Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
taldau_emtikhan.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
38.75 Кб
Скачать

57. ұйымның баланс өтімділігін талдау дегеніміз- активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда анықталады.

Активтер өтімділілік дәрежесіне байланысты 4 топқа жіктеледі:

1) А1 – ең өтімді активтер

2) А2- тез өтімді активтер

3) А3 – баяу өтімді активтер

4) А4 – қиын өтімді активтер

Пассивтер төлену, қайтару дәрежесіне байланысты 4 топқа жіктеледі:

1) П1 –неғұрлым тез төленуге тиіс міндеттемелер

2) П2 –қысқа мерзімді міндеттемелер

3) П3 –ұзақ мерзімді міндеттемелер

4) П4 –тұрақты міндеттемелер (меншікті капитал)

Активтер өтімділік, табыс табу, ақша қаражатына айналуына байланысты жіктелсе, ал пассивер төлену және қайтару дәрежесіне байланысты жіктеледі.

Ұйымның төлем қабілеттілігін талдау дегеніміз – кәсіпорын дер кезінде өз міндеттемелерін толық өтей алу қабіліеттілігін білдіреді.

Кәсіпорын жабдықтаушылар, инвесторлар, банктер, т.б. алдында міндеттемелері жоқ болса төлем қабілетті деп саналады. Бұл үшін кәсіпорынның ағымдағы, валюта жәнебасқа да шоттарында ақша қаражаттары болуы тиіс.

Төлем қабілеттілігін есептегенде төмендегі коэффициенттер қолданылады:

1) Абсолютті өтімділік коэффициенті

Каб.ө=

Біз үшін қолайлы мәні: 0,2-0,5

2) аралық өтімділік коэффициенті:

Кар.ө=

Біз үшін қолайлы мәні:

3) жалпы өтеу коэффициенті:

Кжалпы ө=

Біз үшін қолайлы мәні: 0,9- дан кем емес

4) Ағымдағы өтімділік коэффициенті:

Кағ.ө=

Біз үшін қолайлы мәні:

58. Ұйымның табыстылығына әсер ететін факторлар:

1. өнім көлемі

2. өнімнің өзіндік құны

3. өнім бағасы

4. баға

Жалпы табысқа өнімнің өзіндік құнының әсер ету формуласы:

Пs=Qiн*Siн-Qiн*Siж

Qін –өндірілген өнім көлемі

Sні – өнім бірлігінің нақты өзіндік құны

Sжі – өнім бірлігінің жоспарлы өзіндік құны

Жалпы табысқа баға факторының әсерін таладу формуласы:

Пр=Qін *Pін –Qін*Pіж

47. өнім өндіру мен сату бір –біріне тәуелді көрсеткіштер. Егер өнім өндіру мүмкіндігі шектеулі болып, ал өнімге деген сұраныс көп болса, онда басымдылық өнімді өндіруге беріледі, өйткені сатылатын өнім көлемі өндіріс көлемі арқылы анықталады. Керісінше өнімге деген сұраныс толықтай қанағаттандырылып, бәсекелестік деңгейі жоғары дамыған нарықтағы өндіріс көлемін жоспарлау сол нарықта сатылу мүмкіндігіне ие тауар көлемі негізінде іске асырылады.

Шаруашылықтың технологиялық операцияларының бірінде жіберілген іркіліс бүкіл өндірістік – қаржылық процестердің нашарлауына алып келеді. Соның кесірінен экономикалық көрсеткіштердің бәрі де нашарлайды: өнім сапасы төмендейді, аяқталмаған өндіріс көлемі көбейеді, қоймадағы материалдар мен дайын өнімнің жоспардан тыс қалдықтары көбейіп, капитал айналымы нашарлайды,ақша қаражатына деген сұраныс көбейеді, қолайсыз жағдайлардың әсері өнімнің өзіндік құнының жоғарылауына, пайданың азайып, кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлауына алып келеді.

Кырғ.=

Сату жылдамдығы=

11. Негізгі қорларды тиімді пайдалануын талдау

Кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын ең маңызды көрсеткіштің бірі – қор қайтарымы. Ол негізгі өндірістік қорларды пайдалануды қорытындылаудың көрсеткіші болып табылады.

f=

f- қор қайтарымы

DN- өнімді өткізуден түскен табыс

F-негізгі қорлардың орташа жылдық құны

Қор қайтарымына кері көрсеткіш қор сыйымдылығы:

f1=

қор сыйымдылығы көрсеткішінің бір артықшылығы- оның алымын құрамдас бөліктер жеке цехтар және қондырғылар тобы бойынша жіктеуге болады.

Қор қайтарымы көрсеткішінің артуы және қор сыйымдылығы көрсеткішінің төмендеуі негізгі қорлардың жақсартатынын немесе төмендететінін көрсетеді. Негізгі өндірістік қордың нәтижелігін арттырудың аса маңызды факторларының біір – жабдықтарды пайдалануды жақсарту. Ол үшін олардың жұмыссыз тұрып қалуын қадағалау керек.

39. Басқарушылық талдау дегеніміз – кәсіпорынның қызметін, өндіріс процесін, негізгі құралдарын, материал ресурстарын, еңбек өнімділігін, өнім ассортиментін жан – жақты зерттеп,басқару болып табылады.

Басқарушылық талдау сыртқы орта үшін құпия болып табылады. Себебі мұнда кәсіпорынның кірістері мен шығыстары жөнінде толық ақпараттар қалыптасады. Кәсіпорынның табыстары қандай көздерден түсіп жатқаны, өнімдерінің сапасы, жабдықтаушылар мен сатып алушылар жөнінде маңызды ақпараттар болғандықтан сыртқы орта үшін құпия болып саналады.

Қаржылық талдау- сыртқы орта үшін құпия болып саналмайды. Кез келген кәсіпорын өз қызметінің нәтижелерін мерзімді басылымдарға, БАҚ-на акционерлерге, статистикалық мекемелерге жария етеді. Мұндағы ұсынудағы мақсат инвесторларды, серіктестіктерді, банктерді ынталандыру және өз – өзіне баға беру болып табылады.

Қаржылық есептің ақпарат көздеріне:

1) бухгалтерлік баланс

2) кірістер мен шығыстар

3) ақша қаражатының қозғалысы жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]