Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Прокурорлык кадагалау -1 кешен.doc
Скачиваний:
122
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
254.98 Кб
Скачать

Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалау ерекшеліктері

"Жедел-іздестіру қызметі туралы" ҚР Заңының 10-бабында заңдылығын қадағалауды прокурор жүзеге асыратын, жедел-іздестіру жұмысын атқару кұқығына иемденген мемлекеттік органдардың тізімі берілген. Оларға мына шұғыл бөлімшелер жатады: а) ішкі істер органдары; б) ұлттық қауіпсіздік органдары; в) ҚМ әскери барлау органдары; т) қаржы полиңиясының органдары; д) ҚР Президентінің күзет қызметі.

Бұл тізім жеткілікті емес. Ол тек заңмен ғана өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.

Прокурор қадағалауды жүзеге асыра отырып, осы органдардың біреуі де республиканың заң актілерімен анықталған өкілеттік шетінен шықпауларын бақылайды.

Жедел-іздестіру қызметінде заңдардың орындалуын тексеру үшін нетіздерді анықтау маңызды болып табылады. "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңның 21-бабында уәкілетті прокурорлардың талаптары бойынша органдар басшылары оларға шұғыл есепке алу істерінен шұғыл-техникалық құралдарды пайдаланумен жедел-іздестіру шараларын өткізу туралы материалдарынан тұратын құжаттарды, сондай-ақ есепке-алу тіркеу құжаттамасын және жедел-іздестіру шараларын өткізу тәртібін реттейтін ведомстволық нормативтік-құқықтық актілерді ұсынады делінтен. Бұдан прокурорлық тексеріс жүргізуте тек шағымдар ғана емес, белгілі бір жағдайда прокурордың жеке бастамасы да нетіз болатыны көрінеді.

Бас прокурор нұсқауы бойынша жедел-іздестіру шараларын өткізу және олар бойынша қабылданатын шешімдердің белгіленген тәртібін тексеруде мыналар жүзеге асырылсын:

қылмыстық істер бойынша айыпталушыларды; қылмыс жасаған тұлғаларды; хабар-ошарсыз жоғалып кеткендерді іздеу кезінде болымды нәтиже шықпауына байланысты қажеттілітіне карай материалдар бойынша;

тергеушінің тапсырмасына, өндірістеті қылмыстық істер бойынша анықтау мен сот органдарының тапсырмаларына, прокурордың нұсқауына тиісті шаралар қолдану туралы ақпарат бойынша;басқа жағдайларда осы салалар қызметтеріндеті завдылықтың қалпын ескерумен.Прокурор қадағалаудың нақты әдістерін қолданғанға дейін жалпы сипаттағы мәселелер шешілуі керек. Бірінші, нақты мақсатты анықтау қажет (немесе бірнеше мақсат): жедел-іздестіру қызметі саласында заң бұзушылықтарды алдын-алу, анықтау немесе жоюға қолданылатын қадағалау әдістерін анықтау. Екінші, бұл жағдайда нәтижелі болатын қадағалау нысанын (немесе формаларын) анықтау. Үшінші, қадағалау өкілеттігін қай уақытта қолдану орынды екенін анықтау.

Қадағалау әдістерінде қылмыстьшықты ашу, анықтау, тергеу және сот органдарынан жалтарған адамдарды, хабар-ошарсыз кеткен және т.б. азаматтарды іздеу мақсатында жүзеге асырылатын жедел-іздестіру шараларына қарай өз ерекшеліктері болады.

Жедел-іздестіру қызметінде заң бұзушылықтарды анықтаудың және жоюдың нәтижелі әдісін әзірлеу үшін осы қызметті жүзеге асыру кезінде жіберілетін заң бұзушылықтарға терең талдау қажет.

Шұғыл қызметкерлердің, тергеушілердің және прокурорлардьщ пікірлері бойынша қылмыстың мән-жайын анықтау, заттай дәлелдемелер мен қылмыстың өзге іздерін табу сияқты завдылықтарды орындау кезінде көптетен заң бұзушылықтарға жол беріледі. Сондай-ақ, заңсыз әрекеттердің көбі заңсыз ұстау мен қарау, тергеушілердің жедел-іздестіру шараларының нәтижелерін дұрыс баяндамау, азаматқа ықпал ету мақсатында абыройын түсіретін материалдарды жинау кезінде жасалады.

Қылмыстық істерді қозғауға нетіз болған сыбайластық қылмыстар жөніндеті материалдарды қарап талдау мен тәжірибе көрсеткендей шешімдер тек тараптардың шағымдары бойынша қабылданған. Нетізінен, қылмыстық істерді қозғауға орта және аса ауыр емес дәрежедегі қылмыстар бойынша жедел-іздестіру шараларының нәтижелері (ЖІШ) нетіз болады.