Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дедфи.doc
Скачиваний:
39
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2 Mб
Скачать

Сурет 1.5 Additional парағы

Төменде Additional парағы компоненттері мен олардың функциялары келітірген «Кесте 4».

Кесте 4 Additional парағы компоненттері

Белгі

Аты

Атқаратын жұмысы

BitBtn

Бетінде суреті және жазуы бар нұсқаулық батырма

SpeedButton

Пиктограммалық батырма. Әдетте негізгі менюдің опцияларына қол жеткізу үшін қолданылады.

MaskEdit

Арнайы мәтіндік редактор. Енгізілетін мәтінді сүзу үшін қолданылады.

StringGrid

Жолдар кестесі. Осы компонент мәтіндік мәліметті кесте түрінде көрсетуге мүмкіндік туғызады.

DrawGrid

Кез келген түрдегі мәліметтерден тұратын кесте (тіпті сурет те болуы мүмкін)

Image

Сурет. Осы компоненттің көмегімен суреттерді, пиктограммалар мен метофайлдарды шығаруға болады.

Shape

Фигура. Осы компоненттің көмегімен әр түрлі фигураларды (төртбұрыш, эллипс, шеңбер т.с.с.) формаға оналастыруға болады.

Bevel

Жиектеу. Терезенің бір аумағын үш өлшемді жиекпен немесе белдеулермен жиектеу.

Кесте 4 жалғасы

ScrollBox

Қарап шығу белдеулермен қамтылған тақташа. Егер тақташадағы орналастырылған компоненттер ашылған терезеде толығымен көрсетілмесе, онда белдеулер автоматты түрде орнатылады.

CheckListBox

Ұсынылған тізімнен бірнеше опцияларды таңдауға мүмкіндік береді (әр опция CheckBox ауыстырғышымен қамтылған )

Srlitter

Шек. Бұл компонент формадағы екі көрінетін компоненттер аралығында орналасады және бағдарламаның орындалу барысында компоненттердің арасындағы шегін жылжытуға мүмкіндік туғызады.

StaticText

Статистикалық мәтін, Label – ден айырмашылығы - өзіндік Windows терезесімен қамтылған. Сондықтан бұл терезедегі мәтінді жиектеуге болады.

ControlBar

Басқару белдеулері. Drag$Dock технологиясындағы компоненттерді «айлақтату» жабдығы – контейнері.

Application Events

Егер бұл компонент формаға орналастырылса, онда Windows-тің бағдарламаға арналған хабарлары сол терезеге шығарылады.

Chart

Диаграмма. Берілгендердің графикалық көрінісін шығаратын арнайы тақташаларды құруды жеңілдетеді.

Dialogs парағы. Dialogs парағында Windows ортасының стандартты сұхбаттасу элементтерін ұйымдастыру үшін қолданылатын компоненттері орналасқан «Сурет 1.6». Осы парақтың объектілері орындалғанда көрінбейді және сұхбаттасу жұмыстары бағдарламалы орындалады.

Сурет 1.6 Dialogs парағы

Мысалы, if Open Dialog1.Execute then Image1.Picture.LoadFromFile (OpenDialog1. FileName);

Windows–тің сұхбаттасу терезелерінің Dialogs парғында пайда болуларының реті: Open Dialog – сұхбаттасуды таңдау; SaveDialog – файлдарды сақтау; FontDialog – қаріпін орнату; ColorDialog – түсті таңдау; PrintDialog – баспаға шығару; PrinterSetupDialog – принтерді орнату; FinDialog – жолды іздеу; ReplaceDialog – іздеу және алмастыру.

System парағы. Бұл парақты компоненттері DDE, OLE таймер және т.с.с. жүйелі сервистік элементтеріне қол жеткізуге мүмкіндік туғызады «Сурет 1.7».

Сурет 1.7 System парағы

System парағы компоненттері төмендегі компоненттер тұрады. Бұл командалар функциясын төмендегі «Кесте 5» көруге болады.

Кесте 5 System парағы компоненттері

Белгі

Аты

Атқаратын жұмысы

Timer

Таймер, OnTimer оқиғасы Interval (аралығы) қасиетінде анықталған уақыт аралығы бойынша шақырылады. Уақыт аралығы 1...65535 мс.

PaintBox

Сурет салуға арналған аумақ. Тышқанмен байланысты оқиғаны өңдеу үзіндісінің TРaintBox-пен салыстырмалы координаттарымен анықталады.

FileListBox

Арнайы тізімді ListBox, Мұндағы көрсетілген деректориядағы (Directory қасиеті) файлдардың тізімін шығаруға болады. Файлдар атына Mask қасиеті арқылы олардың түрін анықтауға болады.Сонымен қатар, FileEdit қасиеті арқылы файл түрін редакциялауға мүмкіндік туғызатын редакторды анықтауға болады.

Кесте 5 жалғасы

Арнайы тізімді ListBox, Мұндағы ағымдағы табақшаның деректориялар құрылымы көрсетіледі.

DriveComВox

Арнайы ағымды табақшаны таңдау ComboВoxDirlist қасиеті арқылы TdirextoryListBox элементі басқа табақшаларға өту әрекеттерін қадағалап отырады.

Filter ComboВox

Арнайы файлдар атын таңдауға мүмкіндік туғызатын ComboВox. Файлдар тізімі Filter - фильтр сүзгіш қасиеті арқылы анықталады. Ол үшін (файл) FileList қасиетінде файл түрінің үлгісі анықталған TFileListBox элементі орнатылады.

Media Player

Мультимедиалық құрылғыларды (CD-ROM, MIDI т.с.с.) басқару жұмыстарын атқарады. Play, Stop, Record батырмаларымен қамтылған. Ал аталған құрылғылармен жұмыс істеу үшін қосымша арнайы құрылғылар және бағдарламалар қажет болуы мүмкін.

Ole Container

Ole – объектілерін орналастыруға болатын жабдық (контейнер).

DDEClientConv,

DDE байланысын ұйымдастыру үшін қолданылатын 4 компонент. компоненттер арқылы DDE – сервер. Осы (шығар көзі) және DDE - клиент (қабылдаушы) қосымшаларынан құрастыруға болады.

DDEClientItem,

DDEServerConv,

DDEServerItem,

Delphi ортасының құрамына бірнеше компоненттер кіреді. Солардың кейбір маңыздыларын қарастырайық.

Сурет 1.8 Standard парағы

Standard парағының құрамына келесі компоненттер кіреді:

Кесте 6 Standard парағы компоненттері

Белгі

Аты

Атқаратын жұмысы

Label

Белгі. Компонентке шағын жазу орналастыру мақсатында қолданылады.

Edit

Енгізу қатары. Бір мәтіндік жолды енгізу, көрсету және түзету амалдарын орындауға қолданылады.

GroupBox

Элементтер тобы. Бір мағыналық компоненттерді біріктіру.

Additional парағы. Additional парағының құрамына сұхбаттасу терезелерін орнату үшін қолданылатын келесі компоненттер кіреді «2.2-сурет».

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]