Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сдвижение гр+.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
448 Кб
Скачать

2 Бақылау станцияларын толтыру

Табиғат объектілерінің, ғимараттардың, жер беті деформациясы мен жылжуын анықтау үшін, бақылау станцияларын (1.1 - сурет) толтырып, олар арқылы уақыт өткен сайын аспаптық бақылау жүргізеді.

1.1-сурет - Бақылау станциялары:

(а) – жабық және (б, в) – ашық түрлері

Толтыру әдісіне байланысты реперлер бетондалған және қағылған болады (1.2-сурет).

1.2 – сурет - Бетондалған (а) және қағылған (б, в) реперлердің үлгісі

Ғимаратты үйлер салу кезінде бақылау станциялары топырақты және қабырғалы болып құрылуы керек (1.3-сурет).

1.3 – сурет - Үстемелеп қазу кезіндегі бақылау станциясының планы (а) және қабырға реперін (б) толтыру үлгісі

3 СТАНЦИЯЛАРДЫҢ ТИПТЕРІН ТАҢДАУ

Бақылау станциясының типтерін таңдау үшін, бақылау бекетінің қызмет ету мерзімін анықтау керек:

мұндағы: Тр-тазалау жұмысының мерзімі;

Тсдв-жер беті жылжуының уақыт мерзімі.

ай,

мұндағы: Норт - тақтаның жату тереңдігі;

U - тазалау кенжараның жылжу жылдамдығы, м/ай.

Бақылау станциясының типтері:

1. Ұзақ уақыттық станция - бір немесе бірнеше горизонттарға тақта свитасын алғандағы жылжудың негізгі параметрлерін анықтау үшін, арналған. Қызмет ету мерзімі 3-5 жылдан аспайды.

2. Қатардағы станция – бір горизонттағы бір немесе екі пласты алғанда жылжудың параметрін анықтауға арналған. Қызмет ету мерзімі 1-3 жыл.

3. Аз уақыттық станция – қазылымның тереңдігі - 250м аспағанда. Жылжудың жеке параметрлерін (жылжу мен деформацияның максимальды мәнін, жылжу жылдамдығын, жылжу бұрыштарын және т.б.) анықтауға арналған. Қызмет ету мерзімі 5 ай.

4. Арнайы станция – асты үстемелеп қазылған ғимаратты сақтау, жер беті мен таужынысы жылжуымен байланысты жеке сұрақтарды шешу мақсатында толтырылады.

  1. ПРОФИЛЬДІ СЫЗЫҚТАРДЫ ЕСЕПТЕУ

Жер бетінің жылжуын анықтау үшін, бақылау станциясының профильді сызығын есептеу. Профильді сызық санын және оның арасындағы ара-қашықтықты геологиялық жағдайдағы жер бедеріне, жергілікті жердің ситуациясына байланысты анықтайды. Тәртіп бойынша профиль саны 3-тен кем болмауы керек. Екеуі созылымға көлденең, біреуі тақтаның созылымы бойынша.

Көлденең профильді сызықтың ұзындығын графикалық әдіспен анықтау (1.4-сурет).

1 .4-Сурет - Тақтаның созылымына көлденең профильді сызықтың ұзындығын анықтау

Тазалау қазбалары шекарасынан (тазалау қазбаларының төменгі шекарасынан) бұрышын және (үстінгі шекарасынан)бұрышын наностарға дейін салады, ал φ бұрышын жер бетімен беттескенше наностарда салады. Ал, осы сызық пен жер беті қиылысқан нүктелері А және В болып саналады. А және В арасын сызғыш арқылы масштабта анықтау керек. Бұл әдіс сызықтың ұзындығын графикалық анықтау әдісі. А және В нүктелерінен (50-100м) аралықта тірек реперлері бекітіледі. Олардың саны 3-тен кем болмау керек. Екі репер өрлеме жағынан, біреуі құлама жағынан.

Қарағанды бассейіні үшін, β=700-0,6α және γ=δ=700; φ=450 мәндері «Қауіпсіздік ережелері...» бойынша, берілген кен орны және бассейнге байланысты таңдалып алынады. Δγ және Δδ бұрыштарын 200 тең деп алады, ал Δβ бұрышының мәнін 1.2-кестеден құлау бұрышына α байланысты таңдап алады.

1.2- кесте - Δβ бұрышының мәнін таңдау

α

00

100

200

300

400

500

600

700

800

Δβ

180

170

150

130

120

110

90

70

60

Тақтаның созылым бойынша, профильді сызық өтетін жері тазалау қазбасының жоғарғы және төменгі шекарасына қатысты анықталады. Ол үшін, тақтаның созылымына көлденең профильдің тазалау қазбасының ортасынан θ бұрышы арқылы жер бетіне дейін, сызық жүргізіліп, (О1 нүктесі) белгіленеді. Ал, созылым бойынша профильді сызық О1 нүктесі арқылы өту керек.

θ бұрышының мәнін әр-түрлі бассейіндер үшін, эмпириялық формула бойынша анықтайды. Қарағанды бассейіні үшін, болмыстық бақылау негізінде оның мәні 1.3 - кестеден құлау бұрышы α-ға байланысты таңдап алынады.

1.3- кесте - θ бұрышының мәнін таңдау

α

00

50

100

50

200

250

300

350

400

450

500

550

600

θ

900

890

880

860

840

820

790

750

660

600

600

520

440

Созылым бойынша профильді сызық ұзындығы және созылымға көлденең профильді сызықтың орны созылым бойынша тілікте анықталады (1.5-сурет). Бұл профильді салу үшін, кенжар тоқтаған жерден σ-Δσ бұрышымен бос жыныстарға дейін (наностарға) сызық жүргізіледі, одан кейін бос жыныстардан φ бұрышымен жер бетімен қиылысқанша сызық жүргізіліп жер бетінде С нүктесін белгілейді. Содан кейін, кенжар тоқтаған жерді жер бетіне дейін жобалап К нүктесін белгілейді. Осы К нүктесінен тазалау қазбасы жағынан КД=1,75×Норт мәнін есептеп, D нүктесін белгілейді. СD бөлігі профильді сызықтың жұмыс бөлігі. СD бөлігін өлшеп, анықтайды. О2 нүктесі арқылы көлденең профильдің І-шіcі өтеді. К нүктесінен 0,85Норт арақашықта, ал одан 50 метр арақашықтықта О3 нүктесі белгіленіп, осы нүкте арқылы ІІ-ші профильді сызық өтеді.