Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Кеден ісі саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық.rtf
Скачиваний:
30
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
939.18 Кб
Скачать

2.2 Халықаралық конвенцияларды іс жүзінде пайдаланудың тәртібі

Шекарааралық контексте қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі Конвенция

Қазақстан Республикасы Конвенцияға Қазақстан Республикасының Конвенцияға қосылу туралы 2000.21.10 Заңымен қосылды.

Конвенцияның негізгі ережелері

Шекарааралық контексте қоршаған орта нашарлауының алдын алу бойынша шаралар есебі ретінде қоршаған орта әсерін бағалауды өткізуге, тұрақты экономикалық және экологиялық қауіпсіз жолмен қолғабыс жасау.

Қазақстан Республикасының негізгі міндеттемелері

  • жоспарланған қызмет түрін жүзеге асыруға немесе бекітуді қабылдағанға дейін қоршаған ортаға әсерін бағалауды (ҚОӘБ) міндетті түрде жүргізу;

  • ондай қызмет түрлері туралы қатысы бар тараптарды хабардар ету;

  • ҚОӘБ процедураларына қатысуға жұртшылыққа және тиісті тараптарға мүмкіндік беру;

  • қажетті заңнаманы қабылдау

  • әкімшілік немесе басқа да шараларды қабылдау.

Қазақстан Республикасындағы Конвенцияның орындалуы:

«Ластаушы заттарды алыс қашықтыққа тасымалдауын және олардың түсуін бағалау, атмосфера ластануының процессін модельдеудің салдарын ашу және оның сапасын анықтау, ластауға қарсы күрестің экономикалық тиімділігін асыру кеңестерін құру бойынша ғылыми зерттеулер» тақырыбында ғылыми-зерттемелік жұмыстары жүргізілуде.

барлық өндірістік процесстердің түрінен ауыр заттар және ластаушы заттарға эмиссия коэфиценттері анықталған. Қызмет бойынша барлық коэфиценттер мен мәліметтер қалдықтарды лақтыру бойынша бағдарламаға енген;

2004 жылға Қазақстандағы көмірді өндіру шахтасынан метанның эмиссиясы саналған. Бензин бөлетін қалдықтарды бағалау үшін метанды емес ұшқыш ағзаларды біріктіру (МЕҰАБ) эмиссиясының коэффиценті таңдалған;

Ауаның алыс қашықтыққа шекарааралық ластануы туралы Конвенция жөнінде Қазақстан Республикасының міндеттемелерінің орындалғанын бағалау үшін ауаның алыс қашықтыққа ластануы туралы Конвенциядағы міндеттемелерді жүзеге асыру бойынша Ұлттық есеп және баяндама дайындалды.

Шекарааралық контексте қоршаған ортаға әсерін бағалауды өткізу бойынша Орталық Азия елдеріне Басшылық жобасы құрылды. Мұндай басшылық Қырғыстан Үкіметінің ынтасымен жасалынды. Басшылық жобасы БҰҰ ЕЭК және шекарааралық контексте қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі Конвенция Секретариатымен, Аймақтық Экологиялық Орталығымен ынтымақтаса Орталық Азия елдерінің өкілетті сарапшыларымен, БҰҰ және Швецария Үкіметінің қаржы көмегінің арқасында жүзеге асты.

Озон қабатын бүлдіретін заттар жөніндегі Монреаль хаттамасы

Қазақстан Республикасы Монреаль хаттамасына Қазақстан Республикасының Хаттамаға қосылуы туралы 1997.30.10 заңымен қосылды.

Конвенцияның негізгі ережелері

Озонды бүлдіретін заттарға экологиялық қатынасты және коммерциялық қажеттілікті қолдану және өндірісті реттеу шаралары. Елдерге талаптар – Тараптар озондыбүлдіруші заттарды қолдануды және өндіруін кезекпе-кезек доғаруы тиіс шартын ұстану қажет[25]

Қазақстан Республикасының негізгі міндеттемелері

2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесі шарттарды орындау:

- хлорфторкөмірсуларын өндіру дәрежелері (1 топ А қосымшасы) нөл көрсеткішінен жоғары болмауы тиіс;

- галлондарды қолдану дәрежесі (II топ А қосымшасы), басқа толыққанды галоидтелген ХФУ (I топ В қосымшасы), тетрахлорметан (II топ В қосымшасы), трихлорэтан (метилхлороформ) (III тобы В қосымшасы) нөл дәрежесінен жоғары болмауы тиіс;

- Секретариатқа қажетті, реттеуші заттарды экспорттау және импорттау, өзінің өндірісі туралы статистикалық мәліметтерді беру.

Монреаль Хаттамасына Түзетулер

Қазақстан 2001 жылы Озон қабатын бүлдіретін заттар жөніндегі Монреаль Хаттамасына Түзетулерге Қазақстан Республикасының қосылуы туралы  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 7 мамырдағы Заңы негізінде қосылды.

Түзетуге қосымшада, 10-шақты озонды бүлдіретін заттар тізімі анықталды: толыққанды галоидтелген ХФУ, карбонтетрахлоридпен және метилхлороформамен. Дамушы елдермен және экономикасы ауыспалы елдермен озонды қауіпсіз технологияларға өту ережелері күшейтіліп, Хаттама ережелерін орындау үшін қаржы механизмі анықталған. Технологияларды жеткізу қаржы механизмдері құрылды.

Озон қабатын бүлдіруші заттардың барлық ауқымды лақтыруларын талап ету мақсатында 2001 жылы 1 қаңтарынан бастап оларды қолдану бойынша қосымша тыйымдар енгізілді.

Қазақстан Республикасындағы Монреаль Хаттамасының және оған Түзетулердің орындалуы:

Қатты полиуретандарды өндірумен жұмыс жасаушы ХФУ-17 қолданушы 17 қазақстандық кәсіпорынға суды қолдануға бағытталған жаңа құралдар беріліп, қолданысқа енгізілді.

Жұмсақ полиуретанды пеноматериалдарды өндіруде төмен-индекстеу қоспаларының технологияларын қолдану үшін Қазақстандық үш компанияға құралдар берілді.

Павлодарлық химия зауытына бромдалған немесе хлорланған ерітіндіні өндіру бойынша құралдарды тазартуда қолданылатын ХФУ-113 ауыстыру үшін құралдар берілді.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар агенттігі және азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігі Арнайы ғылыми-зерттеу орталығы базасында оларды қою бойынша галондар банкі қолданысқа енгізіліп, құрылды. (Орталық Азиядағы жалғыз). Қазақстандағы галондарды қолданушы кәсіпкерлердің – мәліметтер базасы жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар Агенттігі және азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігі Арнайы ғылыми-зерттеу орталығы базасында оларды қою бойынша галондар банкі қолданысқа енгізіліп, құрылды. (Орталық Азиядағы жалғыз). Қазақстандағы галондарды қолданушы кәсіпкерлердің – мәліметтер базасы жүргізілуде.

Озонды бүлдіруші заттарды экспорт, импорт тұтыну мөлшері жөнінде мәліметтер сараланып, өңделіп және жинау жұмыстары ұйымдастырылған. Секретариатқа 1999-2002 жылға озон жөнінде есеп жасалған (Монреаль хаттамасы бойынша ҚР міндеті) Өңделген және қайта орнына келтірілген ХФУ туралы ақпараттарды жинау жүйесі құрылған.

ОРВ импорт/экспортқа рұқсат беру куезінде кәсіпорынның және ҚР кеден бақылауы Агенттігі тарапынан консультациялық қолдау жүзеге асырылуда.

Республиканың импорт/экспорт тасымалдауында ОРВ барлығын анықтайтын арнайы құралы Қазақстан Республикасының кеден органына берілді. Барлық мамандар мен кеденшілерге үйрету семинарлары өткізілді. Семинар аясында барлық облыстық кеден бақылау департаменттерінен 61 кеден офицері оқытылды.

Озон қабатын қорғау жөніндегі Вена конвенциясы

Қазақстан Республикасы Конвенцияға Қазақстан Республикасының «Озон қабатын қорғау жөніндегі Вена Конвенциясына қосылуы туралы» 1997.30.10 заңы негізінде қосылды.

Конвенцияның негізгі ережелері

Конвенция озон қабатын қорғау жөніндегі жалпы ережелерді қамтыған. Онде озон қабатын реттеуші (ОРВ) негізгі шараларын қамтитын, хаттамаларды қабылдау, хлорфторкөміртегін өндіру және лақтыру ақпараттарымен алмасу, озон мониторингі және ғылыми зерттеулер облысында қарым-қатынас жөніндегі міндеттемелер бекітілген.

Қазақстан Республикасының негізгі міндеттемелері

Озон қабатына кері әсерін тигізуі мүмкін немесе тигізетін қызметтерді доғарту немесе қысқарту, шектеу бойынша тиісті әкімшілік немесе заңды бақылау шараларын қабылдау. Бұл міндеттемелер озон қабатына тигізетін кері әсерді төмендетуге бағытталған шараларды жүзеге асыруға және ұлттық саясатты құруға бағытталған.

Қазақстан Республикасындағы конвенцияның орындалуы:

2001 жылы маусым айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Вена Конвенциясы және Монреаль Хаттамасы міндеттемелерін орындауды – Киотск хаттамасын бекіту бойынша ведомствааралық және БҰҰ КӨНК бойынша міндеттемелерді орындауды үйлестіруші орган анықталды. Бұл комиссияның жұмыс тобы Табиғи ресурстар министрлігі және Климаттың өзгеруі бойынша Координация орталығы, климаттың өзгеруі бойынша Координациялық орталық базасы аясында Озонды мекеме құрылды.

Озон қабатын қорғау бойынша міндеттемелерді орындау үшін бірқатар жоба дайындалды. Оның мақсаты Қазақстандағы ОРВ тұтынуын шектету. Қазіргі таңда озонды бүлдіруші заттарды қолдануын шектететін, ОРВ тұтынушы кәсіпорындарын қолдау және құрал-жабдықтарды ауыстыру, оларды қолданыстан алдырып тастау шараларын қамтыған 5,4 млн.АҚШ долларынан астам 5 жоба іске асырылуда. Бұл жоба мен жоспарды іске асыру Қазақстан міндетінің басты бөлігі болып саналады. Бұл шараларды жүзеге асыру үшін Қазақстанға МЭҚ 5 млн. АҚШ доллары көлемінде грант бөлді.

700 астам мамандар оқытылып, хладегенттерді алу және қайта өңдеуші 200 астам кәсіпорындар мен компанияларға құралдар берілді.

Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ негізгі конвенциясы

Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конвенциясы «Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ негізгі Конвенциясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы Жарлығымен бекітілді.

Конвенцияның негізгі ережелері

Климаттың өзгеруіне табиғи түрде үйрену үшін, қажетті мерзімде парникті газдардың шоғырландырылуын тұрақтандыру.

Қазақстан Республикасының негізгі міндеттемелері:

Парникті газдардың (ПГ) антропогенді шығарылымдарының кадастрлері, ұлттық хабарларды беру және жариялау, жаңаландыру, құру;

климат өзгеруінің салдарын жеңілдету бойынша бағдарламаларды құру;

ПГ шығарылымдарын төмендететін және шектейтін, әдістер мен процесстерді, технологияларды беру, тарату, қолдану;

ПГ жинаушы және сіңірушілерді тиімді түрде қолдану (микроағзалардың биомөлшері, өсімдіктер, ормандар, теңіздер, жергілікті және жағалаулық экожүйелер);

қолдау және қарым-қатынас (ғылым, техника, технология, әлеуметті-экономикалық сала және басқалар);

климаттық жүйе мәліметтер қорын құру;

білімге қолдау жасау, кадрларды дайындау, климаттың өзгеру мәселелері бойынша халықты хабардар ету.

Қазақстан Республикасындағы Конвенцияның орындалуы:

1998 жылы Конвенция Секретариатына Тұңғыш ұлттық хабар (ТҰХ) дайындалып, ұсынылып, жарияланды, БҰҰ КӨНК бойынша Екінші Ұлттық хабарлар дайындалу жұмыстары жүргізілуде.

Республикалық бюджет есебінен Парникті газдер (ПГ) шығарылымдарының жылдық хаттамасы жүргізілуде. ҚазҒЗКЭИ жұмыс әдістері және нәтижелері сабақтастығын қамтамасыз ету.

ТҰХ да.КӨ жеңілдету бойынша қызметінің бағыты бекітіліп және анықталған.

КӨ проблемаларымен байланысты мәселелер қамтылған салалық стратегия/бағдарламалар құрылған.

1993 жылдан бастап БҰҰ КӨНК II Қосымшасындағы елдермен қарым-қатынаста ғылыми зерттеулер жүргізілуде.

Климат өзгеруі бойынша Координациялық орталық құрылған, қазіргі таңда Орталық ҚҚ сынды өз бетінше жұмыс жасауда.

«Казгидромет» РМК гидрометеорологиялық ақпараттар халықаралық алмасуға қатысуда.

Киотск Хаттамасы бойынша халықаралық міндеттемелерді шешу үшін институттық және нормативті-құқытық негіздерді құру басталды.

Ғаламдық экологиялық проблемалар қазіргі заман талабына сай деңгейде оқу ағарту құралдары мұғалімдер мен оқушылар үшін басылып шығарылды.

КӨ мәселелері бойынша білімді бағдарламалар мен жобалары жүзеге асырылуда.

Елдегі барлық ғылыми әдебиеттердегі КӨ бойынша мәліметтер деңгейі өте жоғары.

Табиғи ортаға әсер етуші әскери немесе басқа да өшпенділік құралын қолдануға тыйым салу туралы Конвенция

Қазақстан Республикасы Табиғи ортаға әсер етуші әскери немесе басқа да өшпенділік құралын қолдануға тыйым салу туралы Конвенцияға  Жоғары Соттың Конвенцияға қосылу туралы 1995.20.02 Қаулысының негізінде қосылды.

Конвенцияның негізгі ережелері

Конвенцияның қатысушы-Мемлекеттері, қатысушы-мемлекеттерге залал келтіретін немесе бұзу құралы ретінде, ауқымды, ұзақ мерзімді немесе салдары елеулі табиғи ортаға әсер етуші әскери немесе басқа да өшпенділік құралын қолданбауға міндеттенеді.

Қазақстан Республикасының негізгі міндеттемелері:

табиғи ортаға әсер етуші әскери немесе басқа да өшпенділік құралын қолданбау;

ондайды қолдануға халықаралық ұйымдарды немесе басқа да қатысушы мемлекеттерді, қолдамау, көмек бермеу.

Қазақстан Республикасындағы Конвенцияның орындалуы

Қазақстан Республикасы қоршаған ортаға әсер ететін әскери немесе өшпенділік құралын жүзеге асырмайды.

Биологиялық сан алуандық туралы Конвенция

Биологиялық сан алуандық туралы БҰҰ Конвенциясын ҚР Министрлер Кабинетінің «Қазақстан Республикасының биологиялық сан алуандық туралы Конвенциясын мақұлдауы және онда көзделген міндеттемелерді орындауды ұйымдастыру жөнінде» қаулысымен мақұлдады.

Конвенцияның негізгі ережелері

Конвенция өзара қарым-қатынастағы жақтар алдына үш негізгі мақсат қояды: биологиялық сан алуандықты тұрақты пайдалану; оның құрамдас бөліктерін тұрақты қолдану; генетикалық ресурстарды пайдалануға байланысты пайданы ақиқатты түрде және тең негізде алу.

Қазақстан Республикасының негізгі міндеттемелері:

- биосаналуандықты сақтау бойынша жүзеге асыру жоспарын және ұлттық стратегиясын құру;

- жоспар шараларын қаржымен қамтамасыздандыру;

- қорғау үшін обьектілерді анықтау;

- шаруашылықтың әсерінен биосаналуандыққа қауіпті бағалау;

- биосаналуандығының ахуалына мониторинг өткізу, проблема бойынша мәліметтер банкін құру;

- генетикалық модифицирленген ағзаларды бақылау;

- сирек және жоғалып жатқан түрлерді қорғауды, заңды түрде бекіту;

- жоғалып жатқан түрлерді қайта көбейту бойынша шараларды жүзеге асыру;

- тұрақты қолдану бойынша шаралар қабылдау;

- биологиялық сан алуандық қоспалары;

- экологиялық білімді дамыту;

- ағарту және тәрбие;

- биосаналуандығы мүдделерін есептеу бойынша мәліметтерді жинау;

шаруашылық жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізу.

Қазақстан Республикасындағы БҰҰ биологиялық сан алуандығы туралы Конвенциясының орындалуы:

Биосаналуандықты тиімді қолдану және сақтау мәселелеріне елдің негізгі стратегиялық құжаттары «Қазақстан 2030» Стратегиясы, Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау Бағдарламасы және т.б енген.

Экологиялық және ауылшаруашылық бағыт бойынша ғылыми-зерттемелік жұмыстар жүргізілуде.

«Жасыл ел» және «2005-2007 жылдарға арналған ақ бөкендердің және жоғалып жатқан және сирек жабайы тұяқты жануарлар түрін сақтау және қайта көбейту» бағдарламалары жүзеге асырылуда.

Елде, биологиялық сан алуандықты сақтауда және экологиялық білімді артыруда және биоресурстарды тұрақты қолдануға қолдау жасау бойынша мықты мемлекеттік емес ұйымдар жұмыс жасауда.

Биологиялық ресурстарды қолдану және қорғау саласында ұлттық заңнама бар. Ол Қазақстан Республикасының  «Қоршаған ортаны қорғау жөнінде», «Жануар әлемін тиімді пайдалану және қайта орнын толтыру, қорғау жөнінде», «Айрықша қорғалатын табиғи аймақтар жөнінде» Заңдарында негізделген.

Бүкіләлемдік метеорологиялық ұймның Конвенциясы

Мемлекеттер арасында метеорологиялық қызметтің бірқалыптылығы және метеорологиялық ақпараттармен тиімді түрде алмасу мақсатында Конвенция Бүкіләлемдік Метеорологиялық Ұйымды ( ММҰ ) құрды[19]

. Сонымен қатар, ұйымның құрылымын, жеңілдіктерін, құқықтарын, міндеттері мен мақсаттарын бекітті. Қазақстан Республикасы Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйымның Конвенциясына Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Конвенцияға қосылу туралы 1992.18.12 Қаулысы негізінде қосылды.

Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйымның негізгі мақсаттары:

метеорологияға жататын геофизикалық және гидрологиялық, метеорологиялық бақылауды шығарушы станция жүйелерін құруда бүкіләлемдік қарым-қатынас, метеорологиялық және басқа да қызмет түрлерін қамтамасыз ету бойынша орталықтарды қолдау және құру.

метеорологиялық және тиісті басқа да ақпараттармен шұғыл түрде алмасу жүйесін қолдау және құру;

метеорологиялық және басқа да тиісті бақылауларды стандарттау және статистикалық мәліметтердің және бақылау нәтижелерін бірқалыпты басылуын қамтамасыз ету;

метеорологияны әуеде, су кемесінде, су проблемаларын шешуде, ауыл шаруашылықта және адам қызметінің басқа да салаларында қолдану;

шұғыл гидрология саласындағы қызмет және метеорологиялық және гидрологиялық қызмет органдарымен тығыз қарым-қатынас жасау;

метеорология және басқа да аралас салалардың кадрларын дайындау және зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Қазақстан Республикасындағы конвенцияның орындалуы:

Қазақстан Республикасы ММҰ Конвенция Тарапы ретінде конвенцияның мақсаттарына сәйкес анықталған міндеттемелерді орындауға жауап береді:

Қазақстанның гидрометқызметі метеорологиялық және гидрологиялық станция жүйелерінің қызметін дұрыстау бойынша жұмыстарды жүргізуде, сонымен қатар халықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдарының гидрометеорологиялық қамтамасыздығын дамытуда. Қазіргі таңда ММҰ станциялар Тізіміне Қазақстандық 65 метеорологиялық станция кірді. Қазақстандық 14 станция, климатты бақылау бойынша ғаламдық жүйеге (КБҒЖ) енген;

Метеорологиялық және басқа да тиісті ақпаратпен шұғыл түрде алмасу жүйесін қолдауға және құруға қосылу үшін Қазгидромет құрылымында ақпаратты тарату және жинау жүйесі жұмыс жасайды. Ол өз кезегінде үлкен көлемді цифрлық және суреттемелі ақпараттың айналмалы алмасуын бақылау жүйесінен мәліметтерді жинауды жүзеге асырады, сонымен қатар, тұтынушыларға қажетті ақпаратты жеткізеді.

Метеорологиялық және басқа да Қазгидромет бақылауының стандарттауына қолдау жасау мақсатында тексеруді жүргізіп, метеостанция басшылары мен қызметкерлеріне тәжірибе ұйымдастырады және гидрокедендері мен техоқытуды, жергілікті бақылау жүйесіне әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

Қазақстанның гидрометқызметі тұрақты түрде қоршаған орта мониторингі және гидрометеорологиялық мониторингі саласында ғылыми-зертеулік жұмыстарды жүргізеді. Қазгидромет қызметкерлері ММҰ техникалық комиссиясының мүшелігіне кіреді. Мұндай дәреже оларға гидрометеорологиялық ғылыми және тәжірибенің соңғы жетістіктері туралы хабардар болуға, ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен және ауа райын болжаудың соңғы әдістерімен танысуға мүмкіндік береді[16],35б

Ал кадрларды дайындау саласында да метеорология және гидрология саласындағы қызметкерлер тұрақты түрде Израиль, Германия, Түркия және Ресей ММҰ Аймақтық оқу орталықтарында кәсібилігін жетілдіреді.