Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУДЫ ПРИНЦИПТЕРІ

.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
14.26 Кб
Скачать

ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ

Жерге орналастырудың түріне, түр тармағына және формасына қарамастан оның қай іс-қимылы болса да белгілі бір принциптерге негізделеді.

Принциптер деп белгіленген шараларды жүзеге асыру басшылығына алынатын аса маңызды методологилық ережелер, басқаша айтқанда, осы дәрежеде қаралатын күрделі міндеттер атқарады. Жерге орналастыру принциптерін екі топқа бөліп қарастырған ыңғайлы: жалпы принциптерге, жерге орналастыруға қатысты, бірақ онымен шектелмейтіндеріне және жеке принциптерге, жерге орналастыруға тікелей қатысты, оның ерекшеліктерін бейнелейтіндеріне.

Біріншілеріне, яғни жалпы принциптерге мыналарды жатқызуға болады:

  • Қоғамдық , сонымен бірге ауылшаруашылық өндірістің доғары тиімділігі мен тұрақты рентабельдігін қамтамасыз ету;

  • Ауыл еңбеккерлерінің тұрмыс жағдайларын үздіксіз жақсартып отыру;

  • Заңдар мен басқа нормативтік актілерді қатал ескеріп отыру;

  • Қабылданған шешімдерді озатты ғылыми және тәжірибелік озаттарға жеткізу;

  • Күрделі қаржылардың барынша үнемделуін және жылдам өтелуін қамтамасыз ету.

Екіншілеріне- жеке принциптерге, мынадайларын жатқызуға болады:

  • ҚР Конституциясы мен жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын жетілдіру;

  • Бүкіл халық шаруашылығының мүдделіктерін жан-жақты ескере отырып, ауыл шаруашылығының жерге деген приоритетін сақтау;

  • Жерді халық дәулеті және аса маңызды өндіріс құралы мен табиғат ресурсы ретінде доғары тиімділікпен пайдалану және қорғау;

  • Жерге иелік ету мен шаруашылық жүргізудің барлық формаларына тең құқық қамтамасыз еті;

  • Жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың, олардың межелері мен аудандарының, ішкішаруашылық территория реттелігінің тұрақтылығын, өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастарының дамуымен себептелген ықтимал өзгерістерді мұкият дәлелдеу;

  • Жердің пайдалануын жақсарту мақсатымен аймақтар мен аудандардың, жеке шаруашылықтардың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағдайлары мен жердің кеңістік қасиеттерін барынша ескеру.

Атап өткен принциптердің негізінде әрбір бөлек жағдайға сай жоспарланған іс қимылдардың ерекше міндеттері мен мазмұндары, схемалар мен жобаларды жасау амалдары тұжырымдалады. Жерге орналастыру жобаларында белгіленген әлеуметтік экономикалық тиімділік пен экологиялық қауіпсідік осы принциптердің незінде дәлелденеді. Сонымен бірге бұл принциптер методологиялық негіз ретінде нақты міндеттерді орындау әдістемесін, демек ненің, қалай жән қандай жүйелілікте орындалуын себептейді.