Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GRE final teoriya.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
245.28 Кб
Скачать
  1. Мемлекеттік реттеу және экономикалық қауіпсіздік (Аяулы сенники 14 кой неге 4 теория жасагансын?)

  2. Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі: критерийлері және индикаторлары

  3. экономикалық қауiпсiздiк – экономиканың орнықты дамуы және оның тәуелді болмауы қамтамасыз етілетін, Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі;

  4. Экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету

  5.       1. Экономикалық қауіпсіздік мыналарды:       1) мемлекет қаржы жүйесінің тұтастығын, тәуелсіздігін және орнықты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті, оның нақты және ықтимал қауіп-қауіптерден қорғалу жай-күйін көздейтін қаржылық қауіпсіздікті;       2) мемлекет тұтынудың және демографиялық өсудiң физиологиялық нормаларын қанағаттандыру үшiн жеткiлiктi болатын сапалы және қауіпсіз азық-түлiк тауарларына халықтың нақты және экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз ете алатын экономиканың, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешеннің қорғалу жай-күйін көздейтін азық-түлік қауіпсіздігін;       3) мемлекет қоғам мен мемлекеттің энергия ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін энергетикалық тәуелсіздік пен экономиканың жылу-энергетикалық, мұнай-газ және атом-энергетикалық кешендерінің орнықты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті олардың нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалу жай-күйін көздейтін энергетикалық қауіпсіздікті;       4) мемлекет автомобиль, темір жол, әуе, теңіз және өзен көлігі түрлерімен тасымалдарда және олармен байланысты қызметтерде экономика мен тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасауды, көлік инфрақұрылымын қалыптастыруды және дамытуды, сондай-ақ транзит әлеуетін орнықты дамыту мен бәсекеге қабілеттілігін қамтуды қамтамасыз етуге қабілетті, нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден экономиканың көлік саласы қорғалуының жай-күйін көздейтін көлік қауіпсіздігін қамтиды.

  6. Маусымның 27-сі күні Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары Қозы-Көрпеш Жаңбыршиннің төрағалық етуімен Экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті. 

  7.  Отырыста экономиканың «қызып кету» үдерістеріне мониторинг жасау және Үкіметтің іс-шаралары туралы мәселелер, Ұлттық Банктің экономиканың кейбір саласындағы «қызып кетуіне» жол бермеу жөніндегі және кедендік-тарифтік саясаттың кейбір мәселелері қаралды. 

  8. Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Виктор Супрун, Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Бейсенғали Тәжияқов, Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының бас сарапшысы Қайырбек Арыстанбековтың баяндамалары тыңдалды.   

  9. Отырыс барысында экономиканың кейбір салаларында «қызып кетуіне» жол бермеу жөнінде мемлекеттік органдардың жеткілікті деңгейде іс-шаралар қабылдағаны, осы бағытта тиімді жұмыс жүргізу мәселелері талқыланды.

  10. Ведомствоаралық комиссия төрағасының орынбасары Қ. Жаңбыршин экономиканың және оның салаларының «қызып кетуіне» жол бермеу экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылатынын атап өтті.

  11.  Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға экономиканың кейбір салаларында «қызып кетуіне» жол бермеу үшін қосымша шаралар қабылдау және оны күшейту, кедендік-тарифтік саясатты жетілдіру туралы тиісті тапсырмалар берілді.

  12. Сыртқы экономикалық қызметте мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету МЕДЕУ ЖАСАМАДЫ

  13. 17.Қр экономиканы қылмыстандыру және экономикалық қауіпсіздік.

  14. Экономикалық қауіпсіздік – бұл экономикалық тәуелсіздік, ұлттық экономиканың тұрақтылығы және өзіндік даму мен прогреске қабілеттілік жағдайындағы қоғамдық қажеттіліктерді тиімді қанағаттандыру. Еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету - кеден органдары қызметкерлерінің басты міндетіне жатады. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының кеден кодексінің 10 бабының 13 тармағына сәйкес, кеден органының негізгі міндеттерінің бірі - кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу болып табылады. Ал, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылық бұл - тұлғаның әрекет немесе әрекетсіздігі арқылы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында және халықаралық келісімдерде көрсетілген тәртіптерді ұстанбау негізінде болатын құқық бұзушылық болып табылады. Жалпы кеден саласында осындай заңсыз әрекеттерді болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының кеден органдарының лауазымды адамдары: Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына, оларды тапсыру тауарлар мен көлiк құралдары туралы кедендік декларацияға, құжаттар мен мәлiметтерге, кедендiк төлемдердi және салықтарды есептеуге және төлеуге қатысты кедендiк бақылау жүргiзедi.

  15. ҚР экономикасын қылмыстандыру мысалы ретінде 2007 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті тарапынан Қазақстан Республикасындағы салық қызметі органдарында коррупциямен күрес Стратегиясын айтуға болады. Аталған Стратегияның мақсаты салық қызметіндегі коррупцияға қарсы тұратын жүйені жетілдіру. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін іске асырылуы тиіс негізгі міндеттің бірі — коррупциялық іс-əрекеттер көрінісін жоюға қатысты шараларды жүзеге асыру.Қазақстан Республикасының коррупциясы1998 жылдың 2-і шілдесінде қабылданған №267-1 “Коррупциямен күрес туралы” Заң арқылы реттеледі. Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес салық органдарының іс-қызметіне қатысты салық төлеушілер мен азаматтардың берген арыз-шағымдары мен өтініштері белгіленген тәртіп бойынша қаралып, қызметтік тексеру жүргізіледі. Осы бағытта белсенді жұмыстар атқарылуда. Салық Басқармасында кадр мәселесіне көңіл бөлінген. Қызметке қабылдар кезде үміткерлер арнайы тексеруден өтіп, өз мойындарына мемлекеттік қызметкерлер үшін Қазақстан Республикасы заңдарында қарастырылған міндеттер мен шектеулерді алады.Экономикалық және жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі ҚР Агенттігі Қазақстан Республикасы Президентіне есеп беруші жеке арнайы құқыққорғау органы болып табылады және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қорғау функцияларын Төраға Қожамжаров Қайрат Пернешұлының жетекшілігімен атқарады. Агенттіктің негізгі мақсаттары:

  16. - мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі, заңдық құқық және кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің, қоғамның және мемлекеттің көзқарастары өкілеттігі аясында қамтамасыз ету;

  17. - экономикалық және қаржы қызметі аясындағы жемқорлық қылмыстарды, қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау, алдын алу, ашу және тергеу;

  18. - экономика саласындағы жемқорлық мен қылмыстармен күрес аясында мемлекеттік саясатқа араласу және іске асыру;

  19. -республикадағы жедел жағдайды сараптау және болжау, қаржы полициясы органдарының кедергілерін талап ететін мәселелер бойынша жедел аңғару шараларын қабылдау;

  20. - экономикалық, қаржы және жемқорлық қылмыстарымен күресу формалары мен әдістерін іске асыру, жедел-іздеу қызметінің тактикасы мен әдісін анықтау.

  1. Түрлі әлеуметтік топтардың экономикалық мүдделері және ЭМР

  1. Алия сен неге толем балансын жазгансын? Вообще списокта жок тема гой ол

  1. ҚР валюталық реттеу жүйесі

  1. Нарыққа өту кезінде Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде өзінің тәуелсіз дамуы кезеңіне валюталық саясат жүргізуі керек.

  2. Қазақстанның алдында шетелдермен дербес валюта қатынастарын құрумен қатар халық щаруашылығын қайта құру, оны нарық рельестеріне түсіру мәселелерін бірге шешу міндеттері тұрды.

  3. Қазақстан 1992 жылдың шілдесінде ХВҚ-ға мүше болып крігеннен бастап өзінің валюта қатынастарын Ямайка валюта жүйесінің құрылымдық қағидалары мен қордың Жарғысына сәйкес қалыптастыруда.

  4. Валюта қатынастарын ұйымдастыру үшін 1993 жылдың 14 сәуірінде «Валюталық реттеу туралы» алғашқы заң қабылданды. Ол кезде Қазақстан сом аймағында болғандықтан шетелдермен жеке валюталық байланыстары жоқтың қасында болатын.

  5. 1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда «Валюталық реттеу туралы» жаңадан заң қабылданды.

  6. Қазақстан Республикасының шетелдермен жүргізілетін валюталық қатынастарының негізгі элементтері республикада қабылданған заңдарда айқындалған.

  7. Қазақстан заңдары бойынша валюталық реттеудің объектісі болып шетел валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар, валюталық құндылықтарды, аффилирленген (тазартылған) алтын мен басқа да бағалы металдарды республикаға әкелу, алып кету және жіберу тәртібін белгілеу болып есептеледі.

  8. Валюталық қатынастардың субъектілері болып «резиденттер» және «резидент еместер» саналады.

  9. Қазақстан заңдарына сәйкес шетел валютасын сатып алу – сату мәмілелері Ұлттық банк валюта операцияларын жүргізуге берген лицензия бойынша өкілетті коммерциялық банктер мен валюталық биржалар арқылы жүреді.

  10. Қазақстан Республикасында валюталық реттеу органы болып Ұлттық банк саналады. Ол:

  11. Шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының аясы мен тәртібін белгілейді, шетел валютасында оепарциялар жүргізуге қажетті шектеулер енгізеді, ондай шектеулерді сыйақы көлеміне енгізеді;

  12. Резиденттердің шетел банктерінде шот ашу шарттарын анықтайды; беру, тіркеу ережелерін белгілеп, валюталық операциялар жүргізуге лицензиялар береді;

  13. Алтын валюта активтерін құрап, солармен операциялар жүргізіледі;

  14. Ұлттық валютаның – теңгенің шетел валютасына шаққандағы бағамын, оның ішінде бухгалтерлік есеп жүргізу, кедендік және салық төлемдері үшін, сондай-ақ шетел валюталарымен және бағалы металдармен жасалатын операциялар бойынша Қазақстан Республикасының теңгесіне нарықты баға белгулеі мақсатында Ұлттық банктің ресми бағамын белгілеу жолымен реттейді;

  15. Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырып, шетелдермен қаржы-валюталық және несие – есеп айырысу қатынастарын жетілдіреді;

  16. Қабылданған мемлекеттік шараларға сәйкес шетелдік және халықаралық ұйымдармен шетел валюталарын тартады.

  17. Қазақстан валюталық бақылауды бақылау органы және олардың агенттері жүргізеді. Валюталық бақылау органы болып Ұлттық банк және Қазақстан Республикасы Үкіметі саналады. Бақылау агенттері болып заң бойынша валюталық бақылау қызметін жүргізетін ұйымдар, атап айтқанда, валюталық операциялар жүргізілетін өкілетті банктер есептеледі.

  18. Валюталық бақылау негізінен мына бағытта жүргізіледі:

  19. Жүргізілетін валюталық операциялардың заңға сәйкестігін анықтау және оған қажетті лицензиялар мен рұқсаттың болуы;

  20. Резиденттердің мемлекет алдындағы шетел валютасы мен міндеттемелерін орындауын тексеру; сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында шетел валютасын сату міндеттемелерінің орындалуын тексеру;

  21. Шетел валютасымен жүргізілген төлемдердің дәлелдігі, валюта операциялар бойынша есеп пен есептесудің толықтығы және объективтілігі тексеріліп, сонымен бірге резиденттер еместердің теңгемен жүргізілген операциялары бойынша бақылау жүргізіледі.

  22. Қорытылай келгенде, валюта қатынастары халықаралық экономикалық, саяси және мәдени қатынастарға қызмет етіп, ол мемлекеттің төлем балансында көрініс табады.

  1. Демографиялық үрдістерді және көші-қонды реттеу

  1. Көші-қон үрдістері бұзушы сипатқа ие болмай, біріктіруші қызмет атқару үшін, белгілі бір мақсатты көздейтін көші-қон саясаты қажет. Көші-қон үрдістерін басқару мәселесі арнайы келісімдерде, сонымен қатар сол мемлекеттер арасындағы көші-қон мәселелері жөніндегі екі жақты келісім жасасу негізінде көрініс табу қажет.

  2. Көші-қон саясатының мақсаты — көші-қон процестерін басқару, тұрақты демографиялық дамуды қамтамасыз ету, еліміздің мемлекеттік қауіпсіздігін нығайту және көшіп-қонушылардың кұқықтарын іске асыру үшін жағдай жасау.

  3. Біздің елімізде көші-қон маңызды роль атқарады. Көші-қон мәні келесі объективті жағдайлар арқылы анықталады: еліміздің ұлан-ғайыр аумағы; әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны мен деңгейінің айтарлықтай кеңістіктік дифференциациясы, сондай-ақ халықтың өмір сүру деңгейі; ТМД-да әлі күнге дейін негізгікөші-қон тасқыны болып табылатын, ауылдан қалаға қарай ағылған қарқынды урбанизация үрдісі.

  4. Демографиялық саясат деп мемлекеттік тұрғыдан қоғамның ең өміршең және бастапқы қажет тіршілігін, атап айтқанда – халықтың өсіп-өнуі мен сақталып дамуын, өлім-жітімі мен көші-қонын және мекен-жайға дұрыс орналасуын қамтамасыз ететін, маңызды аталмыш «бес таған» айналасын реттеуге арналған шара мен іс-әрекеттердің біртұтас жүйесін айтамыз. Бүгінгі күннің аса күрделі мәселелерінің бірі- Қазақстанның өзіндік дербес демографиялық саясаты біздерге не үшіе соншама қажет? Не үшін оған ұлттық қауіпсіздікте бірінші басымдылық беріліп отыр? Себебі, Қазақстан ұлысының негізгі ұлты ретінде қазақ халқының жан-жақты даму бағдарламасын қабылдап, көп ұлтты республикамызда ұлтаралық қатынастарды жақсарту мен сауықтыру мәселесін мемлекеттік саясат деңгейіне көтергенде ғана болашаққа толық сеніммен қарай аламыз. «Қазақстанның дербес демографиялық саясатының өзіндік адал әрі биязы әдіс-әрекеттерді қалыптастыра отырып дамуы болашақта қазақ сияқты өр рухты халқымыздың елдігін нығайтары хақ. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуы тиіс. Біз бұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз»,- деген еді. Ал Қазақстанымыздың ұлттық бәсекелестігін арттыратын ең маңызды фактор – бұл адам ресурсы. Қазақ қашанда мал басын өсіремін деп жүріп, жан санын, яғни, өз санын да өсіру керектігін ұмытпауымыз абзал.

  1. Азық-түліктік қауіпсіздікті реттеу

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]