Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Отчет.doc
Скачиваний:
175
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
400.38 Кб
Скачать

2.1 Шаруашылық субъектісінің меншікті капиталы

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өздерінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады.

Меншікті капиталдың ерекшелігі-ол шаруашылық жүргізуші субъектінің актив көзі ретінде үнемі алға шығуы, соған орай оның бар-жоғы білінбейді.

ҚЕХС, ҚЕҰС-да меншікті капиталға мыналар жатады деп көрсетілген: жарғылық, резервтік қосымша төленген және төленбеген капитал, бөлінбеген табыс.

Жарғылық капитал кәсіпорын мүлкіне оны құрған кездегі қатысушы-лардың салымының жиынтығы болып табылады. Кәсіпорынның бухгатерлік есебінде жарғы капиталына ықпал ететін операциялар мен сәйкес корреспон-денциялар жүргізіле отырып, төмендегідей операциялар рәсімделеді:

Кесте 4 - Кәсіпорынның бухгатерлік есебінде жарғы капиталына ықпал ететін операциялар

Жарғылық капиталға қатысты өткізбелер

1

Тағайындаушы құжаттарға сай жарғылық капитал өлшемін бейнелеу

5110

5030

2

Жарғылық капитал артуына байланысты тағайындаушы құжатқа өзгеріс

5110

5030

Төленбеген капиталға қатысты өткізбелер:

3

Акция төлеу, салым салу, жарна төлеу

3.1

Материалды емес активтермен

2730

5110

3.2

негізгі құралдармен

2410

5110

3.3

Тауарлық-материалдық қормен

1310,1320,1330,1350

5110

3.4

Ақшалай қаражаттармен

1010, 1030

5110

Бөлінбеген табысқа қатысты өткізбелер

4

Есеп беріп отырған жылғы таза табыс бейнеленуі

5610

5510

5

Жыл есебіндегі залалды резервтік капитал есебінен жою

5410, 5460

5510, 5520

6

Есептен шығару бойынша қайта бағалау сомасын бөлінбеген табысқа жіберу:

6.1

Негізгі құралдар бойынша

5420

5510

6.2

Материалды емес активтер бойынша

5430

5510

7

Негізгі құралдарды қайта бағалау сомасы

5420

5510

5000 «Жарғылық капитал», «Төленбеген капитал», 5200 «Сатып алынған жеке меншік үлес құралдары», 5300 «Эмиссиялық кіріс», 5400 «Резервтер», 5500 «Бөлінбеген табыс (жабылмаған шығын)» кіші бөлімдері шоттарының кредиті бойынша операцияларды есепке алуға арналған.

«Операциялардың мазмұны» бағаны бойынша қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын жарғылық капиталға жарналарға, ұйымның жарғылық және резервтік капиталының мөлшерін арттыруға және т.б. байланысты операциялар бойынша қажетті жазба жүргізіледі.

5000, 5100, 5200, 5300, 5400, 5500 кіші бөлімдерінің әрбір синтетикалық шоты үшін бағандар арналған, оларға дебет бойынша осы шоттармен корреспонденцияланатын синтетикалық шоттардың кодтары енгізіледі. Айдың аяғында әрбір синтетикалық шот бойынша кредит бойынша айналым есептеледі және «Жиыны» бағанына енгізіледі. Әрбір синтетикалық шот бойынша кредит жөніндегі айналымдардың сомасы («Жиыны» жолы) Бас кітапқа ауыстырылады.

Қосалқы шоттардың бөлінісінде ұйымның жеке меншік капиталының бар-жоғы мен қозғалысының талдамалы есебі жүзеге асырылады.