Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ Лаб Инф 2012 каз 1-часть для студ.doc
Скачиваний:
92
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.59 Mб
Скачать

5 Тапсырма: Кестеде есептеулер жүргізу

- 2.4-кесте бойынша мәліметтерді толтырыңыз (10 қызметкерге дейін).

- Есептелгені бағаны жұмыскердің бір айда қанша күн жұмыс істегеніне байланысты есептеледі.

- Жинақтаушы зейнетақы қоры (ЖЗҚ) есептелген жалақының 10% тұрады.

- Салық есептелген жалақының 5% тұрады.

- Берілетін жалақы көлемі = Есептелгені – Барлық ұсталғаны.

2.4-кесте – Кестені толтыру үлгісі

Қызметкер-лердің

аты-жөні

Жалақысы

(Оклад)

Жұмыс

күні

Есептелгені

Ұсталғаны

Берілетін жалақы көлемі

ЖЗҚ

Салық

Барлық ұсталғаны

1

...

...

10

Ескерту: Әрбір бетке «ИНФОРМАТИКА» деп жазып подложка қоямыз және парақтың төменгі оң жақ шетіне парақ номерін орналастырамыз.

3 Microsoft Access дқбЖмен жұмыс

Деректер қоры деп кестелік құрылыммен дайындалған деректердің аса үлкен жиынтығын айтады. Деректер қорын компьютерлік өңдеу үшін деректре қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) қолданылады. ДҚБЖ – ол деректре қорындағы жазбаларды құру, өңдеу және шығару үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз ету құралы.

ДҚБЖ жұмыс жасағанда бірнеше тізбектелген кезеңдерді бөліп көрсетеді:

  • деректер қорын жобалау;

  • деректер қоры құрылымын құру;

  • деректре қорын толтыру, деректер қорын қарап шығу және редактрлеу;

  • деректер қорын сұрыптау;

  • қажет жазбаларды іздеу;

  • ақпаратты іріктеу;

  • есеп беруду дайындау.

Объект деп мағлұматтары мәліметтер базасында сақталатын ақпараттық жүйенің элементтері аталады.

Атрибут – объектінің қасиеттерін ақпараттық бейнелеу. Әрбір объект атрибуттардың кейбір жиынтығымен сипатталады. Мәліметтердің басты элементі деп мәліметтердің басқа элементтерінің мәндерін анықтауға мүмкіндік беретін осындай атрибут аталады.

Алғашқы кілт – объектінің (жазбаның) әрбір данасы бірегей түрде ұқсастыратын атрибут (немесе атрибуттар тобы). Ең алдымен, екінші реттегі кілттер жазбаларды іздестіру операцияларында қолданылады.

Деректер қоры ұғымыммен деректер қорын басқару жүйесінің ұғымы тығыз байланысты.

Кез келген ДҚБЖ мәліметтермен төрт қарапайым операция орындауға мүмкіндік береді:

  • кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу;

  • кестеден бір немесе бірнеше жазбаны жою;

  • кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы міндерді жаңарту;

  • берілген щартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды табу.

ДҚБЖ-ның тағы бір функциясы – мәліметтердерді басқару.

Деректер моделі дегеніміз – деректер құрылымының және оларды өңдейтін операциялардың жиынтығы. Деректер моделінің негізгі түрлері – иерархиялық, желілік және реляциялық.

Иерархиялық модель жалпының жекеге бағыну ретімен орналасқан және кері қарай құрылған ағаш құрылымын (граф) беретін элеметтер жиынтығынан тұрады.

Желілік құрылымда бірдей негізгі түсініктерде (деңгей, түйін, байланыс) әрбіп элемент басқа кез келген элементпен байланысуы мүмкін.

Реляциялық модель объектілерді және олардың арасындағы байланысты кесте түрінде ұсынады, онымен қоса байланыстар объект ретінде қарастырылады.

3.1-кестеде әр түрлі ДҚБЖ-дегі мәліметтер типтері көрсетілген:

3.1-кесте – ДҚБЖ-дағы мәліметтер типтері

МББЖ атауы

МБ типі

МS Access

Реляциялық

Clipper

Реляциялық

DBase

Реляциялық

FoxBase+

Желілік

FoxPro

Желілік

IMS/VS

Иерархиялық

Oracle

Реляциялық

Paradox

Реляциялық

МS Access -тің жалпы сипаттамасы қазіргі уақытта Microsoft Access мәліметтер базасын басқарудың үстемдік (дербес) бағдарламалық жүйелері арасында ең танымалдарының бірі.

Access мәліметтер базасын құра алатын объектілердің типтеріне басты терезесінің негізгі бөліктері сәйкес келеді. Бұлар: кестелер, сұраныстар, пішіндер, есептер, парақтар, макростар мен модульдер.

Терезе тақырыбы – мәліметтер базасының файл атауы.

Мәліметтер базасының негізгі объектілерге арналған қосымшасынан басқа үш бұйрықтық кнопкалары бар: Ашу, Конструктор, Құру. Олардың көмегімен кесте жұмысының режимі таңдалады.

Кестелер – мәліметтер базасының негізгі объектілері. Біріншіден кестелерде базада бар мәліметтердің барлығы сақталады, екіншіден, кестелер базаның құрылымын (өрістерін, олардың типтерін, қасиеттерін) да сақтайды.

Сұраныстар – кестелерден мәліметтер алу үшін және оларды пайдаланушыға қолайлы түрде ұсынуға арналған арнайы құрылымдар. Сұрау салулардың көмегімен мәліметтерді іріктеу, оларды сұрыптау мен сүзгіден өткізу сияқты операциялар атқарылады.

Пішіндер (формалар) көмегімен базаға жаңа мәліметтер енгізетін немесе бары қаралатын объектілер. Формалар пайдаланушыға толтыруға болатын өрістерді ғана толтыруға арналған құралдар ұсынады.

Есептер - мәліметтер ұсынудың ерекше формасы. Әдетте, есепті қалыптастыру үшін есептелетін өрістер, топтастырулары, іріктеу шарттарымен бірге әр түрлі кестелерден мәліметтер жинайтын сұрау салулар жасалады.

Содан кейін MS Access-тін жалпы ережелері бойынша осындай сұрау салулар негізінде есеп жобаланады, ол мыналарға жол ашады:

- оқу мен талдауға қолайлы формалармен мәліметтер ұсынуға;

- қорытынды және орта мәндерді есептеп, жазбаларды топтастыру (бірнеше деңгей бойынша);

- графикалық обьектілерді есепке кіргізу мен басып шығару (мысалы, диаграмма).

Парақтар – бұлар Access 2000-да жүзеге асқан мәліметтердің арнайы объектілері. Оларды майдалап айтқанда мәліметтерге қол жеткізу парақтары деп атауға болады.

Макростар мен модульдер. Объектілердің бұл категориялары программалау жолымен жаңа функцияларды жасау үшін де, мәліметтер базасын басқару жүйесімен жұмыс істегенде де қайталанатын операцияларды автоматтандыруға да арналған.

Макростар - макробұйрықтар. Егер базамен қайсыбір операциалар ерекше көп жасалса, бірнеше бұйрықты бір макросқа топтастырып, оны пернелердің ерекшеленген амалмен белгілеудің мәні бар.

Модульдер – Visual Basic тілінде жазылған программалық рәсімдер (процедуралар). Егер Access стандарттық құралдар тапсырыс берушінің небір шеберлікті талап ететін шарттарын қанағаттандыруға жетпейді, программашы бұл үшін қажетті модульдер жазады.

«Пуск – Все программы – Microsoft Access» бұйрығын орындаңыз.

Бұдан кейін бағдарлама терезесі ашылады (3.1-сурет):

3.1-сурет – Access бағдарламасының терезесі

1-тапсырма: Мәліметтер енгізу әдісі арқылы кесте құру

  1. Microsoft Access программасын іске қосыңыз. Пайда болған Microsoft Access терезесінде Новая база данных қатарындағы Имя файла өрісіне файлды сақтайтын жерді көрсетіп, жаңа файлға Қалалар деген ат беріңіз. Создать батырмасын басыңыз.

  2. Код және Щелкните для добавления стандарттық өрістері бар бағандардан тұратын бос кесте пайда болады. Щелкните для добавления бағанында Текст түрін таңдаңыз. Сонда Поле1 өрісі қосылады.

  3. Поле1 өрісінің бірінші жолына Астана, екінші жолына — Алматы, үшінші жолына — Талдықорған және тағы сол сияқты 7-8 қаланың атын беріңіз.

  4. Бағандардың атауларын өзгерту үшін жанама менюден Переименовать поле командасын тандаңыз. Осылайша бірінші бағанға Реттік нөмірі, екіншісіне Қаланың аты, үшіншісіне Қаланың коды, төртіншісіне Тұрғындар саны атауларын енгізіп өрістер қосыңыз.

  1. Сохранить батырмасын басып кестені Қалалар атымен сақтаңыз.

  2. Кестені Конструктор режимінде ашып, кілттік өрісті Қаланың коды өрісіне қойыңыз.

2-тапсырма: Негізгі кестелерді кұру.

Кітапханадағы екі кестеге негізделген деректер туралы мәліметтер қорын құру. Бірінші кесте кітапханадағы кітаптарды тіркеуге арналсын. Екінші кесте оқырмандарға арналған, онда кітапханадан кітап алған оқырман жайлы мәліметтер көрсетіледі.

Деректер қорын құру

«Новая база данных» қатарындағы «Имя файла» жолында деректер қорын сақтайтын жерді таңдап алып, файлға «Кітапхана» атын жазып, «Создать» батырмасын басыңыз. Сонда 3.1-суреттегі терезесі ашылады.

3.1-сурет – Microsoft Access-тің негізгі терезесі

Конструктор режимінде кесте құру.

Microsoft Access-тің негізгі терезесі конструктор режимінде кесте, сұраныс (запрос), пішін (форма), есеп беру, парақтар құруға мүмкіндік береді.

Таблица1 кестесін белгілеп алып, контекстік мәзірден Конструктор сөзін таңдаңыз. Кестенің атын Кітаптар деп беріңіз.

3.2-кестедегідей ұяшықтарға мәліметтерді енгізіңіз. Конструктор режимінде мәліметтер сақталатын кестенің құрылысы беріледі.

3.1-кесте – «Кітаптар» кестесінің конструктор режиміндегі құрылысы

Өріс атауы

Өріс типі

Кітаптың коды

мәтіндік

Кітаптың аты

мәтіндік

Кітаптың авторы

мәтіндік

Баспасы

мәтіндік

Шыккан жылы

мерзім\уакыты

Көлемі (беттер саны)

сандық

Бағасы

қаржылық

Кітаптар саны

сандық

Имя поля – Өрістің аты жазылады;

Тип данных – мәліметтер типі (Текстовые, МЕМО, дата/время логический, денежный, поле OLE, гиперссылка, мастер подстановок) беріледі;

Описание - Енгізілетін мәліметтер туралы жазылады;

Размер поля – мәліметтерді көрсету үшін ерекшеленген символдар саны көрсетіледі.

Microsoft Access-тің кез-келген кестесінің ең болмағанда бір кілттік өрісі болуы керек. Ол үшін тышқанның оң жағымен «Кітаптың Коды» өрісінде ашылған контестік мәзірден «ключевое поле» таңдаңыз және кестені сақтаңыз.

Создание - Конструктор таблиц командасын орындау арқылы конструктор режимінде «Оқырмандар» атымен тағы да бір кесте құрыңыз.

3.2-кесте - «Оқырмандар» кестесінің параметрі

Өріс атауы

Өріс типі

Оқырманның ат-жөні

мәтіндік

Кітаптың коды

мәтіндік

Кітапты алған уақыты

мерзім\уакыты

Оқырманның телефоны

мәтіндік

Создать ключевое поле сейчас? Сұранысына Нет деп жауап беріңіз.

Кестелер арасындағы байланысты орнату

Кестелер арасында бірден бірге, бірден көпке, көптен көпке байланыстарын орнатуға болады. Біздің құрған «Кітапхана» деректер қорында «Кітаптар» және «Оқырмандар» кестелерінің арасында кітаптың коды өрістері арасында бірден көпке байланысын орнатуға болады. Себебі, бір кітапты бірнеше оқырмандар алып оқиды.

"Схема данных" терезесін ашыңыз. Ол үшін Работа с базами данных мәзірінен батырмасын басыңыз.

3.2-сурет - «Схема данных» терезесі

"Схема данных" терезесіне «Кітаптар» және «Оқырмандар» кестелерін мәліметтер схемасына қосыңыз. Ол үшін тышқанның сол жақ батырмасын баып тұрып, Кітаптар кестесіндегі Кітаптың кодын Оқырмандар кестесіндегі Кітаптың кодына қосыңыз.

3.3-сурет – Кестелер арасындағы байланыс орнату

"Обеспечение целостности данных" бөліміне белгі қойыңыз. Байланыстардың өзгеруін тағайындаңыз. Тип отношения:один-ко-многим байланысын қойыңыз. ОК батырмасын басыңыз. Сонда байланыс орнаған терезе пайда болады.

3.4-cурет – Кестелер арасындағы байланыс

Деректер қорын толық толтырып шығыңыз. «Кітаптар» кестесіне 8-10 жазба, «Оқырмандар» кестесіне 15-20 жазбаға дейін мәліметтер енгізіңіз.

Кестеге қосымша өріс енгізу.

  1. Кітаптар кестесін Конструктор режимінде кестені ашыңыз.

  2. Кесте құрылымы басына жаңа өріс кірістіріңіз. Бұл үшін бесінші өрісті ерекшелеңіз және Insert пернесін басыңыз.

  3. Өріске Жанр атауын енгізіңіз және оның Мәтіндік типін беріңіз.

  4. Сақтай отырып, Конструктор терезесін жабыңыз.

  5. Кітаптар кестесін ашыңыз және әрбір жанр үшін мәліметтер енгізе отырып, оны толтырыңыз. Сақтай отырып, терезені жабыңыз.

3-тапсырма: Сұраныстар құру

Сұраныс құру – кестелерден мәліметтер алу үшін және оларды пайдаланушыға қолайлы түрде ұсынуға арналған арнайы құрылым. Сұраныс құру көмегімен мәліметтерді іріктеу, оларды сұрыптау мен сүзгіден өткізу сияқты амалдар атқарылады.

  1. Іріктеуге арналған сұранысты жасау

Бұл жаттығуда кемінде 1500 теңгелік роман кітаптарды іріктеуге арналған сұранысты жасаймыз.Нәтижелеуші кестеде, сонымен қатар Оқырманның мекен-жайы мен телефон нөмірі болуы тиіс.

1. ДҚ терезесінде Создание бетіндегі «Конструктор запросов» мәзірін таңдаймыз. Добавление таблицы терезесінен «Оқырмандар» және «Кітаптар» кестесін Запрос1 аймағына қосыңыз. Терезеде байланысқан кестелер схемасы шығады.

2. Кітаптар кестесінен кітаптің аты, бағасы, жанры; Оқырмандар кестесінен оқырманның аты-жөні, оқырманның телефоны.

3. Өрістер үшін іріктеу шарттарын беріңіз. Жанры өрісіндегі Условие отбора жолына роман сөзін енгізіңіз. Сонда кестеден барлық кітаптар емес, тек романдар ғана таңдалады.

4. Өрістер үшін іріктеу шартын беріңіз. Бағасы өрісіндегі Условие отбора жолына <1500 деп енгізіңіз. Кестеден бағасы кемінде 1500 теңгелік кітаптар алынады.

5. Сұраныс бланкісін жабыңыз. Сұранысты жапқан кезде оның атын Кітапты таңдау деп беріңіз.

6. Деректер қорында жаңа ғана жасалған сұранысты ашыңыз және нәтижелеуші кестені қарап шығыңыз. Онда Кітаптар және Оқырман кестелері бойынша алынған мәліметтер шығады. Егер де жазылған шарттарды қанағаттандыратын мәліметтер болмаса бос кесте пайда болады. Бұл жағдайда кестелерді ашыңыз және сұраныс жұмысын тексеруге мүмкіндік беретін мәліметтермен толтырыңыз және өзгертілетін кестені сақтаныз.

Іріктеуге арналған сұранысты қайта ашқанда, бағасы 1500 теңгеден аз роман кітаптарын іріктеп алатын сұраныс нәтижесін көруге болады.

Қосымша тапсырмалар:

  1. Беттерінің саны 400 парақтан артық кітаптарды шығаратын сұранысты орындаңыз.

  2. Бағасы өрісіндегі Условие отбора жолына >1000 AND <2000 шартын енізіп, бакғасы 1000-нан жоғары, 2000-нан төмен тұратын кітаптарды шығарыңыз.

  3. Жанры өрісіндегі Условие отбора жолына “роман” OR “поэма” OR “ертегі” шартын енгізіп, осы шарттарды ғана қанағаттандыратын кітаптар тізімін шығарыңыз.