Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Физиология.doc
Скачиваний:
1293
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
4.44 Mб
Скачать

Диссимиляция мен ассимиляция кезеңдерiнiң сызбанұсқасы

5. Су және минералды заттардың алмасуы. Су және минералды заттардың қатысуымен ағза тіршілігіне аса қажетті процестер жүзеге асады: ішкі ортаның осмостық қысымды тұрақтандырады, сутектік көрсеткіш деңгейін сақтайды. Тірі протоплазманың колоидтық күйін сақтайды, диффузия және осмос құбылыстарын қамтамасыз етіп, қоректік заттарды сіңіру, қажетсіз өнімдерді бөлу процестерінде маңызды рөл атқарады.

Судың түрлері: 1. Еркін байланыспаған су жасуша және жасуша-аралық қуыстарда органикалық және бейорганикалық заттарды ерітеді. 2. Байланыс-қан су колоидтар құрамына еніп, олардың көпсуіне көмектеседі. 3. Гидрат-тың немесе молекула-ішілік су органикалық заттардың құрамына кіріп, олар тотыққанда бөлінетін су.

Минералдық заттар: микроэлементтер аз мөлшерде, макроэлементтер – Na, K, Cl, Ca, P, Mg, S көп мөлшерде, ультрамикроэлементтер ізі ғана байқалады. Су мен минералды заттардың реттелуі гипоталамуста орналасқан, жүйкелік және гуморальды жолмен реттеледі.

Витаминдер

Суда еритін

В тобының витаминдері, С, Н.

Майда еритін

A, D, E, K

Витамин тәрізді заттар

Убихинон, ацетилхолин, ПАБҚ

Энергияның түрленуі:

  1. Қоректік заттардың химиялық энергиясы жылу энергиясына айналмай-ақ бірден түрлі жұмыстар атқаруға жұмсалады, басқа түріне ауыса алады.

  2. Энергия ағзаны «энергиялық дүмпуден» сақтап, қуатты үнемдеп пайдалануға мүмкіндік береді.

  3. Көмірсу, белок, май ыдыраған кезде бөлінетін энергия мол қуатты зат құрамына ену арқылы қорға жинақталып сақталады.

Тотығып фосфорлану – тыныс алу тізбегіндегі сутегінің тотығу энергиясының есебінен 3 және 2 АТФ түзіледі. Субстратты фосфорлану – макроэргиялық қосылыстардан 1 АТФ немесе 1 ГТФ түзіледі.

Энергия алмасуын зерттеу әдістері. Тікелей калориметрия – ағзадан сыртқа бөлінетін жылуды өз бойына сіңіріп алуға арналған күрделі аппарат қолданылады. Жанама калориметрия – ағзаның энергия шығыны. Ол қабылданған оттегі мен бөлінген СО2 мөлшеріне қарай анықталады.

Дене температурасы мен оның реттелуі. Ағза сыртқы ортамен зат және энергиямен алмасып отыратын ашық жүйе. Зат алмасу кезінде ағзада жылу түзіліп, ол қоршаған ортаға беріледі де, ағза мен сыртқы орта арасында динамикалық тепе-теңдік қатынасында болады. Сыртқы орта температура ауытқуларына бейімделуіне байланысты жануарлар стенотермия және эвритермиялы болып бөлінеді.

Стенотермиялы жануарлар – қоршаған орта температурасы аз ғана мөлшерде ауытқитын жағдайда тіршілік етеді. Оларға тропикалық, теңіз жануарлары жатады. Эвритермиялық жануарлар – сыртқы орта температурасының көп мөлшердегі ауытқуларына төзіп, тіршілік етеді. Оларға құрлықта, тұщы суларда тіршілік ететін жануарлар жатады..

Изотермия – дене температурасының тұрақтылығы. Пойкилотермия – дене температурасы тұрақтылығын сақтай алмайтын жануарлар – салқын қанды жануарлар. Гомойотермия – дене температурасын бірқалыпты сақтап тұратын жануарлар – жылы қанды жануарлар. Гипотермия – дене температурасының төмендеуі, гипертермия – жоғарылауы.

Химиялық жылу реттелу – ағзадағы химиялық процестердің қарқынын бағыттау. Физикалық жылу реттеу – денеден жылудың қоршаған ортаға берілуін үйлестіру.

Өздік бақылау сұрақтары:

  1. Ассимиляция және диссимиляция, олардың өзара байланысы.

  2. Ағзадағы белок, көмірсу және май алмасуындағы өзара байланысты түсіндіріңіз.

  3. Ағзада энергияның түрленуі. Энергия тепе-теңдігі,

  4. Оң азотты тепе-теңдік.

  5. Теріс азоттық тепе-теңдік қандай ағзаларда кездеседі?

  6. Витаминдер, олардың жіктелуі. Витаминдердің ағзада атқаратын қызметтері.

Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 1 (254-312), 2, 3, 4.

4.7 8-дәріс. Бөлу жүйесінің физиологиясы

Мақсаты: Шумақты фильтрация, канальді реабсорбция және канальді секреция механизмдерін түсіндіру, соңғы несептің түзілуі және кері айналдыра ағызу жүйесінің механизмдерін түсіндіру, соңғы несеп құрамын талдай білу.

Негізгі сұрақтар:

  1. Ішкі орта тұрақтылығын сақтаудағы сыртқа шығару үрдісінің маңызы.

  2. Бүйректің құрылысы және қанмен жабдықталуы.

  3. Несептің химиялық құрамы мен жалпы қасиеті.

  4. Несеп түзілу мен шығарудың нейро-гуморальды реттелісі.

  1. Ішкі орта тұрақтылығын сақтаудағы сыртқа шығару үрдісінің маңызы. Ағзаны зат алмасу процесінің уытты өнімдерінен, түрлі бөгде заттардан, су, тұз және органикалық заттардың шамадан тыс артық мөлшерінен арылуын қамтамасыз ететін процесті бөлу немесе экскреция деп атайды. Жануарларда экскреция қызметін бүйрек, өкпе, тері, ас қорыту жолы атқарады. Жоғары сатыдағы жануарларда негізгі бөлу мүшесі- бүйрек.

Жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлардың несеп (зәр) бөлу жүйесі қос бүйректен және олардан шығатын несепағарлардан, қуықтан, несеп шығаратын өзектен тұрады. Қуықта несеп белгілі бір мөлшерге келгенше жиналып, одан соң несеп шығаратын канал (өзек) арқылы сыртқа шығарылады. Бүйрек екі қабаттан тұрады: сыртқы қыртысты қабаты, ішкі ми қабаты. Қыртыс қабатын бір типті құрылымды нефрондар алып жатады. Нефрон – ішінде капилляр шумағы (Мальпигий шумағы) бар қапшықтан (Шумлянский-Боумен капсуласынан) басталады. Қапшық (капсула) - пішіні жағынан тостаған тәрізді қос қабырғалы құрылым. Оның бір қабат эпителий жасушаларынан тұратын қабырғаларының арасында қуыс болады. Ішкі қабырғасы капиллярлардың шумағымен тығыз жанасып сүзгіш мембрананы жасайды. Капсулаға қаннан сүзіліп шыққан сұйықтық жиналады. Ол алғашқы зәр деп аталады.

Нефронды 1782 жылы А.М.Шумлянский сипаттады. Осы «кәдімгі» нефрондардан басқа шумақтары қыртыстық және бозғылт қабаттарының шекарасында (кортико-медуллярлық зонада), ал Генле ілмектері бүйрек астаушасына іргелесетін юкстагломерулярлық нефрондар болады. Көптеген зерттеушілер пікіріне сәйкес осы юкстагломерулярлық аппаратында ренин гормоны түзіледі. Ол альдостерон секрециясын күшейтіп, натрий иондарының нефрондар түтікшелерінің дистальдық бөліміндегі кері сорылуын жандандырады. Бүйректің бозғылт қабатында түзілетін простогландиндер ренинге кереғар әсер етеді, қан қысымын төмендетіп, электролиттер мен судың алмасуын реттейді.

  1. Бүйректің құрылысы және қанмен жабдықталуы.

Бүйректің қыртыстық (сыртқы) қабатта жіңішке артерия тамырлары – қанды әкелуші тамырлар, нефрон капсуласына еніп, онда ұзындығы 0,5 мм шамасында 30-50 капиллярларға тарамданады да, нефрон шумағын түзеді. Аталған капиллярлар жинала келіп, қанды әкетуші тамырлар не артериялар құрайды. Олардың диаметрі қан әкелуші тамырлардан 2 есе тар келеді. Шумақ капиллярында қан қысымы басқа мүше капиллярларындағы қысымнан әлдеқайда жоғары (с.б.70-90 мм). Оған әкетуші тамырлардың диаметрінің тарлығы және оның қайтадан капиллярларға тарамдануы себеп болады. Бүйрек артериясының тікелей құрсақ қолқасынан басталуы да қысымды жоғарылатады.

Калий қанмен өте жақсы жабдықталған, басқа мүшелерге қарағанда оған қан 20 есе көп келеді. Адамның екі бүйрегінде 2 млн, ірі қарада – 8 млн, шошқада – 1,5; қойда – 14 млн нефрон болады. Нефрондардың ішкі беткейінің жалпы ауданы адамның екі бүйрегінде – 4-6 м2, ірі қарада – 39,5; шошқада – 7,2; қойда – 3,5 м2. Әрбір нефронның ұзындығы 30-50 мм, ал олардың жалпы ұзындығы адамда 60-70 километрге жетеді.

Несеп (зәр) - сары түсті сұйық зат. Тақ тұяқтыларда көмір қышқылы кальций қосылысы және муцин тектес зат салдарынан зәр шырышты болады. Қалған малдың зәрі сұйық. Жалпы зәрдің құрамы жеген азыққа, ішкен судың мөлшеріне, малдың физиологиялық жағдайына, жыл мезгілі мен ауа райына байланысты. Зәрдің осмостық қысым мөлшері 23-30 атм, меншікті салмағы 1,00-1,040. Оның реакциясы шөп қоректі малда сілтілі, ет қоректі жануарларда – қышқыл, ал шошқада – амфотерлік болады.

  1. Несептің химиялық құрамы мен жалпы қасиеті.

Несептің химиялық құрамы. Зәр құрамының 96 пайыз су, 4 пайыз құрғақ заттар. Олар органикалық және бейорганикалық заттардан құралған. Зәрдің сарғыш түсі урохром, уробилин мен уроэтрин пигменттеріне байланысты болады. Бүйрек қабынған кезде зәр арқылы белоктар бөлінеді, оны альбуминурия – дейді. Бүйрек пен зәр жолдарына қансырау болса, зәр құрамында қан бөлінеді – гематурия. Жұқпалы мен инфекциялық ауруларында зәр арқылы гемоглобин бөлінеді, оны гемоглобинурия дейді. Сонымен, қалыпты зәрде белоктар, қанттар, қан мен гемоглобиндер болмау керек.

Қазіргі кезде несептің құрамында барлығы химиялық ингридиенттер бар екендігі анықталды. Несептің тәуліктік мөлшері 60 г жуық тығыз заттары органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады.

Тәуліктік мөлшері: Na-130-260 ммоль, К –38-82 ммоль, Са-2,5-6,2 ммоль, аммиактың азоты – 36-71 ммоль, несеп қышқылы 1,2-7,1 ммоль, мочевина 333-583 ммоль, индикан 0,047-0,056 ммоль, креатинин бар.

Органикалық заттары: Мочевина, Креатинин, Креатин, Амин қышқылдары, Несеп қышқылдары, Гиппур қышқылы, Азоттық емес органикалық заттар – қымыздық сірке, сүт және лимон қышқылдары, май валериан, янтарь, -оксимай, ацетосірке қышқылдары жатады.

Бейорганикалық (минералды) заттары: Несепте ағзаның қан және басқа да ұлпаларында болатын барлық минералды заттар. Na және Cl иондары, K, Са, Mg иондары, бикарбонаттар, фосфаттар, сульфаттар, күкірті бар АҚ және аммиак – несепте аммоний тұздар ретінде бөлінеді. Ацидоз кезінде аммиак артса, алкалоз кезінде төмендейді.

Несептің жалпы қасиеттері: Ересек адамдарда тәулігіне 1000-2000 мл, 50-80 %. Патологиялық жағдайда 500 мл-ден төмен 2000 мл-ден жоғары несеп бөлінеді.

Полиурия – несептің көп бөлінуі. Созылмалы нефрит, пиелонефрит, қант және қантсыз диабет кезінде байқалады. Олигоурия – несептің аз бөлінуі. Лихорадка (тері арқылы судың көп бөлінуі), құсу, іш өту, жедел нефрит кезінде байқалады. Анурия – несептің мүлдем бөлінбеуі. Бүйрек паренхимасының ауыр зақымдалғанда, қуықта тастардың пайда болып бітелуі, Pb, Hg, As уланғанда, қатты күйзелгенде пайда болады. Ұзаққа созылған анурия уремияға әкеліп соқтырады.

Қалыпты жағдайда түнге қарағанда күндіз несеп көп бөлінеді. Күндізгі және түнгі несеп мөлшерінің өзара қатынасы 4:1 – 3:1. Никтурия – күндізгіге қарағанда түнде несеп көп бөлінеді. Жүрек декомпенсациясының бастапқы түрінде, цистопиелит кезінде байқалады.

Несептің рН=5-7 аралығында болады. Ол ағзаға түскен тағамның құрамына тәуелді. Ақуыздық тағамдарды көп қолданғанда рН=5 қышқылдық ортада, өсімдік тағамдарын қолданғанда рН=7-8 сілтілік ортада болады. Ацидоз кезінде KH2PO4 немесе NaH2PO4, кетондық денелер, алкалоз кезінде NaH2PO4, NaHСO3, KH2PO4, КНСO3 артады.

Несептің патологиялық компоненттері: Ақуыз – бүйрек аурулары кезінде ақуыздың мөлшері артады (протеинурия). Қан – несепте қан қызылқан жасуша түрінде (гематурия), еріген қан пигменттері түрінде (гемоглобинурия) кездеседі. Гемоглобинурия – гемолиз бен гемоглобинемиямен байланысты. Глюкоза - несептегі глюкозаның көбеюі (глюкозурия, қант диабеті). Кетондық денелер – қант диабеті кезінде кетондық денелер көбейіп, несеппен бірге бөлінеді. Ұзақ уақыт ашыққанда, майлардың ыдырауы күшеюімен байланысты (кетонурия). Билирубин – билирубинемия өт жолдарының бітелуі, бауыр паренхимасы зақымдалады. Уробилин – гемолиттік, бауырлық сары ауру кезінде уробилин, стеркобилиндердің концентрациясы сұйылып, несеппен бірге бөлінеді. Порфириндер – бауыр зақымдалғанда, пернициозды анемия кезінде көбейеді.

  1. Несеп түзілу мен шығарудың нейро-гуморальды реттелісі.

Зәрдің түзілу теориялары :

1. Фильтрациялық-реабсорбциялық теория.

2. Боумен мен Гейденгайнның секреторлық теориясы.

3. Людвигтің сүзу теориясы.

Зәрдің пайда болуын реттейтін орталық – сопақша мидың төртінші қарыншасында орналасып, аралық мимен байланысқан. Бұл орталықтан бүйрекке кезеген жүйке импульстары мен симпатикалық жүйкелер арқылы жеткізілінеді. Зәр пайда болуының гуморальды реттеуші ретінде мочевинаны, пуриндік негіздерді, минерал тұздарын айтқан жөн. Бүйрек қызметі шартты рефлекстер пайда болуы арқылы да реттеледі. Бұл жағдайда иттерде зәр пайда болу күшейеді. Зәр пайда болуына әсер ететін гормондар: тироксин, адреналин мен вазопрессин.

Тер мен қарын бездеріне қарағанда бүйрек ұлпалары су мөлшерін арнайы рефлекстер арқылы реттейді. Ұлпаларда су көп болған жағдайда вазопресиннің бөлінуі төмендеп, судың сіңуі азайып, бүйрек зәрді бөле отырып, ағзаны артық судан босатады.

Әр жануарларда тәулігіне болатын зәр мөлшері: жылқыда –2-5 л, бұқада-6-12 л, қой мен ешкіде 1,5-2 л, шошқада 2-4 л, итте-0,5-1 л.

Бүйректің экскрециялау қызметін «клиренс» (тазарту) деген түсінікпен сипаттайды. Бүйрек клиренсін бір минут ішінде белгілі бір заттар тазарған плазма мөлшерімен (мл) анықтайды. Клиренсті анықтау үшін белгіленген заттың зәр мен плазма құрамындағы мөлшерін және минуттық диурезді (түзілген зәрді) біліп, мына формуламен есептейді: С=Vv: Р, мұнда С – клиренс (мл/мин); V – заттың зәрдегі мөлшері; v – минуттық диурез (мл); Р – заттың плазмадағы мөлшері.

Өздік бақылау сұрақтары:

  1. Бүйректің құрылысы. Нефрон дегеніміз не?

  2. Зәр түзу механизмі. Бүйрек түтікшелері мен мальпигий шумақтары қандай қызмет атқарады?

  3. Клиренс дегеніміз не, оны қалай есептейді?

  4. Бүйрек қызметі, зәр шығару процесі қалай реттеледі?

Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 1 (313-327), 2.

4.8 9-дәріс. Ішкі секреция бездерінің физиологиясы

Мақсаты: негізгі ішкі секреция бездерінің, гормондардың қызметтік механизмінің бөліп шығару туралы білім беру, жетіспеушілік және шығымдық гормондардың шығарылу кезіндегі механизмін түсіндіру, ІСБ қызметін зерттеу әдістерін түсіндіру.

Негізгі сұрақтар:

  1. Гормондар. Жіктелуі.

  2. Эпифиз. Гормондар, олардың биологиялық әсері.

  3. Гипофиз, олардың биологиялық әсері.

  4. Қалқанша без. Қалқанша маңы бездер.

  5. Бүйрек үсті безі. Ұйқы безі.

  6. Айырша без.

  1. Гормондар. Жіктелуі. Эндокринология – гормондар туралы ғылым. Қазiргi кезде 60-қа жуық гормондар бар. Бұл сызбанұсқа бойынша эндокриндiк жүйелердi басқарып, оларға бағыт берiп отыратын мидың ерекше бөлiмi гипоталамус болып табылады. Гипоталамус ОЖЖ келген хабарларды қабылдап, қорытынды шығарады. Осы хабарларға жауап ретiнде бiрқатар реттеушi гормондар бөледi, бұл гормондар гипоталамустан гипофиздiң алдыңғы бөлiмiне түседi. Гипоталамустың жүйке клеткаларында ерекше бiр қасиеттер бар, олар бiр жағынан, жүйке импульстерiн қабылдап, оларды жүйке медиаторларының (норадреналин, дофамин, ацетилхолин, серотонин, -аминомай қышқылдары) көмегiмен хабарлап отырады. Екiншi жағынан бұл клеткаларда нейрогормондар амин қышқылдарынан тұратын заттар бөлінеді, көбiнесе оларды рилизинг – фактор рилизинг-гормон деп атайды (releasing – босатамын деген сөз). Негiзiнен бұл гормондар гипофиздiң эндокриндiк клеткаларына бөлiнетiн гормондарды босатады.

Ішкі секреция бездерінің шығару өзегі болмайды. Сондықтан, оларда пайда болған заттар қанға немесе лимфаға, ал кейде жұлын сұйығына бөлінеді. Бұл заттарды гормондар немесе инкреттер деп атайды. Гормондар- гректің гормойно-қоздырамын деген сөзінен шыққан. Гормондар – ішкі секреция бездерінде пайда болатын, физиологиялық, химиялық белсенділігі бар заттар.

Химиялық заттарға жатады: 1) паратгормондар - зат алмасу өнімдері ретінде бөлініп, физиологиялық белсенділік көрсететін заттар (көмірқышқыл газы, мочевина); 2) медиаторлар - жасушалар мен ұлпаларда пайда болатын биологиялық белсенділігі бар заттар, гормоноидтар және т.б. Гормондар витаминдермен, ферменттермен және иондармен байланысты.

Гормондардың жiктелуi. Гормондар жiктелуiнiң бiрнеше жолы бар.

I. Анатомиялық жiктеу, яғни гормондарды олардың бөлiнетiн мүшелерінің атымен атау. Мысалы, гипоталамус гормоны (либериндер, статиндер), гипофиз гормоны (тропты гормондар) қалқанша безiнiң гормоны (трийодтиронин, тироксин) т.с.с. Бiрақ, осылай жiктеу барлық уақытта шындыққа сәйкес келе бермейдi. Себебi, кейбiр гормондар бiр секреция бездерiнде синтезделiп, екiншi бiр секреция бездерiнен қанға түседі. Мысалы: гипофиздің артқы бөлімінен бөлінетін вазопрессин мен окситоциннiң синтезi гипоталамуста жүредi. Ал, жыныс бездерінің гормондары бүйрекүсті бездерінде синтезделеді. Осы сияқты мысалдарды көптеп келтiруге болады.

II. Химиялық құрамына сәйкес гормондарды 3 топқа бөлуге болады:

1. Амин қышқылдарының туындылары. Мысалы, адреналин, норадреналин, дофамин, тироксин – тирозиннiң, гистамин – гистидиннiң, серотонин – триптофанның туындылары.

2. Табиғаты ақуыздық, пептидтiк гормондар. Инсулин – 51 амин қышқылынан тұратын А және В полипептид. Эндорфиндер және энкефалиндер, нейропептидтер т.с.с.

3. Стероидтық гормондар. Бұлар холестериннен синтезделедi (кортизол, эстрадиол, альдостерон).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]