Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі.doc
Скачиваний:
1333
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
675.84 Кб
Скачать

Өсімдіктердің тіршілік формалары

Адамзат дамуының алғашқы дәурінде адамның негізгі қорегі өсімдік болды. Ертедегі египеттіктерге алоэ, қараған, зығыр, лотос, жалбыз, тал, арша, т.б. өсімдіктердің емдік, шипалық қасиеттерінің болғанын жазба деректер дәлелдейді. Бұдан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдікті пайдалана білген. Қытайда дәрілік өсімдіктер жөнінде алғашқы кітап бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған. Орта ғасыр ғалымы Парацельс ерте заманнан келе жатқан ілім бойынша «емдік өсімдіктің пішіні, түсі, дәмі мен иісі аурудың сипатына сай келуі тиіс» дейді. Қазақ халқының емшілік салтында шипалы өсімдіктерді пайдалану ежелден бар дәстүр. Халық емшілері бұл жөнінде көптеген тәжірибелер жинаған. Мысалы, қазақтардың қылшадан дәрі жасауына сүйеніп, 1924 жылы П.С. Моссагетов Қазақстанда өсетін қырықбуын қылшасының шипалы қасиетін ашқан. Қазақстанда өсетін тағы да бір шипалы шөп – мақсыр, немесе марал тамыр (рапотник). Кейінгі жылдары дәрілік өсімдіктер қатарынан жусан, мыңжапырақ (тысячелистник)-биіктігі 30-70 см-дей көп жылдық шөптесін өсімдік. Халық медицинасында дәрілік өсімдіктердің ішінде женьшень сияқты адам организміне әл, күш беретін дәрілік өсімдіктер жиі кездеседі.

Тапсырмалар.

  1. Мәтін бойынша сөздерді теріп жазып, сөздік құрастырыңыз.

  2. Мәтінді оқып аударып, түсінгендеріңіз туралы әңгімелеңіз.

  3. Емдік, шипалық, дәрілік, өсімдік өздерін аударып, сөйлем құрастырыңыз.

  4. Мәтінен септік, тәуелдік жалғауларын тауып, мысалдар келтіріңіз.

  5. Адамзат дамуының алғашқы дәурінде адамның негізгі қорегі өсімдік болды. Берілген сөйлемге морологиялық талдау жасаңыз.

Қазақстанның «қызыл кітабы»

«Қызыл кітап» деген сөз 1966 жылы Табиғат және табиғат ресурстарын Қорғаудың Халықаралық Одағының түрлерді сақтап қалу туралы Комисиясы дүниежүзінде жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлері енгізілген «Фактілердің Қызыл Кітабын» дайындап шығарғанда пайда болды.

Қазақстанда «Қызыл кітап» Республика Үкіметінің 1978 жылдың 16 қантарындағы қаулысы бойынша бекітілді. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі 1979 жылы қаңтар айында жарық көрді. Бұл кітапқа омыртқалы жануарлардың 87 түрі мен түршелері, оның ішінде: сүтқоректілер – 37, құстар – 43, бауырымен жорғалаушылар – 8, қосмекенділер – 1 және балықтардың 4 түрі тіркелді. 1981 жылы Республика Қызыл кітабының екінші бөлімі жарық көрді.

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы – республика территориясында кездесетін сирек, саны азайып немесе жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер түрлері туралы оларды ғылыми зерттеу, қорғау, қалпына келтіру және тиімді пайдалану туралы толық мәліметтер бар – негізгі құжат. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына тіркелген жануарлар мен өсімдіктер түрлері еліміздің барлық территориясында ерекше қорғауды қажет етеді; бұл түрлерді ұстауға (жинауға) қатаң тыйым салынған.

Қоқиқаз (Фламинго). Саны кеміп келе жатқан, республикамыздың түрлі аудандарында ұялайтын қоқиқаздың Евразияның ең солтүстігіндегі ұялайтын қонысы болып табылады. Бұл құстың тобындағы саны жылма – жыл 5 мыңнан 50 мыңға дейін ауытқып отырады. Су қоймаларының гидрологиялық жағдайының бұзылуы және ұялайтын уақытта құстар жиналған жерде адамдардың болуы қоқиқаз үшін аса қауіпті.

Тапсырмалар.

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Мәтіннен таныс емес жаңа сөздерді, сөз тіркестерін аударыңыз.

3. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, қосымшаның түрін анықтаңыз, сөйлемді көшіріп жазыңыз.

Қазақстан Республикасы... Қызыл кітаб... – республика территориясы... кездесетін сирек, саны азай... немесе жойылып кет... қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер түр...і туралы оларды ғылыми зерттеу, қорғау, қалпына келтіру ... тиімді пайдалану туралы толық мәліметтері бар негізгі құжат.

4. Мәтіннен сан есімдерді тауып, түрлерін ажыратыңыз.

5. Жаңа сөздерді жаттаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]