Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология.doc
Скачиваний:
89
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
368.64 Кб
Скачать

3 Сұрақ Экологиялық бақылаудың объектілері, түсінігі, мақсаты және оның түрлері

Экологиялық бақылау – табиғатты тиімді қолдану мен қорғауды зиянды жағдайлардан сақтайтын құқықтық шараны қамтамасыз ету. Оны мемлекеттік басқару функциясы мен қоршаған орта құқығының құқықтық институты іске асырады.

Экологиялық бақылау деген түсінікпен экологиялық заңдылықтар талабының орындалуы мен орындалуын бақылайтын міндетті субъектілердің қызметін көре аламыз.

Экологиялық бақылаудың негізгі субъектілеріне жататындар:

  • табиғи ортаның жағдайы;

  • қоршаған ортаны қорғау бойынша міндетті шараларды орындау;

  • экологиялық заңдылықтарды сақтау.

Экологиялық бақылау құқықтық шаралар сияқты ескертушілік, ақпараттық және жазалаушылық функцияларын орындайды.

Ескертушілік функцияның ролі – экологиялық бақылау субъектілерінің экологиялық талаптардың құқығын орындау мен заңды бұзушылықты ескерту мүдделігінен тұрады. Ақпарттық функциялар бақылау процесінде тұлғалар мен органдардың табиғатты қорғау қызметі жайында ақпараттар жинаумен байланысты. Экологиялық құқық талабын бұзған тәртіп бұзушыларға заң шығарушы санкциялары арқылы белгіленген жазалау функциясы қолданылады.

Табиғатты қорғау тәжірибесінде экологиялық бақылауды мемлекеттік, ведомствалық, кәсіпкерлік, қоғамдық сияқты түрлері көрінеді.

Мемлекеттік экологиялық бақылаудың мақсаты табиғатты тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қамтамасыз ету және мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, ұйымдар мен азаматтардың айналаны таза ұстауға байланысты құқықтық талаптарын орындау.

Мемлекеттік экологиялық бақылау ескертушілік және ағымдық түрінде өтеді. Ескертушілік бақылаудың мақсаты – табиғатқа зиян келтіретін шаруашылық, басқарушылық және басқа да қызметтерді болдырмау. Ағымдық мемлекеттік экологиялық бақылау табиғатты қолдану процесінде, экологиялық маңызды объектілер мен кәсіпорындардың жұмыс імтеу дәрежесі арнайы міндетті органдар арқылы іске асырылуы мүмкін.

Мемлекеттік экологиялық бақылау белгілі бір қағидаларға байланысты жүргізіледі. Оның негізгісі – заңдылық, объективтілік, шаруашылық және бақылау функцияларының болуы.

Әдебиет:

Негізгі:

1 Культелеев С.Т. Экологическое право РК. Общ.ч.: Учебник.- Алматы: ТОО ИК-«НАS», - 2003, 328 с.

2 Кушумбаев А.А. Эклогическое право Республики Казахстан. Учебное пособие. Астана, 2001, 236 с.

3 Экологическое право РК. Учебное пособие. Под ред. Бекишева С.Д., Караганда. 2001, 9-10 с.

4 Экологическое право. Под ред. Боголюбов С.А., М.,1998, 9 с.

Нормативтік құқықтық актілер:

1 ҚР Экологиялық кодексі, 09.01.2007., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

2 ҚР Орман кодексі, 08.07.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

3 ҚР Жер кодексі, 20.06.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 24.07.2009.

4 ҚР Су кодексі, 9.07.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

5 ҚР Азаматтық кодексі, (Жалпы бөлім), 27.12.1994, (2009 ж. 1 қыркүйегінің жағдайы бойынша) БД "Заң"

6 ҚР Азаматтық кодексі, (Ерекше бөлім), 27.12.1994, (2009 ж. 1 қыркүйегінің жағдайы бойынша) БД "Заң"

7 «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңы, 04.12.2002., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

8 «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы туралы» ҚР Заңы, 09.07.2004., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 04.12.2008.

Бақылау сұрақтары:

1 Табиғатты қолдану қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттің реттеудің мен басқаруының түсінігі

2 Табиғатты қолдану қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттің реттеудің мен басқаруының функциялары

3 Экологиялық бақылаудың түсінігі және оны жүзіге асыратын органдар