Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ariptesterge.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
4.95 Mб
Скачать

1-апта

Тақырып атауы: Іскерлік әлемі. Грамматикалық тақырып: Экономикалық терминология негіздері.

Тақырып мазмұны:

1. Абу Дабидегі іскерлік кездесулер.

2. Бюджет.

3. Шоғырландырылған бюджет

Мақсаты:

Айтылым бойынша: жаңа сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырып бойынша сұрақ қоя алу, қойылған сұрақтарға жауап бере алу, ойын ауызша жеткізе алу, мәтіннің мазмұнын айта алуға машықтандыру.

Жазылым бойынша: жазбаша ойын жеткізе алу, сұхбат, шағын мәтіндер құрастыра алуға төселдіру.

Оқылым бойынша: сұхбатты оқып, мазмұнын түсіну, аудара алуға машықтандыру.

Тыңдалым бойынша: сұхбатты толық түсініп, қойылған сұраққа жауап бере алуға үйрету.

1 -САБАҚ

АБУ ДАБИДЕГІ ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУЛЕР

ІСКЕРЛІК: АДАМДАРМЕН СӨЙЛЕСУ ӨНЕРІ

1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Кім Халдун әл-Мубаракпен келіссөздер өткізді?

  2. Кездесуде Д.Ердебай «Mubadala Development Company PJSC» компаниясының басшылығын немен таныстырды?

  3. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар нені дамытуға келісті?

Тт

2. Тұрақты тіркестердің мағынасын түсіндіріңіз.

–Ісмер адам

Іске мұрындық болды

-Ісіне мығым

  • Ісі өнді

–Істің көзін білді

–Істес болды

- жұмыстың орындалу тетігін, жүйесін тапты.

- қолының ебі бар, шебер адам.

- қызметтес, кәсіптес болды.

- жұмысы жақсы бітті, шаруасы ілгеріледі.

- шаруасын тындырымды істейтін адам.

- бар жұмысқа бастаушы болды

Назар аударыңыз!

Экономикалық терминдерді түсіндіру кезінде біздер ең алдымен ана тіліміздің өз мүмкіндігін, төл байлығын, оның ішінде жалпы халықтық сөздерді, кәсіби сөздерді, мақал-мәтелдерді сарқа пайдаланғанымыз жөн.

3. Мәтінді оқып, ой бөлісіңіз.

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Ердебай Әбу Дабидің «Mubadala» мемлекеттік инвестициялық-девелоперлік компаниясының бас атқарушы директоры Халдун әл-Мубаракпен келіссөздер өткізді.

Кездесуде Д.Ердебай «Mubadala Development Company PJSC» компаниясының басшылығын «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорының қызметімен таныстырып, қордың мақсаттары және халықаралық озық тәжірибелерге сай басты бағыттар бойынша қордың қызметін реформалауды көздейтін трансформация үдерісі туралы әңгімелеп берді.

Халдун әл-Мубарак, өз кезегінде, «Мубадала» компаниясы экономикалық әр тараптандырылған көлемді коммерциялық жобалар қоржынын басқару мен дамытуға көңіл бөлетінін айтты. Компания жобаларды дербес түрде немесе халықаралық жетекші мекемелермен серіктестік құру арқылы іске асыратынын жеткізді. Компанияның коммерциялық стратегиясының берік негізі ірі қаржы табысын қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді капиталды қажет ететін инвестициялар болып табылады. «Мубадала» компаниясы әлемнің 20-дан астам елінде құны 61 млрд. доллардан асатын халықаралық және аймақтық инвестициялық жобаларды басқарады.

Кездесу соңында Халдун әл-Мубарак Қазақстанның жоғары инвестициялық тартымдылығын атап өтіп, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

Сонымен қатар, Дубай қаласында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Д.Ердебай «Dubai Holding» Халықаралық инвестициялық холдингілік компаниясының бас директоры Фадел әл-Алимен кездесу өткізіп, мемлекеттік даму институттарының қызметіне қолдау көрсету мәселелері бойынша тәжірибе алмасуды қарастырды.

Кездесуде Д.Ердебай сұхбаттасушыға Қазақстан Үкіметінің экономиканы индустрияландыру бағытындағы бастамалары туралы ақпарат берді. Қазақстанның инвестициялық тартымдылығының негізгі аспектілерін жан-жақты баяндап, шикізаттық емес және экспортқа бағытталған өндірістер туралы хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар ынтымақтастық пен өзара әрекеттестікті одан әрі дамытуға келісті. Кездесулерге Қазақстанның БАӘ-дегі Елшісі Қайрат Лама Шариф қатысты.

(«Егемен-ақпарат»)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]