Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BiznesZhosparMotelderAshu.docx
Скачиваний:
19
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
895.42 Кб
Скачать

4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер

Қазақстан өзінің қонақжайлылығымен кеңінен танылған ел. Сонымен қатар қонақ үй және туристік бизнес республикада әлі жетілмеген. Туристер Қазақстанға келуге асықпайды, демалыс базалары тұру қолайлылығы, аумақтарының тазалығы, номерлердің бағасы тым жоғары.

Қазақстанда қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарын дамытудың негізгі үрдістері:

- нарықта халықаралық қонақ үй желісінің пайда болуы;

- шағын кәсіпорындар мен баламалы қонақ үй нысандары желісін белсенді дамыту (сөткелік пәтерлер);

- алдағы 2-3 жылда туристер легін ұлғайту және қонақ үй жұмыстарының көрсеткіштерін жақсарту;

- 4* мен тәуліктік пәтерлер қызметтеріне белсенді сұраныс;

- қонақжайлылық индустриясына жаңа компьютерлік технологияларды енгізу.

4.4 Маркетинг стратегиясы

Қонақ үй маркетингінің ерекшелігі қонақ үй өнімінің, оның уақыт және кеңістік аралығында тұрақтау ерекшелігіне байланысты болады. Қысқа уақыт ішінде номерлер санын барынша ауыстыру, оларды сату үшін сақтау және оларды тұтынушыларға ұсыну мүмкін емес.

Қонақ үй қызметтеріне деген сұраныс тұрақты емес, ол уақыт мерзіміне байланысты болады, маусымдық ауытқулар болып тұрады. Қонақ үй өндірісі өнімі барынша аз ауыспалы шығындарға қарамастан жоғары материалдық шығындарды талап етеді. Тұрақты болып тұратын шығындар қызмет көрсетілетін клиенттер (қонақтар) санына тәуелсіз ал ауыспалы шығындар тәуелді болады.

Бұл бір маусымда қосымша үлкен құрамды тартуды талап етеді, бұл көпшілік жағдайда қонақ үй патриоты бола алмайды. Ол қалыпты деңгейде уақтылы және сапалы қызмет көрсетуге мүдделі емес. Бұдан басқа, тұрақты шығындарға қаражаттың жетіспеу қонақ үй өнімінің сапасын төмендетеді.

Кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру мен қызмет көрсетуді мынадай принциптерді ескере отырып жүзеге асыру ұсынылады:

1. Қызметтер бәсекелестігінің тұрақты мониторингі және оларды жетілдіру жұмысы.

2. Сұранысты қалыптастыру, имиджді қалыптастыру және тұрақты клиенттерді бекіту бойынша шаралар кешенін пайдалану.

Маркетингтік стратегия қонақүй қызметтерін өткізуді ұйымдастыруды білдіреді. Мақсаты – халықтың барлық тобының қол жетімдігі. Кәсіпорын екі бағыт бойынша: қолма-қол және қолма-қол емес есеп айырысу арқылы есеп айырысуды жоспарлауда.

Маркетинг сегментациясы табыстары әр түрлі (орташа, жоғары) клиенттердің сұранысын қанағаттандыруға бағдарланған.

Жарнама науқаны әр түрлі бағыттарда қалыптасады:

- интернетте сайт орналастыру;

- қызметтер түрлерін, бағаларын көрсете отырып баспасөзге ақпарат беру;

- қалқандар, көрсеткіштер;

- желілік жарнама;

- кітапшалар, күнтізбелер, буклеттер және т.б..

Кәсіпорын бюджетіне жарнамаға арналған ай сайынғы шығыстар енгізілген.

5. Техникалық жоспарлау

5.1 Техникалық процесс

Қонақ үй қызметтерінің ерекшелігі қонақтарға қызмет көрсету ерекшеліктерімен және технологиясымен айқындалады.

Қонақ үй қызметін көрсетудің технологиялық процесі мыналарды қамтиды:

- қонақ үйге кіреберісте қарсы алу;

- қонақтың құжаттарын тіркеу, ресімдеу және орналастыру;

- номерде қызмет көрсету;

- тамақтану кезінде қызмет көрсету;

- мәдени сұранымдарды қанағаттандыру, спорт, сауықтыру және фитнес қызметін көрсету;

- кетуін ресімдеу, шығарып салу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]