Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Отегенов Аманбек отчет.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
42.29 Кб
Скачать

Кіріспе

Маман-экономисттер дайындауда қазіргі заманда практикалық деңгейде өту кезінде ең бірінші кезекте ақпарат және персоналмен тығыз жұмыс жасау болып табылады. Соған сәйкес студент маман оқытуда практикалық тәжірибе-маман үшін қажетті біліктілікті ұштасуда таптырмас құрал ретінде қарастыруға болады.

Оқу – тәжірибесі Алматы қаласындағы Жандосов-55 көшесінде орналасқан Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетте өтті. “Мемлекеттік және жергілікті басқару” мамандығының 3-курс студенттеріне арналған оқу-тәжірибесі 1 апта (5-7 маусым) аралығын қамтиды.

Оқу – тәжірибенің мақсаты – оқу барысында алынған теориялық білімді нығайту және мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың басқару органдары деңгейінде талдау жұмысының машықтарын игеру және өндірістік процестің барлық жүйесінің көрінісін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Оқу – тәжірибесінің міндеттері болып келесілер жатады:

  • Ұйым қызметін сипаттайтын ұйымның негізгі функцияларымен танысу;

  • Кафедраың оқу-әдістемелік ғылыми зерттеу жұмыстарын зерделеу;

  • Зерттеу жұмысына деген дағды мен қабілеттілікті дамыту;

  • Ұйым немесе мекеме қызметінің құрылымымен, нысандары, әдістерімен танысу;

Оқу-тәжірибесі туралы есеп төмендегідей бөлімдерден тұрады:

  • Бірінші бөлімде, Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-дің қызмет көрсету бағыттары;

  • Екінші бөлімде ұйымның мақсаты мен міндеті;

  • Үшінші бөлімде басқару құрылымы мен оны жетілдіру бағыттары;

  • Төртінші бөлімде “Экономиканы мемлекеттік реттеу ” кафедрасы қызметкерлерінің функциялары мен қызмет орнына сәйкес міндеттемелері;

  • Бесінші бөлімде ұйымның сыртқы ұйымдармен қарым қатынас жасаудың тәртібі;

  • Алтыншы бөлімде, қазіргі кезде қолданып жүрген шешімдердің орындалуын қадағалайтын бақылау жүйесі;

  • Жетінші бөлімде,

Дамыған инфроқұрылым мен кадрлар әлеуеті бар Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінде білім алушыларды жан-жақты дамытуды басшылыққа алып, халықаралық білім беру кеңістігінде қызметі сапасының деңгейі бойынша көшбасшы болуға ұмтылуда және оған мүмкіншілігі жеткілікті.

Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Қазақстан Республикасындағы экномикалық университеттердің ең негізгі және көшбасшы университеттердің бірі болып саналады. Университетте экономика және басқару саласында сапалы, білімді, білікті кадрларды дайындайды. Оқу бірнеше деңгейден тұрады, колледж, бакалавриат, магистратура, докторантура.

  1. Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-нің қызмет көрсету бағыттары

Қазіргі Қазақ Экономикалық Университеті 1963 жылдың мамыр айында Алматы қаласында халық шаруашылық университеті деген атпен құрылған. Осы жылдары бәріне әйгілі Нархоздың негізі қаланған болатын.

Алғашқы жылдары АХШУ жоспарлы экономика, есептік-экономика және қаржы-несиелік факультеттері күндізгі және сырттай нысанда жұмыс істеді. 1964 жылы 10 мамандық бойынша асперантура бөлімі ашылды. 1973 жылы ЖОО орнында 330 оқытушы, 7 ғылым докоры жұмыс істеді, сонымен қатар 125 адам кондидаттық қорғады. Осы жылдары Целиноград, Ақтөбе, Шымкент қалаларында АХШУ-ң филиалдары құрылды.

1981-1982 жылдары институт 10 мамандық бойынша 10205 студент, 12-111 аспирант білім алды. 540 оқытушы, оның ішінде 16 профессор және ғылым докторлары, 218 доцент пен ғылым кондидаттары, сонымен қатар ҚазССР-ң 2 еңбек сіңірген экономисттері еңбек етті.

1991 жылы Алматы Халық Харуашылық институты Қазақ Мемлекеттік Экономикалық Университеті болып қайта құрылды. Университеттің жаңа статусы аспирантура, магистратура және доторантура секілді білім беру бағдарламаларын дамытуға мүмкіндік берді.

1993 жылы 25 ақпан айында “Қазақ Экономикалық Университетін Қазақ Мемлекеттік Басқару Акадеиясына өзгерту туралы” елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтің жарлығы шықты.

1994 жылдан бастап “Экономика” баспасы ашылып, біздің университеттегі және басқа да көптеген мұғалімдерге өз ғылыми жұмыстарының жарық көруіне мүмкіншілік туғызды. 1996 жылы ғылыми “КазМБА Хабаршысы” деген журналдың ең алғашқы номері жарыққа шықты. Және КазМБА-ның ең алғашқы магистранттары оқуларын тәмамдады. 2000 жылдың 23 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметінің № 775 Қаулысымен Университетке қазақ халқының көрнекті мемлекеттік, саяси, қоғам қайраткері, ең алғашқы Ғалым экономисті Тұрар Рысқұловтың есімі берілді.

2001 жылғы сәуірдегі Үкіметтің қаулысымен Тұрар Рысқұло атындағы Қазақ Экономикалық университеті жабық акционерлік қоғам болып қайта ұйымдастырылды, яғни негізгі акция пакеті мемлекетке тиесілі болды. 2002 жылдың 2- қазанында әйгілі Тұрар Рысқұловтң құрметіні университеттің алдына оның мүсінін жасапқойды және ҚР-ның президенті Н.Ә.Назарбаев университетке келіп, мемлекет басшысы университеттегі Қазақ-Жапон адам ресурстарын дамыту орталығының ашылуына қатысты, оқытушылармен, студенттермен кездесті. 2003 жылы ҚР-ның Ұлттық Банкімен бірігіп, МВА программасы бойынша магистратура ашылды. Мемлекетіміздегі білім және ғылым министрлігінің шешімімен кредиттік технология енгізілді. 2003 жылы әскери кафедра ашылды.

2005 жылы университетке сапа менеджмент жүйесі енгізілген, ол МС ИСО 9001:2000 сай және “Русский регистр” Ассоциациясымен сертификатталып,сонымен қатар халықаралық IQNet жүйе сертификатына сай болды. 2005-жылы ҚазЭУ-де Ресей мемлекетіндегі МГУ университетінің мұғалімдері сабақ беретін халықаралық жобалардың ең негізгісі РУДН ашылып, біздің студенттерге оқу бітірген кезде екі диплом алуға мүмкіншілігі туды. 2006 жылы басқару, экономика және қаржы факультеттеріне тек қазақ, орыс тілдерінде ғана емес, сонымен қатар ағылшын тілінде де оқу бөлімдері ашылды. ҚазЭУ-де 2006 жылдан бастап, жыл сайынғы «Рысқұлов оқулары» атты халықаралық ғылыми форум өтеді. 2011 жылдан бастап халықаралық ғылыми жастар форумына көптеген шет елдің ғылыми зерттеу орталықтарынан ғалымдар мен мамандар қатысады

Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ:

  • Жоғары кәсіби деңгейде дайындалған кадрлар;

  • Арнайы жабдықталған аудиториялар;

  • Компьютерлік кластар;

  • Ресей мемлекеттік кітапханасының ауани оқу залы;

  • Мультимедиялық дәрісхана;

  • Қазіргі заманғы электрондық есептеу және аудиовизуалдық техникалар кешенін қамтиды.

АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Жапония, Германия, Автрия, Венгрия, Чехия, Оңтүстік Корея, Түркия, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан университеттері мен ғылыми білім беру орталықтары ҚазЭУ-дің стратегиялық серіктестіктері болып табылады.

Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Қазақстан Республикасындағы экономикалық университеттердің ең негізгі және көшбасшы университеттердің бірі болып саналады. Бұл университетте экономика және басқару саласында сапалы, білімді, білікті кадрларды даярлайды. Оқыту бірнеше деңгейден тұруы мүмкін: колледж-бакалавриат, магистратура-доктарантура.

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеттің мақсаты – экономика және бизнес саласында үздіксіз білім беру жолымен осы салаларды бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз етіп, олардың талаптарын қанағаттандыру.

Осы бөлімде Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ өзінің мақсатын жүзеге асыру үшін тек студенттер мен мұғалімдер емес, сонымен қатар сапалы кадрларды даярлауға қажетті оның иелігіндегі мүлікі мен құрылысы қарастырылған.

«Тұрар Рысқұлов атындағы КазЭУ» АҚ құрылымына кіреді:

  • Басты ЖОО – Тұрар Рысқұлов атындағы КазЭУ;

  • Еншілес ЖОО – КазУЭФМТ (Астана қ);

  • Халықаралық бизнес-мектеп IBS;

  • ЖОО-ға дейін дайындау орталығы;

  • Экономикалық колледж (Алматы қ);

  • Экономикалық колледждің филиалы (Талғар қ);

  • Білімді дамыту орталығы «Талапты»;

  • Мәдениет және тәрбие орталығы;

-“Экономика” баспасы

-“Еңбек ” шаруашылығы Алматы обл.

-Стадион және спорт кешені

-Тамақтану орталығы “СаМАКС”

-Балхаш және Қапшағай демалу орындарының бір бөліктері

-Жатаханалар кешені

Қазіргі кезде кез келген дамыған мемлекет ең алдымен экономикасының дамуы мен технологиялардың жаңаруынан шет қалмауға тырысады. Сондықтан бұл университет тек экономика саласындағы кадрларды ғана емес сонымен қатар, экономика мен технологияны байланыстыру арқылы жан-жақты білікті кадрларды даярлайды.

Жоғарыда көрсеткендей ҚазЭУ-де 5 фаультет бар. Олар:

  • Экономика және басқару факультеті (Мемлекеттік және жергілікті басқару, Менеджмент, Маркетинг, Экономика, Әлемдік экономика, халықаралық қатынастар, Еңбекті ұйымдастыру және нормалау);

  • Қаржы факультеті (Қаржы);

  • Инженерлік-экономикалық факультет (Экология, ақпараттық жүйелер, Есептеу техникасы мен программалық қамтамасыз ету, Стандарттау, сертификаттау және металлургия);

  • Есеп және статистика факультеті (Есеп және аудит, Бағалау, Статистика мамандықтары);

  • Әлеуметтік қызмет және бизнес факультеті (Кеден ісі, Туризм, Әлеуметтік мәдени сервис, Әлеуметтік жұмыс);

2. Ұйымның мақсаты мен міндеті

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің міндеті: ҚР экономикалық дамуына ықпал ету мақсатында озат отандық және шетел ғалымдары мен практиктерін тарту арқылы көпдеңгейлі экономикалық және қосымша бизнес-білім беру арқылы экономика және басқару саласында қазақ элитасын қалыптастыру. Негізгі міндеттері: -Сапа -Инновациялылық -Тиімділік -Бәсекеге қабілеттілік -Кәсіптілік Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті – көпдеңгейлі жүйе бойынша мемлекеттік білім беру гранттары мен шарт негізінде академиялық, зерттеу және бизнес-бағдарламаларды жүзеге асырушы мемлекетіміздің жетекші экономикалық оқу орны: жоғарғы оқу орнына дейінгі білім – колледж – бакалавриат – магистратура – PhD бағдарламасы бойынша докторантура – қайта даярлау және біліктілікті арттырудың MBA, EMBA, DBA бағдарламалары. Профессорлық-оқытушылық құрамы:

- 600-ден астам оқытушы,

- 60-там астам ғылым докторлары,профессорлар,

- 80-нен астам ғылым кандидаттар, доценттер,

- “Жоғарғы оқу орнының озат оқытушысы” республикалық конкурсы грантының 14иегері. Т.Рысқұлов атындағы КазЭУ-де білім беру сапасының стратегиялық мақсаттары:

- ПОӘК-ін жаңа талаптарға сай дайындау және жарыққа шығару ;

- мамандықтардың жеке оқу пәндерін жүзеге асыру және кафедра оқу пәндерін оқытуды сапасын арттыру;

- ҚазЭУ – ELEX бақылау жүйесін жүзеге асыру, сондай-ақ кафедраның оқу пәндері бойынша білімдерін танымдық бақылауын күшейту;

- оқу жүктемелерін орындаудағы оқытушылар жауапкершілігін арттыру ;

- оқу үрдісіне компьютерлік бақылау жұмыстарын еңгізу және жасау;

- талапкерлермен және мектептерме кәсіптік бағдар беру жұмыстарын дамыту;

- мемлекеттік тілде оқу-әдістемелік құралдарды жасау және басып шығару;

- кафедра пәндері бойынша тесттік материалдарды дайындау және түзету;

- кафедраның оқу пәндерін оқытудың әдістемесін жүзеге асыру;

- кафедраның оқу пәндері бойынша “электронды кітапхананы жасау” және өзге ЖОО-да курстарды оқытудың тәжірибесін тарату.