында - бұқалар, сиырлар, бойдақ сиырлар, тайыншалар, торпақтар және тағы басқа, шошқа өсіру  шаруашылығында - еркек шошқалар, негізгі мегежіндер, бір жылғы шошқалар, екі айға дейінгі торайлар мен 2 айдан 4 айға дейінгі торайлар, бордақы шошқалар болады. Табындағы малдың жас және жыныстық топтары және ара-қатынасы жалпы мал басына қатысты  түрінде есептелген мөлшері-табын құрылымы деп аталады. Ол кеңейтілген ұдайы толықтыру міндеттеріне сай болуға, яғни табын жөндеуге лайық төлді неғұрлым көбірек алу мен өсіруге және сапалы өнім өндіруді ұлғайтуға жағдай жасауға тиіс. Табын құрылымы саланың бағытына тәуелді. Табын құрылымына ықпал ететін факторларға: іске жарамды, жөндеуден тыс төл басын; шаруашылықтың жоспары бойынша табынның жылдық өсімінің белгіленген пайызын; жан-жануардың өндірістік жарамдылығының мерзімі мен соған байланысты оларды істен шығару пайызын; төлдеу жилігін; төлдің алынуын; төлдеу мерзімдерін жыл бойына бөлуді; алғашқы шағылыстыру сәтіндегі жан-жануарлар жасын жатқызуға болады. Мал шаруашылығында табынның анық нақты және ұйымдастыру құрылымын ажыратады. Табынның анық нақты құрылымы деп малдың жас және жыныстық топтарының нақтылы күнтізбелік мерзімге қалыптасқан қатынасын айтады. Табынның ұйымдастыру құрылымы-болашағы мол оңтайлы құрылым. Бұл құрылымды құрастыру кезінде мал шаруашылығының бағыты, малдың тұқым-тегінің тез жетілуі, өнімділігі, жан-жануардың жарамдылық мерзімі, ұдайы толықтыру жоспары, азықтандыру тұрпаты және тағы сондайлар ескеріледі. Табынның ұйымдастыру құрылымы: -әрбір мал басына шаққанда жыл сайын барынша мол өнім алынуы; -мал шаруашылығы өнімін керекті күнтізбелік мерзімде алу жөніндегі бизнес-жоспарды шаруашылықтың жүйелі түрде орындалуын; -мал басын ұдайы кеңейтілген түрде толықтыруды қамтамасыз етуге тиіс. Дұрыс жинақталған табындағы нақты құрылым ұйымдастыру құрылымына дәл келеді. Саланың әртүрлі өндірістік бағыттарына және басқа жағдайларға сәйкес табын құрылымының бірнеше ұтымды тұрпаттары белгілі. Әрбір  түрлі мал табыныңда үнемі өзгерістер болады: мал төлдейді, асыл тұқымды мал және кәдімгі мал сатып алынады, малды етке сату жүргізіледі, жетілген төл үлкен мал топтарына  қосылады. Малдың әртүрлі жастағы және жыныстық топтарындағы мал басының жыл бойына немесе басқа бір уақыт мөлшеріндегі (жарты жылдық, тоқсан, ай сайынғы) қозғалысы табын айналымы деп аталады. Табын айналымын құрастыру кезінде мал мен құсты мынандай топтарға бөледі: -мал шаруашылығында-бұқалар, сиырлар, бойдақ сиырлар, екі жылдан асқан тайыншалар, бір жылдан асқан тайыншалар, торпақтар, өгізшелер және әр жастағы мал, бордақыдағы ересек мал, өгіздер; -шошқа өсіру шаруашылығында-тұқымдық еркек шошқалар, негізгі мегежіндер, тексерістегі ұрғашы шошқалар, 2 айға дейінгі торайлар, жас шошқалар, бордақтағы шоқалар; -қой шаруашылығында-қошқарлар, ересек сектер мен еркек тоқтылар, саулықтар, ұрғашы тоқтылар, бір жасқа дейінгі тоқтылар мен сектер, биылғы жылғы қозылар, бордақтағы ересек қойлар; -құс шаруашылығында: тауықтар, оның ішінде-жұмыртқалайтын тауықтар, тәулікті балапан, 60 тәулікке дейінгі балапан, 61 тәуліктен 150 тәулікке дейінгі тауықтар, етті және етті жұмыртқа бағытында сондай-ақ 151 тәуліктен 180 тәулікке дейінгі тауықтар; үйректер бойынша-ересек үйректер, тәулікті балапан, 60 тәулікке дейінгі балапан, 61 тәуліктен 180 тәулікке дейінгі үйректер. Табын айналымын құрастыру алдында осы топтар бойынша мал мен құстың бар болуын; жан-жануардың күн сайын айналымнан шығуының мөлшері мен рет-тәртібін; малдың шағылысуы мен төлдеуінің мерзімдерін және төл алуын, өткізуге, тұқым алуға және тағы басқаларға арналған жекелеген мал топтарының шаруашылықта болуының ұзақтығын; ұдайы табын толықтыру үшін әртүрлі топтардағы төл санын және осы төлді негізгі табынға қосу мерзімін анықтайды Табын айналымын құрастыру үшін мал төлі жөніндегі есептеулерді күні бұрын жүргізу қажет. Бұл - алынуға тиісті аналық мал санын анықтау және бұған дейінгі кезеңде малдың шағылысуы туралы деректер негізінде болашақ төлдерді айларға бөліп есептеу болмақ. Табын айналымын есептеу әртүрлі шаруашылық кезеңдерге қарай күнтізбелік жыл, тоқсан немесе ай, қоршаулы немесе жайылымдық маусым бойынша жасалады.  Жылдық айналымды бөлу жиілігі мал шаруашылығы саласына тәуелді. Ірі қара мал бойынша жасына қарай болатын негізгі өзгерістерді аңғару үшін тоқсандық табын айналымдары да жеткілікті. Шошқа өсіру шаруашылығында, әдеттегіше, айлық табын айналымдары жасалады, мұның өзі аналықтан айырғанға дейінгі торайлар мен жөндеу немесе бордақылау топтарына көшірілген, 2-4 айдан асқан жас шошқаларды есепке алуға мүмкіндік береді. Табын айналымдары шаруашылық бойынша малдың барлық түрлерінен алынатын ет өнімін анықтайды. Сүт сиырлардың орташа жылдық мал басын жобалық өнімділікке көбейту арқылы алынады.  Жүн өнімі орташа 1 қойдан қырқылған жүнді жыл басындағы қойлардың мал басына көбейту арқылы айқындалады.  Бал мен балауыз өнімі жоба бойынша ара ұяларының санын бір ара ұясынан бал мен балауызға көбейту жолымен анықталады. Мал шаруашылығының жалпы өнімін өндіру көлемі тауарлы өнім жоспарының орындалуын және шаруашылықтың ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етуге тиіс. Мал шаруашылығынан алынған өнім мөлшері бұл талаптарға қаншалықты сай екенін тексеріп білу үшін өнім балансы жасалады, соның барысында тауарлы өнім айқындалады. Мал шаруашылығы өнімінің бір бөлігі өндірістік мұқтаждарға бөлінеді. Бұл - азықтандыру үлгісінде көрсетілген нормалар бойынша жас төлді ішкізетін сүт, мәселен, бір торғайға 0,2 ц сүт жұмсалуы керек. Тауарлы өнім мал шаруашылығының жалпы өнім мен шаруашылық ішінде пайдаланылатын өнім арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады. Тауар өнім ең алдымен бизнес-жоспардың  орындалуын, тұтынушыларға әр түрлі арналар бойынша өнім өткізілуін қамтамасыз етуге тиіс