Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жтн лаб.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.97 Mб
Скачать
  1. Өлшемдердің нәтежелерін өңдеу

  1. (4.24) теңдеуі арқылы динамикалық қысымды анықтау.

  2. (4.20 ) теңдеуі арқылы ауа тығыздылығын анықтау.

  3. (4.23) теңдеуі арқылы осьтік ағын жылдамдығын анықтау.

  4. (4.22) теңдеуі арқылы Рейнольд сның анықтау және ағынның орташа жылдамдығын(4.21) формула арқылы анықтау.

  5. (4.19) теңдеуін қолданып, ауаның массалық шығының есептеу.

  6. (4.18) теңдеуі арқылы орташа меншікті изобаралық жылусыйымдылығынсР анықтау.

  7. (4.4) теңдеуі арқылы орташа молярлық изобаралық жылусыйымдылығын СМР есептеу.

  8. Изохоралық жылусыйымдылығын сv жәнеорташа молярлық изобаралық жылусыйымдылығынСМV Майер теңдеуі арқылы есептеу.

  9. (4.10) теңдеуі арқылы k адиабата көрсеткішін анықтау.

  10. Ауаның ішкі энергиясының өзгерісін келесі формула арқылы анықтау:U = cv · T.

  11. Есептеу нәтежелерін 4.2 кестесіне еңгізу.

  12. СМРжәне СМV молярлық жылусыйымдылын салыстыру,сонымен қатар адиабата көрсеткішін кестелік мәндеріменсалыстыру.

  1. Бақылау сұрақтары

  1. Жылусыйымдылығының түрлері.

  2. Изобаралық және изохоралық жылусыйымдылықтары.

  3. Майер теңдеуі.

  4. Адиабата көрсеткіші дегеніміз не?

  5. Политроптық үрдісінің жылусыйымдылығын қалай есептейміз?

  6. Политроп теңдеуі.

  7. Ауаның массалық шығыны қалай анықталады?

  8. Изобаралық жылусыйымдылығының тәжірибелік түрде анықтаудың үрдісі неде?

Зертханалық жұмыс №5

Су буының қасиеттерін зерттеу

Мақсаты: су қайнау температурасының қысымға тәуелділігін анықтау

  1. Кіріспе

Сұйық заттың газ тәріздес затқа айналу барысын будың пайда болу үрдісі деп аталады. Қандайда бір температурада сұйықтың бос бетімен өтетін будың пайда болуын булану деп атайды. Қыздырудан басқа,кейбір сұйықтың температурасында будың пайда болуы бүкіл көлемі арқылы өтеді. Осы уақыттан бастап біз айтамыз: «Сұйықтық (су) қайнау күйінде болып жатыр». Егер будың пайда болуы қайнау үрдісі кезінде жабық ыдыста болса, онда сұйықтықтан ұшып кеткен молекулалар оның бетіндегі кеңістікті толтырады. Газ күйінде болып жатқан қалған молекулалар бөлігі келесі жағдайда қайтадан сұйыққа айналады. Қайнау үрдісінің барысында динамикалық тепе-теңдігінің жағдайы басталады. Осы күйде берілген температурада бу максималдық тығыздыққак жетеді,оны қаныққан бу деп атайды.

Қаныққан бу құрамындағы сұйық фазасының өлшенген бөліктерін ылғалды қаныққан бу деп атайды.

Қаныққан бу құрамында сұйық фазасының өлшенген бөліктері болмаған жағдайды құрғақ қаныққан бу деп атайды.

Құрғақ қаныққан будың массасының ылғалды будың суммалық массасына(бу қоспасы-сұйықтық) қатынасын будың құрңғақтық дәрежесі деп атайды х:

, (5.1)

мұнда G” – құрғақ будың массасы, кг;

Gx – ылғалды будың суммалық массасы кг.

1кг қайнап жатқан суды құрғақ қаныққан буға айналуы үшін жұмсалатын жылу саның будың пайда болуының меншікті жылуы деп атайды.Оның мәні сұйық күінің физикалық қасиеттері мен өлшемдерінен байланысты (қысым,температура) өзгереді.

  1. Зертханалық қондырғының сипаттамасы

Берілген зертханалық қондырғы бу қайнатқыш 1 ретінде ұсынылған, электроқыздырғышпен 2 қамтылған,оның қуаты ЛАТРмен 3 реттеледі. Қайнатқыш құралында сақтандырғыш клапаны 7 орнатылған,ол қайнатқышқа суды тасымалдау шы ретінде қолданады. Бу қазанының ішкі жағы мен қоршаған орта арасындағы байланысты реттеу үшін 8 краны берілген. Артық қысымды өлшеу үшін қайнатқышқа пружиналық манометр 9 орнатылған. Судың және ылғалды будың темпераурасы термометр 4 көмегімен өлшенеді. Барометрлік қысымын және қоршаған орта температурасын барометр 5 және термометр 6 арқылы өлшейді.

Суреті 5.1 – Зертханалық қоңдырғы