Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тесты.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
186.37 Кб
Скачать
  1. «Бір терезе» қағидаты нені білдіреді?

А) өтініш берушілердің (жеке және (немесе) заңды тұлғалардың) құжаттарды жинау мен дайындауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілерімен тікелей байланысын шектеуді көздейтін мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны;

В) мемлекеттік қызметті орталықтандырып көрсетудің мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды жинау мен дайындауға барынша аз қатысуын және оның көрсетілетін қызметті берушілермен тікелей байланысын шектеуді көздейтін нысаны;

С) мемлекеттік қызметтерді бірде жерде ұсынуды шоғырландыру мақсатында жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету технологиясы.

D) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерден мәліметтер алу арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін заңды тұлға

  1. Аталған қағидалардан қайсысы мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізі болып табылады :

А) көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізу

В) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу

С) барлық жауаптар дұрыс

D) мемлекеттік қызметті көрсетуде есеп берушілік және мөлдірлік

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы  бұл:

А) көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат ұсыну жөніндегі жұмысты қамтамасыз ететін ақпараттық-анықтамалық қызмет; В) call centre 1414;

С) тапсырыс беруші ұйымның немесе бас ұйымның мүддесінде байланыстың дауыс шығаратын каналдары бойынша ақпараттандыру және өтініштерді өңдеумен айналысатын мамандандырылған ұйым немесе ұйымда бөлінген бөлімше

D) тапсырыс беруші ұйымның немесе бас ұйымның мүддесінде байланыстың дауыс шығаратын каналдары бойынша ақпараттандыру және өтініштерді өңдеумен айналысатын сирек кездесетін электрондық ұйым немесе ұйымда бөлінген бөлімше

29. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты әзірленеді және бекітіледі:

А) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген күнінен бастап үш ай ішінде;

В) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген күнінен бастап бір ай ішінде;

С) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген күнінен бастап алты ай ішінде

D) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген күнінен бастап тоғыз ай ішінде

30. «Әскерге шақырылушыларға әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне құжаттар қабылдау және оның нәтижелерін беру:

А) «ХҚКО» РМК, www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб–порталы арқылы жүзеге асырылады;

В) жергілікті әскери басқару органдары арқылы жүзеге асырылады;

С) «ХҚКО» РМК, жергілікті әскери басқару органдары арқылы жүзеге асырылады

D) жергілікті әскери басқару органдары арқылы, «ХҚКО» РМК, жергілікті әскери басқару органдары арқылы жүзеге асырылады

31. Көрсетілетін қызметті алушы: әскери қызметтен запасқа шығарылғандарға әскери билет берген кезде запастағы офицерлер (не сенімхат бойынша оның өкілі) «Запастағы офицерлерге әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру» мемлекеттік қызметін алу үшін ХҚО-ға жүгінген кезде қажетті құжаттар:

А) өтініш; жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін); 3х4 екі фото; әскери есепке қоюға нұсқама;

В) өтініш; жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін); әскери есепке қоюға нұсқама, білімі туралы құжаттың көшірмесі;

С) өтініш; жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін); 3х4 екі фото; әскери есепке қоюға нұсқама, мекенжай анықтамасы.

D) дұрыс жауабы жоқ

32. Көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап «Запастағы сарбаздарға, сержанттарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру» мемлекеттік қызметін көрсету мерзімі:

А) 30 (отыз) жұмыс күні (өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні қызметті көрсету мерзіміне кіреді);

В) 30 (отыз) жұмыс күні (өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

С) күнтізбелік 30 (отыз) күн (өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні қызметті көрсету мерзіміне кіреді).

D) күнтізбелік 30 (отыз) күн (өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні қызметті көрсету мерзіміне кірмейді).

33. ХҚКО арқылы «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, интернационалист жауынгерлерге, Чернобыль атом электр станциясындағы аварияның салдарын жоюға қатысушыларға куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген құжаттардың қайсысын ұсынбайды:

А) әскери билет немесе мұрағат анықтамасы;

В) жеке куәліктің көшірмесі;

С) көлемі 3х4 екі фото.

D) барлық жауап дұрыс

34. «Жеңілдіктері бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, Чернобыль АЭС-індегі аварияны жоюшыларға, интернационалист-жауынгерлерге) анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсету нысаны:

А) электронды (ішінара автоматтандырылған) және қағаз жүзінде;

В) электронды (толық автоматтандырылған) және қағаз жүзінде;

С) тек қана қағаз жүзінде.

D) дұрыс жауабы жоқ

35. «Адамдарға әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу кезінде ХҚКО қызметкері қандай жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді:

А) толық емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда;

В) әскери қызметтен өткендігін растау болмаған жағдайда;

С) электронды қызмет талоны болмаған жағдайда.

D) дұрыс жауабы жоқ

36. ХҚО арқылы «Азаматтың әскери қызметке қатыстылығы туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсету мерзімі:

А) 1 (бір) жұмыс күні (өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні қызметті көрсету мерзіміне кіреді);

В) күнтізбелік 1 (бір) күн (өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

С) 1 (бір) жұмыс күні (өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні қызметті көрсету мерзіміне кірмейді).

D) күнтізбелік 1 (бір) күн (өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні қызметті көрсету мерзіміне кіреді);

37. «Әскерге шақырылушыларға әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік қызметін көрсету нысаны:

А) электронды (ішінара автоматтандырылған) және қағаз жүзінде;

В) электронды (толық автоматтандырылған) және қағаз жүзінде;

С) тек қана қағаз жүзінде.

D) дұрыс жауабы жоқ

38. Мемлекеттік ақпараттық жүйесінде мәліметтер бар болған жағдайда ХҚКО арқылы «Азаматтың әскери қызметке қатыстылығы туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсету мерзімі:

А) 1 (бір) жұмыс күні (өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні қызметті көрсету мерзіміне кіреді);

В) күнтізбелік 30 (отыз) күн (өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

С) 30 (отыз) жұмыс күні (өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні қызметті көрсету мерзіміне кірмейді).

D) 5(бес) минут

  1. «Жеңілдіктері бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, Чернобыль АЭС-індегі аварияны жоюшыларға, интернационалист-жауынгерлерге) анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметке құжаттар қабылдау және нәтижелерін беру:

А) «ХҚКО» РМК; www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады

В) тек қана жергілікті әскери басқару органдары арқылы жүзеге асырылады

С) «ХҚО» РМК, жергілікті әскери басқару органдары арқылы жүзеге асырылады.

D) жергілікті әскери басқару органдары арқылы жүзеге асырылады, «ХҚКО» РМК; www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады

40. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беретін уәкілетті органды анықтаңыз:

А) ҚР аумақтық әділет органдары

В) ҚР ӘМ Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті

С) ӘМ заңнама департаменті

D) барлық жауап дұрыс.

41. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру мемлекеттік қызметінің нысаны қандай?

А) Автомантандырылмаған

В) Жартылай автоматтандырылған

С) Толық автоматтандырылған

D) Дұрыс жауап жоқ.

42.Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ХҚКО-ға жүгінгенде:

А) құжаттарды ЭСҚ қойылған электрондық құжат нысанында беру, немесе дәлелді бас тарту туралы жауап

В) қайтадан куәлікті қағаз жеткізгіште немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамаларды ЭСҚ қойылған электрондық құжат нысанында беру не қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап

С) куәлікті қағаз жеткізгіште не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы себептері дәлелді жауап

D) А және В жауаптары.

43. «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

А) Тегін

В) Кейде ақылы

С) Ақылы

D) Ақылы/ақысыз.

44. «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін алу үшін ХҚКО –ға қандай құжаттар ұсынылады?

А) еркін нысандағы өтініш; жеке куәлік және сенім білдірушінің туысқандық жағдайнын растайтын құжат

В) белгіленген нысандағы өтініш; басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, салық жеңілдіктерін беруге негіз болатын құжат; қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат; қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжаттар.

С) белгіленген нысандағы өтініш; мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат және сенім білдірушінің туысқандық жағдайынын растайтын құжат

D) Жеке куәлік және банк карточкасы.

45. «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілеріжазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызметінің нысаны қандай?

А) Автомантандырылмаған

В) Жартылай автоматтандырылған

С) Толық автоматтандырылған

D) Дұрыс жауап жоқ.

46. «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызметінің нысаны қандай?

А) тууды тіркеу және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тууды тіркеу туралы куәлікті қағаз жеткізгіште беру; жеке басын куәландыратын көрсеткен кезде өзгерістер, толықтырулар енгізілген және түзетілген құжатты қағаз жеткізгіште берген көрсетілетін қызметті берушінің қолы қойылған жаңа куәлік беру.

В) Мемлекеттік қызметті алушыға туу туралы куәлік беру.

С) Туу туралы куәлікке жеке мәліметтер енгізу туралы, сондай-ақ өзгерістер, толықтырулар енгізілген және түзетілген уәкілетті органның куәландырған хабарландыру хатын беру.

D) А және В жауаптары.

47. Азаматтық хал актілерін тіркеу мемлекттік қызметі кімге көрсетіледі:

А) жеке тұлғаларға

В) заңды тұлғаларға

С) Жеке және заңды тұлғаларға

D) Дұрыс жауап жоқ.

  1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігін кім басқарады?

А) Төраға

В) Хатшы

С) Басшы

D) Директор

  1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі қандай міндеттер атқарады?

А) дене шынықтыру және спорт, құмар ойын бизнесіне басшылық жасау;

В) дене шынықтыру және спорт істеріне басшылық жасау;

С) құмар ойын бизнесіне басшылық жасау;

D) дұрыс жауабы жоқ.

  1. «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi спорттық атағын алу» мемлекеттік қызмет түрін алу үшін «ХҚКО» қандай құжаттар тапсыру қажет?

А) спорт түрлері бойынша республикалық федерацияның мөрімен және оның басшысының қолымен расталған жарыс хаттамаларының көшірмелері;

В) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

С) спорт түрі бойынша республикалық федерацияның төрешілер алқасы өткізетін төрешілердің республикалық семинарынан өткені туралы анықтама;

D) дұрыс жауабы жоқ.

  1. «Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу туралы куәлікті беру» қанша уақытқа беріледі?

А) 4 жылға;

В) 3 жылға;

С) 5 жылға;

D) 2 жылға.

  1. «Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға өмiр бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

А) күнтізбелік 20 (жиырма) күн (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

В) 20 (жиырма) жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

С) күнтізбелік 30 (отыз) күн (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

D) 30 (отыз) жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді).

  1. «Cпорт шеберлігiне үміткер, бірiншi спорттық разряд, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, бірiншi санатты спорт төрешiсi» cпорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

А) күнтізбелік 30 (отыз) күн (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

В) 30 (отыз) жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

С) күнтізбелік 20 (жиырма) күн (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

D) 20 (жиырма) жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді).

  1. «Казино қызметімен айналысу» құқығына лицензияны алу үшін төлем ақы мөлшері қандай?

А) 3845 АЕК құрайды;

В) 640 АЕК құрайды;

С) 10 АЕК құрайды;

D) 100 АЕК құрайды.

  1. Лицензияны қайта ресімдеу қандай мерзім ішінде беріледі?

А) 10 (он) жұмыс күні;

В) 15 (он бес) жұмыс күні;

С) 2 (екі) жұмыс күні;

D) күнтізбелік 15 (он бес) күн.

56. Халыққа қызмет көрсету орталығы бұл:

А) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерден мәліметтер алу арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін заңды тұлға;

В) "жалғыз терезе" қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және құжаттарды беру бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетілуін ұйымдастыруды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорын; С) «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін өтініш берушіге беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес мемлекеттік базадан мәліметтер алу арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]