Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жер кукыгы.docx
Скачиваний:
86
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
179.21 Кб
Скачать

4. Сервитуттар түсінігі, түрлері пайда болу және тоқтату шарттары

Сервитут дегеніміз - бөтен жер учаскелерін шектеулі максат- ты пайдалану, оның ішінде жаяу ету, көлікпен өту, кажетті ком- муникацияларды тарту мен пайдалану, аң аулау шаруашылығы және өзге де кажетгер үшін пайдалану кұкығы.

Сервитут белгілері:

        1. Сервитут дегеніміз бөтеннің иелігіндегі жер учаскесін шектеулі пайдалану күкығы;

        2. Сервитут кұкык емес, міндет болып табылады;

        3. Сервитуттың объектісі кез келген мүлік емес жер учаскесі;

        4. Жер учаскесін шектеулі құқықпен пайдаланушы күкық субъектісі жеке меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға серви- тутпён байланысты келтірілген барлык шығынды өтеуге тиіс;

        5. Жер учаскесіне меншік құкығы немесе сервитутпен ауырт- палык салынған жер учаскесіне жер пайдалану кұкығы баска тұлғаға ауыскан жағдайда сервитут сақталады.

          1. Жер учаскесіне меншік құкығы немесе сервитутпен ауырт- палык салынған жер учаскесіне жер пайдалану құкығы баска түлғаға ауыскан жағдайда сервитут сакталады.

          2. Сервитут мәміленің, оның ішінде сатып алу-сатудың және кепілге салудың дербес нысанасы бола алмайды. Сервитут баска тұлғаларға камтамасыз етілуі үшін сервитут белгіленген кұкыкпен бірге ғана ауыса алады.

Кауымдык сервитут дегеніміз - мемлекеттін және жергілікті халыктың мүдделерін камтамасыз ету үшін кажет болған жағдай- ларда жергілікті аткарушы органдардын нормативтік-кұкыктык актілерінін негізінде туындайтын жер учаскелерін меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан алып коймай белгіленетін сервитут түрі.

Кауымдык сервитутгар:

1) ортак пайдаланудағы объектілерге, зираттарға, корымдар- ға және өзге де ғибадат объектілеріне жер учаскесі аркылы жаяу немесе көлікпен өту;

                1. жер учаскесін коммуналдык, инженерлік, электр және бас­ка да желілер мен тораптарды, сондай-ақ көлік инфракұрылы- мынынобъектілерін жөндеу максатында пайдалану;

                2. жер учаскесінде межелік және геодезиялык белгілер мен оларға өту жолдарын орналастыру;

                3. су алу және суат;

                4. жер учаскесі аркылы мал айдап өту;

                5. жер учаскесін белгіленген мерзімде және белгіленген тәртіппен аң аулау, жер учаскесінде орналаскан тұйык су айдын- дарында балык аулау, жабайы өсімдіктерді жинау максатында пайдалану;

                6. іздестіру, зерттеу және баска да жұмыстар жүргізу макса­тында жер учаскесін уакытша пайдалану;

                7. жағалау белдеуіне еркін өту;

                8. мемлекеттік органдардың шешімімен жер учаскесін мәде- ни-көпшілік іс-шаралар өткізуге пайдалану;

                9. когамдык және мемлекеттік мүдделерге байланысты өзге де жагдайлар үшін белгіленуі мүмкін.

Сервитуттың токтатылуы:

Күкык иесінің бас тартуы;

Үзак уакыт пайдаланылмауы, бүл мерзім 3 жылдан артык уақытка белгілеген;

Оның белгіленген мерзімінің өтуі нәтижесінде;

Тараптар арасындагы келісім негізінде;

Сот шешімі негізінде;

Казакстан Республикасынын заң актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша токтатылады.

Кауымдык сервитут коғамдык кажеттер үшін белгіленіп, ол кажеттер болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органныңсер- витутты жою туралы шешім қабылдауы аркылы токтатылуы мүмкін. Сервитуттың колданылуы Казакстан Республикасынын заң актілерінде немесе тараптардын келісімінде көзделген негіздер бойынша біржакты тәртіппен токтатылады. Сервитут белгілі бір мерзімге белгіленген жағдайларда, егер тараптардын келісімінде өзгеше белгіленбесе, оның колданылуы белгіленген мерзім аякталған соң токтатылады. Сервитут шарт негізінде та- лап етілетін кезге дейін немесе белгісіз мерзімге белгіленген жағ­дайларда сервитуттың колданылуы сервитутпен ауыртпалык са­лынған жылжымайтын мүлік иесінің сервитутты токтату туралы талап еткен кезінен бастап бір ай мерзім өткен соң токтатылады.

6-т а қ ы р ы п ЖЕРГЕ МЕНШӀК ҚҮҚЫҒЫНЫҢ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ҚҮҚЫҚТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ, ӨЗГЕРУ, ТОҚТАТЫЛУ НЕГӀЗДЕРӀ. ЖЕРМЕН МӘМӀЛЕ ЖАСАУ ЕРЕКШЕЛӀКТЕРӀ

/. Жерге меншік қүқыгының және өзге қүқықтардың пайда болу негіздері.

          1. Жерге меншік қщыгының және пайдалану қщыгының тоқіпа - тылуы.

          2. Жер учаскесін алып (сатып алу) қою, түрлері және тәртібі.

          3. Жер мәмілсіері. Жерге ақы төяеуді қүқықтық реттеу.