Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
озгерту.docx
Скачиваний:
31
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
789.62 Кб
Скачать

3.4 Қортынды актісі

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік ветеринарлық бақылау

Қостанай облысы

Қостанай ауданы

Заречное кенті

Облыстық зертханасы

Ветеринарлық-санитарлық қортынды

Құрастыру орны Заречное кенті

Мен, Шамгунов Нұрсұлтан Айбайұлы, ветеринарлық инспектор

Объектінің атауы, көрінісі Обылстық ветеринарлық зертхана, химико-токсикологиялық зерттеу жүргізуші

Орналасқан орны, мекен-жайы: Затабол кенті, Калинина көшесі 78

Иесі немесе басқарушысы: Төлегенова Айсауле Жұмаш қызы

Осыған байланысты қойылды: Анамнез негізінде: мал сіресіп қалған. Бауыры, бүйрегі және тағы басқа ішкі мүшелерде некроз пайда болған, жүрегі жұмсақ, піскен етке ұқсап кеткен. Асқорыту жүйесінің қабынуы байқалмайды.

Ветеринарлық – санитарлық қортынды: Зертханалық зерттеулер негізінде, сиырды жылан шағып, жылан уынан уланып өлген.

Ветеринарлық – санитарлық қортындының бір үлгісін алды: Төлегенова А.Ж

Вет.Инспектор : Шамгунов н.А

23.03.2015 Ж қорытынды

Жыландар - шөптесін жерлерде бауырымен жылжып қозғалуға, жемін тұтасымен жұтуға бейімделген хайуанаттар. Жыланның айыр тілі сезім қызметін атқарады. Сүтқоректілер және құстар сияқты хайуанаттардан жыланның бір өзгешелігі- оның қозғалмалы қабағы болмайды. Жыланнның қабақтары түссіз, шыны секілді мөлдір көзді жауып тұрады. Сондықтан да ол қабақ қақпай қадала қарайды.

Қазақстанда сұр жыланның екі түрі бар. Қазақстанда жиі кездесетін улы жыланның бірі - кәдімгі сұржылан. Оның денесінің ұзындығы 60-90 сантиметрдей.

Денесін кұрғап кетуден сақтайтын терісінде мүйізді эпидермис қабаты мен мүйізді кабыршақтарының болады. Басы үстінен көптеген майда қабыршақтармен немесе майда бұрыс формамен қалқаншалармен жабылған. Тұлғасы үстінен және екі бүйірінен біртетес қабыршақтармен қапталған, ал құрсағындағы қабыршақтар ірі көлденең қалқаншалар сияқты.

Сұржыландардың кең аймақтатаралуына негiзгi себеп –температура. Өте ыстық температурада жыландар ұйқыға кетеді. Топырақ тұздылығына төзімді келеді.

Сұржыландардың түрлері: кәдімгі сұр жылан, құм атпа жыланы, кавказ сұржыланы, ағаш сұржыланы, топырсқ сұржыланы, парсы сұржыланы, Африка сұржыланы, дала сұржыланы т.б.

Жыланның уы – улы жыланның сілекей безінен шығатын улы зат. Оның құрамы ферменттердің (ең негізгісі – гидролиз), улы полипептидтердің, бейорганик. қосылыстардың (фосфолипаза, гиалуронидаза, амин қышқылдарының, т.б.) және басқа да биологиялық активті заттардың кешенді қосылыстарынан тұрады. Улы сұржыландардың уында протеолитикалық ферменттер болады. Жылан шаққанда адамға әр түрлі әсер етеді. Ең алдымен жылан уы бауыр мен бүйрекке қауіпті. Жыланның уы денеге тез жайылады.

Жыландар  көптеген  кемiргiштерді жейдi,  сонымен  бiрге  үй жануарлары  мен адамдарға да  қауiп  туғызады. Негізінен тышқандармен, дала тышқандарымен, сирек болса да құстармен, кесірткелермен, бақалармен және насекомдармен қоректенеді [18].

Жылан жылқы, қой, сиырды жиі, шошқаны өте сирек шағады. Жылқыны көбіне тұмсығынан шағады, удың әсерінен жылқының тұмсығы ісіп, 10-20 мин-тан кейін уланғандықтың белгісі білінеді уақтылы емдемесе өледі. Қалқантұмсық жылан уының 0,0015 г-ы қоянды, 0,008 г-ы итті өлтіреді. Улы жыландардан сұр жылан, көзілдірікті, қалқантұмсық жыландар жиі кездеседі. Сұр жыланның уы малдың нерв жүйесіне өсер етеді, мал еліреді, жүрек соғуы баяулап, ентігеді, ақырында әлсірейді. Шаққан жер ісініп, көпіріп, тері асты жидиді. Көзілдірікті жылан уынан малдың жүрек соғуы бәсеңдеп, лоқсып, тынысы тарылып тұншығады. Ал қалқантұмсық жылан шаққан жер қатты ауырып, талаурап ісінеді, мал өте шаршап, қалғиды. Жылан шаққанда көрсетілетін жәрдем:   шаққан жерден жоғары қатты қысып байлап, удың таралуына кедергі жасау. Новокаин, марганец қышқыл калий, мышьяк, хлорлы аммиак т. б. дәрі-дәрмек қолданып, удың зәрін қайтару.

Бәріміз жыланды ісі де, түр-түсі де қатып қалған суық қанды жәндік есебінде көреміз. Шын мәнінде жыланның дене қызуы өзге де жан-жануардыкіндей түрліше өзгеріп отырады: белсенді жағдайда, мәселен жемін аулау кезінде қызуы көтерілетін болса, жай жатқанда керісінше төмендейді. Ұйықтап жатқан жыланда зат алмасу процесі мүлдем тоқтайды, жүрек жұмыс істеуін қояды. Міне, энергияны үнемдеудің нағыз үлгісі! Жыланның осы қасиетін адамға берсе, шаршап-шалдықпас еді-ау, ә!

Бізге, адамзатқа қарағанда, жыландар әлденеше есе сезімтал болып келеді. Олар қараңғы бөлмедегі қара мысықты оп-оңай тауып алады. Ұлы із кесуші Шерлок Холмс айтқандай, жыландар мылқау, бірақ саңырау емес. Олар өте әлсіз дыбыстың өзін қалт жібермейді, мұның бәрі біздің құлақпен еститініміздей емес, жыланның жұмбақ жаратылысына сай іске асып жатады. [19]

Жыландар өз өмірінің көп бөлігін тоқ күйде өткереді деуге болады. Табиғат оларды солай жаратқан: жаңадан дүниеге келген жылан аптасына бір рет азықтанса, үлкендері – онан да сирек, ал анаконда мен питон сияқты алыптар екі айсыз нәр сызбайды. Тіпті онша үлкен де емес олжасын жұтуға жыландар шамамен жиырма-отыз минут жұмсаса, оның қорытылуына дәл қанша уақыт кететіні бір Құдайға мәлім.