1
.docБекітемін
Философия кафедрасының
меңгерушісінің м.а. ______ Т.М. Садықова
“_____”___________2009 ж.
Хаттама №_______
С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университеті
ФИЛОСОФИЯ КАФЕДРАСЫ
Саясаттану пәнінен қорытынды бақылау бойынша тест сұрақтары
1 – нұсқа
1. Қазіргі адамның қажеттілігін және сонымен бірге талап-тілегін орындауға жағдай жасайтын не?
А) Қоғам;
В) Саясат;
С) Саяси мәдениет;
Д) Партия;
Е) Демократия.
2. Жасырынған сөзді табыңыз: «.... құлы болған жағдайда ғана адам еркін бола алады» Цицерон.
А) Мемлекеттің;
В) Заңның;
С) Халықтың;
Д) Құқықтың;
Е) Демократияның.
3. Демократия толқындары туралы айтқанда қандай негізгі идея бағыт бола алады?
А) Мемлекеттердің болашағы – демократиялық дамуға тығыз байланысты;
В) Демократияның басты жетістігі – оның дамыған саяси жүйе екендігі;
С) Демократияның басты кемшілігі – оның дамымаған саяси жүйе екендігі;
Д) Демократия – қазіргі таңдағы ең тиімді басқару түрі;
Е) Демократия – қазіргі таңдағы ең қауіпті басқару түрі.
4. Парадигма ұғымын ХХ ғасырдың 20-жылдарында ғылыми әдебиетке алғаш енгізген американ философы - ...
А) Л. Фон Борталанфи;
В) Г. Кун;
С) Т. Парсонс;
Д) Д. Истон;
Е) Г. Алмонд.
5. Саяси билікті жүзеге асыруға жағдай жасайтын саяси механизмдер және институттар жиынтығы қалай аталады?
А) Саяси режим;
В) Саяси жүйе;
С) Саяси үрдіс;
Д) Саяси мәдениет;
Е) Мемлекет.
6. Саяси себептермен жеке адамдарды, көпшілікті қорқыту, жазалау мақсаттарындағы қылмыстық әрекет - ...
А) Экстремизм;
В) Соғыс;
С) Терроризм;
Д) Революция;
Е) Трайбализм.
7. Мемлекеттің негізгі қызметі заңның үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған түрі:
А) Құқықтық мемлекет;
В) Әлеуметтік мемлекет;
С) Конституциялық монархия;
Д) Республика;
Е) Демократиялық мемлекет.
8. Мемлекеттердің және басқа халықаралық субъектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығы қалай аталады?
А) Халықаралық қатынастар;
В) Халықаралық саясат;
С) Әлемдік саясат;
Д) Жаһандастыру;
Е) Әлемдік даму.
9. Дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келу қалай аталады?
А) Компромисс;
В) Келісім;
С) Мәмілелік;
Д) Консенсус;
Е) Татуласу.
10. «Саясат – қоғамдағы құндылықтарды билік арқылы реттеу» Авторы кім?
А) Д. Истон;
В) А. Бирс;
С) В. И. Ленин;
Д) К. Фримен;
Е) Г. Лассуэл.
11. Бихевиоризмнің негізін қалаушы кім?
А) Р. Михельс;
В) М. Вебер;
С) Ш. Л. Монтескье;
Д) Г. Алмонд;
Е) Г. Лассуэл.
12. Саяси ілім тарихында алғаш рет қай ойшыл мемлекеттік басқару түрлерін жіктеді?
А) Сиддартха Гаутама;
В) Конфуций;
С) Лао-цзы;
Д) Платон;
Е) Аристотель.
13. Ж. Ж. Руссоның пікірінше адами құндылықтар тек не пайда болғаннан кейін қалыптасқан?
А) Мемлекет;
В) Саясат;
С) Демократия;
Д) Билік;
Е) Қоғам.
14. Ең алғаш қай ойшыл адамгершілікті саясаттан бөліп қарастырған?
А) Ф. Аквинский;
В) Әбу Насыр Әл-Фараби;
С) Н. Макиавелли;
Д) Абай;
Е) Ж.Ж. Руссо.
15. ҚР мемлекеттік билік механизмдерін тарату жүйесінде Маслихатты қай билік тармағына жатқызамыз.
А) Заң шығарушы;
В) Атқарушы;
С) Сот;
Д) Жергілікті атқару органы;
Е) Сайлаушы орган.
16. Динамикалық саяси тұрақтылық нені білдіреді?
А) Мемлекеттің маңыздылығын;
В) Халықтың маңыздылығын;
С) Мемлекет пен халықтың бірлігін;
Д) Демократияның маңыздылығын;
Е) Қоғамның үздіксіз дамуын.
17. Экстрозаңды тұрақсыздық қай тарапта пайда болады?
А) Сыртқы саясатта;
В) Ішкі саясатта;
С) Сайлау кезінде;
Д) Соғыс кезінде;
Е) Реформа кезінде.
18. «Тоталитаризм» терминін саясатқа енгізген кім?
А) И. Сталин;
В) А. Гитлер;
С) Б. Муссолини;
Д) Х. Арендт;
Е) К. Маркс.
19. Қоғамда қандай саяси режим екенін қандай параметрлер арқылы анықтауға болдады?
А) Билік үшін күрес, саясатқа көпшіліктің қатысуы және саяси құндылықтар;
В) Билік үшін күрес, саяси идеология және плюрализм;
С) Билік үшін күрес, саяси жүйе және саяси үрдіс түрі;
Д) Билік үшін күрес, сөз бостандығы және азаматтық қоғам жағдайы;
Е) Билік үшін күрес, сайлау және адамның құқығы мен бостандығы.
20. «Демократияның үшінші толқыны» тұжырымдамасының авторы кім?
А) Ә. Кекілбаев;
В) Н. Ә. Назарбаев;
С) А. де Токвиль;
Д) С. Хантингтон;
Е) К. Хаусхофер;
Құрастырғандар: Сайт Ерболат,Шуренбаева Э.А.