10
.docБекітемін
Философия кафедрасының
меңгерушісінің м.а. ______ Т.М. Садықова
“_____”___________2009 ж.
Хаттама №_______
С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университеті
ФИЛОСОФИЯ КАФЕДРАСЫ
Саясаттану пәнінен қорытынды бақылау бойынша тест сұрақтары
10 – нұсқа
1. Демократия толқындары туралы айтқанда қандай негізгі идея бағыт бола алады?
А) Мемлекеттердің болашағы – демократиялық дамуға тығыз байланысты;
В) Демократияның басты жетістігі – оның дамыған саяси жүйе екендігі;
С) Демократияның басты кемшілігі – оның дамымаған саяси жүйе екендігі;
Д) Демократия – қазіргі таңдағы ең тиімді басқару түрі;
Е) Демократия – қазіргі таңдағы ең қауіпті басқару түрі.
2. Парадигма ұғымын ХХ ғасырдың 20-жылдарында ғылыми әдебиетке алғаш енгізген американ философы - ...
А) Л. Фон Борталанфи;
В) [+] Г. Кун;
С) Т. Парсонс;
Д) Д. Истон;
Е) Г. Алмонд.
3. Саяси билікті жүзеге асыруға жағдай жасайтын саяси механизмдер және институттар жиынтығы қалай аталады?
А) Саяси режим;
В) Саяси жүйе;
С) Саяси үрдіс;
Д) Саяси мәдениет;
Е) Мемлекет.
4. Саяси себептермен жеке адамдарды, көпшілікті қорқыту, жазалау мақсаттарындағы қылмыстық әрекет - ...
А) Экстремизм;
В) Соғыс;
С) Терроризм;
Д) Революция;
Е) Трайбализм.
5. Мемлекеттің негізгі қызметі заңның үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған түрі:
А) Құқықтық мемлекет;
В) Әлеуметтік мемлекет;
С) Конституциялық монархия;
Д) Республика;
Е) Демократиялық мемлекет.
6. Мемлекеттердің және басқа халықаралық субъектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығы қалай аталады?
А) Халықаралық қатынастар;
В) Халықаралық саясат;
С) Әлемдік саясат;
Д) Жаһандастыру;
Е) Әлемдік даму.
7. Дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келу қалай аталады?
А) Компромисс;
В) Келісім;
С) Мәмілелік;
Д) Консенсус;
Е) Татуласу.
8. «Саясат – қоғамдағы құндылықтарды билік арқылы реттеу» Авторы кім?
А) Д. Истон;
В) А. Бирс;
С) В. И. Ленин;
Д) К. Фримен;
Е) Г. Лассуэл.
9. Бихевиоризмнің негізін қалаушы кім?
А) Р. Михельс;
В) М. Вебер;
С) Ш. Л. Монтескье;
Д) Г. Алмонд;
Е) Г. Лассуэл.
10. Саяси ілім тарихында алғаш рет қай ойшыл мемлекеттік басқару түрлерін жіктеді?
А) Сиддартха Гаутама;
В) Конфуций;
С) Лао-цзы;
Д) Платон;
Е) Аристотель.
11. Маркстың еңбегін атаңыз.
А) «Өзін-өзі өлтіру. Әлеуметтанулық әдіс»;
В) «Позитивті саясат жүйесі»;
С) «Протестанттық этика және капитализм рухы»;
Д) «Ғылыми, саяси және философиялық тәжірибелер»;
Е) «Капитал».
12. Мақсатқа жету үшін қолданатын айла-тәсілдердің жиынтығы - ...
А) Экономика;
В) Саясат;
С) Қоғам;
Д) Билік;
Е) Басқару.
13. Белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдениет және т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелердің бірлестігі
А) Ассамблея;
В) Альянс;
С) Ассоциация;
Д) Партия;
Е) Корпорация;
14. Жеке адамдардың тәртібін талдауға негізделген әдістемелік бағыт - ...
А) Эксперимент;
В) Статистика;
С) Бихевиоризм;
Д) Доктрина;
Е) Теория.
15. Азаматтардың мүддесіне нұқсан келтіріп, шендікке негізделген құбылыс.
А) Бихевиоризм;
В) Буржуазия;
С) Билік;
Д) Басқару;
Е) Бюрократизм.
16. Әлеуметтік сатылық ұғымды көрсететін термин - ...
А) Стратификация;
В) Иерархия;
С) Сатус;
Д) Теңсіздік;
Е) Жіктелу.
17. Белгілі бір себептерге байланысты қоғамның әлеуметтік тобына немесе табына кірмей қалған адамдар қалай аталады?
А) Люмпендер;
В) Кедейлер;
С) Маргиналдар;
Д) Қайыршылар;
Е) Байлар.
18. Ежелгі Грецияда «қатты айқайлау» деген сөз ненің мәнін ашады?
А) Демократияның;
В) Плюрализмнің;
С) Жарнаманың;
Д) Дауыс берудің;
Е) Анархияның.
19. Д. Истон мен Г. Алмонд деген кімдер?
А) Саясаттанушылар;
В) Саяси мәдениетті зерттеушілер;
С) Саяси мәдениетті түрлерге бөлушілер;
Д) Саяси жүйені зерттеушілер;
Е) Саяси жүйені түрлерге бөлушілер.
20. Элитаның басты ерекшеліктері - ...
А) Байлық, билік, танымалдық;
В) Байлық, билік, білімділік;
С) Билік, танымалдық, білімділік;
Д) Билік, байлық, көсемділік;
Е) Даналық, байлық, билік.
Құрастырғандар: Сайт Ерболат, Шуренбаева Э.А