Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сдвижение гр+.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
448 Кб
Скачать

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

А.З. КАПАСОВА, Ә.С. ТҰЯҚБАЙ

«Тау жыныстарының жылжуы» пәні бойынша

курстық жобаны өткізуге арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Қарағанды 2013

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасы

А.З.КАПАСОВА, Ә.С. ТҰЯҚБАЙ

«Тау жыныстарының жылжуы» пәні бойынша

курстық жобаны өткізуге арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Қарағанды 2013

ӘОЖ 526.3(07)

Капасова А.З., Тұяқбай Ә.С. «Тау жыныстарының жылжуы» пәні бойынша курстық жобаны өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар. - Қарағанды: ҚарМТУ баспасы, 2013. 24б.

Әдістемелік нұсқаулар «Тау жынысының жылжуы» пәнінің оқу жоспары мен бағдарламасының талаптарына сәйкес құрылып, курстық жобаны орындау үшін, барлық керекті мәліметтерді қамтиды.

Әдістемелік нұсқаулар 5В070700 – «Тау - кен ісі» мамандығында оқитын студенттерге арналған.

Пікір жазған: ҚарМТУ – дың Редакциялық – баспа кеңесінің мүшесі,

техника ғылымдарының доктары, профессор Т.К. Исабек

Университеттің Редакциялық - баспа кеңесі бекіткен

© Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, 2013

Мазмұны

Кіріспе...........................................................................................................

5

6

7

9

10

11

12

14

15

Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Тау-кен жұмыстары әсерінен жер астында пайда болған қуыстар, жыныстар массивінің беріктілігін бұзып, кернеулік-деформациялық өрістер туғызады. Сөйтіп, таужыныстары мен жер бетінің жылжуына әкеліп соғады. Мұның бәрі, әлбетте, жер үстінде және жер астында орналасқан құрылыстарға, айналадағы ортаға экономикалық, материалдық нұқсан келтіреді.

Үстемелеп қазу әсерінен жер бетіндегі ғимараттар бұзылуы мүмкін. Ал, су қорлары бар жерлерді үстемелеп қазу қазбаларды су алып кету қаупін туғызады. Әр-түрлі осы секілді қауып-қатер болмас үшін, ғимараттар мен табиғи объектілер астына сақтау кентіректерін қалдырады. Ал, бұл өз кезегінде пайдалы кеннің жоғалымына әкеледі. Осындай пайдасыз әсерлерді азайту үшін, тау-кен жұмыстарын дұрыс жобалай білу керек және ғимараттарды жер бетінің деформациясына қатысты берік сала білу керек.

Көбінесе мемлекеттің көмірі бар аудандарында үстемелеп қазу көлемі үздіксіз өсіп жатқандықтан, жер беті мен тау-кен жыныстарының жылжу үрдісін зерттеу халықшаруашылық проблемасына айналған.

Жер асты қазу әсерінен жер беті мен тау-кен жыныстарының жылжуына байланысты шешілетін міндеттер бойынша ұсынылатын әдістері мен реті келесіден тұрады:

а) жылжу үдірісінің ұзақтығын және даму ерекшелігін, көрінуін анықтау;

б) жылжуға ұшыраған жер беті алаңдары мен жыныс сілемдерінің жылжу аумағының шекарасын анықтау;

в) өнеркәсіп ғимараттарын, қоғамдық және тұрғын үй ғимараттарын, автомобильді және темір жолдарды, басқада инженерлі коммуникацияларды, тау-кен қазбаларын, кен сілемдерін, сулы және басқада табиғат объектілерін қорғау бойынша шара орнату, сондай-ақ олардың астындағы кенді алуды регламенттеу;

г) табиғи объектілер мен құрылыстар, ғимараттар үшін шекті деформациясын анықтау;

д) қорғалатын объектілер астына қорғау кентіректерін құру әдістерін әзірлеу;

е) ертерек дайындалған аумақты қолдану жағдайын анықтау.

Жобаның негізгі мақсаты студенттерді тау-кен кәсіпорындарындағы кен қазу жұмыстарының жер беті мен объектілеріне тигізетін зиянды әсеріне байланысты әр-түрлі инженерлік-техникалық есептерді өз бетімен шеше білуге үйрету. Осы курстық жобаны әзірлеу кезінде нормативтік, анықтамалық, ғылыми-техникалық әдебиеттерді пайдаланып, оларды қолдануды үйрену. Есептеулерді калькулятор мен ЭЕМ шығару, сызбаларды AUTO CAD – та немесе А1 форматында сыза білу керек.

Тау жыныстарының жылжу сұрақтары, табиғатты және айнала қоршаған ортаны қорғау, тау-кен жұмыстар қауіпсіздігі, жер қойнауын қорғау міндеттерімен тығыз байланысты болғандықтан, курстық жобалау процесінде сонымен қатар өз ойлау қабілетін көрсете білу мен оларды шешкенде тиімді тәсілдерді қолдана білу керек.