Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология.doc
Скачиваний:
89
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
368.64 Кб
Скачать

Тақырып: № 1 Экологиялық құқықтың түсінігі, пәні, әдістері

Мақсат – студентерді ҚР экология құқығы пәнінің курсымен және маңызды түсініктерің басқа сабақтас құқық салаларымен ара қатынасың түсіндіру.

Жоспар:

  1. Қоғам мен табиғаттың арасындағы қарым-қатынасты эколого-құқықтық реттеудің түсінігі және маңызы.

  2. Экологиялық құқықтың пәні және объектісі. Экологиялық құқықтық қатынастар. Экологиялқ құқық қатынастарының объектісі және субъектісі.

  3. Экологиялық құқықтың әдісі, жүйесі және қағидал

1 Сұрақ Қоғам мен табиғаттың арасындағы қарым-қатынасты эколого-құқықтық реттеудің түсінігі және маңызы

Адам – табиғаттың бір бөлігі. Табиғаттан тыс, оның ресурстарын пайдаланбай адам өиір сүре алмайды. Табиғат әрқашанда ең негізгі, адам өмірінің бастауы болып табылады.

Ал, табиғат – мәңгілік, объективті өмір сүретін категория. Қазіргі экологиялық заңнамада «табиғат» түсінігі реттеудің, пайдаланудың және қорғаудың объектісі ретінде өте сирек қолданады.

Нақты-ғылыми мағынада табиғат – адамның еңбек қызметінің азық-түлігі болып табылмайтын материалдық әлемнің нақты жағдайындағы жүйелері мен объектілерінің жыинтығы болып табылады. Заң мағынада материалдық әлемнің нақты жағдайындағы жүйелері мен объектілерінің жыинтығымен қатар «табиғат» түсінігі дәлелденген түрде адамның еңбегімен жасалған кейбір объектілер қосылады: қолдан отығызылған орман, балық зауыттарында өсірілген және су қоймаларында жіберілген балықтар, күнделікті өмір сүру үшін жабық жерлерге жіберілген жабайы хаиуанаттар.

Қоршаған орта – бұл әлем, экономика, қоғам және демократия сияқты категориялармен қатар тұрған қазіргі ғылым мен практиканың бастапқы категорияларының бірі болып табылады. Табиғат емес, дәл осы қоршаған орта ұлттық және халықаралық құқықтарға сәйкес қазіргі кезеңдегі табиғат саласы бойынша қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің объектісі болып табылады.

Экология қоршаған өмір сүретін табиғи ортаның тірі организмдермен қарым-қатынасы туралы ілім ретінде анықталады. Жалпы экологиядан оның негізгі бөлігі - әлеуметтік экология бөлінеді. Алдыңғы анықтамаға сүйене отырып әлеуметтік экологияны оларды қоршаған өмір сүретін табиғи ортамен қарым-қатынасы туралы ілім деп атаса болады.

Әлеуметтік экологияға оның құрамдас бөлігі ретінде құқықтық экология кіреді. Құқықтық экология дегеніміз қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасы саласындағы қоғамдық (экологиялық) қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.

Құқықтық экологияның белгілі құбылыстарының бірі экологиялық құқық болып табылады.

Экологиялық құқық – қоршаған табиғи ортаны сақтау мен жан-жақты пайдалану мүдделеріндегі қазіргі және келешек адамдардың ұрпақтары үшін табиғат пен қоғамның қарым-қатынасы саласындағы қоғамдық (экологиялық) қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы

Адам мен табиғат қарым-қатынасының тарихына көз салатын болсақ, біз оның нақты мәніне деген қатынасын түсінеміз. Адамзат қоғамының даму тарихы – бұл адамның табиғатқа деген әсерінің масштабы мен жанжақтылығының кеңеюе және оны қолдану мен пайдаланудың күшеюі туралы тарих. Табиғатқа қатысты адамзат қызметінің нәтижелері бойынша адамның ізгілік қасиетін, оның даму деңгейін, сонымен қатар оның келешек ұрпақтар алдындағы әлеуметтік жауаптылығын сараласа болады.

Осыған сәйкес табиғаттың жақсы жағдайын, оның сапалы және сандық мінездемелерін сақтау, табиғи ресурстардың есебінде оның қажеттіліктерін қанағаттандыру процесінде адамның табиғатқа деген қатынасын реттеу туралы арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін. Сондықтан адам биологиялық және табиғаттың бір бөлігі ретінде оның даму заңдарын сақтауы керек.