Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia_auyzsha.docx
Скачиваний:
25
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
95.54 Кб
Скачать

35) Буддизм

Будда діні — б.з.б. 6 ғасырда Будда негізін қалаған философиялық және діни наным. Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болған. Будда діні кезінде Оңтүстік Үндістан жеріндегі Шри Ланкадан бастап солтүстікте Сібірге, батыста Еділ өз. бойына дейін тараған. Будда діні басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша Будда дінін 1 млрд-қа жуық адам ұстанады. Будда діні фәни өмірдің азаптары — ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті — нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек. Ол үшін төрт хақиқатты білу қажет: 1) өмір — азап; 2) азап нәпсіден туады; 3) нәпсіні ауыздықтаса — азаптан құтылады; 4) нәпсіден құтылудың төрт сатысы бар: а) жүректің оянуы; ә) ниет, ақыл, ойды түзету; б) мінез-құлықты түзету; в) адамға ғана емес, бүкіл жан иелеріне деген рақымшылыққа, махаббатқа жету (аїимса — адамға, тіршілік иесіне жамандық жасамау, соның бір көрінісі). Аїимсаны жүзеге асыру үшін Будда Веданы жоққа шығарды. Себебі Веда уағызы бойынша құрбандық шалу дәстүрінен мал көп сойылушы еді. Веда ілімі бойынша жан иесі үш болмыстан тұрады: жан, әркімнің өзіндік қасиетін құрайтын нәзік болмыс және тән. Ал Будда осының соңғы екеуін ғана мойындап, жанды және оның мәңгілік екендігін жоққа шығарды. “Егер адам өлгеннен кейін нәзік болмысы әлемдік болмыспен араласатындай болып жетілсе, ол бұл өмірде қайта тумай, туу — өлу айналымынан (самскара) құтылады, яғни, фәни өмірдің азабынан құтылады” деді. Мұны “шуньявади” (бос кеңістік, яғни, өлгеннен кейін ештеңе жоқ) философиясы деп атайды. Будда діні өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу — өлу айналымынан құтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б.з.б. 5 ғ. — б.з. басы); екінші, бодхисаттва — құтқарушы көмегімен құтылу; үшінші, махаяна (б.з. 5 ғ-ына дейін) кезі. Махаяна негізінде будда (көкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (5 ғ-дан кейін). Ол ваджраяна деп те аталды.

Тұңғыш әлемдік дін – будда діні б.д. дейінгі VI ғасырда көне Үндістанда пайда болды. Қазіргі уақытқа дейін ол Оңтүстік, Шығыс-Оңтүстік, Шығыс және Орталық Азияға кеңінен таралды. Будда дінін ұстанатындардың бір бөлігі Еуропада, Солтүстік және Оңтүстік америкада өміР сүреді.

Буддизмнің Қазақстанға келуінің жаңа толқыны XVI-XVIII ғғ. жоңғар шапқыншылықтарымен байланысты болды. Сол кезеңдегі будда ғибадатханаларының Жетісу, Балқаш және Орталық Қазақстан далаларында сақталған қалдықтары табылған. XIX ғ. бас кезінде Медеу шатқалында будда ғибадатханасы тұрғызылғаны белгілі.

36) Конфуций философиясы

Өзінің филосoфиялық ұстанымдарын алғаш ұсынғандардың бірі Конфуций (б.з.б. 6 – 5 ғ.) негізін қалаған конфуцийшілдік ілімі Хань дәуірінде негізгі идеологияға, біртұтас жүйеге айналды. Буддизм мен даосизмнің қоғамдық рөлдерінің өсуі конфуцийшілдік ілімнің доктриналарын жаңа тұрғыдан қарастырып, оның рөлін арттыруға себеп болды. Конфуцийден кейін оның шәкірттері ұстазының этикалық, әлеуметтік, онтолагиялық-гносеолды түсініктерін дамытты. Бір-біріне қарама-қарсы ілімді Мэн-цзы мен Сюнь-цзы ұсынды. Мэн-цзының пікірінше, адамның табиғаты о бастан қайырымды; адамгершілік, ақылдылық, данышпандық, әділеттілік адамға дене мүшелері сияқты берілген. Сюнь-цзының ойынша, адам табиғатынан – зұлым, яғни адам туғаннан бастап пайда табуға, тән рақатына ғана талпынады, ал жақсы қасиеттер адам бойына оқудың, тәрбиенің арқасында ғана сіңеді. Мэн-цзы «адамгершілікпен басқару» («жэнь чжэн») теориясын жасаса, Сюнь-цзы басқарушыны тамырмен, халықты жапырақпен салыстырып, басшының мақсаты өз халқын бағынышта ұстауда деп есептеген. Конфуций ілімінің негіздерін, әсіресе әлеуметтік сатылаудың мызғымастығы жөніндегі теориясын қатал сынға алған Мо-цзы (б.з.б. 5 ғ.) болды. Ол дүниедегі бақытсыздық пен тәртіпсіздіктің бәрі адамдар арасында мейірімсіздіктен туады, «баршаның мейірбандылығы» принципі адамдарды теңдікке жеткізіп, қоғамда әділеттілік орнатады деп уағыздады. Мо-цзы басқыншылыққа, соғысқа қарсы шығып, дәстүрге айналған «Тәңір құдіретіне» сенуді жоққа шығарды, мемлекет басқару орындарына адамның ата-тегіне қарамай, оның іскерлігіне, даналығына байланысты тағайындаған дұрыс деп санады. Ол қарапайым халықты ақсүйектермен теңестіруге тырысып, өкімет пен халықты бірлікке, ортақ мүддеге шақырды. Қытайда даосизм стихиялы материализм сипатында қалыптасты. Бұл ілім «Дао дэ цзин», «Чжуан-цзы» атты кітаптарда баяндалған. Даосизм бүкіл табиғатқа тән объективті жалпы заңдылық «дао» («жол») бар деп дәлелдейді. Даосизмнің негізін қалаушылар Дао-цзы және Чжан-цзы адамның іс-әрекетіне шек қоятын заңдар мен ережелерге (Конфуцийдің моральдық ережелері) қарсы шығады. Даосизм идеяларымен толықтырылған конфуцийшілдік б.з.б. 136 жылдан 1912 жылға дейін Қытайда ресми идеология болып, қытай халқының мәдени-рухани өмірінің өзегіне айналды. Б.з.б. 1 ғасырда Қытайда буддизм діні таралып, төрт ғасыр аралығында толығымен енді. Бастапқыда буддизм қытайлық филосафия дәстүрлердің қарсылығына кездесті. Буддизмді уағыздаушылар өздерінің қарсыластарымен пікірталас кезінде буддизм ұстанымдарын емес, қытайлық рухани дәстүрдің буддизмдік дәстүрлермен сәйкестігін сөз етті. Олар өз тұжырымдарының дұрыстығын дәлелдеу үшін Лао-цзы, Конфуций, Чжау-цзыға жүгінді. Яғни, қытай философиясын буддизм тұрғысынан талдады. Буддизм даосизм философиясының табиғилық, әрекетсіздік, барлық заттардың теңдігі туралы идеяларын қабылдап, өз ілімін жетілдірді. Конфуцийшілдік пен даосизм буддизмге қарсы тұрғанымен, оның кейбір элементтерін бойына сіңірді. Даосизм буддизмнің салт-жоралары мен әдет-ғұрпын қабылдауының нәтижесінде соңынан балгерлік пен сәуегейліктің бір түріне айналып, философиялық ағым ретінде мәнін жоғалтты (3 ғ.). Конфуцийшілдіктің буддизм философиясының идеалистік-рационалистік рухын бойына сіңіруі нәтижесінде неоконфуцийшілдік пайда болды (12 ғ.). Неоконфуцийшілдік ілімінің тууына Ван Тун, Хань Юй, Ли Ао идеялары себепкер болды. Бұл ілім алдына негізгі 2 міндетті қойды: конфуцийшілдік ілімді қалпына келтіру және буддизм мен даосизм көтерген мәселелерді нумерологияның методологияның көмегімен шешу. Бұл мәселені бірінші болып шешуге тырысқан Чжоу Дуньидің идеялары жүз жылдан соң Чжу Си шығарм-нда шешімін тапты. Чжу Си ілімі 20 ғасырдың басына дейін конфуцийшілдік ілімді түсіндірудің негізі болды. Кейін оның ізбасарлары дамытқан конфуцийшілдік ілімі жаңадан пайда болған мемлекет басқарудың бюрократиялық түрінің ерекше құқықтарына теория негіз болып, мемлкет ресми идеологияға айналды. 17 – 18 ғасырлар философиясы Конфуций мен Мэн-цзының «киелі кітаптарына» түсіндірмелер жазумен шұғылданып, Чжу Си мен Чжан Цза немесе Ван Чуань-шань идеялары төңірегінде дамыды. 19 ғасырда Қытайда әлеуметтік реформа мен ағартушылықтың саяси идеологиясы пайда болды. Қытай реформаторлары (Кан Ю-вэй, Лян Ци-чао, Тань Си-тун) абсолюттік монархияны конституциялық монархиямен ауыстыруды талап етті. Олар мемлекет пен халық арасында жарасымды қатынасты орнату тұжырымдамасын ұсынды. Қоғамдық құрылысты революциялық жолмен өзгертуге қарсы шығып, халықты конфуцийшілдік этика нормаларында тәрбиелеуді қуаттады. 20 ғасырда Қытайда саяси филосафия мен әлеуметтік теориялар (ағылшын философы Г.Спенсердің позитивтік эволюционистік идеялары) кең өріс алды. ҚХР-дың құрылуымен Қытай философиясында бірден бір теория негіз – марксизм ілімі, диалект. және тарихи материализм тарала бастады.

37.Көне Қытай философиясының негізгі мектептерінің бірі даосизм болып табылады. Даосизм (қыт.道教, dàojiào) - атақты ойшыл Лао Цзыидеяларына негізделіп құрылған ежелгіҚытайфилософиялықжәне діни дәстүрі (тікелей аудармасы«жол мектебі»), Даосизм - табиғат күштерін мойындаудың және онымен үйлесімділікте болудың маңыздылығын қолдайтынтеория.Даосизм - байырғы Қытайфилософиясындағынегізгі бір бағыт. Б.з.д. 4-3 ғасырда пайда болған. Даосизмнің негізгі идеялары «Лао-цзы» және «Чжуан-цзы»трактаттардаберілген. «Чжуан-цзыда» конфуцийшілікке қас идеялар айтылып,табиғатқоғамға карсы қойылады. Адам өзін қоршаған міндеттерден босанып, табиғатқа жақын тұрмысқа қайтса, Дао(әлемніңтүпкі негізі, сезімге қонбас сырды, тіршіліктің бүтіндігі) жолына келеді деген ой-пікірді білдіреді. Осынымен бірге Даосизмдегі табиғатты зерттеуге шақырғанидеяларҚытайда алғашқыілімитүсініктердің және ойлап табулардың шығуына көмекші болады. «Лао-цзыда» дао түсінігі әлемнің маңызы және жаратылыс себебі деген мағына береді. Адам күрес пен қалаулардан бас тартып, өзі менен өзі болып, саяси істерге қатыспау, өкімет елдің тұрмысына зиян келтірмеуі керек деген көзқарастар айтылады. Дао – дұрыс жол, космостық және адамгершіліктік заң, Қытай фило-софиясының басты категориясы, ол басқа категориялардың бәрін қамтиды. Дао өзінен өзі дамитын универсумнің жоғарғы принципі, барлық бар нәрселердің алғашқы бастауы, дүниенің генетикалық бірлігі ретінде түсіндіріледі: бәрі одан туындайды және бәрі оған қайта оралады. Сонымен қатар, дао – универсалдық заңдылық: Көктің өзі дао заңдарына ба-ғынады, яғни, адам Жер мен Көк заңдары арқылы дао жолымен жүреді, адамның өмірлік мақсат-міндеті – даоны игеру, яғни, дұрыс өмір сүру. Даосизм-әлемнің құрылуымен адам, табиғат, ғаламның үйлесімді түрде жүріп өту жолына жетуді түсіндіруге ұмтылған философиялық ілім. Негізін салушы Лао цзы (б.д.д. 6-5ғ.ғ.). Негізгі еңбегі «Дао дэ цзин». Даосизмнің негізгі ұғымдары «Дао» және «Дэ». «Дао»-өзінің даму сатысында адамның табиғаттың, әлемдік заңдылықтың жүріп өту керек деп саналатын жол. Екінші мағынасы бойынша «дао»- бүкіл әлемнің жаратылуына себепкер алғашқы бастама, энергетикалық бос кеңістік. «Дэ»-бәрінен жоғары, алғашқы бастама- «Даоның» бүкіл әлемге айналуына себепкер болған энергия. Дао-аспанның, аспан-жердің, жер-адамның бастамасы. «Адам жер заңдылығымен, жер аспан заңдылығымен, аспан даоның, ал дао -өз заңдылығымен жүреді». Дао ілімі бойынша болмыстың бастамасы Ци деп есептелген. Ци космологиялық мәні бойынша әлемнің субстанциясы, ол Хаосты құраушы. Ци ұғымынан келіп, екі қарама-қарсы күш пайда болады. Олар Инь мен Ян. Осы екі күштің бірігуінен кейін, бес элемент құрастырылады; от, жер, металл, су, ағаш. Барлық тіршілік, әлем осы элементтерден пайда болған. Дао ілімі бойынша өмір сүргіңіз келсе, «У-вей» қағидасын ұстаныңыз. «У-вей»-заттар мен болып жатқан құбылыстарды өз мәнінде қабылдау, салқынқандылық таныту. Білім-барлық адамға беріле беретін құбылыс емес, ол тек ерекше данышпан адамдарға ған тән. Білім-үндемеу. «Үндемеген адам-білімді, сөйлеген адам-білімсіз адам».

38. Жайнизм - көне үнді философиясының Веда әдебиетіне сүйенбей дамыған ағымы. Ол б.з.б IX-VI ғасырлардан бастау алады. Бұл ағым өзгелерге қысым көрсетпеуді басшылыққа алады. Джайнизм философиясының негізінде - татва яғни мән туралы ілім жатыр. Татва - дүние құрылатын бастапқы құрылыс материалы сонымен бірге білімнің негізі құрылатын ақиқат. Оның негізін қалаушы — Махавира (Вардамана) болды. Бұл сектаның жолына түсушілер кармадан азат болудың басты құралы ретінде — аскетизмді насихаттады. Нағыз джайнистердің фанатизмінде шек болмады. Олар бұл өмірдің барлық рахатынан саналы түрде бас тартты, басқаны былай қойғанда, олар өмірлерінің соңғы сәттерінде тамақтанудан да бас тартты. Джайнизм брахманизммен ымыраға келудің арқасында осы уақытқа дейін Үнді мемлекетінің қоғамдық-саяси өмірінде өз ықпалын сақтап отыр. Махавираның жолына түскендер негізінен саудагерлер болды.

39. Гегель диалектикасының заңдары. Гегельдің 3 негізгі диалектика заңы бар.

1. Сандық қатынастардың сапалық қатынасқа ауысуы; Тұрмыста бұл жағдай қарама-қайшылықтан құрылған адам өмірінде жиі байқалады. Әрбір адамда жақсы және жаман қасиеттері болады. Бір жағдайларда адам адамгершілігін сақтап, кейбіреулерінде өзгертуі мүмкін. Қоғам адамды үнемі өзгертіп отырады, яғни адам мінезі өзгеріп отырады.

2.Даму бағыты заңы(жоққа шығаруды жоққа шығару). Жоққа шығару- берілген обьектіден соң, оны түгелімен құрытатын зат. Диалектикалық жоққа шығару-1-ші обьектіден бірдене сақталады- обьектінің баяндалуы,алайда ол басқа сапада болады. Су - мұз, Тарыны үгу-түгелімен жоққа шығару, тарыны егу- диалектикалық жоққа шығару.

3 қарама-қарсылардың ынтымақтастық және күресі заңы. Форма мен оның мазмұнының арасындағы қайшылық , мүмкіндік пен шындық арасындағы қайшылық. Дамудың себебі- қарама-қарсылардың ынтымақтастық және күрес заңы. Барлық қайшылықтар бір-бірімен күреседі. Мысалы, Маркс Гегельдің идеалистік диалектикасын жоққа шығарған. Алайда, Маркс диалектикасы Гегельдің диалектикасынсыз дүниеге келмес еді.

40.Сана мәселесі философиядағы басты және күрделі, түсіндіруге қиын мәселелердің бірі, себебі сананы керу, өлшеу, сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, бірақ сана адамның жануарлар дүниесінен ерек-шелігін көрсететін факторлардың бірі. Сана ерекше түрде ұйымдасқан материяға – адам миына ғана тән қасиет.. Қогамдық сана – қоғамның өзін-өзі, өзінің қоғамдық болмысын және қоршаған ортаны түйсінуінің (осознание) нәтижесінде пайда болатын қогамдағы әр түрлі пікірлердің, теориялардың, идеялардың, діни сенімдердің жиынтыгы. Қоғамдық санамен бирге әр адамның жеке санасы болады. Жеке сана қоғамдық сананың бөлігі, оның құрамында қоғамдык сананың элементтері ылғи да болады. Адам өмірге келгенде қоғамда өзіне дейін қалыптасқан өндірістік қатынастарға, қоғамның экономикалық негізіне ғана емес, рухани мәдениет пен мәдени құндылықтар дүниесіне қадам жасайды.

41 Сана және өзіндік сана туралы айтқанда саналылық аспектісін міндетті түрде қарастыру қажет. Саналылық – адамның өз қылықтарының қоғамдық салдарларын, қоғам алдындағы парызын түсінуі. Саналылық тұлғаның іс-әрекеттерінің адамгершіліктік-психологиялық сипаттамасы болып табылады, адамның өзінің мүмкіндіктері мен мақсаттарын көре білу қабілетіне негізделеді және ол жаны сау тұлғаның қасиеті. Эстетикалық сана – адам өзі өмір сүріп отырған шындықтың құбы-лыстарын әсемдік пен ұсқынсыздық, трагикалық және комикалық тұрғы-сынан бейнелейтін эстетикалық түсініктер жиынтығы. Эстетикалық сананың құрылымына заттар мен құбылыстардың эсте-тикалық құндылығын, сонымен қатар, адамның эстетикалық практикасын: адам жасаған заттардың, табиғат құбылыстарының, адамдардың арасындағы қатынастардың әдемілігін ұсқынсыздық және әсемдік, аскақтық және төмендік, трагикалық және комикалық тұрғысынан бейнелейтін көзқарастар, сезімдер, талғамдар, пікірілер. түсініктер. теориялар және идеалдар кіреді. Эстетикалық сана психологиялық (сезімдер, талғамдар) және теориялық-идеологиялық (идеялар, теориялар) деңгейден тұрады. Екінші деңгей біріншісінен жоғары және оны эстетика ғылымы зерттейді. Қоршаған шындыққа эстетикалық қатынас немесе эстетикалық сана практикалық қызметте ғана емес, ерекше сала – өнерде көрініс табады. Өнердің қоршаған дүниені бейнелеу екені сезсіз. Бірақ онер туындыларында елестетудің жасампаз күші ерекше байқалады. Осы ерекшелік туралы Кант: «Біз материалды табиғаттан алғанымызбен, бұл материал мүлдем басқа нәрсеге, атап айтқанда, табиғаттан асып кететін нәрсеге өңделуі мүмкін», – деген болатын. Өнердің функциялары: 1) танымдық – өнер туындыларының көмегімен адам өрісін кеңейтеді, дүние, табиғат, адам туралы білімін толықтырады. 2) тәрбиелік – эстетикалық идеал арқылы өнер адамның жан дүниссіне, мінез-құлқына, түсініктеріне зор ықпалын тигізеді. 3) эстетикалық – өнер эстетикалық талғам қалыптастырады, адамның шығармашылық рухын, шығармашылық бастауын оятады. 4) гедоникалық – өнер туындылары адамға ләззат береді. Өнер тұлғалық сипатқа ие, оны жасайтын да, қабылдайтын да, қолда- натын да тұлға, сондықтан енер туындысының мазмұны, оны түсініп-бағалау деңгейі тұлғаның ерекшеліктерін бейнелейді. Өнер қоғамды сананың басқа формаларымен, әсіресе саясатпен тығыз байланысты. Бірақ нағыз өнер саясаттан жоғары түруы тиіс, ал өнер саяси тапсырмаларды орындаушыға айналғанда, өзіндік құндылығын жоғалтады. Тақырыпты қорытындыласақ, онтология – философияның күрделі де маңызды салаларының бірі. Болмыс, материя, қозгалыс, сана, қогамдық сана мәселелері философияның классикалық мәселелері болып табылады. Оларды зерттеу көне заманнан бастап, қазіргі күнге дейін жалгасып келеді және бұл багыттагы ізденістердің өзектілігі зор деуге болады.

42. Сана — ой елегінен өткен білім, болып жатқан оқиғаларды ой елегі арқылы қабылдау деуге болады. Мұны басқаша айтқанда: бұл — өз жағдайыңды түсіну, өз қимылыңды басқара білу, сондай-ақ өз сезімдерің мен ойларыңды бақылау. Қоғамдық сананың бірнеше формалары бар. Олар: саяси сана,құқылық сана, моральдық сана, .эстетикалық сана, діни және атеистік сана.

Дін объективті ақиқатты адам ойында түбегейлі өзгертіп, қиялишылдық түрде бейнелейді. Діни қағидаларға қарағанда, дүниедегі кез келген құбылыстың тікелей тірегі, қозғаушысы- ол өмірден тыс тұрған жәнее жаратушы күш. Қандай діннің болса да басты мақсаты – адамды құдіреттің күшіне иландыру. Олай болса, дін дегеніміз – жаратылыстан тыс тұрған Құдірет, періште, жын шайтан, ана дүниенің бар екеніне, жанның мөңгі өлмейтіндігіне сену. Дін мен идеализм арасында тығыз байланыс бар. Идеалистік философия ғылымға ұқсаса болып жасалған, өте нәзік дінге жатады. Діндердің ең жоғарға сатысы – таптық қоғамдарда пайда болып, содан бері келе жатқан монотеистік сенім. Оған жататындар – будизм, ислам, христиан, иудайзм.

Діннің пайда болуы ертедегі қауымдық адамдардың дүниетаным қабілетінің өте төмен болып, табмғм құбылыстардың сырын түсіне алмай, түрлі жағдайлардың себептерін күш-құдіретке балағанын көрсетеді. Сол кездегі Күнді жаратушы деп түсінген тайпалар дінін монотеизмнің бастамасы деуге де болады. Діннің гносеологиялық түп тамырлары да бар. Оның әлеуметтік түп негізіне адамдардың таптық-антагонистік қоғамдарда теркінен айырылып, өбден езіліп біткені жатады. Сондақтан сол езілгендер бұл дүниеден әделеттік таба алмаған соң, теңсіздіктен көзі ашылмағандықтан, олар о дүниеге, белгісіз күшке сеніп, соған сүйеніп, содан қуат тірек күтетін болған. Езілгендердің бұл арманын үстеп таптар өз мүдделеріне пайдаланған. Дінді езілгендердің рухани-арман тірегінен езушілердің үстемдік, жай адамдарды тізгіндеп иландыру құралына айналдырған. Ал діннің гносиологиялық түп тамырында дүниені білудің, танудың, қиын қайшылықтарға толы екендігі жатыр. Діннің тууына дүниенің тану қиындығы, табиғаттың көптеген құбылыстарының құпиясын аша білмеу себепші болған.

Дінде апологетика басым, танымдық жағы жоқтың қасында. Дін тек илану, сенуді қажет етеді. Сондықтан ол дүниені өзгертуге, дамытуғаәсер ете алмайды. Бірақ ол ғылыми техникалық прогресске сәйкес ұдайы бейімделіп, өзгеріп отырады. «Құдай» тдеген ұғымның өзі дінде түрліше түсіндіріледі. Кейде ол адам тәрізді ұғандарылатын болса, енді бірдеол бүкіл әлем ғалам тәрізді, белгілі заңдылықтар сияқты уағыздалады. Оны Гегель болмыстың саналылығы деп те тұжырымдаған болатын. Дінді бекерге шығаруды атеизм дейді.

43. Құқықтық сана дегеніміз, адамдардың қолданылып жүрген және тілек ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен мақсатардың жиынтығы. Мысалы, азаматтардың жаңа заңға мақұлдау немесе жақтырмау, нормативтік құқықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау және т.б. түріндегі әсері. 

Құқықтық сана – қоғамдық сананың бiр түрi. Саяси жане моральдық санамен тығыз байланысты. Мазмұны жағынан тиiстi мемлекетте қолданылып отырған құқық нормалары, заңдық пен құқықтық тәртiбi қылмыс және оны жазалау. қоғам мүшелерiнiң құқықтары мен көзқарастары жатады. Антогонистiк қоғамда таптардың өзiне тән құқықтық санасы болады. оның мазмұны әр таптың қоғамның экономикалық, саяси, мәдени өмiрiнде алатын орнына байланысты. Құқықтық сана – адамдардың мемлекет тағайындаған заң ережелері мен заң мекемелерінің жиынтығы болып табылатын нақты құқыққа деген қатынастарын білдіретін көзқарастарының, идеяларының, теориялары мен түсініктерінің жиынтығы. Құқықтық сананың да екі деңгейі бар:

1) практикалық құқықтық сана – адамдардың құқықты практикалық қолдануы, қоғамда қабылданған нормативтік актілерге қатысты қылықтары, сыртқы іс-әрекеттері. Ол мынадай компоненттерден тұрады: құқықтық сезімдер, құқықтық дағдылар және әдеттер, құқықтық білімдер. Құқықтық сезімдер субъективті, оларды заң ережелеріне адамның реакциясы деуге болады. Мысалы, әділеттілік сезімі, еркіндік сезімі, немесе ашуыза Құқықтық дағдылар – адамның заң талап ететін сыртқы әрекеттер жасай білуі, бұл әрекеттердің оның бойында тұрақты қалыптасуы (Мысалы, шығынды етеу, келісім-шарт жасау, тиесілі нәрсені ала білу және т.б.). Мұндай дағдылар индивидтің өмірін, қызметін жеңілдетеді. Құқықтық әдеттер – құқықтық нормаларды сақтауға деген индивидтің ішкі қажеттілігі. Құқықтық білімдер – құқық саласы бойынша субъектіні түсініктерінің, пікірлерінің, бағдары мен ұстанымдарының жиынтығы. Осы аталған компоненттер адамның құқықтық мәдениетін қалыптастырады. 2) Теориялық құқықтық сана – құқықты, оның шекаралары мен нор-мативтерінің шекараларын түсінуге, құқыққа қатынас тәсілдері мен құрал-дарын анықтауға және құқықтық білімді жетілдірдіруге арналған ой қызметі процесі мен оның жемісі. Мұндай ой қызметінің міндеті – құқықтық сананы өзгерту, оның құқықтық нормативтерге мүмкіндігінше көбірек сәйкес болуына жету. Бұл қызметті арнайы құқықтық білімі бар адамдар атқарады, олар заң ғылымын кәсіби дамытып, заңдар дайындайды, ғылым-практикалық ұсыныстар жасайды,қатынастарды реттеп отырды.

44) 18 ғ. француз материализмітабиғатқоғамадам. (Д. Дидро, Ф. Вольтер, Ж.Ж. Руссо). 17-18 ғғ. басында Англияда, одан соң Францияда, кейін Германияда феодалдық қоғам идиологиясына қарсы, адмның ақыл ой бостандығы үшін күресте ағартушылық деп аталатын кең ауқымды ағым пайда болды. Оған Д.Ж.Локк пен басқа да материалистердің философиясы үлкен әсер етті. Ағылшын ағартушысы Д.Ж.Толанд (1670-1722), француз ағартушылары Гассенди (1592-1655), Монтескье (1689-1755), Вольтер (1694-1778), Руссо(1712-1778), неміс ағартушылары Х. Вольф (1679-1754), Лессинг(1729-1781), Гете (1748-1832) және т.б. діни сенімге шек қойып, ақыл ойдың табиғи дамуына жол ашу үшін күресті. Француз ағартушыларының философиясы біртектес емес, онда материалистік және атейістік бағыттармен қатар идиалистік ағымдар да болды, олардың теориялық негізі де әр текті. Француз ағартушыларының кейбіреулерінің өздері атақты ғалым болды. Француз ағартушылары сондай ақ озат философиялық ой пікірдің өзіндік ұлттық дәстүріне де сүйенді. Француздардың сол кезеңдегі идеялық өміріне Вольтер Кондильяк ерекше зор әсерін тигізді. Олар шіркеу мен дінге қарсы батыл күресіп, адамның рухани бостандығын талап етті. Француз ағартушыларының аса беделді қайраткерлерінің бірі Ж.Ж.Руссо. Оның философиялық толғаныстарының негізгі тақырыбы сол кездегі қоғамдағы адамның тағдры еді. Руссо адамдар арасындағы әлеуметтікк теңсіздікті жою үшін бостандық пен теңдік қажет деп дәлелдеді.

Француз материалистері материализмнің механистік формасын дамытты, бірақ олардың кейбіреулерінің көзқарасынан, мәселен, Дидроның организмнің дамуы жайындағы пікірлерінен, диалектиканың элементері де байқалды. Бұл ілім бойынша табиғат, материя бүкіл дүниенің себебі. Ол өздігінше өмір сүріп әрекет етеді. Мәселен егер Декарт материаны қозғалысқа келтіретін құдай деп түсінген болса, Гольбах табиғат өзінен өзі қозғалысқа келеді, материяның қозғалысы мәңгі, өйткені ол материяның өмір сүруінің д.есептеді. Сөйтіп, Лебництің идиализіміне және Декарттың дуализміне қарсы күресе отырып, француз материалистері танымның сезімдік және логикалық формаларының бірлігін дәлелдеді. Олар дінге халықты қанау езудің рухани құралы деп қарады. Адамдарды дін мен жоққа сенушіліктен арылтудың жолы ағарту ісі деп білді. Бұл жерде олар атеизм принц.і және қоғамды революциялық жолмен қайта құру қажеттігін түсінуге жуықтап келеді: егер адам, оның жеке басының сапалары қоршаған ортаға байланысты болса, онда оның кемшіліктері де сол ортаның әсерінен болғаны. Сондықтан адамның кемшіліктерін жойып, оны өзгерту үшін қоршаған ортаны және ең алдымен қоғамдық ортаны қайта құру қажет.

Қысқарта айтқанда, 18 ғ. француз материализімінің орасан зор таирихи маңызы оның дін мен идиализмге қарсы күресінде, дүниеге материалистік көзқарасты қорғап, одан әрі дамыта түсуінде болды. Сонымен қатар, оның кемшіліктері де бар. Француз материализмі, жалпы алғанда, механистік және метафизикалық сипатта болды, таным процессінің диаликтикалық ұғымына жете алмады, қоғам өмірі мен адам жайындағы көзқараста идиалистік, ағартушылылық түсінік шеңберінен шыға алмады.

45. Аксиология - (грек, axios — құңды, logos — ілім) — құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Аксиологияның негізгі мәселесі — "Игілік деген не?" деген сұрақты алғашқы болып Сократ қойған.. Аксиология әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін, мәдени құндылықтардың қалыптасуын, нақтылы даму тектерін және бағдарларын айқындайтын білімдердің нақтылы-тарихи жүйесі ретінде көрініс тапты. Сонымен бірге Аксиология әлеуметтік-мәдени талдаудың маңызды құралына жатады. Аксиологиялық зерттеудің маңызды жақтарына психоанализ, құндылықтар сұхбаты, т.б. жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]